Естественные и педагогические науки



бет22/24
Дата18.02.2018
өлшемі10,78 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Литература
1. Н. А. Гвоздецкий. Средняя Азия, М., 1968.

  1. Краткая географическая энциклопедия, Том 4/Гл.ред. Григорьев А.А. М.:Советсвкая энциклопедия - 1964, 448 с. с илл., 10 л. карт


ӘОЖ 130.2
ҚАЗАҚ ӘДЕП МӘДЕНИЕТІНІҢ ИМАНДЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
Кемелбеков Қ.Б.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы

Шымкент, Қазақстан


Резюме
В статье ценности культуры казахского этикета рассматриваются с позиций нравственности и гуманизма. В ней содержатся рассуждения о том, что в самопознании человека главной целью является его духовное совершенствование
Summary
In the article values of culture of kazakh etiquette are considered from the standpoint of morality and humanity. It contains arguments about what the main purpose of self-knowledge is his spiritual perfection
Иманы берік халықтың рухы да мықты болатынын, имансыздық, ұятсыздық дінсіздікке апаратынын Ғұмар баса айтады. Сондықтан қай қоғамда болмасын дінге мықтылық, иманға беріктік керек. Ғұмар жан мәселесіне де көңіл аударған. Ислам діні бойынша адам жаны о дүниеге барғанда жауапқа тартылады. Оның жер бетінде жасаған жақсы, жаман істері таразыға салынады. Себебі жердегі тіршіліктің иесі адам болғандықтан, оның жаны, рухы өзге тіршілік иелерінен жоғары тұр. Ал иманның жолдасы – ұят. Ғұмар ол ойын былай білдіреді:

Тұрады ұят тұрған жерде иман,

Әдебі пайғамбардың бұған илан.

Әртүрлі бұзықтықтан адамзатты

Тек жалғыз бұ дүниеде ұят тиған [1, 87 б.].

Ғұмар екі дүниеде де адамға иманы жолдас деп түсінген. Иманды адам жан азығы арқылы жетілдіріп, шыңдап отыруы абзал. «Алла тағала рух арқылы адамның тәніне жан салғаннан кейін ғана адам өзінің өмірлік мақсаттарына келе алады немесе адам мақсатты – тіршіліктік жаратылыс қалпына ене алады. Адам материалдық өмірді жандандырады, іске қосады, оған рухани жылулық беріп, махаббат сәулесін шаша алады және өзі жасаған заттар мен құбылыстарға әдемілік бере алады. Олай болса, жан адамға берілген басқа қасиеттерге қарағанда маңыздырақ құбылыс болып тұр. Өйткені адам тек жанның қуаты арқылы ғана тіршілік етеді, өмір сүре алады. Жан арқылы ғана адам тәні шынайы тіршілікке ие болады. Ал жан тән арқылы ғана өзін көрсете алады, дами алады. Тән жанның даму құралы. Тән тозғанда жан өз тіршілігін тоқтатады. Жан адамның жердегі тіршілігі үшін жаратылған» [1, 41 б.].

Шәкәрім «ұждан» мәселесін жанның азығы ретінде қарастырған. Бұл көзқарас Ғұмар дүниетанымынан да орын алған. Сол сияқты кешегі ХХ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрген, атеистік заманда да имандылық қасиеттен әсте ауытқымаған Сәттіғұл жырау Жанғабылұлы:

Дүние-фәни бұл жалған,

Түбіне соның жетем деп

Кызықтап кімдер қумаған?

Тірлікте жиған абырой

Ақырда иман болмаса

Туғаннан жақсы тумаған [2, 222 б.], - деген.

«Имандылық қасиеттің сырына тереңірек үңілетін болсақ, қазақ халқы имандылықтың үш негізін өздеріне тірек еткен. Ол, біріншіден, дін, яғни, ерте ғасырлардың өзінде ұлан – ғайыр қазақ сахарасына кең тарап, жергілікті ұлттардың (оның ішінде түркі тектес тайпалардың) арасына сіңіп, олардың өмір – тіршілігімен қабысып кеткен ақиқат дін – Ислам діні. Пайғамбарымыз Мұхаммед жайған діннің ең тазасын қаймағын бұзбай, сол қалпында елдің санасына жеткізген әулие аталарымыз. Халқымыз имандылық нұрының бастауларын сондай жүрек көзі ашылған перзенттерінен алды деп толық сеніммен айта аламыз. Екінші тірегі – салт-дәстүр. Қазақ тұрмысында «тал бесіктен жер бесікке» дейін қайталанып жататын далалық өркениеттің жарқын көрінісі. Салтынан, әдет-ғұрпынан қол үзбеген жұрттың кезінде талай өзге елдің өкілдерін, ғалым – зерттеушілерді тамсандырғанын білеміз. Имандылықтың үшінші тірегі – ана тілі. Ананың бал әлдиімен бойға дарып, жүрекке сіңген ана тілдің құдіреті байтақ даламызға береке дарытты, ұлттың ұлан – ғайыр жерде бытырап жоғалмай, бір шаңырақ астына бірігуіне күшті құрал болды» [3, 42 б.].

Осындай басты-басты үш қасиетті берік ұстаған ата – бабалар біздерге, кейінгі ұрпақтарына «адастырмас айқын жолды» көрсетіп кетті. Данышпан Абай бір қара сөзінде: «ата – бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі, ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен… Екіншісі намысқор келеді екен,»- деп қапаланып жазады. Біз де Абай дана өкінішінің артын құшып жүрмейік. Иманымызды ту етіп, соған жету үшін бар күш – жігерімізді салып, аянбай еңбек етейік.

Қазақта имандылық адамгершілік, ізгілік қасиеттерді білдіреді. Имандылықтың мұндай мағынаны білдіруі қазақтың мұсылман болуынан туындаған. Имандылық сөзі иманнан шыққан. Иман – жүректегі нұр, имандылық соның сыртқы пішіні. Имандылық – Алла Тағалаға иман еткен адамнан туған көркем мінез. Имандылық көркем мінезі әрбір мұсылманның бойынан табыла бермейді, әрбір мұсылманның сипаты имандылық пен көркем мінезді болуы шарт емес. Атам қазақтың адамгершілік ұғымын имандылық сөзімен беруінде ерекше мән бар. Өйткені, адамгершілік пен имандылық арасында үлкен айырмашылық бар. Адамгершілік – барлық адамның бойында бола алатын адамның адамдық болмысынан туған қасиет.

Имандылық – әлемнің Жаратушысы, Ұлы Досына деген иман атты сүйіспеншілігінен туған аса ізгі қасиет. Яғни, әрбір имандылықта адамгершілік бар болса да әрбір адамгершілікте имандылық болмауы мүмкін. Сондықтан қазақта имандылық – ауқымы аса кең ой-толғамға ие, ерекше мәнді ұғым. «Қазақ иманын – өз болмысының тірегі мен ар-ожданның асыл тас ақиқаты деп ұққан. Сол себепті жүректен иман шыққаннан кеудеден жан шығуды артық санаған» [4, 99 б.]. Оған мына сөз куә: «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы». Бұл жерде «арым», деп отырғаны – иман. Қазақ иман мен имандылықты Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) үйренген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Мен адамдарға көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім» деу арқылы әлемдегі имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен. Сондықтан да Пайғамбарымыз (с.ғ.с) имандылықты жаю жолында өзі бірінші үлгі болған. Ол имандылық пен көркем мінезділікте алдына жан салмайтын теңдессіз жан болатын. Ол бірде: «Мені Раббым тәрбиеледі. Әрі аса көркем түрде тәрбиеледі», – деген болатын.

Ақылдың шын мәніндегі қызметі нәпсі қамымен қулық-сұмдықтың шытырманына бойлап, айла табу емес, керісінше, күмәнді ойларға дәлелді жауап тауып, иманды күзету дейді.

«Өттің бір дүние өттің-ай», - деп аһ ұрған ақын бұл дүниенің өткіншілігін тілге тиек ете отырып, оның жалғандық сырын ашады. Дүниенің жалғандығы сол – ол шапқан жүйрік аттай, жылжи басқан жорға тайдай сусып өте шығады. Ақын бір көрмеге өзін жүйрік пен жорғаға теңеп ақындық ұшқырлығы мен алғырлығын жыр жолына айналдырғандай, тереңдей үңіле түссек, жыр шумағының тереңдігі мен тұтастығы «өттің бір дүние, өттің-ай теңселе басып кеттің-ай» деген жолдарға шоғырланған, олай дейтініміз бұл өмірді жалғандайтын шешуші сәт ақиқат өкім – шын өлім.

Иманға төнер қауіпті нәпсіні бөріге, иманды бағлан қозыға теңеу арқылы айқындай түседі. Озбырлығы мен қомағайлығы қасқырдай нәпсінің қаупін ертерек ескеріп, тиюға шақырады. Адамның таңдау еркіндігі тәңірден берілген сый екендігі жыраулардың жақсы мен жаманды жұптай алып жырлауынан да көрінеді. Адамның ақылға жүгінбей істеген қателігі бір кездегі нәпсі жетегінде кетуімен байланысты, соның зардабын кейін де тартуы мүмкін. Сондықтан адал мен харамды ажыратып, ерте бастан сақтанудың маңызы зор екендігін ескертеді.

«Құдайға құл болған адам ғана өзге құлдықтан азат» деген қағиданы бірінші орынға қойғандары белгілі болады. Яғни Рухтың тәуелсіздігі мен азаттығы нәпсі хауастың (бес сезім) өктемдігін жеңумен басталып, түп мақсаты – рухтың нәпсі тұтқынынан мүлдем азат болуымен іске асады. Қорыта айтқанда, қазақ ойшылдары Адамды ғалам жаратылысының телеологиялық (мақсатты) себебі ретінде таныған. Сондықтан гносеологиялық тұрғыдан адам мәселесі орталық мәселе болуымен қатар, адам ақиқатты өз тереңіне үңілумен ғана танитынына ден қойған. Аксиологиялық құндылықтар жүйесінде ислам имандылық ілімін шәк-шүбәсіз қабылдап, оны көркем сөзбен адамдардың эстетикалық талғамына сай жеткізді. Этика-дидактикалық, ғибраттық мағынадағы шығармалар тудыруымен қатар, өздері де ақиқат теңізіне бойлап, мағрифат ілімін игерді.

Ахмет Байтұрсынов «Елде жоқ рух жырау сөзінде болмайды» деген екен. Демек, ақын сөзі өз күнінің өзекті мәселесін көтеріп қана қоймай, өткенді бүгінмен жалғастырар жанды байланыс түзіп, құнын жоймайтын әр таңда жаңа қырынан көрінгенмен, түбегейлі мәні арта түсетін ер және ел тағдырымен тамырлас мұрат, мүдделерді, құндылықтарды паш етеді. Елдің мемлекеттік тәуелсіздігі егемендіктің негізгі мағынасы болса, оның мәні қоғамның негізгі тұлғасы адамның – ердің ішкі еркіндікті иеленіп кемелдікке жетуімен толығады. Яғни мемлекеттік құрылымның өзі дәстүрлі мәдениеттің сыртқы қорғаушысы, дәстүрлі мәдениеттің тұлғасы – адамның – ердің рухани толысатын ортасы. Адам баласы бүкіл жаратылыс дүниесінен өзіне берілген өскелең рухымен, нұрлы ақылымен, жақсы-жаманды ажыратар жүрек таразысымен, таңдау, қалау еркімен ерекшеленетіндіктен, ол – бүкіл ғаламның екі дүниесінің жауһары. Ал осы адам жанының мәнді мәйегі – оның иманы. Елдің егемендігі тәуелсіздік үшін күресінің өзекті мәні – сан ғасырлық даму тарихы бар атадан мирас дәстүрлі мәдениетті қадірлеп сақтау. Ердің негізгі намысы – иманы, от басы, Отаны болғандықтан, дәстүрлі мәдениеттің тылсымынан терең тамыр алып, тығыз астасып, күрес дәуіріндегі әрбір шешуші кезеңде бой көрсетер құндылықтар жүйесі, ер намысы мен ел мүддесінің тұтастығымен айқындалады.

Адамнан әлмисақтағы антына орай сұрау болатындықтан, ол сынақтың сынына мойынсұнуы немесе мойындамауы, лайық болу-болмауы өз таңдауында. Адамның таңдау еркіндігіне сай ерік-жігері бірінші орынға шықса, жан иесіне құл болу арқылы еркіндікке жетуі, алғашқы қалау еркіндігінің ақиқат нәтижесі. Таңдау еркіндігін түп мақсаттан адаспай жан қалауына бағындырса, шын мәніндегі рухани еркіндікке жетеді. Ал таңдау еркіндігін тән құштарлығына жеңдірсе, нәпсі құлдық құрсауында қалады, ар-ұждан үніне құлақ аспау арқылы тапқан жалған еркіндігін малданады. Ескерусіз қалған ожданның шаң болып көмескіленуі мен әрекетсіздіктен қалғып-мүлгуіне сай жалған еркіндік табады. Жан қалауын іздеген ішкі еркіндікке жетіп, жүрегінде тыныштық орнаған адамда ар-ұждан үні, (әділет қаупі) өшіп қауіптен мүлдем қамсыз деген сөз емес. Қайта ар-ұждан үні басым болған сайын хақ әділінен қорқу басым, фазылынан үміт те үлкен. Бұл қорқыныш пен үміттің өзі махаббаттың қос қанаты секілді. Қорқыныш пен үміт адамды әрекетсіздікке итермелеп, құрсаулап алатындай көрінеді. Ал шындығында, осы қауіп – нағыз еркіндік, хаққа махаббаты түлеп ұшқан құстай көкке самғатады. Әрекетке жетелейді. Дүние жалған дегенде оны жалған қылатын да, мағыналандыратын да адамның өзі. Себебі қоршаған ортаны жаратушының белгісі ретінде танып, сол жаратылыстың өзінен түп иесін тани білген адам дүниені мағыналандырады.

Ал егер адам жаратылыс иесіне зер салмай, жаратылыс дүниесіне ғана көзін байласа, табиғаттың – жаратылыстың өзі түп иесінің шапағат нұрымен мағынаға ие екенін ұмытса, мәнді дүниеден іздей бастаса адасқаны, яғни жалғанға айналдырғаны. Жаратылыс әлемі адамды көзін байлау емес, жаратушыға назарын аударып, бағыттау арқылы мағыналанады. Сондықтан жыраулардың дүние жалғандығын жария қылуы дүниеден түңілу емес. Ал олар әр құбылыстың астарлы сырын тануға меңзеп, бейнелі тілмен сөйлеу, себебі де осы, адамзатқа бас көзіне байланбай, тылсым сырға ақиқат ілімге назар салуға меңзейді. «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді». Жырау бейнелі тіл арқылы тыңдаушының ақыл көзіне, жүрек түйсігіне қозғау салады. Күнге тура қараудың мүмкінсіздігі сияқты ақиқатты тікелей тану қиын. Көз күн нұрының, ақ жарықтың түсін де ажырата алмайды. Сондықтан оның шағылған заттарындағы бояуға назар салады, түсін ажыратып, мағына береді.

Адамның халифалығының мәні оның таным қабілетіне байланысты, яғни ол қоршаған ортаны игеріп тану арқылы түп иеден шұғылаланған рахым шапағатын әлем арқылы қабылдап мағыналандырады. Бірақ рахымның түп иесі ештеңеге мұқтаж емес. Әлем мен адам өзара тәуелді бір-біріне мұқтаж. Бірі әлем арқылы түп иені тануға, екіншісі өз танылуы арқылы түп иенің мәнін ұғындыруға, сөйтіп мағынаға ие болуға мұқтаж. Ал барлығын мәнге ие қылған түп бастау ештеңеге мұқтаж емес. Ол танылуға мұқтаждай болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл мұқтаждық кемшіліктен туған емес, керісінше, кемел толықтықтан туған алуға емес, беруге «мұқтаждық». Мәнге толтыруға, нұрға, рахым шапағатқа бөлеуге «мұқтаждық». Бұл «мұқтаждық» самадтықпен, шексіз жомарттықпен тең. Адам да нәпсіге тәуелділіктен арылып, таза мәнге ұласа алады. Егер ол мәнге әлем арқылы емес, тікелей ішіндегі ақылдың нұрға айналуымен тікелей жалғаса алса, бұл рухани тазарумен жүзеге асады. Негізгі таным нысаны әлем емес, ол тек негізгі таным нысанының рахым нұры шұғыланатын шағылатын бағыт сілтеуіш қана. Күн нұрына тікелей қарай алмайтын сияқты ақиқатқа тіктеп қарай алмайды. Бірақ оттың күнге мәндестігіне ұқсас махаббат отында нәпсі хауасты өртегенде, бұл жағдай мүмкін, сондықтан көбелек пен от символы осыны ишаралайды.

Адамның өзін-өзі танудағы басты мақсаты рухани кемелдену болса, ол үшін өз бойындағы рух пен нәпсіні танып ажыратуы қажет. Рухты өсіру үшін оның мұқтажын біліп іздеп табу керек. Нәпсінің қажеттігін тежеп, алдауына, әуесіне ермеген жөн. Нәпсі адамның топырақтан жаратылуымен байланысты, оның бұл дүниелік өмірге байланысты табиғаты, оның асыл қасиеті рухқа қарамай-қайшы күш. Сондықтан адам нәпсісін оны жерге тартып, бұ дүниеге байлайтын хайуандық табиғатына балайды. Адамның мінез-құлқындағы үлкенді-кішілі кемшіліктері мен пенделік әлсіздіктері нәпсі жетегінде кетуімен байланысты деп біледі. Нәпсі қалауына құл болған адам хайуаннан да төмен құлдырап азғындауы мүмкін. Оның зұлымдығы мен жыртқыштығы хайуаннан да артып, маңайындағыларға зәбір-жападан басқа түк бере алмасы анық. Ал адамның адамдық мәні оның бойындағы асыл жауһар рухымен, ақиқатты тануға ұмтылатын періштелік сипатымен толығады. Адам рухтың қалауымен жоғары ақиқатқа ұмтылса, онда періштеден де жоғары дәрежені иеленіп, инсанияттың кәмелеттігіне, адам жаратылысының түп мақсаты халифалыққа жетеді. Өлімнің қыр-сырын ашу үшін ақын бұл дүние мен о дүние ұғымы тұрғысынан келеді. Бұл дүниеде адамның соңында қалар белгі – қимас дос, жақын туыстың қолынан келері топырақ үйіп белгі қалдыру. Өлмектің артынан өлмек жоқ, елдің қызмет-құрметі атқарып салу салт-жоралғысымен ғана шектеледі. «Базар нарқын сарт білгені» сияқты, өткен мен кеткеннің, «бұл дүниенің парқын қарт біледі». Ал адам ажал сызығынан аттап, «бұл дүниеден өткесін, о дүниеге жеткесін», кімнің жақсы-жамандығы жайлы бұл дүниелік өлшемдер де осы дүниеде қалады.


Әдебиеттер
1. Қараш Ғұмар. Замана. - Алматы: Ғылым, 1994. – 240 б.

2. Тіл таңбалы Адайдың ақындары. 2-кітап. (ХІХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан ХХ ғасырдың кеңестік дәуіріне дейін дүниеге келген Маңғыстау ақын-жырауларының шығармалары). - Алматы: Жазушы, 2006. - 608 б.

3. Раев Д. Қазақтың шешендік өнері: философиялық пайымдау. – Алматы: Ценные бумаги. 2001. – 228 б.

4. Төлеген М. Имандылық – тәрбие негізі // Ана тілі. - 2009. - 9 шілде.



УДК 159.9:316.356.2; 159.9:64
Бала тәрбиесіндегі жанұяның қоғамдық- психологиялық фактор ретіндегі маңызы
Кенжебаева А.А.
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
Материалы статий посвящены о роли социально- психологического фактора при воспитаний детей. Приводится влияние таких факторов как совесть, честь, достойнства, семейного долга, ответственности перед каждой членами семьи на формирования личностного характера ребенка
Summary
Materials of статий are devoted about a role socially psychological factor at educations of children. Influence over of such factors as conscience, honour, достойнства, domestic debt is brought, to responsibility before each by family members on forming of personality character of child
Біздің елімізде қалыптасып қалған пікір бойынша, жеке тұлғаның адами қалыптасуында ұжымдық тәрбие жүйесінің мәні зор деп есептеледі. Оның негізінде тәрбие беру, яғни жеке бастың толыққанды дамуы тек ұжымдық негізде және ұжым арқылы жүреді деп саналады. Орыстың белгілі педагог- ғалымы А.С. Макаренконың [1] пікірі бойынша, жақсы қалыптасқан жастар ортасы баланың дұрыс тәрбие алуында зор маңызға ие.

Осы мәселеге ден қойған тағы бір ағартушы ғалым В.М. Бехтерев [2] бірнеше тәжірибелер нәтижесінде орта дәрежеде деп бағаланған ұжымның өскелең ұрпаққа барлық мәселеде тек оң бағытта әсер ете бермейтінін келтіреді.Автордың пікірінше мұндай орта жоғары қабілетті тұлғаның дамуына кедергі келтіріп, оның жігерін жасытып, көре алмаушылық пен тіпті кейбір жағдайларда қатігездікпен қарсы тұру арқылы, оқушының ерекше творчествалық белсенділігін басып тастауы да мүмкін. Сондықтан ұжымның жеке тұлғаның дамуына әсері оң да немесе кері де болуы мүмкін.

Ресей ғалымы Р.С. Немовтың [3] пікірі бойынша жастардың үлгілі ұжымы жеке тұлғаның дамуына тек оң әсер еткенімен, алайда білім беру мен тәрбие жүйесі жақсы жолға қойылған қайта құру кезеңінің алдының өзінде мұнда ұжымдар 6-8% құраса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш тіптен төмендеп кеткені кәдік. Қоғамдық – психологиялық тұрғыдан орта және төмен дәрежеде дамыған ұжымдар (бұлар салыстырмалы түрде басым келеді) тұлғаның психологиялық және мінез-құлықтық қалыптасуына екі түрлі әсер етеді. Сондықтан қоғамда жүріп жатқан өзгерістер педагогикалық көзқарастың да өзгеруін, атап айтқанда тұлғаның қалыптасуындағы ұжымның рөлі жөніндегі пікірдің де анықталуын талап етеді.

Жоғарыда айтылған пікірлерге сүйене келе келесідей тұжырым (ұжымның тұлғаға оң әсер ету жағдайына) жасауға болады:

- бұрынғыдай баланың жастар немесе педагогикалық ұжым үшін пайдасы тимейтін қандай да бір әрекеттерін қоғам үшін зиянды деп санаудың қажеті жоқ;

- жеке тұлға мен ұжымның, жас бала мен ересек адамның, жастар тәрбиеленетін ұжымдар арасындағы, тәрбиеленуші мен тәрбиеші арасындағы педагогикалық құқық пен міндет талаптарын теңдестіру (яғни, тек ересектер мен ұжым ғана балаға тұлға ретінде талап қоймай, бала да ересектер мен ұжымға өз талаптарын қоя алуы) қажет.

- жеке тұлғаның ұжым алдында белгілі бір міндет алып оны орындауымен қатар, ұжым да жекелеген тұлғалар алдында сондай міндеттерге жауап беруі қажет.

Жеке тұлғаның қоғамдық дұрыс қалыптасуында үлкен тәрбиелік маңызға ие ұжым ретінде – жанұяны айтуға болады. Жанұя тәрбие мәселесінде негізгі және ұзақ мерзімдегі әсерге ие. Сенімділік пен қорқыныш, батылдық пен жігерсіздік, ұстамдылық пен күйгелектік мінездері, адамдармен қарым-қатынастағы ашықтық пен жылулық және оған қарама-қарсы тұйықтық пен суықтық қатынастарының қалыптасуы да, тікелей жанұя жағдайында бала бойына сіңірілетін ерекшеліктер. Баланың мінез-құлқының қалыптасуына тікелей әсер ететін мұндай жағдаяттар тұлғаның мектепке барғанға дейінгі мерзімдерінде бекіп, ары қарай ұзақ мерзім бойына әсер етеді (мысалы, секемшіл, үрейленгіш аналардың балаларының көбінде осындай мінездер жалғасын тауып жатады).

Жанұядағы қалыпты тәрбиелік орта жұбайлар арасындағы бір-біріне қанағаттанушылық, олардың жанұя ішіндік қатынастың барлық түріндегі өзара түсіністік жағдайында туындайды. Балалардың тәрбиесінде ерекше орын алатын мәселе – жанұядағы өзара сенімділіктің қалыптасуы, адамдар қатынасындағы қарапайым нормалар мен ережелерді, жанұя жағдайындағы рөліне байланысты бір-біріне деген жауапкершіліктерін толық түсінілуі, ерлі-зайыптылардың өз міндеттеріне (ер адам, ана....) жауапты болуы да үлкен мәнге ие болады.

Балалар тәрбиесі жүйесінің бұзылуына жұбайлар арасындағы жанұя этикасының тұрақты түрде сақталмауы, бір-біріне деген сенімсіздіктің пайда болуы, ыстық ықылас пен мәпелеудің, сыйластықтың, психологиялық демеу мен қорғаныш болу деген сияқты адами көріністердің жоғалуы себепкер болады. Осындай кері әсер ететін жағдайлар қатарына жанұядағы ер адамның, әйелдің, отбасының, отанасының рөлі мәселесіне жұбайлар арасындағы бір-біріне деген жоғары талаптар қоюы барысында туындайтын түсініспеушіліктерді де жатқызуға болады.

Бала тәрбиесінде ең қатты кері әсер ететін факторлар қатарына жұбайлар арасындағы ар-ождан, парыз, жанұя мүшелері алдындағы міндеттері, жанұялық істер үшін жауапкершілік мәселелері бойынша адами көзқарастарының тең келмеуін жатқызуға болады.

Жоғарыда келтірілген факторлардың бала тәрбиесіне тигізер кері әсерін болдырмаудың негізгі жолы ретінде, жұбайлар арасындағы қарым-қатынастың үйлестірілуі мен бір-біріне деген түсіністіктің туындауын айта аламыз. Жанұя жағдайындағы бала тәрбиесінің тиімді болуын қамтамасыз ету мақсатында ата-аналары әр түрлі әдістерге барады: баланы жақсы істері үшін мадақтап-марапаттап, ал жаман қылықтары үшін жазалап отырады, бала үшін әрдайым үлгі болуға тырысады және т.б. Бала үшін ата-аналары ішіндегі жақсы тіл табысатынынан алған мақтаудың әсері тиімдірек келеді. Баланы жазалаудың тек қана басқа әдістердің әсері қалмаған жағдайда ғана қолданылуы қажет. Берілген жазаның әділ және өте қатал болмауы шарт. Қолданылған жазаның әсері балаға оны не үшін қолданылғанын дұрыс түсіндіре білген жағдайда тиімді болмақ. Көп жазаланып, жиі ұрыс естіп тұратын бала, ата-аналарынан суынып, қатыгезденіп кететіні анықталған.

Жанұядағы тұңғыш бала мен одан кейінгі балалар психологиялық жағынан әр түрлі жағдайларда болады. Ересек ұл мен қыз бала өздерінен кейінгі бауырлары мен қарындастарына әр түрлі әсер қалдырады. Мысалы алдарында ағалары бар ұл балаларда таза ер адамға тиесілі мінез-қылықтар басым болса, қыздар өз әпкелеріне ұқсап бағуға тырысады.

Толық емес болып табылатын (ата-аналарының біреуі жоқ) жанұяларда тәрбиеленген балалардың да өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, осындай жанұяда өскен ұл баланың мінезінде жанжалқорлық пен тынымсыздық байқалады. Осындай жалғызілікті жанұяда тәрбиеленген қыз баланың мінезінде, толық құрамды жанұяда өскен құрбысымен салыстырғанда азырақ өзгешеліктер болады.

Ата-аналарындағы ақжарқын мінезділік, ынтымақтастық, өнерге деген бейімділіктері байқалған адамдардың балаларында ол бала тәрбиесіне әжептеуір оң әсер ететіндігі байқалған. Ата-аналар мінез-құлықтары мен балалары арасындағы ара-қатынас бойынша байланыс бар екендігі анықталған. Сондықтан, ата-аналары мінез-құлық ерекшеліктері, олардың балалары тәрбиесінде үлкен мәнге ие болады деген тұжырымға келеміз.
Әдебиеттер


  1. А.С. Макаренко, «Собрание сочинений в 4-х томах», Москва, «Правда»,1939., -С.57-59

  2. Бехтерев В.М. Психика и жизнь. С-Пет.: Алетея, 1999, -С. 5-19

  3. Немов Р.С. Психология. Учебн для студентов высших. дед. Учебн. заведении. 4-издание, «Гуманитарный издательский центр ВЛАДОС», Москва, 1997, -с. 57-57.



ӘОЖ 292
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫН САНАЛЫ ТАҢДАУ МОТИВАЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Кадырбаев Т.А., Кадырбаева Г.Р.
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет, Шымкент, Қазақстан
Резюме
Формирование мотиваций в качестве выбора будущей специальности старшеклассников
Summary

Formtion of motivation as the choice of the futre speciality high scheol students
Қазіргі кезде көптүрлі мамандықтар пайда болып, техника мен жаңа технологияларды адам өмірінің барлық салаларында пайдаланумен байланысты мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысына үлкен көңіл аударылып отыр. Бұл жүмысты оқушылар арасында жүргізгенде оларды болашақ мамандықтарын саналы таңдап алуына ықпал жасау көзделеді.

Жоғары мектеп оқушысы өмірінде көптеген өзгерістер орын алады.Олар баланың орта білім алуының аяқталуының жақындағанына байланысты мамандық таңдаудың қажеттілігі. Оқушылардың болашақ өміріне арқау болатын кәсіпті дұрыс таңдау - олардың болашақта басты болуының бір шарты болып табылады. Жоғары сынып оқушылары жеткіншектіктен жасөспірімдік кезеңге енді аяқ басқан шақ. Осы кезеңде балалар өздерінің болашақ өмірге деген ниеттеріне сай таңдау жасап, болашақ мамандығын анықтауы керек. Сондықтан бұл мәселені көптеген ғалымдар ұзақ жылдардан бері жан - жақты зерттеуде.

Адамдардың жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеу әдістемелері құрылып, оларды әр адамның ерекшеліктерін зерттеу XIX ғасырда басталды.

Бірінші тест жинақтарын жасаушылар адамдардың психикалық қасиеттерін бағалау арқылы олардың қандай іс-әрекеттерге қабілеттері жоғары екенін анықтауға болатындығын дәлелдеді. Психометриялық зерттеулерді насихаттау мақсатымен Ф.Гальтон 1888 жылы халықаралық медициналық және денсаулық сақтау әдістерін қолдану көрмесін ашты. Көрмеге келушілер өздерінің тән қабілетімен қатар психологиялық ерекшеліктерін 17 көрсеткіш бойынша анықтып алуға мүмкіндіктер жасалды. Бұл көрменің қолданбалы психологияға қызығушылық тудырудағы ролі ерекше болды. Өйткені осы күннен бастап жеке тұлғалык қасиетті зерттеу проблемасы АҚШ, Германия, Франция т.б. елдерде кеңінен тарады.

XX ғасырдың басында психодиагностикалық әдістемелердің көп мөлшерде жасалуымен байланысты әлеуметтік психологиялық зерттеу жұмысымен байланысты ашылып, бұл орталықтарда психодиагностикалық зерттеулермен қатар мамандыққа баулу және мамандыққа жарамдылықты анықтау жұмыстары жүргізілді. Жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін зерттеп, оны сандық және сапалық жағынан бағалап беруге қызығушылық көп болды және өз ерекшеліктерін зерттеп, барлық қыр-сырын анықтап алуға сұраныс қалыптасты. Соның арқасында батыс Еуропа елдерінде психологиялық зертханалар ашыла бастады. Бұл зертханаларды Германияда - Вундт, Францияда- Бине, АҚШ-да - Мюнстерберг, Торндайк т.б. ғалымдар ұйымдастырды. Бұл зертханаларда барлық талапкерлердің іс-әрекет түрлеріне икемділігін анықтауға, мамандық жарамдылығын анықтап, мамандыққа баулу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында Гальтонның ұсынысы бойынша темп көмегімен өлшенген қасиеттердің бір-бірімен коррекциялық байланысы бар екендігі ескерілді.

Неміс психиатры Э.Кречмер және АҚШ психологі У.Шелдон өз зерттеулерінің нәтижесінде жеке тұлға темпераментінің типологиясын ұсынды. Олардың ізбасарлары Э.Фромм, К.Леонгард және басқалар типологиялык зерттеулерді жалғастырып, қазіргі кезде кеңінен пайдаланып жүрген; мінез типологиясы туралы ілімнің негізін құрды. Адамдардың бір-бірінен айырмашылығы бар ерекше тұлға болуына негіз болатын тұрақты көріністер бар екенін анықтады. Олар мінез типологиясын құрып, адамдардың басым көпшілігін осы типологияға байланысты бірнеше топқа бөліп, олардың жекелік ерекшеліктерін сипаттады. Сонымен қатар мамандықтардың көп түрлеріне икемділік адамдардың типологиялық ерекшеліктеріне байланысты болатындығы туралы болжамдар жасады.

Осы зерттеулерге байланысты өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап мамандыққа жарамдылықты анықтау үшін психологиялық қызмет көрсетуе сұраныс туа бастады. Ресейде тәжірибелік психологиялық зерттеулер саласында бірқатар ғалымдар зерттеулер жүргізді. И.А.Артемьев психофизиологиялық зерттеулермен ұштастырып жүргізу қажеттігі туралы еңбектер жазды. Жекелік психикалык қасиеттерді зерттеу XX ғасырдың басында бірнеше салада жүргізілді. Дегенмен ең бірінші қызығушылық тудырған мәселелер темперамент ерекшеліктерін анықтау, мінез көрсеткіштеріне сипаттама жасау, интелектуалдық қабілет шкалаларын түзу, жеке тұлғалық процестердің ерекшеліктерін зерттеу т.с.с. болып тармақталды. Бұл зерттеулерді бастапқы психиатрлар психикалық дертке ұшырағандарды емдеу жолдарын анықтау мақсатымен және дені сау адамдардың психикалық ерекшеліктерін бағалау мақсатымен жүргізді. Жеке тұлғалық ерекшеліктерді зерттеу біртіндеп кәсіби бағдар беру жұмысымен ұштасты.

Жастарға кәсіби бағдар беру жұмысының жүйелі және ғылыми негізделген жолмен жүргізудің бастамасын Ф.Парсонс жасады. Ол мамандыққа баулу жұмысын жеке тұлға теориясына негізінде психометриялық әдістемелерді пайдалану жолдарын ұсынған. Оның ғылыми қағидаларына сүйене отырып зерттеушілер әр бір жеке адамдардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты мамандық бағдар беру негіздері ретінде келесі қағидаларды ұсынды.

Біріншіден, әр адам өзінің жекелік психофизиологиялық қасиеттеріне және таным процестерінің ерекшеліктеріне байланысты тек бір мамандыққа икем болады.

Екіншіден, әр адам кәсіби қызметте табысты болу және өз мамандығына толу адамның жекелік қасиеттерінің мамандық қызмет талаптарына сай келуіне тәуелді.

Үшіншіден, мамандық бағдар беретін кеңесші психолог мамандық таңдап жүрген адамның жеке тұлғалық ерекшеліктерімен толық танысып, оның диспозицияларын ескере отырып, мамандықты таңдауды саналы жүретін процеске айналдырып, таңдаудың тиімділігін қамтамасыз етуі қажет.

Психологиялық тестілеу теориясы мен тәжірибесінің дамуы барысында бұл бағыттағы жұмыстардың методологиясы да даму үстінде болды. Дегенмен мамандық бағдар берудің негізгі қағидасы өзгермеді. Бұл тұжырым бойынша мамандықты таңдау барысында «жеке тұлға құрылымы» және мамандықтың сол тұлғаға" тән психофизиологиялық ерекшеліктеріне қойылып отырған талаптар бір-біріне сай келуі тиіс. Мамандық бағдар беру барысында кеңесші психолог әр адамның өзіне тән ерекшеліктерімен байланысты қай саладағы қызмет оның тұлғалық ерекшеліктерін сай келетінін болжамдап беруі жүктеледі. Ф.Парсонстың мамандық бағдар беру теориялары көптеген ғалымдарды қызықтырып, мамандыққа баулу проблемасын зерттеушілер молайды. Дегенмен оның ұсынған теориясын толық пайдалануға –күмәнданғандар мол болғандықтан зерттеу жұмыстары көптеген бағытта жүре бастады.

Кеңес ғалымдары П.П.Блонский, Л.С.Выготский барлық психологиялық еңбектерді жүйеге келтіріп, балалардың барлық жас кезеңдерінде жеке даралық ерекшеліктерін зерттеудің ірге тасын құрды. Көптеген батыс елдерде қолданылып жүрген әдістемелерді П.П.Блонский орыс тіліне аударып, оларды пайдалану жолдарын анықтады. Сонымен қатар Блонский балаларға арналған еңбекпен тәрбиелеуге арналған жазғы лагерлерін ұйымдастырып, балаларды болашақ мамандығын таңдауға тартты. Дегенмен өткен ғасырдың 30-шы жылдары жүргізілген зерттеулер өзінің жалғасын таппастан тәжірибелік психологиялық ілімдердің дамуы кеңес мектептерінде ұзақ уақыт қолданылмады.

Тек қана өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап бұл саладағы қызмет көңіл бөліне бастады.

Өткен ғасырда мамандыққа баулу жұмыстарын ғылыми жолдарын іздеуге арналған мамандық бағдар беру зертханалары көптеген елдерде өз жұмыстарын ұйымдастыра бастады. Бірнеше зертханалар АҚШ-да Г.Мюнстерберг, Э.Торндайк т.б. ғалымдар жетекшіліктерімен «мамандық кеңес беру бюросы» деген атпенен көпшілікке қызмет көрсетті. Бұл зертханалардың негізгі бағыты жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін зерттеу әдістемелерін жасап, олардың көмегімен зерттелінушілердің сезім мүшелерінің ерекшеліктеріне байланысты түсінуі, көру маршруты, тактильдік және басқа сезімдері бағаланып, реакцияның жылдамдығын талап ететін мамандықтарға жарамдылықты анықтауға арналған әдістемелерді пайдалана бастады.

Осы кезден бастап кәсіби бағдар беру жұмысын зерттеушілер оның құрылымын анықтауға үлкен мән берді. Көптеген ғалымдар өз зерттеулерінде кәсіби бағдар беру жұмысына қойылатын талаптарды, ұстанымдарды анықтады. Өз зерттеулерінде Д.Сьюпер адамдардың өзінің болашақ мамандығын анықтауға негіз болатын көптетен себептері бар екендігіне сүйене отырып ол жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды анықтады.Ол мамандық бағдар беру проблемасын зерттегендердің еңбектерін жүйеге келтіріп, мамандық таңдауға негіз болатын іс-әрекеттерді анықтаудың келесі баптарын ұсынды :

-адамдардың әрқайсысы өзіне қызығушылықпен, мінез ерекшеліктерімен сипатталады;

-адамның мамандыққа деген көзқарасы және мамандық шеберлігі, оларға әсерін тигізетін объективтік және субьективтік факторлар біртіндеп өзгеріп тұрады;

-адамның мамандық таңдауға көзқарасы бірнеше кезеңде жүреді: мамандыққа көзқарастың дамуы ата-аналарының әлеуметтік-экономикалық жағдайына, баланың жекелік ерекшеліктеріне және мамандыққа даярлықтан өту мүмкіндіктеріне, баланың мамандық таңдау ниетінің қалыптасу кезеңдерінде оның дамуын басқаруға және бағыт-бағдар беруге, мамандыққа қажетті қабілетін басқаруга мүмкіндіктердің болғандығы;

-мамандық бағдар берудің мәні жеке тұлғаның "Мен-концепциясын" дамыту және іске асырудың бір болып табылады. Сондықтан психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу "Мен-концепция" мен ақиқаттың бір-бірімен түйісуін қамтамасыз етеді;

-әр адам өзінің мамандық қызметінде қабілеттілігі мен іскерлігін көрсетуге мүмкіндігі болғанда ғана ол жұмыс жеке тұлғаны қанағаттандырады және мамандық шеберлікке жетуіне негіз болады.

Сьюпер анықтаған осы баптарға сүйене отырып мектеп тәжірибесіне мамандық бағдар беру жұмысын жүйелі түрде жүргізу туралы ұсыныстар жасады.

Д.Сьюпердің айтуы бойынша әлеуметтік-психологиялық зертханалар немесе психологиялық орталықтар бірнеше мектептерге қызмет көрсете алады.

Олар балаларды мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап жан-жақты психологиялық зерттеулерден өткізіп, біртіндеп болашақ мамандығын ерте анықтауға алып келу қажет деп көрсетті. Мұндай орталықтар өз жұмысын тиімді орындайтын болса көптеген оқушылар орта буынға барғанда қандай пәндерді тереңдетіп оқитын параллельде жоғары сыныптарда оқитынын саналы таңдап алатын болады.

Е.А.Климов жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдау бойынша кеңес беру бағдарламасын жасаған. Сонымен қатар психологиялық диагностикалау барысында баланың барлық шығармашылық қабілеттерін ескерудің қажеттілігін көрсеткен. Конструктор ойлап табатын машина бейнесі жазушы тудыратын әдеби қаһарман бейнесі немесе сәулетшіні толғантып жүрген скульптуралық топ бейнесі шығармашылықтық қиялға мысал бола алады. Жаңалық, соңғылық, қайталанбастық - шығармашылық қиялдың елеулі белгілері. Шығармашылық дегеніміз — бір-бірімен өзара байланысты, өзара әсер етуші бейнелер жүйесінің жасалуы. Мұның адамның әдеби-көркем, Зейнелі, ғылыми, техникалық және көптеген басқа шығармашылық қызметінің бәріне бірдей қатысы бар. Шығармашылық бейнелердің жасалу тәсілдері өте көп. Олар түрлі тәсілдер арқылы жасалады.

Жаңалық тудырудың осы тәсілі әсіресе техника саларында, ғылыми зерттеулер жүргізуде, көркем әдебиетте кеңінен қолданылады Әдеби шығармашылықта, скульптуралық және сурет арқылы бейне жасауда өте кең тараған тәсілі — типтік бейне жасау арқылы жүзеге асырылады. Бұл белгілі тап немесе қоғамдық топ өкілі ретінде жеке адамның типтік қасиеттері мен ерекшеліктері көрінетін, бейнелеудің күрделі қалыптасу жолы. Типтендіру — бұл белгілі идея мен дүниетаным иелері болып саналатын адамдар бейнесін жасау. Әдеби немесе скульптуралық бейнені қалыптастыру процесінің өзекті кезеңі — жеке адамның типтік және жеке тұлғалық қасиеттері мен ерекшеліктерін жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қасиеттерін дамытуға негіз болады. Балардың шығармашылығы олардың болашақ кәсібіне қызығушылығын тудырып, оны саналы таңдап алуға жол ашады. Олар көптеген кітаптардан, телебағдарламалардан болашақ мамандығы туралы мәліметтерді меңгеріп, жаңалықтарды өмір тәжірибесіне ендіруге, барлық іс-әрекеттерге шығармашылықпен қарауға, табиғатта жоқ жаңа нәрселерді жасауға құмарлығы қалыптасады. Болашақ мамандығына қызығушылықты дамыту арқылы жасөспірімдердің интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға және өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдап алуға арқау болады.


Әдебиеттер
1. Парсонс Ф. Психология. «Адамзат ақыл-ойының қазынасы».10томдық. 7 том. Алматы, 2006.

2.Скиннер Б. История зарубежной психологии. Тексты. /Под ред. П.Я. Гальперина, А.Н. Ждан. М., 1986.

3.Фестингер Л. Карандашев В.Н. Психология. Введение в профессию.Учебное пособие для студентов ВУЗ. М., «Смысл», 2003.

4. Снайдер Д. Практическая психология для подростков. М., 1999.



ӘОЖ372. 24Қ-56
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
С.Қожагелдиева, Э.Алиева
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
Увлечение способности и интерес к познаниям учеников в начальном классе
Summary
Jinproling the obility and enthusiasm for the ability and interest in and knowledge students in the primary grades
Елбасы атап өткендей, білім беру рефор­масы – Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Осыған орай Білім және ғылым министрлігінің алдында ауқымды міндеттер қойылды [1].

Жаңа формацияда білім беру саласындағы барлық процесте, тәрбиешілерге, мұғалімдерге, оқушылары мен топ тәлімгерлеріне кәсіби дайындықтарын толықтыру, балалардың жекелік ерекшелігін ескеру, қабілетіне және тұлғалық бағыттылығына қарай жағдай туғызуды қажет етеді.

Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым және прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар адамның кәсіби біліктілігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады. Міне, осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты білімді, жоғарғы мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей алатын жеке адам қажет. Ондай адамды мектеп дайындайды. Ол үшін бастауыш сыныпта жеке пәнді оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың педагогикалық шарттарын таңдап алу қажет [2].

Осы ретте «шығармашылық» ұғымының мәнін аныктауға келеміз. «Шығармашылық» сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «... шығармашылық-қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалык ашатын іс-әрекет», - деп түсіндіріледі. «Шығармашылық» деп жаңалық ашатын әрекетті аталған көрнекті психолог Л.С.Выготский [3].

Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары «шығармашылық» сөзімен, «жаңалықпен» қатар «бастамалық, белсенділік» ұғымдары астарласа қолданылып жүр. Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе, төмендегідей қорытындыға келдік.

Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.

Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда, кез келген баланы көгеруге болатындығы жайлы көп айтуда. Сондай зерттеулердің бізді қызықтырған кейбіреулеріне тоқтала кетейік. Осы саланы тереңірек зерттеген дәрігер әрі психолог А.Н.Лук әрекет нәтижесінің шығармашылық деңгейге көтерілуі ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты деген пікір айтады [4].

Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:



  • мәселені қарастырудағы қырағылык, көрегендікті;

  • ақпаратты нерв жүйесіне код арқылы хабарлауды;

  • тасымалдай білуді;

  • ақылдың икемділігі, ойдың орамдылығын;

  • әрекеті бағалай білуді қарастырады.

Әрекеттің шығармашылық қабілеттерді дамытуы үшін қажетті ахуалдың болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі шамадан тыс сынау сияқты психологиялық кедергілермен күресу қажеттілігіне тоқталады.

Шығармашылық қабілеттердің жоғары деңгейі - дарындылык, таланттылық мөселесінің теориясына терең бойлаған В.Э.Чундовский, B.C.Юркевич, В.П.Волков осы феноменнің ерекшеліктері, олармен жұмыс түрлері, дарынды балалар экологиясы жайлы ой қозғап, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге байланысты тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныстар береді.

Педагогикалық еңбекті шығармашылық процесс ретінде қарастырған В.А.Кан-Калик, Н.Д.Никандоровтың зерттеулерінде ұстаз шығармашылығын психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке шығармашығын қалыптастыру жолдарына талдау жасалады [5]. Шығармашылық туралы айтылған ойлар мен жасалған тұжырымдарды талдай отырып, ол төмендегідей ерекшеліктермен сипатталатын адам әрекеті деген қорытынды жасаймыз:


  • шығармашылықтағы қарама-кайшылықтардың болуы;

  • әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;

  • шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;

  • шығармашыл тұлғаның жекслік қасиеттерінің болуы;

  • нәтиженің жаңалығы, сонылығы;

Бұдан: «шығармашылық-қайшылықтарды шешуге бағытталған, ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, нәтижеде әлеуметтік не жеке адам үшін мәні бар соны жаңалыққа әкелетін адам әрекеті», - деген тұжырым жасаймыз. Ал бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы - тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын, субъективті жаңалық.

А.Байтұрсынов «Қазақ газетінде» (1914 ж.), «Мектеп керектері»деген мақаласында: «Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта алатын мұғалім. Екінші - оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы саялы болуы. Құралсыз іс істемейді, Һәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші - мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідей болып шығу үшін оның үлгісі я мезгілді өлшеуі болуы керек. Үлгісіз я өлшеусіз Істелген іс - ол я артық, я кем шықпақшы...»,- деген болатын [6].

Бастауыш мектеп жасындағы кезеңнің ерекшелігі, бұл кезде балалар қоршаған орта туралы білімдерін жинақтап қана қоймай, құбылыстардың мәнін жете түсінуге және оларға деген өзіндік көзқарастарын қалыптастыра бастайтындығында. Сол себепті де осы жастағы балаларға үлкен адамдардың іс-әрекетін ешқандай ойланбастан қайталайтын, айтқанды екі етпей орындайтын, анасы жетілмеген адам деген көп жыл бойы дәстүр болып кеткен көзқарастан бірден ауытқып кету мұғалімдерге оңай соқпаса да, олардың шын өмірде өздерін белгілі бір іс-әрекеттерде тәрбие үрдісінің субъектісі ретінде көрсете алатындығын ескерту қажеттігі заман талабы екендігі түсінікті.

Сондықтан әрбір адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыру - негізгі шарттардың бірі. Дүниетаным дегеніміз адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсінуін және онымен қарым-қатынасын, оның барлық іс-әрекеттерінің бағытын бейнелейтін көзқарастың жүйесі. Дүниеге ғылыми көзқарастағы адамдардың басты қасиеттері өзінің Отанына шексіз берілгендігінде, жанқиярлықпен күресуге әзірлігінде. Мұндай көзкарас бойынша адам өз өмірінің мақсаттарын, халқымыздың жалпы күресіндегі өз орнын дұрыс түсіне алмайды. Сонымен, еліміздің болашағына сай адам - ол теориялық іліммен қаруланған, оны шығармашылықпен іс жүзіне асыратын белсенді қоғам қайраткері, өмір үшін күресуге қабілеті мол, жоғары мәдениетті, білімді, өз ісіне асқан шебер адам. Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуына әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылды. Мектепте (мұғалім мен тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық талғамы, сезімі артады.

Мектеп реформасын жүзеге асырудың барысында оқу мен тәрбие жұмысының көптеген мәселелеріне түбегейлі өзгерістер енгізіп, қайта құру қажеттілігі туды. Солардың бастыларының бірі, мұғалім мен оқушы, мұғалім мен мектеп басшылары мен педагог арасындағы қарым-қатынас сипатының өзін бүтіндей өзгерту қажет [7].

Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы - талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу, жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге, жаңа білімді еркін игеруге үйрету.

Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске асырылады, Білімсіз кандай болса да іскерлік мүмкін емес. Мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу керек. Өлшеу сызғышын, секундомерді пайдалану үшін физика біліміне сүйену қажет. Дағды - бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтандыру. Мысалы, тез оқу дағдысы, жүйелі түрде жаттығу нәтижесі.

Сонымен, оқу процесінде білімнің, іскерліктің және дағдының өзара байланысы, бірлігі оқушылардың таным қабілетінің (зейін, байқағыштық, ес, қиял, ойлау) дамуына мүмкіндік туғызады. Оқыту екі жақты процесс, онда мұғалім мен оқушылардың ынтамақтастық іс-әрекеттері мен тәсілдеріне үйретеді. Бұл сабақ беру процесі. Оқушылар сабақта түрлі іс-әрекеттердің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады. Оқыту процесінің қозғаушы күштері оқытудың барысында қойылатын таным және практикалық міндеттері мен оқушылардың нақты білімі мен іскерлік дәрежесі және ақыл-ой дамуының арасындағы қайшылық. Егер қойылған міндеттерді шешуге оқушылардың шамасы келмесе, онда қайшылық оқытудың және дамудың қозғаушы күштері бола алмайды.

Қазіргі кезеңде білімді толық игеру үшін негізгі талаптарды еске алған жөн. Олар:

- білімнің толықтығы - негізгі идеяларға түсіну үшін оқыту процесінің танымдық іс-әрекетінің кезеңдерін іске асыруды қамтамасыз ету;

- білімнің жүйелігі, үйлесімдігі, қисынды бірізділігі ізденіп, білімді меңгеру үшін олардың ойын дамыту;

- білімнің әрекеттілігі - жаңа білім алу үшін бұрынғы білімді шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.

Дамыта оқыту - бұл оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Осының негізінде олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту керек. Окыту жеке адамның білімін, танымдық және шығармашылық қабілетін дамытудың негізгі құралы. Оқытудың бірнеше түрлері бар: түсіндірмелі-иллюстративті оқыту, проблемалы оқыту, бағдарламалап оқыту т.б. [8].

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың ең негізгі шарттары проблемалық оқыту. Проблемалық оқытудың мақсаты - мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, Іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытады. Оқушыларға тақырып бойынша проблемалық сұрақтарды шешуін дұрыс варианттарын қарастырады, ойланады, жаңа білімді игеру туралы қорытынды жасайды, оны практикада қолданады. Проблемалы оқыту - бұл ғылым негіздерін оқып білу процесінде жеке адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің қалыптасуы. Психологтар адамның ойлағыштық іс-әрекетінің негізгі түрлерін атайды: репродуктивті және продуктивті шығармашылық.

Мысалы, 3-сынып оқушысына өзеннің бір жағасында тұрып, оның енін қалай өлшейді деп сұрақ қойса, ол сұрақтың мәнін шешу үшін дәрменсіз болады. Бұл жерде проблемалық ситуация пайда болды, бірақ ол проблема бола алмады. Себебі, оны шешу үшін оқушының білімі, тәжірбиесі жеткіліксіз болды.

Сонымен, оқушылардың әртүрлі шығармашылық оқыту іс-әрекетінде мұғалім проблемалық ситуация туғызады, жаңа білімді игеруде оқушылардың ойлау, іздену іс-әрекетіне, олардың оқыту проблемасын өз бетімен немесе ұжымдасып шешуіне басшылық етеді. Міне, проблемалы оқытудың мәні осында оқыту процесін ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бір жағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъектісі болады [9].

Оқытудың әдістерін тиімді пайдалану негізгі шарттардың бірі болып ғабылады. Себебі оқытушы ойлауды қажет ететін әр түрлі әдістерді қолдануды тусшдіріп көрсетіп, оқушыларға жеке пәнді окытуда тапсырмалар бере отырьш, шеберлікті, дағдыны бекітіп, шығармашылық қолдануды үйретеді. Жалпы әдістердің маңызы оқу үрдісіндегі оқушылардың өздігінен жұмыс істей алуы, яғни ауызша түсіндіруді тыңдау, демонстрация, кітаппен жұмыс, есептер шығару, жаттығулар, т.б. байқалады. Педагогикалық үрдісте оқушы - үйренуші мен оқытушының арасында өзара әрекеттесу әртүрлі әдістер арқылы іске асады. Әдістерді анықтау мен классификациялаудың көптеген жақтары бар.Оқыту әдісін әр түрлі жағынан қарастыруға болады. Оқыту әдісі оқу үрдісінде өтетін оқу формасы, оқушылардың білімді логикалык игеруі, оқуға үйрену тәсілдері. Осы құбылыстардың ішіндегі маңыздысы, білім мазмұны әдісітерімен тығыз байланыста болып, оқып - үйренушілердің ойлау іс-әрекеттерінің сипатын анықтайды.

Оқыту мақсатында қолданылатын білім түрлері: терминдер мен ұғымдар, дәйекгер мен деректер, заңдар мен теориялар, әдістемелік білім және білімді бағалау. М.Н.Скаткин мен И.Я.Лернер жасаған оқыту әдістерді жіктеуінен кейбір ерекшеліктерді байқауға болады. Олар оқушылардың танымдық немесе логикалық ойлағыштық іс-әрекетін әдісітерді топтастырудың негізі деп қарастырады. И.Я.Лернердің дәлелдеуі бойынша мұғалім сабақ үстінде оқушыларға көп түсіндіреді, олардан жаттығуларды орындауды, яғни көрсетілген іс-әрекетінің тәсілдерін еске түсіруді талап етеді, ал жаңа проблеманы шешу процесінде білімді шығармашылықпен пайдалануға аз көңіл бөлінеді. Осы ерекшеліктерді ескеріп, М.Н.Скаткин,И.Я Лернер оқытудың бес түрлі әдісін ұсынады. Енді осы әдісітерге жеке-жеке тоқтап өтейік. Түсіндірме - иллюстративті әдісті ақпараттың - рецептивті әдіс деп те атайды, өйткені ол мұғалім мен оқушының іс-әрекетін бейнелейд [10].

Сабақ үстінде оқушылар тыңдайды, көреді, окиды, бақылайды, сабақ үстінде тапсырманы орындайды.

Репродуктивті әдіс - бұл әдістің негізгі белгісі еске түсіру және мұғалімнің тапсырмасы бойынша іс-әрекетінің тәсілін қайталау болады.






Көрсетілген іс-әрекетінің тәсілдерін және оқушыларға жарияланған білімді бірнеше рет еске түсіру арқылы тапсырмалар жүйесі бойынша мұғалім олардың іс-әрекетін ұйымдастырады. Мұғалім мазмұны әр түрлі тапсырмалар береді. Оқушылар оларды орындайды - есеп шығарады, тіл сабақтарын үлгі бойынша жіктейді, нұсқау бойынша түрлі тәжірибені орындайды т.б.

Мұғалім ауызекі сөздердің (әңгіме, лекция, түсіндіру), баспа сөзінің (оқулық қосымша әдебиеттер), көрнекі құралдардың (суреттер, кестелер, кино-диафильмдер, натуралды объектілер), практикалық жұмыстардың (тәжірибе көрсету, станокта жұмыс істеу, есеп шығару, шығарма жазу, аннотация жазу т.б.) көмегімен балаға білім беруді іске асырады [11].

Сонымен қатар білім беру оқушының дүниетанымы, адамгершілік белгілері, еңбекке көзкарасы, эстетикалық талғамы, сабаққа ынталылығы сабақ беру барысында қалыптасады. Оқушылар бастауыш мектепке барлық пәндерді оқу барысында әділдік, батылдық, жауапкершілік, ынталылық қабілеттер қалыптасып дамуына ықпал жасайды.

Оқу-тәрбие жұмыстарында ынталы қарым-қатынастарының нәтижелі әрі мазмұнды болуы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасын байланыстыруға ықпалын тигізеді.

Оқушылармен оқыту процесінде ынтымақтасуы, сабақ, сабақтан тыс уақытта да өз әсерін тигізеді.

Бастауыш сыныптағы білім берудің приоритетті мақсаты - оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, эстетикалық қарым-қатынасқа ынталылығын қалыптастыру болса, бастауыш сыныпты - оқушыда оның интелектісінің дамуының іргетасы, яғни оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі.

К.Д.Ушинскийдің айтуы бойынша, танымдық қызығушылық оқушылардың білімге, бір нәрсені білуге құштарлығын арттырып қана қоймайды, айналадағы бізге белгісіз жұмбақ сырларға жауап іздеуге жетелейді. Сонымен оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуда пән мұғалімінің ықпалы зор. Ол үшін мұғалім сабақты қызықты, тартымды өткізуімен қатар оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға ынталандыратын тақырыптық кештер, ойындар, әр түрлі дебаттар, сөзжұмбақ, ойлан-тап, жұмбақ жасыру, сайыстар т.б. жұмыстарды жүйелі түрде өткізудің маңызы ерекше. Сондықтан да жаңа педагогикалық технологияларды орынды пайдалану үлкен нәтиже берері анық [12].

Демек, қызығуды тәрбиелеу оқуға немқұрайды қарау – жеңуге көмектеседі. Қызығу жұмыстағы кемшілікті және қиындықты жеңуге жәрдемдеседі, қол жетпейтін нәтижелерге жеткізеді. Мектеп оқушыларының танымдық қызығуын қалыптастыру, белсендіру, одан жан-жақты дамыған, білімді, шығармашыл қайраткерді тәрбиелеуге көмектеседі.

Қорыта айтқанда, оқушылардың іс-әрекеті, ынталылығын, қабілетін, зейінін қабылдауын өз тәжірибесі арқылы әрбір педагог дамытып қалыптастырады.



Әдебиеттер


  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан–2030. Алматы: Білім. 1997.

  2. Қазақстан Республикасындағы “Білім туралы заңнама”.Алматы. 2008-19 б.

  3. Каракулов К.Ж. Педагогика. Алматы. 2008-167 б.

  4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы. 2000-207 б.

5. Бабаев С., Оңалбек Ж. Психология танымы. Түркістан. 2000 -110 б.

6. Баширова Ж.Р., Төлешова Ұ.Б. Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы. 2003-34 б.

7. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Алматы. 2004-55 б.

8. Едігенова А. "Танымдық қызығу ерекшеліктері". //Қазақстан мектебі. 2003-№ 10-48 б.

9. Көкшиева З. “Эстетикалық қызығуды қалыптастыру – маңызды міндет”. //Қазақстан мектебі. 2006-№12-26 б.

10. Рысбекова А. “Танымдық қабілетті арттыру шарттары”. //Қазақстан мектебі. 2004 -№7-38 б.

11. Тұрғанова Ж.С. “Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары”. //Білім 2007- №1-16 б.

12. Ахметжанова А. “Оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары” //Бастауыш мектеп. 2004-№1-36 б.


ӘОЖ:28:К-11
АНАЛИТИКАЛЫҚ ТӘСІЛМЕН ЖАСАЛҒАН КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР
Қасымбекова Э.Т.
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан
Резюме
Сложные слова, созданные аналитическим методом
Summary
Compound words made by analytical method
Адамзат баласы өзін қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстарға атау беруге немқұрайды қарамаған. Адамзат тарихында кез-келген зат немесе құбылыс туралы ұғым тілдік таңба арқылы таңбаланып, сол ұғымның сөздік бейнесі жасалынатын ғылымда дәлелденген мәселе. Ұғым арқылы таңбаланған сол бейне сөзжасамдық процестің нәтижесінде атау ретінде таңылып атырған. Олай болса сөзжасамның негізгі зертеу нысаны – жаңа атау жасау болса, осы процестің нәтижесі – туынды сөз болып табылады.

Адам баласы айнала қоршаған заттар мен құбылыстардың танылған ерекше белгілерін таңбалауға түрлі тәсілдерді қолданған. Сондай көнеден келе жатқан тәсілдердің бірі – сөзжасамның аналитикалық тәсілі. Бірнеше ұғымды бір атау бойына түйістіріп, одан бір ұғым, бір атау жасап, тіл білімінің дамуына үлкен үлес қосатын да осы тәсіл.

Сөзжасамның аналитикалық тәсілі туралы қазақ тілі бөлімінің көрнекті өкілдері Қ.Жұбанов [1], Қ.Аханов [2], М.Балақаев [3], А.Ысқақов [4] сынды ғалымдардың еңбектерінде айтылады.

Мәселен, профессор Қ.Жұбанов сөздердің бір бірімен бірігуі немесе қосылуы арқылы жасаланынын айта келіп жаңа ұғымды білдірудің бірнеше түрін санамалап түсіндіреді. Таза сөзжасамдық аспектіде қарастырылмаса да, жаңа атаудың жасалуы туралы тың зертеулерге жол бастады деуге болады. Профессор Н.Оралбаева: аналитикалық сөзжасамдық тәсіл көне замандардан келе жатқан, тіліміздің көптеген күрделі сөздермен толықтыратын, өнімді тәсілдердің бірі. Ол көпшілік тілдердің сөзжасамынан орын алады. Аналитикалық тәсіл деп екі я одан да көп сөздерден бір лексикалық мағыналы сөздердің жасалуы десе, [5,36-37] бұрынырақ жазған бір мақаласында да: Күрделі сөздер барлық басқа туынды сөздер сияқты сөзжасам әрекетінің нәтижесіне жатады. Анығырақ айтсақ, ол - туынды сөздер тобындағы сөздер, ал туынды сөздер лексикалық бірлік - деп танылады. Олай болса аналитикалық тәсіл арқылы жасалаған күрделі сөздер тілге белгілі бір лексикалық мағынасымен қосылады. Сондықтан күрделі сөздердің әрқайсысының өзіндік лексикалық мағынасы болады, - деп жазған болатын [6,28].

Яғни түбір сөздердің бір-бірімен не бірігуі, не қосарлануы, не тіркесуі, не қысқаруы арқылы бір лексикалық мағыналы сөздің жасалынуын аналитикалық тәсіл деп айтамыз. Олай болса, аналитикалық тәсіл арқылы қысқарған, біріккен, қосарланған және тіркескен күрделі сөздер сасалынады. Мысалы: аққу, қарлығаш, құрбақа, биыл, өнеркәсіп, ата-ана, бала-шаға, туған-туысқан, қыз-келіншек, мая-мая, кіріп шық, он алты, шикіл сары, күрең торы, БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы, ХҚТУ (Халықаралық Қазақ-Түрік Университет), ҚазПИ (Қазақтың педогогикалық институты) т.б.

Профессор Б.Қасым: «аналитикалық тәсіл бірнеше ұғымды бір лексеманың бойынша түйістіріп, ұтымды жеткізуге, атау беруде, тілдің дамуында үлкен қызмет атқарады», - деп баға беріп, күрделі сөздерді «кіріккен сөздер, біріккен сөздер (слитные слова), құранды сөздер немесе құрама сөздер (составные слова), қос сөздер (парные слова), біріккен күрделі сөздер (собственно сложные слова), қос сөздер (парные слова), қысқарған сөздер немесе күрделі қысқарған сөздер (сложные сокращенные слова), деп топтастырды [7,36].

Көне заманнан бері қолданылып келе жатқан бұл тәсіл тілімізде барлық сөз табының сөзжасамынан кең орын алады. Мысалы: көкқұтан, білезік, ақсақал, натрий қышқылы, төртбұрыш (зат есімдер), күрең қызыл, сары ала, қара торы, ақ сары (сын есімдер), тоқсан, жүз он алты, сексен төрт мың бір жүз қыррық үш (сан есімдер), келіп кет, алып кет, алып бер, беріп кет, көріп кет, алып шық, көріп шық, беріп шық (етістіктер), бүгін, биыл, кеше, күні кеше (үстеулер), сарт-сұрт, қалт-құлт, бұрқ-бұрқ, жалт-жұлт, мырс-мырс (еліктеулер), моһ-моһ, құр-құр, бәрекелді (одағай).

Аналитикалық тәсіл дүние жүзіндегі тілдерге кең тарағанымен, барлық тілде бірдей орын алмайды. Сөзжасанды фундаментальды еңбек қалдырған Э.В.Севортян: «Түркі тілдерінің сөзжасам тәсілдерімен жолдары түрлі-түрлі. Олардың ішіндегі негізгісі – қосымша арқылы жасалу. Бірақ ол жалғыз тәсіл емес. Қосымшамен қатар қашаннан бері басқа тәсілдер де белгіленді, олар жинақталып, сөзжасамның аналитикалық тәсілін құрайды», - дейді [8,10].

Зерттеуші Ж.Шакенов күрделі сөзге төмендегідей анықтама берген: «Күрделі сөз деп, екі я онан да артық сөз тізбегінен құрылып, лексикалық, грамматикалық мағыналары мен сөйлемдегі қызметі жағынан бөлшектенбей, тұтасымен белгілі бір ұғымның атауы ретінде жұмсалатын тұлғаны айтамыз» [9,13].

Профессор А.Ысқақов: «Күрделі сөз деп кемінде екі я онан да көп дара сөзден (жалаң я туынды түбірлерден) құралып, ритм, ырғақ жағынан бір ұдай, лексика – семантикалық жағынан біртұтас тұлға болып бірлесіп ақталған құрама сөзді айтамыз», дейді. Күрделі сөздер тілдің сөздік құрамынан белгілі дәрежеде орын алатынын, сондай-ақ күрделі сөздер мен сөз тіркесінің ара жігін ажыратып көрсеткен К.Аханов: «Күрделі сөздің сыңарлары жеке тұрғандағы мағыналарынан да қызметінен де алшақтап, олардың қосындысы (немесе тіркесі) тұтасқан күйінде бір бүтін сөз - күрделі сөз - ретінде ұғынылады. Профессор А.Ысқақов жоғары оқу орнына арналған оқулығында күрделі сөздер мен еркін сөз тіркесінің өзіндік ерекшелігіне тоқталады. Күрделі сөздер табиғаты, оның түрлері өткен ғасырдың соңында көптеген зерттеулерге арқау болды. 1989 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» деген Н.Уәлиев, Б.Қасым, А.Салқынбай, Г.Мамаева сынды ғалымдардың еңбектері бар. Мәселен, А.Салқынбай қазіргі қазақ тілінде аналитика-семантикалық сөзжасамдық тәсілі арқылы жасалған,

-тұлғалардың бірігу қалыбын;

- тұлғалардың қосарлану қалыбын;

- тұлғалардың тіркесу қалыбын түсіндіріп, күрделі сөздердің негізгі ерекшеліктерін былайша көрсетеді:

1) құрамындағы екі не үш толық мағыналы (кейде көмекші мағынадағы) уәждеуші тұлға мағынасы арқылы екіншілік сөзжасамдық мағына түзіледі;

2) құрамындағы уәждеуші тұлғаның тура не ауыспалы мағынасы арқылы уәжделеді;

3) туынды сөздің сөзжасамдық мағынасында уәждеуші тұлғалардың екеуінің де мағыналық үлесі болады;

4) бір уәждеуші тұлға арқылы сөзжасамдық парадигма туындай алады;

5) уәждеуші тұлғалар бір-бірімен салаласа не сабақтаса байланыспайды, тек арасында синтагматикалық қатынас орнайды. Біздің зерттеуімізге арқау болып отырған күрделі сөздердің бірі -тіркескен күрделі сөздер.

Профессор А.Салқынбай: «Тіркесті сөзжасамдық қалып - екі не бірнеше уәждеуші тұлғаның тіркесуі арқылы жасалған екіншілік мағынаны туынды сөздердің жүйесі» екендігін айтады [10,452].

Тіркестіру тәсілі арқылы сөз жасалғанда, сөз тіркестері ұзақ уақыт қолданылып жүріп бірліктерінің мағыналары кірігіп, бір қалпын өзгертпейді. Мысалы, жай оғындай, жардай семіз, бір беткей, күлгін көк, солғын қоңыр, ал қызыл, удай ашты, періштедей күнәсіз, балдай тәтті, сыбызғыдай нәзік, күңгірт қызыл, күрең қоңыр т.б сияқты күрделі сөздердің әрқайсысы біртұтас лексикалық мағына береді. Осындай күрделі сөздердің де бірліктері синтаксистік байланысқа түспей, олар тұтас бір сөз ретінде болады, сөйлемде бір сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған туынды сөздер тілімізде жиі қолданылады. Ең алдымен, ескерер жайт, тіркесті туынды сөздердің қалыптасу жолымен салыстырғанда, тілдің кейінгі дамуында пайда болған. Тіркесті туынды сөздер мен еркін тіркестердің арасында сырттай жақындық бар, екеуі де бөлек жазылады. Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің барлығының тегі еркін тіркес болғаны ғылымда белгілі жайт. Олардың бірігіп, қосарланып жазылуы сөйлемде атау ретінде әбден қалыптасып, даяр қалпында жұмсалуымен бірге, жазылуда жеке таңба ретінде қабылдануымен тікелей байланысты. Біріккен сөздердің бірігіп немесе тіркесті тұлғалардың бөлек жазылуы шартты нәрсе деп бағалаймыз. Бұл-белгілі ғалымдардың субьективті пікірлері арқылы қабылданып, заңға айналатын (тілдік заңдылыққа емес﴿ жағдай. Ал сөйлеуде біріккен сөздерде, тіркесті сөздерде, қосарланған атауларда жеке номинативтік мағына беріп, даяр қалпында жұмсалып, болмыстың белгісі мен қасиетін, ерекше танымдық белгісін таңбалап тұрады. Бірақ, бұл аналитикалық- семантикалық сөзжасамдық қалыптардың шарттылығын танытпаса керек. Біріккен сөздер мен тіркесті туынды сөздердің қалыптасуы мен жасалуының арасында өзгешелік - уақыт факторымен, себепші негіздердің санымен, сапалық сипатымен атасып жатады деп мәлімдейміз. Біріккен сөздер негізінен екі сөзден (тек ішінара ғана үш сөзден: қарлығаш, Екібастұз) құралса, тіркесті туынды сөздер екі, үш, төрт т.б. себепші негіздерден құралады. Біріккен сөздер құрамындағы себепші негіздер, көбінесе , денотат пен оның қасиетін, сапалық белгісін танытатын тұлғалардан құралса, тіркесті туынды сөздердің құрамы өзінің мағыналық күрделілігімен ерекшеленеді [10,256-257].



Әдебиеттер
1.Жұбанов Қ. Қазақ тiлi жөнiнде зерттеулер. - Алматы, 1966.

2.Аханов К. Грамматика теориясының негiздерi. - Алматы, 1972.

3.Балақаев М. Казакский литературный язык. - Алматы, 1987.

4.Ысқақов А. Қазіргі қазақ тiлi (морфология). - Алматы, 1991.

5.Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы. - Алматы, 2002.

6.Оралбаева Н. Күрделі сөздер II ҚР Ғылым және жоғары бiлiм министрлігі Хабарлары. Тiл, әдебиет сериясы, № 2(114), Алматы, 1999.

7.Қасым Б. Сөзжасам: семантика, уәждеме. - Алматы, 2003.

8.Севортян Э.В. Аффиксы глаголобразования в азербайджанском языке. М.: 1962.

9.Шәкенов Ж. Қазақ тiлiндегi күрделі сөздер мен тұлғалар. - Алматы,1991.

10.Салқынбай А. Қазіргі қазақ тiлi. - Алматы, 2008.



ӘОЖ 159,913
Даралай және саралай оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру
Қабылбаева А.А., Шыналиев А.А., Бекбенова А.Р., Айтбаева Ж.С
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет, Шымкент , Қазақстан
Резюме
В статье рассматривается образовательная практика дифференцированного обучения школьников в аспекте их саморазвития. В условиях внедрения новых информационных технологий эта проблема приобретает особую актуальность
Summary
Annotation The article views an educational pupils’ classified teaching practice in an aspect of their self-development. This problem became especially important in the conditions of introducing new informational technologies
Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ол қазір оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқу керек. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жағдайы әрбір жеке қызығушылықтарымен мүмкіндіктерін ашу болмақ. Қазір Республикадағы оқу орындары педагогикалық ұжымдар ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты (елуден астам педагогикалық технология қолданып жүр) әрбір мұғалім өзінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша сабақ беруіне мүмкіндік алған.Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып қолдану қажет. Себебі, бүгінгі таңда білім берудің озық технологияларын меңгермейінше сауатты да жан-жақты болу мүмкін емес. Дүние жүзінде оқушыға білім берудің тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру жұмыстары соңғы кезде кең көлемде жүріп жатыр. Оқушының іс-әрекеті көптеген мінез-құлық параметрлерімен бағаланады. Әрбір оқушы басқа оқушы мен салыстырылмайды. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығушылығы мен қажеттігін көтермелеу құралына айналады.[1] Сондықтан жаңа педагогикалық технологияларды енгізу-оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, басқа да көптеген мәселелерді шешеді. Оқушы мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды, өз қабілетіне қарай таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады.

Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу.

Саралап, даралап оқыту технологиясының мазмұны. Оқыту технологиясын пайдалану – оқушы ынтасын басатын, объективті емес, жіберген қателіктері үшін жазалауға бағытталған бағалау тәсілін өзгертуді талап етеді.Таным процесі үстінде кез келген тұлғаның белсендік көрсетуге, әлде бір себептермен қате жіберіп алған жағдайда оны өзі түзетуге құқығы бар болуы тиісті.

Саралап, деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай :

а) оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі;

ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;

б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;

в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті;

г) дамыта оқытудың әдіс – тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты оқушының оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді.[2]

Деңгейлік саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі:

— жеке құрылымдарға бағдар беру;

— білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы.

Оқушылар бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулық бойынша оқи отырып, материалды әртүрлі деңгейде игере алуы деңгейлік саралау деп аталады. Сондықтан міндетті дайындық деңгейі анықтаушы шарт болып табылады. Міндетті дайындық деңгейіне жету оқушының мазмұнды игеруге қойылатын ең аз қажетті талаптарды орындағанын сипаттайды. Осының негізінде материалды игерудің жоғарырақ деңгейлері қалыптасады.

Бұл деңгейлердің тапсырмаларына төмендегідей талаптар қойылады:

I – деңгейдегі тапсырмаларға:



    1. жаттап алуға лайықталған болуы керек;

    2. алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;

    3. тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек;

II – деңгейдегі тапсырмаларға :

1) өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет.

2) оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар : логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.

III – деңгейдегі тапсырмаларға :

1) танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп , тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс;

2) әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер;

3) өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекті құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.

IV – шығармашылық деңгей тапсырмалары:

1) оқушылардың жинаған өмірлік тәжірбиесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін бомаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген.

2) олимпиадалық есептер;

3) берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, докладтар дайындау.

Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.

— бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушылар екінші деңгейдің тапсырмаларын;

— екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушылар үшінші деңгейлердің тапсырмаларын орындайды;

Үшінші деңгей шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады.

Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитындығына қарамастан жұмысын «оқушылық», «міндетті», бірінші деңгейдің, ол үшін жеңіл болса да тапсырмаларын орындаудан бастайды.

Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап, әр қайсысы, білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз биігіне жетеді.

Бір деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенінше, келесі деңгейге көшпейді. «Міндетті» деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне — өзінің сенімі артады.

Олардың әрқайсысы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы. Осылайша, бір деңгейден бір деңгейге,өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады.

Ж.Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясында төмендегідей 4 деңгей көрсетілген: 1) Танымдық деңгей. Бұл деңгейде жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты. 2) Алгоритмдік деңгей – мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған ақпаратты пайдалана отырып орындайды. 3) Эвристикалық деңгейге оқушы ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді. 4) Шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығармашылығы байқалады. Оқушыны даралап, әрі саралап оқыту - оқушының физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері негізінде оқыту үрдісі барысында өз мүмкіндігіне сай мәселелерді шешуге, дұрыс білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндікқорытындылар жасауға мүмкіндік туады. Егер саралау даралау технологияны химия сабағында тиімді пайдаланса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі, зерттеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады.Әрбір оқушы оқу процесінің субъектісіне айналуы нәтижесінде оқу жүйесінің қарқыны, білім сапасы артады. [3]

Бұл әдістің тиімділігі:

1. сыныптағы барлық оқушы бірдей жұмыс жасайды;

2. бос отырытын оқушы болмайды;

3. есеп шығарудың әр түрлі тәсілдерін меңгереді;

4. әр түрлі деңгейдегі есептерді шығаруды үйренеді;

5. сыныпты ұйымшылдыққа тәрбиелейді.

Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы:

-оқушының өз қабілетіне,болашағына сенуіне;

-оқушының өз білімін өзі бағалай білуіне;

-оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым – қаатынас достығына;

-оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;

-баға әділдігне;

- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.

Даралай – саралай оқыту технологиясын оқу –тәрбие процесіне енгізсек,онда дәстүрлі оқытудың төмендегі мәселелерін шеше аламыз:

-Оқушының 100 пайыздық үлгерімі қамтамасыз етіледі.

- Оқушының жүктемесін оңайлатуға мүмкіндік туады(үй тапсырмасы азаяды).

- Оқушылардың оқу қызметтерінің нәтижелері әділ бағаланады.

- Оқушыларда сәтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойылады.

- Дарынды оқушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға жағдайлар жасалады.

- Танымдық процестерді, оқушылардың таным қабілеттерін зерттеу әдістері жүйеленеді.

- Олимпиада, конференция жүлдегерлері, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздарының саны артады.

Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.

Қорытындылай келгенде, бұл технология дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлау, елестету мен еске сақтау қабілеттерін, ынтасын, белсенділігін, білім сапасын дамытуға көмектеседі. Даралай саралай оқыту технологиясы, оқушының да мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін арттырады.
Әдебиеттер
1. «Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдіру » Қобдиқова Ж.У. 2005 жыл

2. «Химия. Биология. География » журналы №5, 2003 жыл

3.Мейірманқұлова Т. /Білім берудегі инновациялық технологиялар/ Алматы, 2005ж.

ӘОЖ 159.9
МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Кадырбаев Т.А., Кадырбаева Г.Р.
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет, Шымкент, Қазақстан
Резюме
Пути организации деятельности психолога в школе
Summary
Ways of organaizing the work of the psychologist in the school
Мектептегі психологиялық қызметті өткен ғасырдың басынан бастап дамып келе жатыр. Оған түрткі болған себептің бірі – батыс Еуропа елдерінде психологиялық зерттеулерге қызығушылық пайда болып, көптеген психологиялық және психофизиологиялық зерттханалар ашылуымен байланыеты. Осы кезде кеңінен өріс алып, қалыптасқан тестер қолдану арқылы жастарға мамандық таңдап алуға көмек көрсетуге үлкен мүмкіндік туды.

Жекелік психикалық қасиеттерді зерттеу тестілерін қолдану Франция, Германия т.б. елдерде 19 ғасырдың аяғында кеңінен орын алды. Психологиялық зерттеу жүргізге қолданыла бастаған әдістерді 1870 жылы Гальтон тест деп атауды ұсынды. Осы кезден бастап қабілетті зерттеу арқылы адам мүмкіндігін анықтауға қызығушылықты қанағаттандыру мақсатымен Франция, Германия, АҚШ т.б. мемлекеттерде психологиялық зертханалар ашылып, барлық талапкерлердің іс-әрекет түрлеріне икемділігін анықтауға бағытталған зерттеулер кеңінен қолданылды. Гальтонның ұсынысы бойынша тест көмегімен өлшенген қасиеттердің бір-бірімен корреляциялық байланысы бар екендігі ескерілді.

Келесі кезеңде Г.Айзенк және Р. Кеттел факторлық талдауды жекелік қасиеттерді зерттеуге қолданды. Осы кезден бастап жеке адамның психологиялық қасиеттерін толық өлшеп психологиялық кескінін жасауға, барлық кісілік психикалық көрсеткіштерін бір-бірімен ұштастырып анықтауға жол ашылды. Сонымен қатар интеллектуалдық қасиеттерді зерттеу тестері кеңінен қолданыла бастады. 1905-1907 жылдары француз ғалымы А. Бине статистикалық жағынан негізделген интеллектуалдық тест жасап шығарды. Ұсынылған тәсілді өңдеп шығуға Т. Симон өз үлесін қосып, психодиагностикада бұл әдістеме Бине-Симон шкаласы деп қолданыла бастады.

Өткен ғасырдың 20-шы жылдары жекелік қасиеттерді зерттеуге және интеллектуалдық қасиеттерді анықтауға арналған тестердің көптеген түрлері құрылды. Оларды қолдану арқылы жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін жан-жақты талдауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасын зерттеуге арналған Я. Морреноның социометриялық зерттеу әдісі, К. Левиннің өлшеу әдістемелері, Я. Коломенскийдің ұжымның қалыптасу деңгейін бағалау тестері кеңінен қолданылады.

50-60 жылдары психологиялық зерттеулерге қызығушылық күшейіп, психодиагностикалық зерттеулер саны және диагностикалық әдістер көбейе
түседі. Көптеген мемлекеттерде психологиялық зерттеу орталықтары, мамандыққа баулу кабинеттері, мамандыққа жарамдылықты анықтау қызметін көрсететін кеңселер, жеке адамды мазасыздану жағдайынан шығару шараларын ұйымдастыратын орталықтар ашылады. Тәжірибелік психологияның дамуындағы бұл кезеңді психодиагностикалық деп атаймыз.

Қазіргі кезде психологиялық зерттеулер нәтижелері адам өмірінің барлық салаларында кеңінен қолданылуда. Психологиялық қызмет көрсету жүйесі жақсы дамыған болуды өмірдің көптеген орындары талап етіп отыр. Сондықтан психологиялық қызметті білім беру жүйесіне және әлеуметтік орта ерекшеліктеріне икемдеп ұйымдастыру бүгінгі күн талабы деп айтуға әбден болады.

Өткен ғасырдың басында Францияда А.Бине жекелік қасиеттерді зерттеу мәнінде бірнеше мақалалар жариялады. Ол 1905 жылы психологиялық зертхана ұйымдастырып, талапкерлердің интеллектуалдық қабілетін зерттеу жұмысын жолға қойды. Биненің жүргізген зерттеулері көптеген ғалымдарды қызықтырып психологиялық қызметті ұйымдастыруға ұйытқы болды.

1908 жылы Бостон қаласында Фрэнк Парсонс мамандыққа баулу бюросын ашты. Ол осы бюро қабырғасында көп жыл жүргізген тәжірибесін қортындылай келіп, мамандықты таңдап алу үшін әр адам үш нәрсені жақсы білуі қажет екенін көрсетті. Зерттелінушілерге келесі мәселелер бойынша толық мағлұмат берілетін зертханалар ашылды. Зерттеулер нәтижесінде келесі:

1) өз қабілеті мен мүмкіндіктерін және оның табалдырығын білу;

2) Таңдаған мамандығы бойынша жұмыс жағдайымен танысып, ол қызметті орындау үшін қандай қасиеттер керек екенін анықтап, жалақысы, болашағы, өсу жолдары, білімін жетілдіру көздері туралы толық мағлұмат алу;

3) әр баланың арманы мен мүмкіншіліктерінің бір-біріне сай келуін бағалау.

Осы бағыттарда анықталған мағлұматтарды бір-бірімен салыстыра талдау нәтижесінде психолог әр балаға болашақ мамандығын анықтауы туралы өз кеңестерін береді.

Қазіргі кезде көптеген елдер психологиялық қызметті мектеп қабырғасында және әлеуметтік ортада ұйымдастырып, психологиялық қызмет көрсету дәстүрі кеңінен қалыптасып келеді. Психологиялық қызмет ерте құрылған мемлекеттер тәжірибесін жан-жақты зерттеудің мән-мағынасы өте терең болып отыр. Оларда қалыптасқан ұйымдастыру түрлерін және бұл жұмыстың мазмұнын зерттеу негізінде көптеген елдер өз мектептерінде психологиялық қызметті ұйымдастыру мақсаты мен міндеттерін анықтап алып отыр.

Біздің елде білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын анықтауға Ресей, Балтық жағалауындағы мемлекеттер тәжірибесі мол – мүмкіндік тауып беруде. Сондықтан осы мемлекеттердің тәжірибесін, теориялық және әдістемелік құралдарын терең және жан-жақты талдау арқылы білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мазмұнын анықтап, қолданылатын әдіс-тәсілдерді жүйеге келтіруге мүмкіндік туып отыр.

Білім беру саласына психологиялық қызметті ендіру бойынша арнайы жүргізілген эксперимент алғаш рет Мәскеу қаласында, сонан соң Воронеж, Волгоград т.б. үлкен қалаларда жүргізілді. Мақсаты: мектеп психологиялық қызметін ұйымдастырудың теориялық және қолданбалы жақтарын анықтап алу еді. Нәтижесінде психологиялық қызметтің мақсаты, міндеттері, салалары, психолог құқығы мен міндеттері, оған қойылатын этикалық талаптар анықталды.

Психологиялық қызметтің мақсаты – бала дамуындағы әр кезеңдегі жан дүниесінің ерекшеліктерін анықтап алып, олардың өз-өзіне, қоршаған ортаға деген көзқарасының, қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына жетекшілік жасау. Бұл мақсат келесі міндеттер арқылы нақтыланады. Психологиялық қызметтің міндеттері:

– психологиялық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қыйындық көріп жүрген балалардың проблемаларын анықтап, оларға дер кезінде
көмек көрсету;

– оқушыларды мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оны бітіргенінше жетелеп, сүйеніш болып жүру;

– проблемасы бар балаларды жан-жақты зерттеп, оны туғызған себебін анықтау және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу;

– дамуында ауытқуы бар балалардың психологилық қасиеттерін өңдеу үшін психологиялық тренингтер ұйымдастыру;

– оқу-тәрбие жұмысына ғылыми жетекшілік жасап әр оқытушының, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру.

Осы анықталған міндеттерді орындау т.б. өмір барысында туған шиеленіс жағдайларды дұрыс шешу үшін психологтар әр адамға сүйеніш болып, бағыт-бағдар беріп отыруы қажет. Қазақстанда мектеп психологі енді тағайындалып, өз жұмысын атқаруға жаңа ғана университет бітірген тәжірибесі таяз жас мамандар кірісті. Дегенмен олар жұмыс мазмұнын анықтап алу үшін ізденіс үстінде.

Психологиялық қызмет мәделін қалай құру қажет екенін аныңтап алу оңай емес. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін бұрынғы Кеңес мектептерінде психологиялық қызметтің мазмұнын анықтағандар Н.Р.Битянова, И.В.Дубровина, А.И.Прихожан ұсынған үлгілерді қолдануға, немесе басқа елдерде қалыптасқан тәжірибені үлгі ретінде қолдана отырып мектеп психологі қызметін келесі бағыттарда ұйымдастыруға болады:

– психодиагностикалық жұмыс;

– психопрофилактикалық жұмыс;

– психологиялық кеңес беру;

– психокоррекция жүргізу;

– ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру және біліктілігін арттыру;

– психологиялық қызмет көрсету жүйесі қызметін насихаттау;

– педагогикалық ұжымға психологиялық қызмет көрсету.

Осы аталған бағыттардағы іс-шаралар бір-бірімен үйлесімді ұйымдастырылуына кепілдік болатын мақсат пен міндеттер жоғарыда көрсетілген.

Мектеп оқушыларына, көпшілікке жүйелі түрде психологиялық қызмет көрсету үшін ол объекті туралы психолог толық мағлұмат алуы қажет.

Бұл мағлұмат психодиагностикалық зерттеу барысында жиналады. Оқу-тәрбие жұмысы барысында психологиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып, оқушылардың таным процестерінің даму деңгейі, жекелік қасиеттерінің қалыптасуы, оқушылар мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуы талданып, әр балаға қандай жәрдем керек екендігі нақты анықталады.

Қазіргі кезде біздің мектептердегі психологтар көптеген қиыншылықтарды басынан кешіп отыр. Оның негізгі себебі - оқу-әдістемелек құралдардың қазақ тілінде тапшылығы. Соған қарамастан психологиялық қызмет ұйымдастырылған, ал мектептерде осы жұмысты ұйымдастыру модельдері жасалып, жоспарлардың барлық түрлерінің үлгілері анықталды.

Әдістемелік материалдар да балалардың жас ерекшеліктеріне, оларда кездесетін психологиялық проблемалар түріне және ерекшеліктеріне байланысты топтастырылып, психолог зертханасы қалыптасып келеді.

Қазіргі кезде мектептерде, жалпы білім беру жүйесінде психологиялық қызметті ұйымдастыру білім беру саласынды оңтайландырудың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Тәжірибелік психологияның бұл саласы оқушыларға, олардың ата-аналарына және педагогтарға психологиялық қызмет көрсету жолдарын жан-жақты зерттейді. Психологиялық қызмет көрсету – балалардың психологиялық дамуын диагностикалау, олардың дамуындағы психологиялық ауытқулардың алдын алу, психологиялық кеңес беру, таным процестері мен жекелік психикалық қасиеттерді өңдеу, ата-аналарға және педагогтарға психологиялық көмек көрсету мәселелерін шешуге өз үлесін қосады.

Қазіргі кезде психологиялық зерттеулер нәтижелері адам өмірінің барлық салаларында кеңінен қолданылуда. Психологиялық қызмет көрсету жүйесі жақсы дамыған болуды өмірдің көптеген орындары талап етіп отыр. Сондықтан психологиялық қызметті білім беру жүйесіне және әлеуметтік орта ерекшеліктеріне икемдеп ұйымдастыру бүгінгі күн талабы деп айтуға әбден болады.

Жылдық жоспар - психолог қызметінің мақсаты мен міндеттерін анықтайтын және барлық күрделі жұмыстарды оқу жылы барысында ретімен орындау тәртібін көрсететін құжат. Психолог жоспары мектептің жылдық жұмыс жоспарының міндеттері мен мазмұнына байланысты болуы шарт. Жылдық жоспарда психологиялық қызмет салалары бойынша барлық күрделі іс-шаралардың мазмұны мен түрлері, орындалу мерзімі көрсетіледі.

Күнтізбелік жоспар - психологтын әр айда немесе апталарда орындалатын жұмыстары нақтыланып, оны күнделікті жоспардың немесе апталық жоспардың негізі ретінде жасайды. Тәжірибе көрсеткеніне байланысты талдағанда күнтізбелік жоспарды бір айға немесе бір аптаға жасаған ыңғайлы. Соған байланысты ол айлық немесе апталық жоспар деп аталуы да мүмкін.

Қазақ тілінде психодиагностикалық әдістемелердің тапшылығы мектеп психологиялық қызметінің өз борышын толық атқаруға үлкен кедергі болып отыр. Осы проблеманы шешуге психология кафедрасының ғалымдары және мектептерде көп жылдар бойы психолог қызметін атқарып келе жатқан тәжірибелі психологтар өз үлестерін қосып келе жатыр. Дегенмен олардың жазған әдістемелік құралдары және жеке-дара әдістемелері мектепке әлі жетпей жатыр. Сонымен қатар мектеп тәжірибесінде психолог мамандарының да жетіспейтіндігі өзінше бір проблема екенін байқадық.



Біздің елде білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын анықтауға Ресей, Балтық жағалауындағы мемлекеттер тәжірибесі мол – мүмкіндік тауып беруде. Сондықтан осы мемлекеттердің тәжірибесін, теориялық және әдістемелік құралдарын терең және жан-жақты талдау арқылы білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мазмұнын анықтап, қолданылатын әдіс-тәсілдерді жүйеге келтіруге мүмкіндік туып отыр.
Әдебиеттер


  1. Абрамова Г.С. Практическая психология. - М., 2001.

  2. Асмолов А.Г. Психология личности. - М., 1990.

  3. Битянова М.Р. Практическая психология. - М., 1997.

  4. Валлон А. Психическое развитие ребенка. - М., 1997.

  5. Немов Р.С. Психология. В 3 т. - М., 1998.


Резюме'>ӘОЖ 115:3.М-8
ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ, ПАТРИОТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мусирова Г.Ш.
№ 74 негізгі орта мектебі, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В этой статье рассматривается патриотическое воспитание подрастающего поколения

Summary
Teaching pupils to patriotism are considered in this article
Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері барлық оқу орындарында жүргізілетін «Қазақстан тарихы» пәнінің маңыздылығы арта түсті. Қазақстан тарихы егеменді, тәуелсіз мемлекет, оның аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да ұлттардың құнды дүниесі. Қазақстан тарихы пәніне қазіргі тұрғыдан қарау дегеніміз, оны ешқандай да дүниежүзілік тарихпен, Еуразия контингенті тарихымен, көшпелілер өркениетімен, түркі халықтарының тарихымен және Орталық Азия елдері тарихымен бөліп-жармай бірлікте, тұтастықта қарау деген сөз. Еліміз егемендігін алып, етек-жеңін толығымен жинап, өлгені тіріліп, өшкені жанып, ата-бабадан мұраға қалған мол, құнды мирасқа қолы жеткен тұста оның маңыздылығы мен функционалды рөлі де артуда. Оның функцияларының ең бастысы, ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәніне айналып отырғандығында. Оқу пәніне айналып қана қоймай, елінің мол тарихынан, тағылымынан еліміздің болашақ тұтқасын ұстайтын жас жеткіншектеріне халықтың тарихи жадын қалпына келтіруде, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыруға, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеуде үлкен маңызды, рөл атқаруында.

«Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас» деген ха­лық нақылы тегіннен-тегін айтыла салмаған. Өйткені, Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған же­рі­нен, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Отан­сүй­гіштік пен патриотизм бір-бірімен егіз ұғымдар. Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу- білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Кез келген ғылым саласының бастауында ғасырлар бойы маңыздылығын жоймайтын, уақыт өткен сайын, іздене үңілген сайын келер ұрпақтың ойына тың тұжырым мен терең пайымдау, жаңа білім табатын ғұмырлық өзінің ешқашан құнын жоймайтын еңбектері бар. Халық тарихы, халық әдебиеті, халық мәдениеті өздерінің осындай асыл мұраларымен құнды. Адамзат баласын жаңа белестерге көтеретін оның мәдениеті болса, қазақ халқының да тереңнен бастау алатын арғы тегі, өмірінің барлық саласымен сабақтас мәдени-рухани өзіндік болмысы бар екендігі тарихтан мәлім. Оларды ең алдымен қазақ халқының ас та төк бай мұрасынан көреміз.

Орта білім беру орындарының мақсаты – оқушы жастарды тек теориялық біліммен қамтамасыз ету ғана емес, алған білімдерін қоғамдық өмірде, әлеуметтік қарым-қатынастарда кеңінен қолдана білуге, адамгершілік сезімді бойына сіңіру мен патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады. Ең негізгісі, әлемде орын алып отырған күрделі жағдаяттарды кеңінен, тереңірек түсініп, уақыт талабына сай ойлап, қажет жерінде дұрыс шешім қабылдай алатын жас маманды қалыптастыру болып табылады. Бұл жас жеткіншек тек кәсіби біліктілік пен шеберлікті ғана емес, жан-жақты білімділікті, көкжиегі кең танымды талап етеді, демек, оқушылардың тұлға болып қалыптасуына кеңінен көмектеседі. Тұлға дегеніміз - өзіндік қасиеті мен ерекшелігі қалыптасқан жеке адам. Тұлға болып анадан туылмайды, кез-келген адам тұлға болып біртіндеп, өмір сүру барысында қалыптасады. Ол атаның қанымен, ананың сүтімен келетін қасиет. Тұлға болу - өзінің ешкімге ұқсамайтын қасиеттері мен танымының, белсенділігінің қимыл-әрекетінің, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуы. Адамның ешкімге ұқсамайтын қасиеттері мен танымы, белсенділігі, қимыл-әрекеті, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуы әкенің қанымен ананың сүтімен, тілімен, тарихымен, ділімен, дінімен беріледі. Қазақ халқында белгілі бір мәселені талқылау кезінде шешен адамдардың тапқыр ойымен, шебер тілімен ауызша айтқан мазмұнды, көркем пікірін шешендік сөз дейміз. «Шешендік сөз - адамзат тарихындағы рухани материалдық мәдениеттің дамуының негізгі құралдарының бірі шешендікке құрылған әңгімелерді, аңыздарды және өлеңдерді мектеп қабырғасында оқыту бала тілін ұштайды, сөздік қорын байытады, өмірге деген көзқарасын оятып, дүниетанымына жол ашады», - [1]. Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздердің біраз нұсқаларын академик В.Радлов та XIX ғасырда зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын», – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.

Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры қазақ халқының тарихымен қатар дамып қалыптасқан. Сондықтан да сөздердің пайда болуы қоғамдағы түрлі жағдаятқа, себепке және тарих тағылымына байланысты туындайды. Тіл-тілдің өзіне тән төл лексикасы және грамматикалық құрылысы болады. Бірақ онымен шектеліп қалатын тіл жоқ. Халықтар қашанда тұйық өмір сүрмейді, олар барлық уақытта өзге халықтармен экономикалық, саяси, мәдени байланыста болады. Ал бұндай қарым-қатынастар кез-келген тілге үнемі өзінің әсерін тигізіп отырады. Соның ішінде тез қабылданатын, тез өзгеріске енетін лексика болады. «Қазақ халқы да әр дәуірде әр түрлі халықтармен байланыста болып, сөздік құрамын байытып отырған. Сондай сөздердің бірі шешендік сөздер де ақындар айтысы сияқты сөз тартысы дау үстінде, ел тағдыры талқыланған ұлы жиын кеңес кезінде, оңаша ой толғау не сұхбат, әңгіме-дүкен барысында арнау, сәлем, өсиет түрінде, белгілі бір тарихи-саяси жағдаяттарға негізделіп өмірге келген», - [2].

Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқаңдығы баяндалады. Қазақ халқының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінде тұрмыстық-әлеуметтік қарым-қатынастардың маңызды мәселелерін, жеке адамдар мен халықтың тағдырын шешетін қиын, жауапты сәттерде би-шешендердің шешімдері, нақты тауып, орнымен айтылған сөздері маңызды тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған. Би-шешендердің негізгі қызметі қазақ халқының барлық әлеуметтік топтарының адамгершілігі мен имандылығын, мінез-құлық әдеттерімен қалыптасқан жүйемен беріліп отырды. Шешендік, нақыл, орнымен тауып айтылған сөздер елді басқарып отырған хандарды да, қол бастаған батырларды да, мыңғырған малы бар байларды да, дәулеті жоқ кедей шаруаларды да, ел ісіне араласа бастаған бозбалаларды да барлық жастағы адамдарды халықтық адамгершілік ұлағаты тұрғысынан тәрбиелеп отырған.

Халқымыздың би-шешендерінің елді басқарудағы қазылық-төрешілік бітімгершілік қасиеті, халықтарды біріктірудегі сан салалы олардың атқаратын әлеуметтік қызметтері арқылы сөз өнерін қолданудың белгілі бір жүйесі қалыптасты. Ал белгілі шешендердің сөздерін «шешен сөз» деп атау жүйесі қалыптасты. Мемлекетіміздің басты тірегі де, қаруы да қазақ тілі елдік деңгейде Қазақ хандығы дәуірінде аса қатты нығайды. Онда би-шешендер қызметінің мемлекеттік-құқықтық мәртебеде қолданылуы, әсіресе, Әз-Тәуке ханның тұсындағы би-шешендерге елдік билік берген тұста ерекше нығайды. Би-шешендердің сөздері - халықтық тәлім-тәрбие жемісінің құралы. Отбасы кішкентай мемлекет болатын болса, сол шешендік сөздердің де әр отбасында алатын орны айрықша. Қазақ халқының отбасылық ортасынан бастап, ауыл-аймақпен, ұшы-қиыры көрінбейтін ағайын-туыспен, көпшілікпен қарым-қатынас жасау мәдениеті адамгершілік аясында қалыптасты. Оның адамгершілік аясында қалыптасуына да әрине, би-шешендердің ұлағатты сөздерінің ықпалы зор болды. Ата-ананы, аға-ініні, бірге туысқан үлкенді-кішілі жалпы жұртты сыйлап, құрметтеу мәселесі де осы билердің нақыл, шешен сөздерінде кеңінен қамтылды. Соның бірі әйгілі, тарихтан белгілі Бөлтірік шешен. Қазақ топырағында дүниеге келген әрі би, әрі шешен, әрі жауынгер-батыр ретінде танымал болған тұлға. Зерттеуші-ғалым Ж.Дәдебаев, Бөлтірік шешеннің шығармашылығы мен қоғамдық-әлеуметтік қызметінің тарихи-мәдени өнегесіне кеңінен, толыққанды баға берді. Жастайынан ақындық, батырлық жолын қуып, есейген шағында ел арасындағы жер, құн және жесір дауларында бірнеше рет тура, әділ төрелігін айтқан Бөлтірік шешен билер дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. Бөлтірік Әлменұлының шешендік сөздері оның заманы мен сол заман адамының ең бір маңызды, көкейтесті мәселелеріне арналған.

Би-шешендер - қазақ сөзінің қолданылуындағы көркемдік-эстетикалық ұлағатты қалыптастырған шығармашылық тұлғалар болса, қазақ халқының адамзат тарихындағы құндылықтары қазынасына өзіндік мол үлесі бар екендігі ғылыми тұрғыдан күні бүгінге дейін дәлелденіп келеді. Отанды сүюге, мемлекетімізде тұратын өзге ұлт өкілдерін құрметтеуге, елінің туын, елтаңбасын, әнұранын қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбилеу мектеп ұжымының басты міндеті болып табылады.

Барлық халық пен барлық ұлт, барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті. Отаншылдық, патриоттық сезім белгілі қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жырларында да молынан кездеседі. Ақынның айшуақ жырлары сондай тұнық, мөлдір, нәрлі де мәнді. Мысалы:

Ең бірінші бақытым – халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің

Жас жүректі тіліммен тілім – дедім

Бақытым бар үшінші – Отан деген!, - жырлайды.

Қазақ тарихын зерттеуші ғалым Ш.Уәлиханов отансүйгіштік сезімнің қалыптасуы туралы «менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай, мен ең алдымен, өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел жұртымды, руластарымды, одан соң халқымды қадірлеймін», - деген еді.

«Патриотизм, - дейді қазақ халқының ұлт мақтанышы, батыр Б.Момышұлы, - Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, яғни патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткені мен бүгінгі күні және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді». Мектеп оқушыларын қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу ұстаздар алдына үлкен міндеттер жүктейді. Тарих сабағында халықтық педагогика қағидаларын ұстана отырып, оқушыларды өз елі мен жерін сүюге баулу жүзеге асады. Бүгінгі таңда халықтық педагогика негізінде оқушыларды тәрбиелеу мүмкіндіктеріне жол ашылуда, этнопедагогиканың қағидаларын оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдаланудың жолдары ғылыми-әдістемелік тұрғыдан ашып көрсетілуде.

«Бес ғасыр жырлайды» дәуірінің көрнекті өкілінің бірі - Бұқар жырау Қалқаманұлы. Бұқар жырау атақты Абылай ханның ақылшы-биі, абызы. Кезінде жұрт оны «Көмекей әулие» деп те атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жыр жолдарымен сөйлейтін болған Бұқар жырау көбіне Абылай ханның «сәуе айтшы» деген өтініш, тілегімен түсін болжап отырған. Онысы және дәлме-дәл келіп отырған. Бұқар жырау өзінің ұзақ ғұмырында талай-талай тарихи оқиғаларды басынан өткізген. Ол Абылай ханға үлкен үміт артып, оның ел басқарудағы саясаты мен жорықтарын үнемі қолдап отырған. Жырау сабағыңыз маған ұнады көп рахмет! сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың ғажап, өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ пафоспен жырлады. Мысалы,



«Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай,

Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай,

Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай.

Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам,
Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!», -
деп жырлайды.

Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра білген. Жыраудың «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Қазақтың ханы Абылай», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай Абылай, Абылай», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі кеңінен сипатталады. «Садыр, қайда барасың?», «Ақан, Төбет байларға» деген жырларында ол елдің бірлік-болашағы, татулық, ынтымақ жайлы мәселелерін кеңінен сөз етеді. Бұқар Жыраудың Абылай хан саясаты жөніндегі байламды пікірлері де орнықты, әділ.



«Алтынды тонның жеңі едің.
Қырық беске келгенде,
Жақсы-жаман демедің.
Елу жасқа келгенде,


Үш жүздің баласының, атының басын

бір кезеңге тіредің!», - деп көрегендікпен толғайды. Сол

кездегі заман мен қоғамның келбеті, қасиетті еліміздің тағдыры, елдің қамын жеп тұтқасын ұстаған мықты қолбасшы, үздік мәмілегер Абылай ханның жорықтағы күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының асыл мұраттар жолындағы ізгі, күресі мен патриоттығы - жырау шығармашылығында шынайы суреттелген. Осындай тарихтағы игі істер жастарға үлгі. Жастар тарихтағы осындай ерен еңбектерге қарап бой түзеуі шарт. Жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуі шарт. Жастар - ел болашағы. Мемлекеттің тірегі де - жастар, яғни жас жеткіншектер», - [3].



«Сонау «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан» күні бүгінге дейін қаншама уақыт өтсе де, қаншама тарихи оқиғалар болып жатса да, шешендік сөздер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, афоризм, ділмар сөздердің шоқтығы биіктей, жарқырай түсетіндігіне куә болып отырмыз. Себебі: ол ата-баба мұрасы. Ата-баба мұрасын кез-келген ұрпақ қадірлей, қастерлей білуі тиіс! Өзінің ата-бабасының мол мұрасын бойына ана тілі арқылы сіңіріп, төл туындыларының маңызын қанып, сарқып ішкен жеткіншек қана еліміздің нағыз патриоты бола алады», - [4].

Мысалы, Туымен тұғырлы

Елтаңбасымен еңселі

Әнұранымен айбатты, деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Бізге азаттық азаппен, арпалыспен келген. Тәуелсіздік тәуекелге түскен». Осындай жағдайда жеткен тәуелсіздігімізге ие болатын мемлекеттік тірегі жастар патриоттық құндылықтары қалыптасқан тұлға болуы тиіс. Олар еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруге өз үлесін қосатын, ҚР экономикалық байлығын дамытатын, достықты нығайтуға күш салатын тұлға, ел рәміздеріне, тарихына, тіліне, дәстүріне, дініне құрметпен қарайтын арлы азамат болып қалыптасуы тиіс. Сонда ғана ол жеткіншек өз Оианының нағыз патриоты бола алмақ.

Әдебиеттер

1.Негимов С. Шешендік өнер.- Алматы: Ана тілі, 1997.

2.С.Иманбаева «Ұлттық потриотизм негіздері» Алматы, 2004.

3.«Қазақстан - 2030» барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы. /Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Астана 2001/.

4.С.Иманбаева «Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің теориясы мен әдістемесі». - Алматы, 2007.
ӘОЖ 796.8
ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мамырбаева Г., Байдосова А.А.
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан
Резюме
Особенности физической культуры, активная и жизнерадостая атмосфера в коллективе, радость, активация, возможность востоновлению нескончаемой энергии
Summary
Features of physical education, active and cheerful atmocphere in collectives,the joy, the activation, the possibility of repairing the endless energy
Осы заманғы дене тәрбиесі саласы мамандарының педагогикалық шеберлігі дене тәрбиесінің ілімін терең білуіне, мемлекеттік саясатын дұрыс түсінуіне және оған ісжүзіндегі қызметте сол бағытта жұмыс істеуге негізделеді. Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру барысында шұғылданушылардың дене қабілеттерін дамытып, дене тәрбиесі маманы бір уақытта олардың арман, мұратқа ұмтылысын тәрбиелеп, олардың еңбекке белсен араласуының келешегін ашады, оларға өмірлік жолын таңдауына және азаматтық парызын орындауына жәрдемдеседі.

Педагогикалық шеберлік тәрбие жүйесінің өзі сияқты көп қырлы қабілет. Ол дене тәрбиесі маманында шұғылданушыларды жоғары дәрежеде оқытып, үйрете білуінде және олардың дене қабілеттерін жетілдіруінде көрінеді; қозғалыс қызметінде талапты, ақылды және өздігінше ойлауды дамытады; ұйымшыл ұжымды ұйымдастырып, қалыптастырып нығайту; олардың жеке ерекшеліктерін, мінез-құлық әуендерін сезімталдықпен байқау, қызығушылығын, сұранысын, құажеттілігін және ұмтылысын біліктілікпен бағыттау. ХІХ ғасырдың соңында П.Ф.Лесгафт: «Қазіргі уақытта тәрбиеші төтенше жоғары дамыған және білімді, өзінің оқушысы үшін соған сәйкес жағдай жасауы, яғни ол үшін барлық адамға тән ақыл-ой қабілеттерін қалыпты дамытып және бекітуі тиіс, бұл тәрбиешінің идеалы, ал ол неғұрлым осы идеалға жақындаған сайын, соғұрлым оның қызметі де пайдалы болады»,-деген болатын. Дене тәрбиесі маманы өз ісін жақсы білуі және сүюі, жақсы дене дайындығы, мықты денсаулық, спорттық әдістік шеберлікті меңгеру қажет. Неғұрлым мамандық дәрежесі жоғары және дене тәрбиесі саласын арнайы білімнің шеңбері кең болған сайын, соғұрлым оқытушыда тәрбие шешу үшін мүмкіндіктер көп болады, яғни әрбір педагог өз пәнімен тәрбиелей білуге міндетті .

Дене шынықтыру мәдениеті пәнінің спецификалық күшіне тәрбие жүйесінде оқытушының сыртқы бейнесі ерекше маңызды.

Өз тәрбиеленушілерінің денелерінің жетілуіне ұмтылу барысында оқытушыларының өзінің дене пішіні жүйелі дамыған, сыпайы қарапайымдылық және қозғалыстағы көркемдік, тұлға сұлулығы, жеңіл және еркін жүріс болуы тиіс. Маманға дене дамуынан бөлек жалпы мәдениеттілік қажет.[1.38 б]

Тәрбие барысында шұғылданушылардың эстетикалық талғамын, талапты ақылын, шығармашылық белсенділігін тек өзі эстетикалық дамыған және көркемдік жағынан білімді маман ғана дамыта алады. Педагогке жаны бай, сонымен бірге көңілді және мейірімді болуы, орынды әзілді және педагогикалық тәсілді меңгеруі маңызды. әсіресе, сөз мәдениетіне ерекше мән беру қажет. Педагогтің сөзінің әсері, оның қисындық (логикалық) байланысына, литературалық сауаттылығына, дәлдәгәне, анықтығына және бейнелік көркемдігіне тікелей байланысты болады. Сондықтан сөзді пайдалана білу, дауыстың жақсы шығуы, бай дыбыс ырғағы дұрыс қойылған сұрақтар А.С.Макаренконың айтуы бойынша, «тәрбиелік тәсілсіз» педагогикалық шеберліктің мәні жоқ. Сезіммен, көркемдік үлгіде жаныңды жазылтатын оқытушының сөзі жеке көз жеткізіп түсіндіруінің зор танымдық және тәрбиелік күші болады.

Шұғылданушылардың рухани бейнесін қалыптастыруда тәрбиешінің мына жеке сапалары терең әсер етеді: еңбек сүйгіштігі, сезім жомарттығы, риясыздығы, шыншылдығы, принципшілдігі және т.б. педагогтің сәл ғана мүлт кетуі кінәсіз болып көрінетін дағдылар, мысалы, оның темекі шегуі шұғылданушылардың санасында түзілмейтін із қалдыруы мүмкін, өйткені олар көп жағдайда тәрбиешінің айтқаны емес, оның әрекетіндегі, мінез-құлқындағы көргенін қабылдайды. Сондықтан тәрбие міндеттерін табысты шешу үшін дене тәрбиесі пәні оқытушысы бәрінен бұрын өнегелілік және эстетикалық жағынан тәрбиеленген болуы тиіс. Көп жағдайда төрешінің нашар төрешілік етуінің нәтижесінде дау туындап, жарысқа қатысушылардың наразылығына әкеледі төрешінің жарыстағы спортшылар тарапынан жіберілген дөрекілікті, этикаға жатпайтын мінез-құлық элементтерін назардан тыс қалдыруға құқы жоқ.

Төреші де жаттықтырушы сияқты тәрбиеші: жарыста жоғары спорттық педагогикалық шеберлігі және мінез-құлық тазалығы бар төрешінің қолынан келеді, өйткені бұл қасиеттер тек спортшылар үшін емес көрермендер үшін де үлгі қызметін атқарады. Мұндай төреші жарыс барысында төрешілікте босаңдыққа жібермейді, спортшылар тарапынан спорттық этика талаптарын бұзудың кез-келген әрекетін болдырмайды. Төрешінің сыртқы көрініс бейнесі спортшыларды алда тұрған күреске жұмылдырады немесе керісінше ынтасын түсіреді. Мұны, әсіресе, жасөспірімдер сайыстарында ерекше ескерту қажет. [2.55 б]

Тәрбие – күрделі, көп жақты шығармашылық қызмет жүйесі. Оны меңгеру үшін дене тәрбиесі маманына өзінің әрекетінде бәрінен бұрын отандық озық тәрбие тәжірибесінің негізіндегі көрнекті принциптерін басшылыққа алу қажет.

Бұл принциптер мыналарды міндеттейді:


  • Әрбір шұғылданушыға оның жас ерекшеліктерін жан-жақты білу негізінде әрбірінің жеке бабын табу (физиологиялық және психологиялық);

  • Шұғылданушыларға жоғары талапшылдық және сыйластық көрсету;

  • Педагогиаклық талаптар бірлігі және тәрбиелік әсер етуді қамтамасыз ету.

Қозғалыс әрекетіне үйрету барысын, шұғылданушылардың рухани жағын қалыптастыру сияқты өмірмен, қоғамның қажеттілігімен, алдағы еңбек қызметімен тұрақты байланыстыру қажет. Оқушыны өнегелілік рухында тәрбиелеу үшін, оның қалай тұратынын, не туралы ойланатынын, кіммен достасатынын, өндіріс немес оқу орнында қалай еңбектенетінін, тұрмыста, қоғамдық орындардда өзін қалай ұстайтынын, бос уақытында не істейтінін және т.б. білу қажет. Дене тәрбиесі саласының маманына шұғылданушылардың денсаулығы жағдайын, дене сапаларының даму дәрежесін, сонымен бірге мінезінің ерекшеліктерін, жеке адамнершілік, көңіл-күй, жігер, өнегелілік сапалары айырмаларын, шұғылданушылардың эстетикалық қажеттіліктерін зерттеу қажет.

Өз оқушыларын зерттеу барысында тәрбиеші педагогикалық бақылау күнделігін жүргізуге тиіс, яғни онда шұғылданушылардың мінезі мен құлықтарының ерекшелік белгілерін куәлендіретін жекелеген дәлелдеме мәліметтерді жазып отыруы тиіс. Тек шұғылданушыларды жан-жақты білу негізінде олардың әрқайсысына лайықты сиқырлы кілт беруге болады. Педагогикалық тәжірибе куәлендіргендей үлгілі, жақсы қарым-қатынас жоғары талапшылдықтың, шұғылданушылардың жеке тұлғасын терең сыйлаумен үйлестіктің негізінде құрылады. Талап ету және сыйласу – тәрбие саласының екі бөлінбейтін жағы. Солай бола тұрса да дене тәрбиесінің оқытушылары (жаттықтырушылар) спортшыларға жоғары талап қояды, бірақ оларға деген қажетті сыйлаушылық қатынас көрсетпейтін жағдайлар болады. Тәрбиеге мұндай қатынас тәртіп бойынша жаттықтырушы тарапынан дөрекілікке апарады. Қорытындысында шұғылданушылар ызаланады, дөрекілік көрсетеді және оларда спортпен шұғылдануға деген қызығушылық жоғалады. Талап ету міндетті түрде шұғылданушы оқушыларға ықыласпен, сезіммен, жанашырлықпен, жүрекпен қатынас жасауға үйлесуі тиіс. Мейірбандық достық үн оқушылармен дұрыс қатынас орната білуді, педагогиаклық тәсілді анықтайды. Сөз жоқ спортшы жарыста өз бетінше әрекет жасауға дайын болуы тиіс. Бірқатар жағдайларда ол адамдық сүйемелдеуді қажет етеді. Жаттықтырушы спортшының шамадан артық толқуын басады, жарыстың алдында пайдалы кеңестер береді, жеңілістен кейін көңілін көтереді және т.б. [3.20 б]

Оқушыларының нашар нәтиже көрсеткенінен кейін өзін ұстай алмай ұрысып, мінейтін нашар жаттықтырушыларға қарағанда жақсы ұстаз спортшыға ішкі сезімін қалпына келтіруіне жәрдемдеседі. Істі осындай тәртіппен жүргізу жаттықтырушының абыройын арттырады. Педагогикалық қабілет оқушыдағы жақсы қаситтерді көруге, соған сүйеніп одан да жақсысын жасауға мүмкіндік береді. Жаттықтырушының ағайынгершілік емес, достық қатынасы спортшылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне қозғаушы күш болады. Бір уақытта талапшыл және мейірімді, талғампаз және қайырымды, кішіпейіл, қатал және адамгершілікті болатын алтын ортаны табу маңызды.

Споршының тәжірибесі көрсеткеніндей (әсіресе, спорт ойындары), кейбір жаттығушылар бұл тәрбиелеу жүйесін бұзады, белді спортшылар наразылығы тууынан қорқып, солардың шылауында кетеді. Бұл талантты спортшыларды тәрбиелеуге елеулі зиян келтіреді, ал жаттықтырушының абыройы спортшылардың алдында жоғалады.

Жаттықтырушының ақиқат абыройы спортшыларға жоғары талап қоюда және спорттық ұжымдағы барлық тәрбиелеушілердің орнына және рөліне қарамастан олардың әрекеттеріндегі, мінез-құлықтарындағы кемшіліктермен күресуде өседі. Тәрбиенің табысы көп жағдайда шұғылданушылардың қызметі жүретін тәрбие мәнеріне байланысты (оқу сабағы, жаттығу, жарыс және т.б.) болады. [4.33 б]

Дене шынықтыру мәдениетінің ерекшелігі, ұжымда өмірге сеніммен қарайтын атмосфера, қуаныш, сергектік, таусылмайтын қуаттың орнығуына қолайлы жағдай жасайды. Жақсы ұйымдастырылған дене шынықтыру мәдениеті ұжымы шұғылданушылардың рухани жақтарын, адамгершілік жоғары талаптары рухында тәрбиелеуге елеулі әсер етеді, жеке мүддесін қоғамдық мүддемен үйлестіру үшін жағдай жасайды. Шұғылданушыларға тәрбиелік әсер етудегі ала құлалық дұрыс нәтиже бермейді.

Дене тәрбиесі жүйесінде шұғылданушылардың жекелеген жақтары мен сапалары ғана емес, оның бүтіндей дене және рухани ұйымдарымен бірлікте қалыптасады. Сондықтан тәрбие жүйесін табысты басқару үшін оқытушыға дене тәрбиесі жүйесінде шұғылданушылардың бейнесін қалыптастыруды алдын ала қарастыратын мақсатты бағытта ұйымдастырылған педагогикалық әрекеттесулердің барлық жиынтығын меңгеруі қажет болады.

Адам бөліктермен тәрбиеленбейді, ол жинақтау арқылы өзі ұшырайтын барлық әсерлердің жиынтығымен құрылады.


Әдебиеттер

  1. Адамбеков К.Т. «Оқушылардың дене тәрбиелеудің педагогикалық негізі» п.ғ.д. дисс. Авторефераты Алматы, - 1995, 38-б.

  2. Аяшев О.А. Болашақ мұғалімінің тәрбие жұмысына кәсіби даярлығын дене тәрбиесінің құралдары арқылы қалыптастыру. п.ғ.д. дисс. Авторефераты М., 1993,55-б.

  3. Биданов Б.Ж. Оқушылардың сабақтан тыс кездегі дене тәрбиесінің педагогикалық кезеңдері. п.ғ.к. дисс. Авторефераты Алматы, 1992, 1-20 беттер.

  4. Хан А.Н. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының құрылымдарының педагогикалық негіздері. п.ғ.д., дисс. Авторефераты М., 1984, 33- беттер.


ӘОЖ: 924(574)
М. ШОҚАЙ ЕУРОПАДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН ЖҮРГІЗГЕН ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ КҮРЕСІ ТУРАЛЫ ТАРИХИ ФАКТОРЛАР
Махмут Г.Л.
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Академиялық инновациялық институты,

Шымкент, Қазақстан


Резюме
В данной научной статье рассматриваются исторические факторы об идеологической борьбе за независимость М. Шокая в Европе

Summary
In this scientific article discusses historical factors of ideological struggle for independence M. Shokai in Europe
Бүгінгі күні барынша зерттеу нысанына айналған Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметінің белгісіз тұстары басым. Әсіресе эмиграция жылдарында атқарған қызметі үлкен сұранысқа ие. Қазіргі таңда Мұстафа Шоқай тарихи тұлға ретінде тиісті бағасын алғанымен, қоғамдағы екіұшты пікірлердің бары рас. Тарихи дерекке негізделмеген пікірлердің болуы өткінші және ұлт қайраткеріне қатысты пікір араздығын тудыруға бағытталған құбылыс деп санаймыз. Дегенмен қоғамдағы мұндай пікірдің болуы зерттеушілердің алдына жаңа міндет жүктеп отыр. Демек нақты тарихи дерекке негіздей отырып, М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметіне объективті баға берілуі бүгінгі күннің басты талабы болып табылады.

Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметінің аясы ауқымдылығымен ерекшеленеді. Ресей қоластындағы түркі халқының басын қосуды ойлаған ұлт қайраткері большевиктерге қарсыласудың ерекше тәсілін, яғни эмиграция жолын таңдады. Эмиграция – саяси, экономикалық және өзге де себептерге байланысты өз елінен мәңгілік немесе уақытша ерікті немесе еркінен тыс қоныс аудару болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде М. Шоқай өзінің саяси көзқарастары үшін шетелге өз еркінен тыс кетуге мәжбүр болған. Түркішіл қайраткердің негізгі саяси көзқарасы, яғни тұтас Түркістан идеясы – большевиктер тарапынан қорқыныш тудырып, оның соңы түрлі тосқауыл тіпті ашық күш көрсетуге жалғасқандықтан түркішіл қайраткердің эмиграциялық қызметі басталған. [1]

Қырым татарларының көрнекті өкілі, Мұстафа Шоқайдың соңғы күндерінде жанынан табылған Тахир Шағатайдың пікірінше, қазақ халқының жарқын өкілінің эмиграциядағы қоғамдық-саяси қызметі нәтижесінде тұтас Түркістан идеясы Еуропалық немесе халықаралық сипат ала бастаған. Еуропадағы саяси қызметінің алдында қайраткердің Түркістан автономиясын құрғаны белгілі. Алайда автономия жұмысы 1918 жылдың ақпан айында күшпен таратылғаннан кейін де М. Шоқай өзінің алдына қойған мақсатына сай әрекет ете бастаған. Атап айтқанда түркілік белгіге тыйым салынғандықтан, большевиктердің билігіне деген өзге ұлттардың қарсылық шарасына қатысып, олармен тығыз қарым-қатынас орнатады. Олардың қатарында большевиктерге қарсы құрылған Ресей үкіметінің Самара қаласындағы Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының комитеті мәжілісіне қатысқан болатын. Алайда бұл ұйыммен орнатылған байланыстар нәтижесіз аяқталып, Мұстафа Шоқай 1918 жылы қыркүйек айында Челябинскіде шақырылған комитеттің келесі бір съезіне қатыспақ болғанымен, Колчак тарапынан тұтқындалады. Өзінің саяси көзқарастары үшін сегіз айдың ішінде ірі екі тосқауылды басынан өткізген М. Шоқай алдағы уақыттағы тиімді жолдың бірі – эмиграция болғандығын жете түсінді. Сондықтан тұтқыннан босап шығысымен 1919 жылы көктемде Маңғыстау арқылы Баку қаласына, одан әрі Тбилисиге жол тартады. Грузия большевиктердің билікке келу қарсаңында өмір сүріп жатқандықтан осы жердің мемлекет басшылары мен билік органдары да большевиктерге қарсы саясат ұстанған болатын. Сондықтан болар Грузия үкімет басшысы Ной Жордания және Ішкі Істер министрі М. Рамишвилимен болған кездесулер сәтті өтеді. Нәтижесінде Грузия үкіметі мен М. Шоқай арасында Түркістан мен Грузия халықтарының большевиктерге қарсы тізе қоса отырып күрес жүргізу мақсатында одақтастық келісім-шарт жасалды [2].

М. Шоқай большевиктерге қарсы саясат ұстанған барлық ұлт өкілдерімен саяси байланыстар орнатуға тырысқан. Мысалы, Тбилиси қаласында Украина өкілдерімен кездесу өткізіп, украиндықтардың қолдауына ие болады. Осындай қолдаулар нәтижесінде Тбилиси қаласында «На рубеже» журналын шығара бастады. Сонымен қатар М. Шоқай бұдан бөлек Тбилисидегі түрік қоғамының қолдауымен «Шафак» атты журналы шығара бастаған. Әрине мұндай баспасөз органына ие болып, мерзімдік басылым шығару ісі арзанға түспейтіні белгілі. Ол үшін қомақты қаражат немесе демеушілердің көмегі қажет. Біздің пікірімізше М. Шоқай Тбилиси қаласындағы грузия және украин өкілдерінің қолдауына ие болған. Өйткені осы жылдары украин жеріндегі үкімет билігі большевиктердің қолына өткен болса, Грузиядағы билігін қолға алуды көздеген большевиктердің белсенді әрекеттері байқалып жатқан болатын. Сондықтан большевиктерден төнген қауіп түркішіл М. Шоқай мен грузия, украин өкілдерін жақындастырған негізгі фактор болған деп есептейміз.

Аталмыш баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары арқылы М. Шоқай ашық түрде большевиктерден төнетін қауіп пен оларға қарсы күрес барысындағы бірлік мәселесін барынша насихаттауға тырысады. Алайда бұл елге большевиктердің кіруі Тбилисидегі қоғамдық-саяси қызметіне тоқтау салады. Сондықтан өзінің жары Мария Яковлевнамен бірге Әзірбайжан жері арқылы 1921 жылы ақпанның 25 күні Стамбулға келген. Стамбул қаласы түркі қалаларының ішінде Еуропа мәдениеті түркілік дәстүрмен етене араласқан сол тұстағы замануи қалалардың қатарына жатты. Біздің пікірімізше Стамбул қаласы уақыт өте барлық эмиграция жолын таңдағын түркішіл қайраткерлердің саяси баспанасына айналды. Оның негізгі себебі, Түркия Республикасының таңдаған саяси бағытымен тығыз байланысты болды. Бұл жылдар Түркия тарихында түбегейлі өзгерістерге тап келді. Сан ғасырлық тарихы мен империялық саяси беделі басым болған Осман империясының өмір сүруін тоқтатып, жаңа Түркия Республикасының құрылуы уақытына тұспа-тұс келді. Мемлекеттіліктің қалыпасуының алғашқы жылдарында Мұстафа Кемалдың «түріктің түріктен басқа досы жоқ» деген ұран сөзі де түркі халықтары арасындағы бауырластықтың күшеюіне жағдай жасаған деп санаймыз. М. Шоқай осындай саяси бағдарды ұстанған Мұстафа Кемал Ататүрікті қызу қолдай түсуінің басты себебі де осы да болса керек. Оған Ю. Ақшораның «Түркістанның да, өзге түрік өкілдерінің де тәуелсіздігі Түркияның тәуелсіздігіне тікелей байланысты. Егер Түркия мемлекет ретінде сақталып қалса, Мұстафа Кемал амалын тауып Түркияны құтқарып қалса, бұл біздің және сіздің Түркістанды құтқаруымыздың да басы болар еді» - деген сөзімізді дәлелдей түседі [3]

Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметінің жаңа белеске көтерілуінде Түркия елінің, Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған түркішіл қайраткерлермен болған кездесулер мен пікір алмасулар үлкен септігін тигізген. Түркішіл қайраткерлермен болған кездесулер арқылы өзінің саяси көзқарастарымен бөлісіп, идеялас қайраткерлермен тығыз байланыстар орнатылды.

Жат жұртта аса ауыр жағдайда жүріп Түркістанның тәуелсіздігі үшін ерен ерлік танытқан Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы тәуелсіздік идеясы өмірінің соңына дейін еш ойынан кетпегендігін зерттеу барысында байқадық. Қолына қару емес қалам алып баспасөз істерімен айналысуы және шет елдегі осындай күресі тек Түркістанның тәуелсіздігіне арналған іс-әрекеті еді. Мұстафа Шоқайдың баспасөз арқылы тәуелсіздікке ұмтылған іс-әрекетінің жандануынан соң, оған жауап ретінде Кеңестер Одағында, соның ішінде өзінің отаны Түркістанда еркін ой-өрісінің күн өткен сайын тарыла түсуі байқала бастады. Жаңадан келген большевиктер үкіметінің рухани өмірінде де, шексіз билікке ұмтылып ешқашан да, оппозицияға жол бермейтінін жақсы айыра білді. Сондықтан да оның пікірінше, Түркістандағы кеңестік билікті сынауды өзінің тікелей ұйымдастыруымен 1927 жылдан бастап Стамбулдан шыға бастаған қайраткер З.У. Тоған басқарған «Иени Түркістан» журналында орын алды. «Иени Түркістан» журналының басты мақсаты – Түркістан ұлттық тәуелсіздік идеясы мен түркі халықтары арасында ынтымақтастық пікірін айтуы көзделді. Сонымен қатар Түркістан халықтарымен Түркия халқы арасында тіл және діл бірлігін нығайтуды басты мақсат етіп қойған журнал болып табылды. «Иени Түркістан» журналында М. Шоқайдың Кеңестік Орта Азия мемлекеттерінде болып жатқан мәдени жаңалықтармен қоса көбінесе тәуелсіздікке бастар маңызды мақалалары жарық көрді. Айта кету керек «Иени Түркістан» журналы «Түркістан ұлттық Бірлігі» ұйымының басылымы болатын. Сол себептен эмиграциядағы тұтас Түркістанның ортақ мүддесі жолындағы журнал болды. М. Шоқай бастаған эмиграциядағы ұлт зиялыларының басым бөлігінің мақсаты бір тәуелсіздік үшін күрес болатын. [4]

Отанда қалған Алаштың зиялылардың тағдырында кеңестік билікті ішкі дүниесімен қабылдай алмады, бірақ мойындауға мәжбүр болды. М. Қойгелдиевтің еңбегінде көрсетілгендей. Ә.Бөкейханов ОГПУ тергеушілеріне берген жауабында: «Мен кеңес үкіметін сүймеймін, бірақ мойындаймын», - деп кеңестік биліктің бұл міндетті толық атқара алатынына күмән келтіреді. Бұл бағыттағылар алдымен қуғын сүргінге түсіп артынан түгел атылады. Өз отанында қалған Алаш зиялыларына тиесілі басқа үлес жоқ екенін Мұстафа Шоқай жақсы түсінді. Түсінгендіктен де саналы түрде эмигрант тағдырын таңдап алды. Оның бұндай қадамға баруы, ерліктің үлкені болды. Оған себеп эмигрцияда Тұтас Түркістан идеясын шетелде жүріп ұлттық мемлекеттілік мәселесін өмірінің соңына дейін көрсетіп бергенін негізге алсақ та жеткілікті екені айқын. Түркістанда тұратын халықтардың тәуелсіз мемлекеттерін көзімен көрмеседе ол алдын ала болжай білгені өз ойларынан баспа бетіндегі мақалаларымен еңбектерінен байқалып тұрғанын байқаймыз. Сонымен, 1921 жылы М. Шоқайға да, 1923 жылы З.У. Тоған да Түркістандағы Т. Рысқұловтың коммунист бола тұрып қуғындала бастағаны белгісіз болды деп айта қою қиын болар еді. [5]

Заманының өзі мән бергеніндей ешқандай да эмиграциялық жолға бармай, отанында қалған Алаш зиялылары түгілі, өз ұлтының табиғи құқы жолында күрес жүргізген немесе дұрыс пікір айтқан коммунистік тұғырнамадағы түрік кайраткерлерін кешіре алмаған РКП(б) ОК-ның М. Шоқай мен З.У. Тоған «кешіруі» екіталай еді. Мұны М. Шокай да, А.З. Уәлиди де айқын ұғынса керек. Сондықтан да олар саналы түрде эмигрант тағдырын тандап алып, Түркістанның азаттығы мен тұтастығы жолында өмірлерінің ақырына дейін күрес жүргізді.

М. Шоқайдың эмиграциялық өмірінің алғашқы екі-үш жылы «өмір үшін күрес» және Францияға қалыптасу кезеңі болып өткенге ұқсайды. Мысалы, 1923 жылы Германияда орын алған ауыр экономикалық дағдарыс уақытында ондағы инфляцияны пайдаланған М. Шоқай мен М. Яковлевна екеуі алты ай Германияда тұрып, ақшаларын үнемдеуге мәжбүр болады.

Тек қана 1923 жылдан бастап олар Ногот (Ножан) қаласында тұрғанда, күнкөріс қамымен М. Шоқай Керенскийдің «Дни» және Милюковтың «Пос­ледние новости» басылымдарында корректор болып қызмет істейді. Мария Шоқайдың және басқа да зерттеушілердің айтуына қарағанда, 1923 жылдан бастап М. Шоқай «орыс демократиясынан мүлдем теріс айналып, орыс баспасөзінен де қол үзген».

М. Шоқайдың Парижге келудегі түпкі мақсаты, әрине, отаны Түркістанның азаттығы үшін күреске ат салысу еді. Түркістанда болып жатқан большевиктік экспериментті жан-жақты ғылыми талдауға алып, оны еркін баспасөзге жариялау арқылы ғана іске асыра алатын еді. Мұндай міндетті қажет деңгейде орындауға оның тәжірбиесі де жеткілікті болатын. Парижде А. Керенскийдің «Дни» және П. Милюковтың «Последние новости» газеттерінде қызмет етіп, 1927 жылдан Зәки Уәлиди Тоғанның редакторлығымен Парижде шығып тұрған «Иени Түркістан» журналына атсалысып, «Туркестан милли бирлиги» («Түркістан ұлттық бірлігі») ұйымына жетекшілік етті. Бірақ Түркістанда большевиктік билікке қарсы еуропалық күрес құралы, тәжірибе және әдіс қажет еді. Милюковтың «Последние новости» және Керенскийдің «Дни» газеттеріне қызметке тұрғанда оның осы мақсаттарды көздегенін М. Шоқай анық түсінді. Керісінше Мұстафа Шоқайдың Тұтас Түркістан идеясы большевиктерге қалай ұнамаса, Париждегі орыс демократтарына да солай ұнай, қоймағаны анық. Эмиграциядағы Ресейдің бұл пікірімен М. Шоқайдың ымыраға келуі мүмкін емес еді. Көп ұзамай Мұстафа Шоқай орыс баспасөзімен байланысын үзіп, Милюков пен Керенскийден алыстаған еді. [6]

Стамбулдағы өз жақтастарымен бірге тәуелсіздік идеясында қалам тартқан. Мұстафа Шоқайдың қызметі «Иени Түркістан» журналы 1931 жылы қыркүйек айында түрік үкіметінің шешімі бойынша жабылып қалған болатын. Өзі тікелей ат салысқан «Яш Түркістан» журналының өмірге келуіне еңбегі құнды екені белгілі. Және сонымен қатар бұл журнал Түркістан Ұлттық Одағының баспасөз органы ретінде шығып тұрды. Ал Мұстафа Шоқай бұл журналдың тікелей басқарушысы болмаса да жоғарыда атағандай журналдың шығып тұруында еңбегі болды. Тахир Шағатай «Иени Түркістан» журналының Түркістан мәселелерін жеткілікті дәрежеде қамти алмаған үшін «Яш Түркістан» журналының шыға бастағанын айтады «Иени Түркістан» журналы жабылып қалған соң «Яш Түркістан» журналы іштегі және сырттағы жалғыз журнал болып қалды. Бұлай дейтініміз, кеңестік қысым күшейген бұл тұста жалғыз «Яш Түркістан» ғана Түркістанның тәуелсіздігі жайында сөз қозғап, қалам тербей білді. Сондықтан, «Яш Түркістанға» Еуропа мен Түркиядан ғана емес, сонымен қатар Жапониядан, Қытайдан, Үндістаннан, Ауғаныстаннан, Иран, Кеңестік Орта Азиядан оқырман хаттары ағылып келіп жатты. «Яш Түркістан» журналында М.Шоқайдың басты мақалалары негізінен тәуелсіздік идеяларын көздейді. Өзінің «Біздің жол» атты мақаласы журналының 1929 №1 санында жарық көрді. Мақалада баяндалғандай: «Біз, Түркістан Тәуелсіздігін жақтаушылар, еліміздің еркі үшін және жұртымыз Түркістанның бодандықтан құтылуы үшін күресеміз» деген ойлары «Яш Түркістан» журналының мақсатының өзі шет елде эмиграцияда жүрген М.Шоқайдың ашық большевиктерге қарсы оппозицияда мойындалды. Түркістан халықтарының тәуелсіздігін көздегені журналдың алғашқы санынан-ақ көрініп тұр. Сонымен қатар аталған мақалада «Егер біз халқымыздың ұлттық тәуелсіздігі жолындағы талаптарының мән-мағынасын бұзбай, күшін әлсіретпей «Яш Түркістан» беттерінде көтере алсақ, онда бәріміз үшін қасиетті және ауыр жауапкершілік артқан міндеттердің бір бөлігін өтеген болар едік» аталған ойымызда М. Шоқай сөздері еш күмән келтірмейді. [7]

Сонымен, қорытындылай келе, Түркістан саяси эмигранттарының азаттық қозғалысы азат және Тұтас Түркістан идеясы үшін қызмет еткендігін; Түркістан, Еділ-Орал және өзге де түрік халықтары ұйымдарының. «түрік бірлігі» идеясына топтасуына Кеңестік және эмиграциялық орыс шовинистерінің, өзге де түрікшілдікке қарсы топтардың әрекеттерінің басты себеп болғандығын; азат және Тұтас Түркістан идеясы үшін күреске өз өмірін арнаған М. Шоқайдың жетекшілік ролінің жоғары болғандығын; М. Шоқайдың ешқандай өзге идеяға қызмет етіп, сатылмағандығын және соғыстан кейін де М. Шоқай бағытының өз жалғасын тауып, әлі күнге созылып келе жатқандығын атап көрсетеміз.




Жаратылыстану және педагогика ғылымдары
Аширов ш.а., султанова н.ж.

Каталог: sites -> default -> files -> kitap
kitap -> Л. С. Динашева K. У. Қарабаева Әлемдік өркениеттер тарихы шымкент 2016
kitap -> «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәнінен (дәріс жинағы) Шымкент-2017ж
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту
kitap -> Жумадуллаева А. А.,Өтеген Қ. О.,Сыдыкова З. Е. ҚАзақ этнопсихологиясы шымкент 2016
kitap -> ТӨлеген ұ. Ш., Жанысбеков м.Ә. ҚАзақстанның Қазіргі заман тарихы пәнінен студенттердің даярлығын жетілдіру
kitap -> Р. Д. Дарібаева Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы
kitap -> Қалмұрзаев қ. С, Орынбасар қ. О., Рахымбаев б. О. ҚАзақ КҮресінің ОҚыту әдістемесі
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет