2. Еретіндінін оптикалық тығыздығын анықтау. 2.1. Таңдап алынған толқын ұзындығына үшін концентрациясы белгілі бiрінші ертiндiні кюветаға құйып, 1.1.-1.9. пункттерге сәйкес оптикалық тығыздығын анықтау керек.
2.2. Қалған ерітінділер үшін 2.1. пунктін қайталау керек.
2.3. Алынған нәтижені 2- кестеге енгізу керек.
2- кесте
2.4. Кестеден концентрацияның орташа мәнiне сәйкес келетін оптикалық тығыздықты таңдап алу керек.
2.5. Кф – факторизация коэффициентін тандап алынған орташа мәнге сәйкес анықтау керек: .
II- бөлім. ІІІ. Фактор бойынша ертіндідегі заттың концентрациясын өлшеу. 1.1. Фотометрді I- бөлімдегі 1- 2 пункті бойынша жұмысқа дайындау керек;
1.2. “D”- режим таңдау пернесі арқылы «Сф – Концентрация по фактору» өлшеу режимн таңдау керек;
1.3. “В” – пернесін басқанда индикаторда “Введите” Кф = 0.000” жазуы пайда болады. Бұл кезде курсор Кф – мәнінің бірінші разрядында тұрады.
1.4. “В” (курсорды оңға) және “А” (курсорды солға) пернелерінің көмегімен 1-ші бөлемдігі Кф-мәнін енгізуге болады.
Ескерту: Егер Кф – мәнін таңдау кезінде қателік жіберілсе, онда курсорды қажетті сан пернесіне апарып, қайта басу керек.
1.5. Таңдап алынған кюветалардың біреуіне тазартылған су және зерттелетін ертіндіні құю керек.
1.6. Кювета бөлігінің артқы ұяшығына тазартылған су құйылған кюветаны ал ертіндіні құйылған кюветаны алдыңғы ұяшығына орналастыру керек.
1.7. «Кювета бөлігін ауыстыру тетігі» арқылы, жарық ағыны тазартылған суы бар кювета арқылы өтедіндей етіп кюветаны орналастыру керек.
1.8. Кювета бөлігінің қақпағын жабу керек.
1.9. «D» – пернесін басу арқылы «Сф – Концентрация по фактору» - өлшеу режимін таңдау керек.
1.10. “ #”- пернесін басқанда индикаторда “Градуировка” жазуы шығады.
1.11. 3-5 с кейін «Измерение, Сф =0.000 0.002» деген жазу шығады.
1.12. «Кювета бөлігін ауыстыру тетігі» арқылы, жарық ағыны зерттелінетін сұйық бар кювета арқылы өтедіндей етіп кюветаны орналастыру керек. Сонда индикаторда зерттелінетін сұйықтың концентрациясының (Сф) мәні шығады.
1.13. «D» – пернесін басу арқылы «А – Оптическая плотность» - өлшеу режимін таңдау керек.
1.14. “ #”- пернесін басқанда индикаторда “Градуировка” жазуы шығады.
1.15. 3-5 с кейін “Измерение”, A =0,000 0,002”) деген жазу шығады.
1.16. «Кювета бөлігін ауыстыру тетігі» арқылы, жарық ағыны зерттелінетін сұйық бар кювета арқылы өтедіндей етіп кюветаны орналастыру керек. Сонда индикаторда зерттелінетін сұйықтың оптикалық тығыздығының мәні шығады.
1.17. Қалған ертінділер үшін 1.5. – 1.16. пунктін қайталау керек.
1.18. Алынған нәтижені 3- кестеге енгізу керек;
3 - кесте
Таңдапып алынған толқын ұзындығы , нм
Ерiтiндiнiң реттік №
Ерiтiндiнiң концентрациясы Сф %
Оптикалық тығыздық, А
1.19. Оптикалық тығыздықтың концентрацияға тәуелді сызбасын A=f(Cф) салу керек.