Үерахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет60/173
Дата10.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#165228
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

Ескерту: I. Қөмекші есім қайталанып та қолда- нылады, бірақ ондайда қайталану арқылы туған жаңа форма үстеу сөзге айналады да, дербес мүше болады. Мысалы: Зеңбірек снарядтары суға үсті-үстіне түсіп, аспанға шапіиыған судан күміс бағаналар орната бас- тады (Ғ. Мүсірепов).

  1. Көмекші есімдердің кейбір лексикаланып та, идиомаланып та кеткен тіркестері кездеседі. Мысалы: Мал кешкі өрістен қайтар шақта, ат үсті жүрістер олен- бейтін кезде аттанып кеткен (М. Әуезов).

Көмекші есімдердің қатарына бір кездерде көлемдік я мекендік катынастарды білдірмейтін жөні, турасы, жайы, тақы, бабы, арқсісы тәрізді сөздер де жатқан. Бі- рақ бүл сөздер көмекші есімдердің қатарларынан бірте- бірте бөліиіп, қол үзіп, жөнінде, турасында, жайында, хақында, бабында, арқасында, жөнінен, турасынан, ха- қынан, бабынан деген формаларда көнеленіп қалыпта- сып, шылау сөздердің (септеуліктердің) қатарына ауыс- Қан.

147


  1. ЗАТ ЕСІМНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ

Зат есімнің морфологиялык сипатын сөз еткенде, бі- ріншіден, зат есімдердің қүрылымы туралы, екіншіден, . зат есімдердің жасалу тәсілі туралы, үшіншіден, зат есімдердің түрлену (өзгерту) жүйесі туралы мәселелер талдануға тиісті.
§ 44. ЗАТ ЕСІМДЕРДІҢ ҚҮРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ
Қүрылымы жағынан зат есім жалан да, күрделі де болады.
Жалаң зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі — түбір зат есімдер, екіншісі — туынды зат есімдер.
Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфема- ; ларға (түбірге және жұрнакқа) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема (сөз) ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз.
Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфема- ға және қосымша (жүрнақ)" морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жүрнақ аркылы жасалған заттық атауларды айтамыз.
Күрделі зат есімдерге кемінде екі я оиан да астам түбір морфемадан қүралған формалар жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазак тілінде төрт түрлі:

  1. Біріккен зат есімдер,

  2. Қосарланған зат есімдер,

  3. Құрама зат есімдер,

  4. Қысқарған зат есімдер.

  1. Біріккен зат есімдерге кемінде екі х^бір морфемадан бірігу арқылы жасалған зат есімдер жата- ды. Мысалы: бәйтерек, бәйшешек, белбеу, көкпар, қай- наға, қолбасы, қолқанат т. б.

  2. Қосарланған зат есімдерге екі түбір морфемадан қосарланып жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: абысын-ажын, ақыл-айла, лха-ана, ас-су, бала- шаға, әл-қуат, ел-жұрт, жігіт-желең, жауын-шашын, ой- пікір, ой-қыр, отын-су, тері-терсек, үрыс-керіс, иіай-су т. б.

  3. Құрама зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір сөздерден әр қилы жолмен тіркесу ар- қылы жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: ауыл ша- руаіиылығы, балалар бақіиасы, кәсіп одағы, күн тәртібі, қоғаждық еңбек, сары май т. б.

148

  1. Қысқарған зат есімдерге бірнеше сез-. ден күралып қысқарған зат есімдер жатады. Мысалы: ЦазССР, ҚазМИ, ҚазТАГ, ҚҚП, ҚЛКЖО, диамат, парт- ком, пединститут, см, мм, га, т, кз т. б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет