Ф 03-03 Жапбарова Г. А. «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет10/26
Дата09.11.2022
өлшемі243,2 Kb.
#157346
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
Genetics lab, курстық жұмыс талаптар
Бақылау сұрақтары:
1. Тәрбие жұмыс жоспары дегеніміз не?
2. Тәрбие жұмыс жоспарына қойылатын талаптары қандай?
3. Тәрбие жұмыс жоспарлаудың формалары мен әдіс-тәсілдері.
4. Тәрбие жұмыс жоспарының мазмұны қандай ?
5. Тәрбие жұмыс жоспарының құрылымына тоқталыңыз.


5-Дәріс
Тақырыбы: Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының бағыттары: рухани-адамгершілік, еңбек, азаматтық-елжандылық, құқықтық, этикалық, гендерлік, отбасылық, толеранттық, көпмәдени
Жоспары:
1. Рухани-адамгершілік, еңбек, азаматтық-елжандылық, құқықтық, этикалық, гендерлік, отбасылық, толеранттық, көпмәдени тәрбие бағыттары
2. Тәрбие сағатын өткізу және табысқа жету критерийлері
Мақсаты: студенттерді тәрбие жұмысының бағыттары, оқыту және тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технологиялардың амал-тәсілдері білуге, оларды педагогикалық үрдісте қолдануға үйрету.
Негізгі ұғымдары: тәрбие үрдісінің диагностикасы, оқушылардың тәрбиелік деңгейі, тәрбиелік деңгейінің өлшемдері мен көрсеткіштері, сынып ұжымының қалыптасуы, тұлғааралық қарым-қатынас.
Ұсынылатын әебиеттер:
1. Педагогика. Дәріс курсы. / Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова Қ.К. т.б. – Алматы: Нұрлы әлем, 2003.
2. Қоянбав Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1998.
Реферат тақырыптары:
1. Сыныптағы оқушылардың қалыптасуын зерттеу әдістемесі.
2. Ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынасын диагностикалау.
3. Сынып жетекшісінің оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау әдіс-тәсілдері.
4. Сыныптағы тәрбие нәтижелерін бақылау әдістері.

Еліміз егеменді мемлекет болғаннан бері барлық арналарда аукымды өзгерістер болып жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс калған жок. Қазіргі білім беру жүйесі элемдік өркениеттің барлык талабына сай келетін білімді де білгір, ұшқыр ойлы, эрі іскер, интелектуалдық деңгейі биік, жан - жақты дарынды адамдарды қажет етеді. Олай болса оларды окыту жэне тэрбиелеу білім проңесінде жаңа педагогикалық, акпараттык технологияларды енгізумен байланысты. Осыған сэйкес Қазакстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: "Білім беру жүйесінің міндеті - ұлттык сана-сезімі оянған адамды калыптастыруга, дамытуға жэне кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін кажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған».


Мектеп - қазіргі қоғамның дамуымен жэне әлеуметтік практикамен байланысты. Ал білім мен тәрбиенің алгашқы баспалдагы - бастауыш мектеп. Бастауыш сатысы - окушы дамуының іргетасы, оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі. Бұл кезеңдегі тәрбие үдерісінің өзіндік ерекшеліктері бар. Себебі бала жаңа ортаға келеді, оның өз талаптары мен ережелері бар. Балабакша немесе отбасында аләан тәрбие мен мектептің талаптарының арасында үлкен айырмашылық бар.Ол енді окушы. Белгілі уақыт сабағын тыңдап, белгілі мінез-құлық нормаларын игеруі керек .
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түз өсу үшін оған көшет кезінде көмектесу болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейрімділік, қайрымдылық, адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.Адамгершіліктің негізі мінез – құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адал еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімнің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің ұйымдастыруымен іске асуы қажет. Әр баланың жеке басы - оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау - бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған ата-аналар мен педагогтардың күнделікті көңіл бөлулері талап етіледі.Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.Рухани-адамгершілік тәрбие – бұл өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас болсаң - жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа...», «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» - деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет