Үерахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет89/173
Дата10.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#165228
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

жүздер шамасына жеткен, ыстық ішкен, көрінгенмен үрысқан бір мыстан кгмпір келіпті (Қазақ ертегілері); Жетім Бейсен жиырма бестерге келгенше, бір байдың есігінен іиықпапты (Ғ. Мүстафии). Рас, кейде есептік сан есімдегі Бір үй лезде он болып, оннан жүздер қүра- ■"ар деген сияқты түрде көптік жалғауы жалғанып ай- тылатын реттері бар. Бірақ бүл дағды казіргі казак ті- лінде өте сирек кездеседі.
іЕсептік сан есімдерге тәуелдік жалғаулары да жал- ганады, бірак ондайда тәуелдік жалғауы күрделі есеп- тік санның ең соңғы сөзіне ғана жалғанадьуМысалы: зоотехникетрдің жүз тоқсан үші жоғары білімді, жетпіс Ырі орта білімді; мал дәрігерлерініц екі жүз тоғызы жоғары білімді, елу екісі орта білімді; агрономдардың

199



жүз оны жоғары білімді, тоғызы ортаға жақын білім- ді... (С. Мұқанов).
Есептік сан есімдерге, субстантивтенетін болса, сеп- тік жалғаулары да жалғанады. Бірақ ондайда да септік жалғаулары күрделі сан есімнін. ең соңғы сөзіне косы- лады. Мысалы: Он бірде биыл баламыз.)Жиырмаға жет- кен соң, той-томалақ қыламыз
(Қазак эпосы); Онын алып, тоқсаннан дәме қылып, Бул журтты қойған жоқ па қудай атып (Абай)
Сан есімдердің өзге топтарына қарағанда, есептік сан есімдерде жаңа сөздер жасалу рәсімі әлдеқайда күшті- рек. Тіпті бүкіл сан есімдердің ішінен жаңа сөздер туды- руға негіз болатын топ деп те осы есептік сан есімдерді айтуға болады.
( Есептік сан есімдерден туатын жаңа сөздер екі түр- лі бағытта, екі түрлі жолмен жасалады.
Біріншіден, есептік сандардан жасалатын жаңа сөз- дердің бір алуандары өзге сез таптарына ауыспай, сан есім категориясының өз кұрамында қалып отырады. Мүндай жаңа сөздердің жасалу жүйесінің екі түрлі жо- лы бар: морфологиялық жол және синтаксистік жол.
Екіншіден, есептік сан ееімдерден жасалатын жаңа сөздердііг бір алуандары өзге сөз таптарына ауысыя отырады. Мұндай жаңа сөздердің жасалу жүйесінің үш түрлі жолы бар- лексикалық (семантикалық) жол, мор- фологиялық жол және синтаксистік жол.
Сан есімнің өз құрамында қалып отыратын жаңа формаларын морфологиялық жолмен жасауға мынадай қосымшалар қатысады:

  1. -ыншы (-інші) қосымшасы кез келген есептік сан- ға жалғанып, реттік сан есім жасайды: екінші, оныніиы, отыз жетінші, жузінші, жуз жиырма алтышиы т. б.

  2. -ау (-еу) қосымшасы бірден жетіге дейінгі есептік сандарға жалғанып, жннақтау сан есім жасайды: біреу, екеу, ушеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.

  3. -дай, -дей, -тай, -тей косымшалары арқылы есептік сандардан болжалдық сандар жасалады: отыздай, елу- дей, қырықтай т. б.

  4. -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен косымшалары (жа- тыс септіктің мәні өзгерген формасы) арқылы есептік сандардан топтық (топтау) сандар жасалады: алтыдан, жетіден, он төрттен, оннан, сексеннен, алпыстан т. б.

Есептік сан есімдерден сан есімнің өз қурамында қа-

200

лып отыратын жаңа формалар синтаксистік тәсілдің мынадай жолдары арқылы жасалады:

  1. Дара есептік сандардың өзара тіркесуі арқылы күрделі сан есімдер жасалады: Он бір, отыз төрт, жуз қырық жеті, бір мың тоғыз жуз сиіпыс үш т. б.

  2. Дара я күрделі есептік сан есімдердің косарланып айтылуы арқылы болжалды сан есімдер жасалады: бес- алты, он-он бес, қырық-елу, жиырма-отыз, үш-төрт, он бес-он бес, екі жуз-екі жуз т. б.

3 Есептік сан есімдерге басқа сөз таптарына тән кейбір сөздердің тіркесіп айтылуы аркылы не болжал- дык, не бөлшектік сан есімдер жасалады: жуз қаралы, он шақты, отыз шамалы, жердің төрттен бірі, жумыстың уштен екісі
т. б.
Есептік сан есімдерден басқа сөз таптарына ауысып отыратын жаңа формалардың морфологиялық тәсіл бо- йынша жасалуына мынадай қосымшалар катынасады:

  1. -дық, -дік, -тық, -тік косымшалары аркылы есептік сан есімдерден әрі зат есім, әрі сан есім ретінде қолда- нылатын жаңа сөз жасалады: екілік, төрттік, бестік, он- дық, сегіздік, тоқсандық, жүздік, мыңдық т. б.

  2. -ті (тек бес сөзіне қосылады), -кіл (тек үш, төрт сөздеріне косылады) қосымшалары арқылы есептік сан ?сімдерден сын есім сөздер жасалады: бесті (ат), ушкіл, төрткіл.

3 -ла (-ле) косымшасы тек жинақтық (жинақтау) сан есімдеріне жалғапады да, туынды етістік формала- рын жасайды: екеуле, ушеуле, төртеуле, бесеуле, алтау- ла, жетеуле, екеулеген, екеулеп, екеулейтін т. б.
Қазіргі тілімізде бесбармаң (ет), елу басы, алты ба- қан сияқты зат есім сөздер; екі уіиты, екі удай, екі жуз- ді сияқты сын есім сөздер; үшеу ара, екі талай сиякты үстеу сөздер бар. Бұл күрделі сездер де — әуелде есеп- тік сан есімдер мен езге сез таптарының үнемі тіркесіп колданылуы негізінде лексикаланып (семантикалық жолмен) қалыптаскан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет