З. Раимкуловтың «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету» тақырыбы бойынша


Маусымдық техникалыққызмет көрсету



бет6/16
Дата01.12.2022
өлшемі383,56 Kb.
#160783
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
З. Раимкуловты Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету
қазақ тілі нед тап, 9 Лекция-презентация (1), «Иррационал те деулер мен те сіздіктер», 1тапсырма, элект Жұман М, Гаухар Презентация, Тема 6, Тапсырма 3, 3тапсырма, 4 тапсырма, Новый практический курс китайского языка. Учебник. Часть 1 ( PDFDrive ), 14 лекция, срсп 12.03, Гүлдана дүниетану, лекция 4
2.4 Маусымдық техникалыққызмет көрсету.
Автомобильдікүзгі-қысқы кезеңде пайдалану кезiндегi маусымдық техникаяыққызмет көрсету(ТҚК).
Күзгі-қысқы кезеңде пайдалану кезiнде көрсетілген маусымдық техникалыққызметте салқындатқышжүйесiне суықта қатпайтын (Төменгі температурада) сұйықтық құяды. Дара жылытқышты жұмысқа қосып, жылу ұстайтын қаппен жабады. Майлау кестесіне сейкес қыста қыстық, ал жазда жаздық май сортына ауыстырады, қозғалтқыштың майлау жүйесiндегi радиатордыажыратады. Реле-реттегiштiң реттеуi маусымдықбұрмасын "3" (Қыc) қалпына қояды. Қыста 40 'C-қa дейiн суық болатын, ауа райы қатаң континентальды аудандарда аккумулятордағыэлектролит тығыздыгын қысқы нормаға жеткізедi. Қозғалтқыштың от алуын жәңiлдететiн құралдардың жұмысқа жарамдылығын тексереді. Байқалған ақауларды жөндейдi.
Көктемгі-жазғы кезенде пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету(ТҚК)
Көктемгi-жазғы жағдайда ауысым алдында автомобильдiң жылу ұстайтын қаптарын алып тастайды. Қозғалтқышты майлау жұйесiнiң радиаторын жұмысқа қосады. Салқындатқыш жұйесiнен дара жылытқышты ажыратады. Реле-реттегiштiң реттеуiш винтiн "Л" (жаз) қалпына қояды. Ауа райы қатаң континентальдi аудандарда аккумулятор батареяларындағы электролит тығыздығын жазғы нормаға жеткiзедi. Қажет болса, қозғалтқыштың салқындатқыш жүйесiн де тұнбадан тазартады.
Автомобильдердi ерекше жағдайда пайдаланғанда 
техникалық қызмет көрсету
Шөлейт және құмдық топырақты жерлерде қозғалтқышқа отын мен майды жабық әдiспен құяды. Әрбiр маусым сайын автотрактордың ауа тазартңышының түбiндегi майды ауыстырады, ауа тазартқыштың орталық түтіктерін тексерiп, қажет болса әрбiр TҚ-1 техникалық қызмет керсетуде ауыстырып отырады. Автомобиль үш ауысым жұмыс атқарған сайын аккумуляторды тазартылған сумен толтырады.
Ауа райы суьқ (температура – 300 С0 темен) кезде арнайы мекемелер ұсынып отырған дизельдiк-арктикалық отын мен майдьщ арнайы сортын қолданады. Ауысым соңында басқа отын толтырады да, пневматикалық жүйесiнiц ауа баллондарындағы конденсатты төгедi. Қозғалтқыштың салқындатқыш жүйесіне ауауның төменгі температурасында қатпайтын сұйық құяды.
Автомобиль тастақ жолсыз жерлерде жұмыс icтегенде ауысым сайьн жүру жүйесiнiң және қорғаныш құрылғыларының қаншалақты зақымдалғанын, сондай-ақ қозғалтқыш картеріндегі төгу тығынының, алдынғы және артқыбелдіктің, жақтаудағы редукторлардың, жетекшi доңғалақтың берiктiгiн тексереді. Табылған ақауларды жөндейді.
Саздақ жерлерде ауысым сайын майлау және салқын-дату жүйелерiнiң сыртқы бетiн ластан тазартып, тексередi.
Орманда жұмыс iстегенде автомобильдi ағаштың кесiлген, шабылған ұсақ белшектерiнен тазартады.
Су кедергiлерiнен немесе саздаң аймақтардан өткен соң қуат берiлiсi мен жүру жүйелерiнiң агрегаттарында судың қаншалықты екенін тексередi, ал тұнбада су болса, майды ауыстыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет