«Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері»



бет81/128
Дата05.02.2022
өлшемі4,38 Mb.
#17399
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   128
Санды басу әдісі (цифровая печать) – қазіргі кезде барынша кең қолданылып дамып жатқан басу әдісі. Мұнда басылатын материалдар компьютерден тікелей басу машинасына жіберіліп, басу үдерісін жалғастырып отырады. Басуға дейінгі қалып жасау үдерістерін қажет етпейтін, яғни, бұл жұмыстарды жасайтын жабдықтарды (көшіру рамасы, айқындағыш процессор, жуу, құрғату құрылғылары, монтаждау столы), материалдарды (үлбір, калька, формалық пластина, айқындағыш ерітінділер, түзеткіш қаламсаптар, т.б.), адам күші мен жабдықтарды қоятын үлкен жұмыс аудандарын да қажет етпейтін экономикалық жағынан ұтымды технология. Санды басу әдісінің үдерісі кезінде басылатын материалдың әр бетіне жүйе компьютерінен өзгерістер енгізіп, өзгертіп баса беруге болады.
Санды басу әдісімен таралымы аз өнімдер басыла береді. Басу қалыбын даярлайтын қымбат әрі көп еңбекті қажет ететін операциялардың қажеті жоқ болғандықтан, аз таралымды өнімдерді басу дәстүрлі әдістермен салыстырғанда экономикалық тұрғыдан өте ұтымды келеді. Мұнда даярланатын өнімдердің бағасы таралым санына тәуелді емес. Полиграфия мен бизнес саласы дамыған елдерде талап бойынша, жедел басатын санды технология кеңінен дамыған. Санды басу әдісімен визиткалар, буклеттер, бірнеше қағазда бірден көшірмеленетін құжаттар, флаерлер, жарнамалық өнімдер және тағы да басқа әртүрлі өнімдер басыла береді.
Сатылып жатқан санды басу машиналарының алуан түрлері бар. Оларға санды басу машиналары, үлкен баспахана кәсіпорындарында орнатылатын басу жүйелері, көшірме аппараттары, принтерлер, ризографтар мен дупликаторлар және т.б. жабдықтар жатады. Бұл жабдықтарды DUPLO, EPSON, INDIGO, VUTEK, RISO, XEROX, HP сияқты фирмалар шығарады.
Санды басу әдістерінің артықшылықтарына жоғарыда айтылып кеткендей, қалып жасау өндірісінің жабдықтары, материалдары, адам күші мен үлкен жұмыс аудандарының қажетсіздігі, өзгерістер мен ақауларды бірден түзетіп жіберу ғана емес, компьютер түрлі-түстерді басу кезінде тонер порцияларының қажетті мөлшерін көрсете отырып, жоғары сапалы өнім баса алады. Санды басу технологиясының кемшіліктеріне басу үдерісі өнімділігінің төмендігі, тонерлер мен басатын материалдардың қымбаттылығы жатады.
Кеңінен дамып келе жатқан санды технология негізінде жұмыс істейтін CtР–технологияларында – басу қалыптары арнайы шығару құрылғылары арқылы дайындалады. Бұл жабдықтарды «CtР» жүйесі немесе «плейтсеттер» деп атайды. Лазерлі принтерлер негізінде құрылған жүйелер бұл технологияның ең қарапайым түріне жатады. Лазерлі принтерлердегі электрофотографиялық үдерістің нүктелендіру қабілетінің мүмкіншіліктеріне байланысты әртүрлі сападағы өнімдер шығарылады.
Қазіргі таңда офсеттік, флексографиялық және санды басу әдістері полиграфиялық өндірістерде кеңінен қолданылуда. Заманауи полиграфиялық техника-технологиялардың күннен күнге дамып, өндірістік үдерістерге түрлі өзгерістер енгізілуі полиграфиялық өнімдерді даярлау үдерістерін жылдамдатып, тауар сапасын арттыра түсуге үлкен әсерін тигізуде. Ал баспа-полиграфия өнімдерінің нарыққа бәсекелестік қабілетін арттыра түсу қазіргі заман талабы. Сондықтан заманауи ғылыми жетістіктерді, жаңа техника мен технологияларды зерттей отырып, өндірістік үдерістерде белсене қолдануға дағдылану керек.



Каталог: 2017 -> KazNU-MTIJ-2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
KazNU-MTIJ-2017 -> Материалдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет