Орта мектеп көлеміндегі қазақ тілінен лексикалық, граматтикалық минимумдары игеру жөніндегі базалық білімнің болуы.
Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі
Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор.
Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады.
Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту. Студенттерді мемлекеттік тілде іс қағаздарын сауатты жазып, оның түрлерін білуге үйрету. Студенттердің мемлекеттік тілде іс қағаздарды сауатты жазып, оның түрлерін ажырата білуге құжаттарды толтырудың жалпы ережесін, оларға қойылатын талаптарды, олардың безендірілуін, жете меңгерту.
Мазмұны
Елімізде Тіл туралы заң қабылданып, 1990 жылдың шілденің 1-нен бастап күшіне енуіне және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы ғ 4106 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен жасалуына байланысты Республикада мемлекеттік тіл-қазақ тілін ресми қолдану, іс қағаздарын осы тілде жүргізілуіне ерекше мән беріліп, жүзеге асырылуда. Тәуелсіз мемлекетімізде ана тілінің деңгейін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту-қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне жарқын жол ашпақ. Жалпы халықтық тіл негізгі қатыс құралы ретінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Ресми құжат немесе іс қағаздар дегеніміз-адамдар мен қоғамдық мекемелерді өзара байланыстырып, олардың тіршілігі үшін қажетті мәселелер мен мақсат-мүдделерді шешуге көмектесетін қажеттілік материалдар. Іс қағаздарының қоғамдық барлық мүшелері үшін ортақ, қолдануға лайық қалыптасқан тілдік нормасы, өзіндік белгілері бар. Іс қағаздарының әрқайсысында нормалар мен белгілер әр түрлі болады. Сондықтан іс қағаздар сол белгілері бойынша бір-бірінен ажыратылады, өзіндік тиісті орындарына жұмсалады. Мысалы: өтініш, хабарландыру, қолхат, анықтама, сенімхат, хаттама, міндеттеме, тағы да басқа іс қағаздарының белгілері - қалыптасқан стилі (өлшемдік, жүйе, схеманың болуы). Іс қағаздарының алдына қойған міндеті-қазақ тілінде іс жүргізу мәселесіне тұрақты да тұрлаулы сипат беру, ұлт тағдыры, оның бірегей төлтума мәдениеті үшін түбегейлі маңызы бар мәселенің кері кетуіне жол бермеу мен ресми қарым-қатынас жасау. Ауызша және жазбаша түрде әр түрлі жанрдағы диалогтық және монологтық мәтіндердің өз ойын ұтымды жеткізе білуге, ғылыми мәтінді баяндама жасай білу қабілетті болу. Ресми іс қағаздары мәтіннің коммуникативтік прагматикалық функциясы. Ресми іс қағаздарындағы жазу мәдениеті мен этикет формулалар. Іс қағаздарын жазудың жалпы тәртібі, іс қағаздарының үлгілері.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Мемлекеттік тілде іс құжаттарын сауатты толтыру.
Пәннің аталуы
М12.4. Электронды үкімет
Қысқартылған атауы
ЭҮ
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Практикалық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ
Семестр:
5
Оқытушының Т.А.Ә.
Исмаилов Х.Б.
Доцент/оқытушы:
Т.ғ.к., аға оқытушы
Жұмыс тілі
Қазақ, орыс тілдерде
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Жалпы білім беру пәні, таңдау компоненті
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
Практикалық сабақ – 15, ОСӨЖ – 15, СӨЖ – 15
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы – 45 сағат
Кредиттер / сынақ бірліктері
1
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Мектеп курсындағы бағдарламамен байланысты
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Курс мақсаты, меншікті басшылықтың және жергілікті басшылықтың механизмдарін үйрену, негізгі базалық ақпараттық технологияларды қолдану. Мақсатқа жету үшін, негізінен келесі жағдайларды үйрену: басқару мекемелермен тұлғмен қарым-қатынасы және мемлекеттік басқару, халыөқтың жағдайын ескере отырып тиісті шараларды іс-жүзінде өткере білу.
Мазмұны
Дәріс мазмұны: Кіріспе. Электронды үкіметтің мақсаты мен. Электронды үкіметтің қалыптасуы. Электронды үкімет басқару орындарында. Жергілікті жерлерге бейімделушілік. Электронды үкіметтің нормативті-құқықтық базасы. Электронды үкіметтің архитектурасы. Қазақстан Республикасындағы электронды үкіметтің концепциялары. Электронды қызмет көрсету. Қазақстан Республикасының іс-қағаздары жөніндегі электорнды үкіметтің жүйелі түрде заңды түрде айналымы. Қазақстан Республикасындағы электронда қамтамасыз ету және түрліше ұйымдасыру іс-шараларының орнығуы. Акімшілік қарамағындағы жағдайларды электронды түрде және ақпараттық жағдайларды қалыптастыру не енгізуді ұйымдастыру.
Практикалық сабақтар мазмұны: Ақпараттық көздерді ұйымдастыру және іске асыру. Электронды түрде құжаттарды басқару мен сан арқылы қол қоюшылық деңгейге жету.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Студенттер пәнді оқу және емтихан тапсыру процесінде қала негізінде ақпараттық технологияларды қолдана білу және алдыңғы қатарлы технологияларды білу керек.
Бақылау түрі: ағымдық, аралық, қорытынды (емтихан).
Пәннің аталуы
М12.5. Интелектуал меншікті қорғау
Қысқартылған атауы
ИМҚ
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Практикалық сабақ, ОБСӨЖ,СӨЖ
Семестр:
5
Оқытушының Т.А.Ә.
Мыркасов Б.
Доцент/оқытушы:
Аға оқытушы
Жұмыс тілі
Қазақ, орыс тілдерде
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Жалпы білім беру пәні, таңдау компоненті
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
Практикалық сабақ – 15, ОБСӨЖ – 15, СӨЖ – 15
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы – 45 сағат
Кредиттер / сынақ бірліктері
1
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Мектеп курсындағы бағдарламамен байланысты
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Пәнді оқытудың мақсаты адам баласының қоршаған ортадағы негативті әсер ететін факторлардан қорғану болып табылады, обьектілердің сақталу принциптері мен әдістерін құруды қамту.
Компетенция: интелектуал меншігін қорғау негізінде техникалық құжаттарды тексеріп, бағыт бағдар жасай білу.
Мазмұны
Дәріс мазмұны: Адамзат құқығының мәнділінің деңгейі, Қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру барысында қоғамдық қағидаларға сүйене білу. Ғылыми-техникалық алға басуыдың әсері, Қоғамдағы табиғи дағдарыстан шығу мен оларды божау негізінде сақтандыру шараларының ұлғаюы, интелектуалды меншікке тигізетін зардабының көлемі мен өлшемін айқындай білу. Қауіпсіздік мәселелерін шешуді ұйымдастыру. Техникалық жағынан қауіпсіздік шараларының жоғары деңгейде ұйымдастырылуы. Мемлекеттің қоғамға деген қауіпсіздік шараларын және әскери қорғандарды құру мақсатында түрліше өзгерістер енгізе білу және жағдай туғызу. Кездейсоқ оқиғылар кезінде халықты сақтандыру білу тәсілдері. Әскери жағынан кездейсоқ оқиғаларға не соғыстарға дайындық түрлері мен дәрежесі. Қауіп туған жағдайда мемлекеттің экономикалық шығыны мен өзгерістердің түрлілігі , шығым өлшемі. Түптеп жоюдың қарулары. Олардың қолдану кезінде мемлекеттің алатын зардабының көлемі. Кездейсок оқиғалардың психологиялық аспектілері. Жаратылыстық, табиғи не антропогендік қауіптің көздері. Қарама-қарсы факторлардың классификациясы. Жоғары дәрежелі қауіп-қатерлер деңгейі. Атмосфера, гидросфера және жердің ластануы. Түрлері, өнеркәсіптік зардаптардың тікелей жоғары қауіпсіздік өлшемі. Қауіпті факторларджың классификациясы. Транспорттық жердегі аймақтардың ластану деңгейі. Жергілікті халықтың қауіпсіздігін ұйымдастыру іс-шараларының этаптары. Инженерлік іс-шаралар.
Практикалық сабақтардың мазмұны: Кездейсок дағдарыстар түрлері мен шығу ошағы. Радиациялық жағдайдағы бағалау. Химиялық жағдайда бағалау. Өрт жағдайындағы бағалау. Жергілікті тұрғынның инженерлік сақтандыру. Жарақаттану, жаралану, күю, сыну кезінде алғашқы медициналық көмек. Радияциялық не комбанарленген жарақаттар кезінде алғашқы көмек көрсету.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Студенттер пәнді оқу және емтихан тапсыру процесінде меншікті қауіпсіздік шараларын түрлі жағдайларда түрліше қолдана білу керек.
Бақылау түрі: ағымдық, аралық, қорытынды (емтихан).
Пәннің аталуы
М 18а. ¬½ðûëûñ ¼íäiðiñiíiº òåõíîëîãèÿñû-1
Қысқартылған атауы
ҚӨТ - 1
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Пререквизиттер: «Геодезия I», «Құрылыс материалдары I» «Сәулет I», «Құрылыс конструкциялары I», «Құрылыс машиналары және қондырғылар», «Геотехника I».
Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі
Құрылыс процестерінің теориялық негіздерін, жаппы ережелерді, жалпы құрылыс жұмыстары өндірісінің қазіргі заманғы әдістерін және тәсілдерін игеру
Мазмұны
Құрылыс өнімі, оның ерекше өзгешеліктері. Құрылыс процестері мен жұмыстары, олардың мазмұны және құрамы. Техникалық мөлшерлеу: мәні және мазмұны. Құрылыс процестерінің технологиялық жобалануы.
Құрылыс процестерін вариантты жобалау. Технологиялық карта - құрылыс процестері технологиясының негізгі құжаты. Технологиялық картаның мазмұны және құрылымы. Жасау принциптері. Құрылыс алаңын инженерлік дайындау. Құрылыс жұктері және оларды тасымалдау. Құрылыста пайдаланылатын көлік құралдарының түрлері. Арту-түсіру жұмыстарын орындауда механикаландыру тәсілдері және құралдары. Жер ғимараттарының түрлері. Топырақты өңдеу күрделігіне байланысты жіктелуі. Жер ғимараттарын жергілікке бөлу. Топырақты механикалық әдіспен өңдеу. Қадаларды батыру технологиясы. Толтырылған қадаларды жасау технологиясы. Ростверк жасау технологиясы. Сапалық бақылау. Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері. Тұтас құймалы бетон және темірбетон технологиясы. Тұтас құймалы және темірбетон технологиясы бойынша негізгі ережелер. Бетондау процестерінің кешенді құрамы. Қазіргі замандағы қалыптар түрлері. Қалыптарды жүйелерін пайдаланудың халықаралық тәжірбиесі. Конструкцияларды арматуралау. Құрылыс конструкцияларын тасымалдау, қоймалау және қабылдау. Жинақтауға конструкция элементтерін дайындау. Уақытша бекітудің жеке және топтық бекіту құралдары. Металл конструкцияларын жинақтау. Металл конструкциялары элементтерінің жинақтық қосылыстарын жасау технологиясы. Сапалық бақылау. Тас қалау технологиясы. Тас қалаудың міндеті және түрлері. Тас қалаудың жіктестіру ережелері. Қалауға арналған құрал-жабдықтар жинағы. Тас қалаушылардың жұмыс орнымен және еңбегін ұйымдастыру. Дұрыс пішінді тастардан қалауды орындау. Төбе жабындарын орнату кезінде кешенді процестердің құрамы. Қазіргі заманғы материалдардан төбе жабындарын жасау технологиясы. Сапалық бақылау. Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері. Әрлеу жабуларын жасау технологиясы. Әрлеу жабуларының міндеті және түрлері. Беттерді май құрамдарымен әрлеу. Қазіргі заманғы материалдармен үймереттің қасбетін әрлеу ерекшеліктері. Беттерді оралмалы материалдармен желімдеу. Қазіргі заманғы еден жабындарының түрлері. Әр түрлі материалдардан еден жасау кезінде жұмыстарды орындау технологиясы. Сапалық бақылау. Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Жалпы құрылыс жұмыстарына технологиялық карталарды жобалауды; құрылыс жұмыстары процестерінің және операциялардың құрамын, құрылыс процестері мен жұмыстарының еңбек сыйымдылықтарын анықтауды игеру.
Пререквизиттер: математика I; физика; инженерлік графика I, II; инженерлік механика, I, II,; құрылыс материалдары I, II; сәулет I, II
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Темірбетоннан, тастан, металл, ағаш және пластмасстан жасалған құрылыс конструкцияларының әртүрлі кернеулі жағдайдағы жұмысы, оларды құрылғылау және есептеу тәсілдері жөнінде студентерге білім беру
Мазмұны
Құрылыс болаттары: жалпы сипаттамасы, химиялық құрамы және құрылымының ерекшеліктері, механикалық қасиеттері, дәнекерленуі, коррозияға тұрақтылығы, химиялық құрамы мен өндіру тәсілінің болат қасиеттеріне тигізетін әсері. Ортадан жүктелген элементтердің жұмысы және беріктікке есептеу. Ортадан тыс жүктелген элементтер қималарын серпімді және серпімді -пластикалық кезеңдері бойынша беріктікке есептеу, пластикалық топса. Ортадан сығылған элементтердің орнықтылығын жоғалтуы: орнықтылығын жоғалту формалары; критикалық кернеулер, есептік үзындық, иілгіштік, орнықтылығын тексеру, бойлық иілу коэффициенті, шартты иілгіштік. Ортасынан тыс сығылған және сығыла - майысқан элементтердің орнықтылығын жоғалтуы; иілгіштігінің, салыстырмалы эксцентриситеттің, қимасы түрінің әсері. Дәнекерленген торлар мен қаңқалар. Жоғары беріктіктегі сымдар және олардан жасалган бұйымдар: арқандар мен шоғырлар. Арматура түйістері. Темірбетонның негізгі физико- механикалық қасиеттері. Арматураның бетонмен ілінісуі. Жүктелген темірбетон элементтер қимасының кернеулі- деформациялық жағдайының үш сатысы. Иілуден қирау сипаты. Темірбетон элементердің тік және қиғаш қимасы бойынша беріктік есебі. Тас конструкцияларға арналған материалдар. Қаланған тастардың физико - механикалық қасиеттері. Қалаудың сығылу, созылу, майысу беріктігіне әсер ететін негізгі факторлар. Ерітіндінің таспен ілінісуі. Қаланған тастардың деформациялық қасиеттері.Ортадан және ортадан тыс сығылған элементердің есебін бойлық иілу және жүктеменің ұзақ мерзімді әсерін ескере отырып, шектік жағдайдың екі тобы бойынша жүргізу. Беріктік шарты. Иілетін элементтердің беріктік есебі. Конструкциялық пластмассалардың негізгі түрлері, олардың қасиеттері. Тұтас қималы конструкция элементтерін есептеу. Ортасынан созылуға, сығылуға, көлденең майысуға, қиғаш майысуға, сығыла - майысуға, созыла - майысуға есептеу. Шегелер жұмысының ерекшеліктері,. Металл тісті пластиналы, желімдеп жапсырылған болат стержінді, желімді қосылыстар. Құрамалы элементтерді байланыстырғыштарының берілгіштігін ескере отырып есептеу.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Материалдардың негізгі физико- механикалық қасиеттерін; құрылыс конструкцияларын шектік жағдай тәсілі бойынша есептеудің негізгі ережелерін; конструктивтік элементтердің кернеулі жағдай түрін анықтауды; нормативтік, инструктивтік және техникалық әдебиеттерді сауатты пайдалануды; конструкция есебін шектік жағдай бойынша жүргізуді игеру.
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
Пәннің аталуы
М 14а. Геотехника-1
Қысқартылған атауы
ГТ-1
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Лекциялар, лабораториялық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ
Семестр:
5
Оқытушының Т.А.Ә.
Ибрагимов Қ., Бровко И.
Доцент / оқытушы:
т.ғ.к, доцент
Жұмыс тілі
Қазақ, орыс тілдерінде
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Базалық пән, міндетті компонент
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
Лекция-15, зертханалық сабақ-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30,
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы – 90 сағат
Кредиттер /сынақ бірліктері
2
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиттер: математика I, сәулет I, инженерлік механика, беріктік теориясы, қүрылыс конструкциялары
Білім беру мақсаттары /құзіреттілігі
Инженерлі геология төңірегіндегі инженерлі -құрылыс жұмыстарын теориялық және практикалық негізін білу, топырақ механикасының негізі, топырақтың ыдырау теориясы, іргетас құрылысы және жерасты құрылысы, іргетастың құрылу әдісін таңдау және жер асты ғимаратының топырақ негізінің табиғаттылығының бұзылмауы.
Мазмұны
Жердің пайда болу гипотезалары. Жердің физикалық қасиеті және құрылысы. Жер қыртысының құрылысы. Жер гравитациясы және жылу тәртібі. Геосфералар, олардың өзара әрекеті.Минералдар және олардың жыныс түзгіштік маңызы. Негізгі жыныс түзгіш минералдардың сипаты: пайда болуы, химиялық құрамы, құрылысы, физикалық қасиеті. Тау жыныстары. Пайда болуы жағынан тау жыныстарының жіктемесі. Теңіз және континенталь шөгінділердің жиналу және қалыптасу жағдайы. Тұнба жыныстардың жіктемесі. Тұнба жыныстардың негізгі ерекшеліктері. Қалдық жыныстардың түзілу жағдайы және жіктемесі. Бөлшектердің қысқаша сипаты. Химиялық және органогенді жыныстардың түзілу жагдайы, олардың қүрамы және қасиеті. Тереңдік формасы - қабат және линза. Қабат элементтері. Тұнбаның жынысқа айналу процесі. Қүрылым және тереңдік формасы және қасиеті. Құрылым және текстура ерекшеліктері. Эндогенді процестер - Жердің ішкі динамика процесі. Магматизм туралы түсінік. Сейсмикалық құбылыстар. Жер сілкінісі мен сейсмикалық толқын түрлері. Жер сілкінісі күшін бағалау. Жер сілкінісі топырақ сілемдері, ғимараттар мен үймереттер түрақтылығына әсері есебінің принциптері. Метаморфизм. Метаморфизм типтері.Экзогенді процестер - Жердің ішкі динамикасының процесі. 6. Гидрогеологияның негіздері. жер асты сулары туралы мәліметтер. Тау жыныстарындағы су түрлері. Жер асты сулары туралы түсінік және олардың халық шаруашылығында қолданылуы. Құрылыс және геологиялық процестер мен құбылыстардың дамуындағы жер асты суларының рөлі; бетон мен металға қатысты жер асты суларының агрессивтілігі. Сүзудің негізгі заңы. Сүзу коэффициенті, су қозғалысының жылдамдығы және қысым гардиенті туралы түсінік. Тегіс және радиалды тасқын туралы жалпы түсінік. Көлденең және еңіс су өтпейтін бір текті қабаттардағы қысымсыз судың тегіс тасқын өнімділігі. Қысымды және қысымсыз сулардағы бұрғыларға судың келуі. Жалғыз және бірлескен ағындалар туралы түсінік. Топырақ сүзгілерінің коэффициентін анықтау. Өзара бірлескен бұрғылар. Дренаждар. Топырақ құрамы мен қасиеті. Топырақтың геохронологиясы және петрографиясы. Топырақтың физикалық қасиеттерін зерттеудің негізгі әдісі.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Құрылыстың инженерлі - геологиялық жағдайын бағалау. Тау жыныстарына жасына, құрамына қарай баға беру ( петрография), бұзылуы, шөгілуі және т.б. Түрлі эгзогендік және гравитациялық процестердің ескере отып, сулы ылғалды режимнің негізін гидротехникалық есеп бойынша орындауды игеру.
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
Пәннің аталуы
М 21б. Үйлер мен ғимараттарды тексеру және сынау
Қысқартылған атауы
ҮмҒТС
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Жоғарғы математика; Электротехника; Материалдар кедергісі; Құрылыс механикасы; Құрылыс материалдары; Азаматттық және өндірістік архитектура
Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі
Студенттерді экспериментті жобалаудың оптималüдық принциптерімен таныстыру және оларды конструкциялардың жұмыс істеуімен есептік схемаларының арасындағы сәйкестігін дұрыс тағайындауын үйрету; студенттерді ғимараттарды тексеру және сынау негіздерімен танысытырып, эксплуатациядағы ғимараттардың және олардың конструкцияларын жұмыс істеуінен баға беруін үйрету; студенттерді қазіргі таңдағы өлшеу және тексеру приборларымен пайдалана білуін және осы приборларды дұрыс орналастыруын үйрету. Студенттерге конструкцияларды сынау сõемаларын дұрыс қабылдауды, сынау барысында алынған мәндерді және сынау жүктемесінің мәндерін тағаéындауды, есептеу теõникасын паéдаланып анықтауды үйрету.
Мазмұны
Құрылыстағы метрологиялык жұмыс бөлімінің кызметі. Өлшеу кұралдарын тексеру. Мемлекеттік стандарттын сынақ өткізу системасы. Сапа тексеру және мемлекеттік кабылдау. Сынау кезіндегі әсер ететін күшсалмактарды қоздыратын әдістер мен құралдар. Деформацияларды және орын ауыстыруларды анықтауға арналған тәсілдер және аспаптар. Динамикалық процестерді зерттеп анықтауға арналған әдістер және құралдар. Виброметр және акселометр негізінің теориясы. Виброөлшегіш аспаптарын градуиовкалау принциптері. Динамикалык процестерді зерттеуге арналған аспаптары. Экспериментальдык зерттеудің метрологиялық камтамасыз етуі. Өлшеу ауыткулары. Кездейсоқ және системалык ауытку, сезімділік және өлшеу диапозоны. Ұксастық теориясы және өлшемдердің негізгі түсініктемесі. Құрылыс конструкцияларын киратпай сынау әдістері. Механикалық, аккустикалық, ультрадыбыстық, резонанстық, физикалық және қиратпай тексерудің комплекстік әдістері. Конструкциялар және материалдар дефектоскопиялык қиратпай сынау әдістері, кұралдары және аспаптары. Ғимараттарды қарап тексеру /зерттеу/ әдістер және зерттеуді өткізу ерекшіліктері. Ғимарттарға әсер ететін күштер. Монтаждық, техникалық және сырткы жүктемелерден, одан баска уакытша жүктемелерден туындайтын кернеулерді аныктау әдістері. Ғимараттарға жүктемелердің әсер ету схемасы және оларды түсіру тәсілдері. Конструкцияларды кеңістік жұмысы және олардың қосылған жерлерінің қатандығы, ондағы максимальды бұрыштык, бойлық жылжуларға баға беру. Ғимараттарды және конструкцияларды динамикалык күшке накты сынау.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Ғимараттарды сынау тәсілдерінің негіздерін білу негізінен ескі үйлерді реконструкция жасағанда, зауыттарда жасалынған өнім сапасын анықтағанда және де эксплуатапциядағы үйлерді тексеру білу.
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
Пәннің аталуы
М 16а. Құрылыс машиналары және жабдықтары
Қысқартылған атауы
ҚМжЖ
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Лекциялар, зертханалық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ
Семестр:
5
Оқытушының Т.А.Ә.
Серікбаев Т.Т.
Доцент / оқытушы:
Аға оқытушы
Жұмыс тілі
Қазақ, орыс тілдерде
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Базалық пән, міндетті компонент
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
Лекция-15, зертханалық сабақ-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы – 90 сағат
Кредиттер /сынақ бірліктері
2
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиттер: математика I, II; физика; инженерлік графика I және II; инженерлік механика I, II; гидромашиналар және гидрожетек.
Білім беру мақсаттары /құзіреттілігі
Технологиялық процестерді механикаландыруда және автоматтандыруда қолданылатын құрылыс машиналары мен жабдықтары туралы керекті деректерді, құрылыс объектілерінің сипаттамасына байланысты машиналардың технологиялық мұмкіндіктерін пайдалануды білу
Мазмұны
Құрылысты механикаландыруды және автоматтандыруды қамтамасыз ететін машина ретінде құрылыс машиналары қойылатын талаптар. Құрылыс машиналарының сұрыпталуы. Машиналарды типтерге және типтік өлшемдерге бөлу. Құрылыс машиналарының кинематикалық схемасы. Көлік машиналары. Құрылыстық жүктердің сипаттамасы. Көлік машиналарының негізгі параметрлері, қолдану сипаттамасы. Тасымалдау машиналардың қызметі, конструктивті схемалары, жұмыс процессі мен технологиялық мүмкіндіктері, негізгі параметрлері, қолдану сипаттамасы. Жүк көтергіш машиналардың сұрыпталуы. Әр түрлі крандардың қызмет ету аймағы. Жүкті салып-түсіру машиналары. Олардың түрлері. Жұмыс процесі. Жер жұмыстарына арналған машиналардың сұрыпталуы. Жұмыс органдары және топырақпен әсерлесуі. Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері. Өңдеу дәрежесіне байланысты топырақтардың сұрыпталуы. Бұрғылау-кран машиналары. Бұрғылау машиналарының негізгі түрлерінің техникалық және экплуатациялық көрсеткіштері. Қада қағу жабдықтары. Қада қағу жабдықтарының әдістері.Тасты материалдарды ұсақтауға, сұрьштауға және жууға арналған машиналар.Ұсақтау машиналардың түрлері және ұсақталатын материал қаттылығына және ұсақтау дәрежесіне байланысты оларды таңдау. Ұсақтау машиналардың принциптік схемалары, негізгі параметрлері және өнімділігі. Тасты материалдарды бөлгіш машиналардың қызметі, принциптік гмалары, жұмыс процесі, негізгі параметрлері және өнімділігі. Гидромеханикалық және гидравикалық классификаторлардың қызметі, инциптік схемалары, жұмыс процесі, негізгі параметрлері, өнімділігі. Тасты материалдарды ұсақтауға, сұрыптауға және жууға арналған машиналарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Бетон және бетон қоспаларын дайындауға, тасымалдауға және нығыздауға арналған машиналар мен жабдықтар. Бетон коспаларын нығыздау қажеттілігі мен тәсілдері. Қол машиналардың әрекет ету принципіне, жұмыс органының қозғалу сипатына, жұмыс режиміне, жетек түрі бойынша жалпы сипаттамасы мен сұрыпталуы. Қол машиналарына қойылатын негізгі талаптар.Машиналарды қолдануға қабылдау және өткізу. Машиналарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүйесі. Еңбек қорғаудың жалпы талаптары, еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Қолдану және құрастыру ережелерін сақтау бойынша мемлекет тарапынан бақылау.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Жоғары өнімділікке жету жағдайын; жұмыс жабдықтарының негізгі
және қосымша түрлерінің технологиялық мүмкіндіктерін; машиналардың даму бағыты мен тиімді конструкцияларын, машиналарды қолдану тәртібін және оларды қауіпсіз қолданудың негіздерін біліп меңгеру
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
Пән аталуы
М15в. Инженерлік механика ІІI
Қысқартылған атауы
Инженерлік механика ІІI
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Лекциялар, зертханалық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ
Семестр:
3 семестр
Оқытушының Т.А.Ә.
Арапов Б., Печерский В.
Доцент / оқытушы:
Т.ғ.д., профессор; т.ғ.к., профессор
Жұмыс тілі
Қазақ, орыс тілдерінде
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Кәсіби пән, міндетті компонент
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
Лекция-15, практикалық-30, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы – 135 сағат
Кредиттер /сынақ бірліктері
3
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиті:математика I жэне II (бөлімдері: аналитикалық геометрия, векторлық алгебра, дифференциалдық және интегралдық есептеулер); физика (бөлімдері: қатты дене механикасы); инженерлік графика I, II; инженерлік механика I, II
Білім беру мақсаттары /құзіреттілігі
Студенттерге үнемділікті есепке ала отырып ғимараттарды беріктікке, қаттылыққа және орнықтылыққа есептеуді үйрету. Берілген пәнді оқып бітірген кездегі студенттердің міндеттері: статикалық анықталған жүйелерді есептеу әдістерін; статикалық анықталмаған жүйелерді есептеу әдістерін, есептеу схемаларын құруды; конструкцияларды жэне ғимараттарды есептеуде қүрылыс механикасының негізгі әдістерін қолдануды, оның ішінде осы заманғы бағдарламаларды пайдалануды; ғимараттарға толық талдау жұмысын жасай білуі керек.
Мазмұны
Ғимараттарды кинематикалық талдау. Көп аралықты статикалық анықталған арқалықтар. Еркіндік дэрежесін анықтау. Қабаттық схемасын қүрастыру. Негізгі, ілінбелі жэне көмекші арқалықтарды анықтау. Жеке арқалықтардағы көлденең күштер, иілу моменттерінің эпюрлерін салу. Сыртқы күштердің жүмыс. Сыртқы күштер жүмысы. Серпімді деформациялардың потенциялдық энергиясы. Орын ауыстыру мен жүмыстың байланысы туралы теорема. Орын ауыстыруды анықтаудың жалпы әдістері. Қүрылыс механикасында орын ауыстыруды белгілеу. Орын ауыстыру формуласы. Мор интегралы. Температуралық орын ауыстыру. Орын ауыстыруды анықтау техникасы. Верещагин ережесі. Статикалық анықталмаган жүйелер. Күш әдісі. Жүйенің статикалық анықталмағандық дэрежесі. Күш әдісінің негізгі жүйесі. Негізгі жүйені таңдау. Күш әдісінің канондық теңдеулері (КӘКТ). КӘКТ коэффициенттерін табу және оларды тексеру. М, С>, N эпюрлерін салу. Оларды салудың дүрыстығын тексеру. Раманы күш эдісімен есептеуге мысал. Негізгі жүйені анықтау. Бірлік эпюрлерді салу. КӘКТ коэффициенттерін анықтау. М^, М соңғы эпюрлерін салу.
Статикалық анықталмаған жүйелер. Орын ауыстыру әдісі. Кинематикалық анықталмагандық дәрежесі. Орын ауыстыру эдісінің негізгі жүйесі. Орын ауыстыру әдісінің канондық теңдеулері (ОАӘКТ). Бірлік орын ауыстырудан болган сырық реакциясының таблицалық мәндері. Үш топсалы аркалар мен рамалар. Жазық фермалар
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Ғимараттарға кинематикалық талдау жасауға; статикалық анықталған және статикалық анықталмаған сырықтық жүйелерді есептеуді үйрену.
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
Пәннің аталуы
М 3г. Шет тілі 3
Қысқартылған атауы
ШТ
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Студиялық ОСӨЖ, СӨЖ
Семестр:
Семестр 5,6,7
Оқытушының Т.А.Ә.
Шойманова М., Конанова А.
Доцент / оқытушы:
Аға оқытушы; аға оқытушы
Жұмыс тілі
Қазақ, орыс тілдерінде
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Кәсіби пән, міндетті компонент
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
Студиялық -15сағ., ОСӨЖ-15сағ., СӨЖ –15сағ.
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы 45 сағ
Кредиттер /сынақ бірліктері
1
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиты: қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі – мектеп курсы
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
«Шетел тілі» пәнін оқытудың мақсаты қарым –қатынас жасаудың 4 түрін қолдана отырып,студенттердің коммуникативті аясында шет тілін қолданумен анықталады, шет ел тілінде қарым-қатынас жасау.
Мазмұны
Практикалық сабақтар бастауыш оқу топтарына қарастырылған: онда төмендегі сұрақтар қарастырылады, шетел тілінің бүкіл әлемде және Қазақстанда қызмет етуі; ағылшын /неміс тілдерінің грамматикалық жүйесін меңгеруі. Мәтін байланыс жасаудың бірлігі.Монологиялық тілдің түрлері. Реферат.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Күнделікті кең тараған жағдаяттарда қарым-қатынас жасау үшін қажет лексико-грамматикалық материалдарды меңгеру,тілдің және сөйлеу іс-әрекеттерінің әр түрін дамыту. Студенттердің білім деңгейі ағымдық, межелік және қорытынды бақылау түрінде – емтихан тест түрінде қабылданады.
Пәннің аталуы
М 8б. Құрылыстағы экономика және менеджменті
Қысқартылған атауы
ҚЭжМ
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Лекция, практикалық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ
Семестр:
6
Оқытушының Т.А.Ә.
Мамбеталиева У.Д., Шертаев Б.Т.
Доцент / оқытушы:
аға оқытушы; т.ғ.к., доцент
Жұмыс тілі
Қазақ, орыс тілдерінде
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Базалық пән, міндетті компонент
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
Лекция-30, практикалық сабақ-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы – 135 сағат
Кредиттер /сынақ бірліктері
3
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиттер: математика, информатика, экономикалық теория, құрылыс өндіру технологиясы, құқық негіздері.
Білім беру мақсаттары /құзіреттілігі
Құрылыс кешенін функционалдау сұрағы бойынша негізгі заңдық және нормативтік акт. Инвестициялық қызметтің негізгі және капитал салымдарын тиімді пайдалану; құрылыста өндірістік қорларды қалыптастыру және тиімді пайдалану. Құрылыс объектісінің жобасы шешімінің тиімділігін дәлелдеу
Мазмұны
Құрылыс материалдарды өндірістің саласы ретінде. Құрылыстың технико- экономикалық ерекшеліктері. Холдинг және қаржы -өнеркәсіптік топтарының құрамындағы құрылыс. Құрылыстағы инвестициялардың экономикалық тиімділігі. Инвестициялық қызмет туралы негізгі түсінік. Қазақстан Республикасындағы инвестиция. Инвестицияның тиімділігін анықтаудың негізгі принциптері. Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау. Құрылыстағы уақыт факторы. Құрылыстағы келісім бағалар. Құрылыс-монтаждық жұмыстардың өзіндік кұнын төмендетудің жолдары. Құрылыс нарығы. Кұрылыс нарығының ерекшеліктері. Құрылыстағы кәсіпкерлік қызмет. Құрылыстағы мердігерлік сауда. Құрылыстағы лизинг. Құрылыстың инфроқұрылымы. Құрылыстағы бәсекелестік, бәсекені тудырушы факторлар. Құрылыстағы жалға алу және оның қажеттілігі. Құрылыстағы келісімдік қатынастар. Инвестиция - құрылыстың қызметті реттеудің мәні және мемлекеттік реттеу тәсілі. Негізгі және айналымдағы құралдардың құрылымы мен құрамы. Негізгі қорларды бағалау. Физикалық және моральді тозу. Негізгі қорлардың амортизациясы. Негізгі қорлардың қолданудың тиімділігі мен көрсеткіштер мен оларды көтерудің жолдары. Айналу құралдарының көлемін анықтау. Айналым құралдарының қолданудың тиімділігі.Құрылыстағы еңбек ресурстары. Еңбек қорлары мен еңбек өнімділік мәні. Еңбек өнімділігін өлшеудің тәсілі. Құрылысты материалды-техникалық қамтамассыздандыру. Нарық жағдайында құрылысты материалды-техникалық қамтамассыздандыру. Материалды-техникалық ресурстарды жеткізуді ұйымдастыру. Құрылыс кешендегі логистикалық жүйелерді қалыптастырудың тиімділігі. Құрылыстағы пайда мен рентабельділік. Құрылыстағы кәсіпорынның табысы. Құрылыстағы пайда түрлері. Пайданы бөлу. Құрылыстағы рентабельділік. Құрылыстағы бухгалтерлік есеп пен аудит. Бухгалтерлік есептің мәні, негізгі мақсаты мен принциптері. Бухгалтерлік есептің пәні мен тәсілі. Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың ерекшеліктері. Құрылыс кәсіпорынның есеп саясаты. Құрылыстағы аудит. Қазақстан Республикасының салық жүйесі. Диверсификацияның мәні мен оның классификациясы Өндіріс шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Қазіргі заманғы нормалар мен бағалар жүйесінде жоба-сметалық құжаттарды әзірлеуде; қазіргі жағдайдағы құрылыста инвестициялардың әсерлігін экономикалық бағалауды; қазіргі жағдайда құрылыс жүргізуді қаржылау мен несиелеу әдісін; шығындарды азайту жағдайында ең үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен құрылыс өндірісінің фирма ішіндегі жоспарлауды үйрену.
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
Пәннің аталуы
М 19в. Темірбетон конструкцияларын жобалау және есептеу -І
Қысқартылған атауы
ТБК -І
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Лекция, практикалық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ
Семестр:
6
Оқытушының Т.А.Ә.
Еркінбеков А., Чалабаев Б.М.
Доцент / оқытушы:
Т.ғ.к., доцент; т.ғ.к., профессор
Жұмыс тілі
Қазақ, орыс тілдерінде
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Базалық пән, таңдау компоненті
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
Лекция-15, пратикалық сабақ-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30,
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы – 90 сағат
Кредиттер /сынақ бірліктері
2
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиттер: математика, физика, сызба геометриясы, теориялық механика, материалдардың қарсыласуы, құрылыс механикасы, құрылыс материалдары, азаматтық және өндірістік ғимараттар архитектурасы. Компьютерлік сызба жобасымен жұмыс істей білу (AutoCad). Компьютерлік есептеу жобасымен жұмыс істей білу.
Білім беру мақсаттары /құзіреттілігі
Темірбетон конструкцияларын есептеу әдістерін, оларды қолдану жүйесін норма талаптарына байланысты Іргетастардың түрлерін, оларды есептеу әдістерін; Бірқабатты өндіріс ғимараттарының конструктивті шешімдері, құрастырылуы, есептеу әдісімен жүйелерін жасай білу керек. Екі бағытта жұмыс істейтін жабын конструкцияларын конструктивті шешімдеріне байланысты арматуралау жүйесін таңдауды. Іргетастардың конструктивті шешімін таңдап, оны есептеу негізінде арматуралауды. Бірқабатты өндіріс ғимараттарының тиімді шешімін таңдап, оны құрастыру және есептеу негізінде конструкцияларды арматуралауды. Конструкцияларды есептеп жобалау құрастыру кезінде нормативті құжаттар мен ережелерді дұрыс пайдалану.
Мазмұны
Темірбетон конструкцияларын есептеп жобалаудың алғы шарттары. Конструкция түрлері, есепті схема және есепті қима мәні. Статикалық анықталған және анықталмаған конструкциялар. Оларды есептеу әдістері, айырмашылық ерекшеліктері, артықшылығы, кемшілігі. Аталған конструкцияларды арматуралау жүелері, олардың ерекшеліктері. Кеңістікті конструкциялар-дың классификациясы. Олардың құрылыста қолданыс саласы, артықшылығы және кемшілігі. Бір қисық радиусті кеңістікті конструкциялар. Ең қисық радиусті жатын кеңістікті конструкциялар. Оң және теріс Гаус қисықты кеңістікті конструкциялардың беттерін жасау түрлері. Оң Гаус қисықты жатын кеңістікті конструкцияның (оболочка) ерекшілігі. Моментсіз және моменті кернеулі – деформативті күйі тепе-теңдік теңдеуі және күштерді анықтау, оның таралу эпюрасы. Оған сәйкес оболочканы арматуралау түрі. Цилиндрлі оболочкалар жалпы мағлұмат, қолдану салалары. Ұзын цилиндрлі оболочка, конструктивті шешімі, Есепті схемасы және қимасы. Оболочка бетінде күштердің таралу эпюрасы оны арматуралау жүйесі. Қысқа цилиндрлі оболочкалар есепті схема және қима күштерді анықтау және оны арматуралау жүйесі. Күмбездер, олардың конструктивті шешімдері, Есептеу әдісі ішкі күштерді анықтау оның тірек конструкциясы. Оларды арматуралау жүйесі. Тиімді жабын конструкциясын таңдау азаматтық құрылыс үшін қыры жоғары қараған. Тегіс бетті жабын плитасы оның конструктивті шешімі, артықшылығы және кемшілігі оны есептеу шектік күй әдісі бойынша. Арматуралау жүйесі. Технико-экономикалық көрсеткіші.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Студент конструкциясын әртүрлі нұсқаларын сандық және сапалық жағынан бағалап саралай білуге үйрету; Студенттерді осы заман норма құжат талаптарына сай үйлер мен ғимараттардың жер сілкінісіне төзімді конструктивтік шешімдерін негізінде жобалауды игеру.
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
Пәннің аталуы
М 20в. Металл конструкцияларын жобалау және есептеу І
Қысқартылған атауы
МК І
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Лекциялар, практикалық сабақтар, КЖ, ОСӨЖ, СӨЖ
Семестр:
6
Оқытушының Т.А.Ә.
Үсенқұлов Ж.А., Құлтаев М.С.
Доцент / оқытушы:
т.ғ.к., доцент; аға оқытушы
Жұмыс тілі
Қазақ, орыс тілдерінде
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Базалық пән, таңдау компоненті
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
Лекция-15, практикалық -30, КЖ; ОСӨЖ-45, СӨЖ-45
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы – 135 сағат
Кредиттер /сынақ бірліктері
3 несие
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиттер: Математика, физика, сызба геометриясы, теориялық механика, құрылыс метариалдары, құрылыстағы дәнекерлеу жұмыстары, өндірістік және азаматтық ғимараттар архитектурасы, материалдар кедергісі, құрылыс механикасы, және құрылыс бойынша мөлшерлік құжаттар.
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Жобалаудың автоматтандырылған элементтерін пайдалану; студенттерге конструкциялардың ұтымды варианттарын қабылдау арқылы экономикалық тиімділігін арттыру мәселелерін үйрету; инженерлiк конструкторлық ойлау мен тапқырлықты дамыту; Құрылыс металл конструкцияларын жобалауларының қазiргi әдiстерi мен тәсiлдерiн үйрету.
Мазмұны
Шектік жағдайлар бойынша конструкцияларды есептеу әдістемесінің негізі. Жүктемелер мен әсерлер. Мөлшерлік және есептік қарсыласу. Сенімділік коэффициенттері. Созылған, ортасынан, ортасынан тыс жүктелген және иілген элементтерді есептеу. Арқалықтар және арқалықтық конструкциялар. Арқалықтық конструкцияларды жиыстыру. Арқалық торларының болат төсемесін есептеу. Құрастырмалы арқалықтарды есептеу және конструкциялау. Құрастырмалы арқалық қимасының биіктігін, қабырғасының қалыңдығын есептеу. Арқалық кимасын жинастыру. Арқалық элементтерінің жергілікті және жалпы орнықтылығын, беріктігін тексеру. Құрастырмалы арқалықтарды жобалау. Арқалықтық конструкцияларды әбден жетiлдiру жолдары. Ортасынан сығылған ұстындардың жалпы сипаттамасы. Тұтас қималы ұстындарды есептеу және жобалау. Тұтас қималы ұстын конструкциясын әрлеу. Қуыс қималы ұстындарды есептеу және жобалау. Ұстын қимасын таңдау. Қуыс қималы ұстын конструкциясын ресiмдеу. Ұстын базаларының түрлері және оларды жобалау. Траверсті және консольді қыры бар базаны есептеу және ресiмдеу. Ұстын стержінің шеті фрезерленген кезде базаны есептеу және ресiмдеу. Ферма конструкцияларын жинақтау. Ферманың пішіні, негізгі өлшемдері, торлар жүйесі. Ферманың геометриялық өлшемдерін бейімдеу (унификациялау) және модулдеу. Фермаға әсер ететін жүктемелерді анықтау. Ферма стержіндеріндегі күштерді есептеу тәсілдері. Ферма стержіндерін есептік ұзындығын есептеу. Стержіндердің шектік иілгіштігі. Ферма стержіндері қималарының түрлері. Сығылған стержіндердің қимасын есептеу. Созылған стержіндердің қимасын есептеу. Ауыр фермалар стержіндерінің қимасын есептеу. Жеңіл фермалардың конструкциялары. Бір бұрыштамалы және екі бұрыштамалы қималардан тұратын фермаларды жобалау. Кең белдеулі таврлы және құбыр қималы фермаларды жобалау. Конструкциялаудың негізгі талаптары. Ауыр фермаларды есептеу және жобалау негіздері. Ауыр фермалардың түйіндерін жобалау.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Металлдың негізгі сипаттамаларын және сортаментін (беріктік және деформативтік; прокат түрін; беріктігі жоғары және жоғартылған болаттардың тобын; құрылыс конструкцияларына болат маркаларын тағайындау); Шектік жағдайлар бойынша металл конструкцияларын есептеу әдістемесін (металл конструкцияларының қосылуын есептеу), сонымен қатар қабатаралық арқалықтық жабын торларын және бірқабатты өнеркәсіптік ғимараттарды жобалаудың негізгі принциптерін білу және игеру.
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
Пәннің аталуы
М 14б. Геотехника ІІ
Қысқартылған атауы
ГТ ІІ
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Лекция, практикалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ
Семестр:
6
Оқытушының Т.А.Ә.
Ибрагимов Қ., Бровко И.С.
Доцент / оқытушы:
т.ғ.к., доцент; т.ғ.д., доцент
Жұмыс тілі
Қазақ, орыс тілдерінде
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Кәсіби пән, міндетті компонент
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
Лекция-15, практикалық -30, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы – 135 сағат
Кредиттер /сынақ бірліктері
3
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиттер: Математика I, II; Геотехника I; Инженерлік механика I, II, III; Инженерлік геодезия I; Құрылыс материалдары I; Сәулет I; Құрылыс конструкциялары I
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Топырақтардың негізгі түрлері мен әртүрлілігін, олардың физикалық
сипаттамалары мен классификациялық көрсеткіштерін; топырақтар механикасының негізгі заңдылықтарын, топырақтың механикалық қасиетінің сипаттамалары мен оларды анықтау әдістерін; негіздіктер мен іргетастарды, жер асты және жер үсті ғимараттарын жобалаудың негізгі принциптерін; кіші және тереңде салынған негіздіктер мен іргетастарды орналастыру тәсілдері мен жобалауды; кіші және тереңде салынатын табиғи іргетастардың типтері мен конструкцияларын; негіздіктердің құрылыстық қасиетін түрлендіретін әдістерді.
Мазмұны
Топырақтар табиғаты мен олардың физикалық қасиеттері. Тұрақсыз тармақтық байланыстағы топырақтардың әртүрлілігі. Топырақтар механикасының негізгі сілтемелері мен заңдылыгы. Топырақтардың механикалық қасиеттері: сипаттамалары; негізгі сұлбалар және зертханалық сынақ режімдері. Топырақтардың деформациялану заңдылықтары, тығыздау заңдылығы, желілік деформациялану принципі. Топырақтардың су сіңірулігі, ламинарлы сүзу заңы. Топырақтар төзімділігі, Кулон заңы, Кулон-Мора теориясы. Топырақтардағы кернеу мен деформацияны анықтау. Кеңістіктік және жазықтықтық жағдайда жұмылдырылған күш және біркелкі бөлінген жүктеме салдарынан болған топырақтағы кернеу. Іргетас табанындағы кернеу. Еңістер мен баурайлардың орнықтылығы: орнықтылықты бұзу түрлері; еркін еңістер мен баурайлар орнықтылығының элементарлық міндеттері; топырақ массивтерінің орнықтылығын қатаң және жуық бағалау әдістері. Қадалы іргетастар және терең орналастырымды іргетастар. Қадалы іргетастар мен қада түрлері, олардың топтастырылуыІргетастарды терең орналастыру саласындағы классификация; қада қабаттары; тесу тіректері; түсірмелі құдықтар; кессондар; «топырақтағы қабырға» тәсілімен орнатылатын үймереттер. Олардың жұмыстары мен есептеу ерекшеліктері. Негіздіктердің құрылыстық қасиеттерін түрлендірудің негізгі әдістері; құрылыстық топырақтарды тығындау және бекіту. Ерекше жағдайда жобалаудың негізгі принциптері және іргетастар құрылғысы. Топырақтардың табиғи құрылымын сақтау және негіздіктерді дайындау. Шұңқыр қабырғаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Кері көму мен көпіршеге қойылатын талаптар. Шұңқырларды, іргетастарды және ғимараттарды жер асты суларынан қорғау. Геотехникалық мониторинг.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Құрылыстың инженерлік-геологиялық ережелерін бағалау; кернеулік-деформациялық жағдайын, топырақ массивтерінің орнықтылығы мен көтергіш қабілетін және қоршауға көрсетілетін олардың қысымын анықтау бойынша топырақ механикасының типтік есептерін шеше білу; сонымен қатар олардың құрылғысын, қайта жөндеу және күшейту
тәсілдерін, соның ішінде аса бір ерекше жағдайларда және негіздіктердің
құрылыстық қасиеттерін түрлендіру барысында жерасты құрылыстары мен іргетастар мөлшерін анықтау және типтерді таңдауды үйрену.
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
Пәннің аталуы
М 17б. Құрылыс конструкциялары - ІІ
Қысқартылған атауы
ҚК - ІІ
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Лекция, практикалық сабақ, КЖ, ОСӨЖ, СӨЖ
Семестр:
6
Оқытушының Т.А.Ә.
Оразбаев Ж.И., Сахи Қ. Чалабаев Б.М.
Доцент / оқытушы:
Т.ғ.к., доцент; т.ғ.к., профессор; т.ғ.к., профессор
Пререквизиттер: математика I, II; физика инженерлік графика I, II; құрылыс материалдары I, II сәулет I, II инженерлік механика I, II, III құрылыс коснтрукциялары I
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Темірбетоннан, тастан, металл, ағаш және пластмассадан жасалған құрылыс конструкцияларының әртүрлі кернеулі жағдайдағы жұмысы, оларды құрылғылау және есептеу тәсілдері жөнінде
Мазмұны
Болаттар мен алюминий қорытпаларыііан жасалған алғашқы элементтердің жалпы сипаттамасы мен қолдану аясы: табақ және пішінделген прокат, иілген және престелген пішіндер, құймалар, арқандар, шоғырлар және жіптер. Қима формасын тиімділеу және алғашқы элементтер сортаментінде типтік өлшемдерді градациялау, болат прокаттарға арналган мемелекттік стандарттар, ықшамдалған стандарттар. Түйістік және бұрыштық жіктерметі жасалғап дәнекерлі қосылыстар, құрылғылау, әр түрлі күштеулерге жұмысы меп есептеуінің ерекшеліктері. Кернеулер шоғырландырғыштардың әсері. Дәнекерлі қосылыстарға қойылатын конструктивтік талаптар. Алюминий қорытпаларынан жасалған конструкцияларда дәнекерлі қосылыстардың ерекшеліктері. Бұрандалы және тойтармалы қосылыстар. Арқалықтар, арқалықтық конструкциялар. Арқалықтық аражабындарды үйлестіру: бас өлшемдерді, жоспары мен биіктігі бойынша үйлестіру сұлбалары, үйлестіруді оптимизациялау. Төсем түрлері, жұмысы мен есептеу ерекшеліктері. Прокатты арқалықтардың қималарын іріктеп алу және тексеру. Құрамалы арқалықтардыц түйіндері мен бөлшектерінің конструкциясы: белдемелік табақтары мен қабыргасының және арқалықтың тірек бөлігінің қосылыстары, әр түрлі қосылыстардаи жасалган арқалықтардың зауыттық және ірілендірілген түйістері. Алдын - ала кернелген арқалықтар. Арқалықтардың жаңа конструктивтік шешімдері: кеңсөрелі қоставрдан немесе таврдан жасалған арқалықтар, жұқа қабыргалы, перфорирленгсп, биболатты арқалықтар және жұқа гофрленген қабырғалы арқалықтар. Алюминий қорытпаларынан жасалған арқалықтарды жобалау ерекшеліктері. Ортасынап сығылган ұстындар. Тұтас ұстындардың конструкциясы, қимасын іріктеп алу және тексеру, қима элементтерінің жергілікті орнықтылығьш қамтамасыз ету. Арқалықтардың ұстьшдармен жалғасу түрлері, ұстындар бастылығының конструкциясы, жұмысы және есептеуі. Ұстындарды жетілдіру: қималарының түрін оптимизациялау, кеңсөрелі қоставрларды, құбырбетопды ұстындарды қолдану. Ұстындардың автоматтандырылған жобалауы.
Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері
Ғимарат пен имараттардың конструктивтік жүйесін өңдеуді; олардың элементтерін есептеу мен құрылғылауды нормативтік, инструктивтік және техникалық әдебиеттерді қолдана отырып жүргізуді; ғимарат пен имараттардың элементтерін есептеу және құрылғылауды есептеу кешендерін қолдана отырып жүргізуді игеру.
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
Пәннің аталуы
М 18б. Құрылыс өндірісінің технологиясы - ІІ
Қысқартылған атауы
ҚӨТ - ІІ
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Әртүрлі функционалды міндет атқаратын үймереттерді қазіргі заманғы әдістер және тәсілдермен тұрғызуға теориялық негізді игеру
Мазмұны
Құрылысты ұйымдастыруды және жұмыс өндірісін жобалау. Жұмыс өндірісінің жобасы, оның түлері мен мазмұны. Күделі және арнайы жеке технологиялық жұмыс орындауға ЖӨЖ жасаудағы реттеуші ережелер. Құрылысты ұйымдастырудың тасқынды әдістері. Құрылыс алаңын инженерлік дайындау. Объектілік құрылыстық бас жоспар. Құрылыс алаңын материалды-техникалық қамтамасыздандыру. Ұймеретті толық құрамалы конструкциялардан тұрғызу технологиясы. Толық құрамалы тұрғын және қоғамдық үймереттердің құрылыс-конструктивтік шешімдері. Жобадағы үймереттің сүлбелері, қабаттар, ұзындығы және конфигурациясы. Жинақтау жұмыстары өндірісінің мерзімдік жоспарын тұрғызу. Жұмыстардың реттілігі және араластылығы. Тасқынды ұйымдастыру.Жинақтау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету. Техника-әкономикалық көрсеткіштер. Тұрғын үймереттер мен ғимараттарды тұрғызу технологиясы. Тұтас құймалы темірбетоннан үймереттерді тұрғызу технологиясы. Тұтас құймалы және тұтас құймалы-құрамалы үймереттердің құрылыс-конструктивтік шешімдері. Үймереттердің алымдарға және қабаттарға (ярустарға) бөлу. Бетон коспаларын дайындау, жеткізу, беру, қабылдау және төсеудің қолайлы технологиялық сүлбесін таңдау. Материалды-техникалық қорлар. Қалып элементтерінің, машиналар, механизмдер және тасымалдау құралдарының санын іріктеу. Объектіде крандарды, бетонсорғыштарды, пневмо-айдағыштарды. Объектінің жерасты және жерүсті бөліктерін жасауға, жалпы құрылыс және жинақтау жұмыстарының өндірісіне мерзімдік жоспарын жасау. Жұмыстардың реттілігі және араластылығы. Тасқынды ұйымдастыру. Жұмыс сапасын қамтамасыз ету. Техника-экономикалық көрсеткіштер.Іріқаңқалы және блокты-қаңкалы қалыптармен үймеретті тұрғызу. Жылжымалы қалыптармен үймеретті тұрғызу. Көлемді-жылжымалы қалыптармен үймеретті тұрғызу. Тұтас құймалы-құрамалы конструкциялармен үймеретті тұрғызу. Жұмыс сапасын қамтамасыз ету.
Металл конструкцияларынан үймереттерді тұрғызу технологиясы. Металлконструкцияларынан үймереттерді жинақтау техңологиясы. Конструкцияларды орнату бойынша жұмыстардың құрамы.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Жұмыс өндірісінің жобасының құрамы мен құрылымын; үймеретті тұрғызу кезінде тасқынды әдіс негіздерін; үймеретті тұрғызу кезінде құрылыс-жинақтау жұмыстарын мерзімдік жобалауын; құрылыс бас жоспарын жобалау негізін; құрылыс алаңын материалды-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруын; әртүрлі функционалды міндет атқаратын үймереттерді тұрғызу әдістерін; үймеретті тұрғызу кезінде орындалатын жұмыстардың сапасын қамтамасыз етуін білу және игеру.