Ф. 4-63 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шет елдер тарихы кафедрасы «Ортағасыр Қазақстан тарихы» пәні бойынша 5В011400



Дата18.02.2017
өлшемі182,47 Kb.
#10140
түріЖұмыс бағдарламасы
Ф. 4-63
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақстан және шет елдер тарихы кафедрасы

«Ортағасыр Қазақстан тарихы» пәні бойынша


5В011400 «Тарих» мамандығы студенттеріне арналған
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Ф. 4-66
БЕКІТЕМІН

ОӘЖ жөніндегі проректор

__________Ж.Мукатаева

200 __ ж. _____________

Құрастырушы: _________ т.ғ.к.,доцент А.М.Сыздыкова



Қазақстан және шет елдер тарихы кафедрасы

«Ортағасыр Қазақстан тарихы» пәні бойынша


5В011400 –Тарих мамандығы студенттеріне арналған
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Оқу жұмыс бағдарламасы 5В011400 – Тарих мамандығына арналған оқу жұмыс жостар және элективтік пәндер каталог негізінде жасалды,

ПМПИ ҒӘК отырысында бектілді 200__ж. ____________ №____


200__ж. _____________ №____хаттамамен кафедра отырысында ұсынылды

Кафедра меңгерушісі ___________ З.Сабданбекова

200__ж. _____________ №____хаттамамен

Филология және тарих факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданды.

ӘК төрағасы_____________А.М.Сыздыкова




КЕЛІСІЛДІ

ФжТ факультетінің деканы___________Қ.Текжанов

200__ж. _____________

МАҚҰЛДАНДЫ

ОҮҰД директоры ____________ 200__ж. _____________



Пәнді оқыту мақсаты:

5В011400 «Тарих» мамандығы студенттерді даярлауда «Ортағасыр Қазақстан тарихы» пәніне аса назар аударылады. Ортағасыр Қазақстан тарихы курсы – жоғарғы білім беру жүйесінде тарихи білім берудің маңызды факторлардың бірі. Ортағасыр Қазақстан тарихын жүйелі түрде оқыту өз халқымыздың тарихын барлап, оның мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін игеру үшін аса маңызды қызмет атқарады. Курстың мақсаты ортағасырларда Казақстан аймағын мекендеген ру-тайпалардың қалыптасу тарихын, көшпелілер мен отырықшы елдер арасындағы қарым-қатынасын, мәдениетін қарастырылады. Сонымен қатар зерттеу мәселелерінің дамуын және тарих ғылымындағы кейбір келіспеушілік козқарастарын атап көрсету.



Пәнді оқыту міндеті:

  • қазақ жерін орта ғасырда мекендеген халықтардың шежіресін, мәдениетің, тарихын қарастыру;

  • қазақ халқының этникалық тұлғасының қалыптасу және этнос ретінде бой көтеру мәселені зерттеу;

  • атақты тұлғалар, хандар мен султандар өміріне тоқталу және билік құрған мезгілі туралыдеректерді көрсету;

  • орта ғасырларда Қазақстанда өмір сүрген көшпелі ру-тайпалардын, отырықшы елдердын шаруашылық салтына, әлеуметтік дамуына, мәдени ерекшеліктеріне жазба және ауызша деректерді пайдалана отырып ғылыми талдау жасау;

  • сыртқы елдерге жұмсалған елшілік, жорықтар, бітімге келу мәселелерін анықтау.

Пәнді меңгергеннен кейін студенттер білу керек:

  • «Ортағасыр Қазақстан тарихы» курсының мазмұны мен міндеттерін;

  • аталған курстын оқу бағдарламасын;

  • арнайы ұғымдарды, оларды дұрыс пайдалану;

  • ортағасыр Қазақстан тарихынын негезгі оқиғаларын;

  • ортағасыр Қазақстан тарихынын негізгі тарихи деректерін және тарихнамасын;

  • қазіргі уақыттағы ортағасыр Қазақстан тарихынын өзекті зерттеу міселелерін.

Компетенциялар: Оқып алынған білімдері негізінде өздерінің мамандырылған қызметтерін ұйымдастыруға қабілетті болады — сабақтарды жүргізу, оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, ғылыми жобаларды орындауда жетекшілік ету қазіргі талаптарға сай сабақ конспектерін дұрыс құрастыру, көне заманда орын алған тарихи оқиғаларды талдау; көптеген тарихшылардың көзқарастарын талдау және т.б.

Қазақстанның ортағасыр тарихы туралы білім алу, сонымен қатар Қазақстанның тас және қола дәуірлерінің ерекшелігін, ерте көшпенділердің табиги ортаны шаруашылык игеру эволюциясын, Қазақстан аймағындағы алғашқы мемлекеттердің қалыптасуың және олардың көршілес елдерімен қарам-қатынасын, ортағасыр Қазақстан этностардың мәдениетің зерттеу




Пререквизиттер:

Пәнді оқыту төмендегі пәндерден алған біліміне негізделеді: алғашқы қоғам тарихы, ежелгі дүние тарихы, ортағасырлар тарихы, ежелгі Қазақстан тарихы, деректану.



Постреквизиттер:

«Ортағасыр Қазақстан тарихы» курсын толық игеру әрі қарай «Ортағасырлар тарихы», «Этнология», «Тарихнама» пәндерін меңгеруге мүмкіндік жасайды.



Ф. 4-70

3 Пәннің мазмұны


Пәннің тақырыптық жоспары

күндізгі оқу түрі, ЖОБ негізінде





Пән тақырыптарының атауы

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

сабақтары

СӨЖ+ОСӨЖ

8 семестр



Ортағасыр Қазақстан тарихы пәні, мақсаты мен міндеттері

2









Тарих сахнасында ежелгі түрік тайпалары.

2

1

6



ҮІ-ҮІІІ ғғ. Жетісу мен Оңтүстік және Орталық Қазақстандағы этносаяси процестер.

2

2

6



ІХ-ХІІ ғғ. Қазақстан аймағындағы мемлекеттер

2

3

6



ҮІ-ХІІ ғғ. қалалар мен коныстар

2

1

6



Әлем өркениет жүйесінде Қазақстан аймағы.

2

1

6



ХІІІ ғасырдын басындағы Орталық Азияда геосаяси жағдай.

2




8



Алтын Орда мемлекетінің тарихы.

2

2

8



Постмонголдық мемлекеттері.

2

1

7



ХІІІ-ХҮ ғғ. Қазақстан қалалар және мәдениет

2




7



Қазақ мемлекетінің құрылуы мен күшеюі.

2

2

6



ХҮІ ғасырдағы Қазақ хандығы.

2




6



ХҮІ ғ.аяғ. – ХҮІ І ғ.бас. Қазақстан.

2

1

6



ХҮІ І ғасырдағы Қазақстан.

2




6



ХҮ-ХҮІІ ғғ. Қазақстан мәдениеті.

2

1

6

Семестр бойынша барлығы

30

15

90

Пән бойынша барлығы

135

курстың компонентері
Дәріс сабақтарының мазмұны
1 тақырып. Ортағасыр Қазақстан тарихы пәні, мақсаты мен міндеттері

Ортағасыр Қазақстан тарихы пәні, құрылымы мен міндеттері. Тарихты зерттеудегі европоцентристік және этноцентристік бағыттар. Ортағасырлық көшпелі қоғамдардың тарихи-мәдени өміріне қатысты сұрақтардың зерттелмеуіне байланысты туындаған мәселелер. Қазақстан тарихын зерттеудің формациялық және өркениетті әдістері. Археологиялық, этнографиялық, жазба және ауызша деректер. Кезендестіру.



2 тақырып. Тарих сахнасында ежелгі түрік тайпалары

Б.э. 1 мыңжылдықта Орта Азия даласындағы ірі этносаяси ілгерілеу. Түрік елдер мен мемлекеттір тарихынан тарихнамалық зерттеу мәселері.Тақырып бойынша негізгі деректер. Генеалогиялық аңыздар түрік тайпаларынын этниқалық тарихы туралы. Түріктер қалыптастырған державаның құрамындағы әр түрлі көшпелі тайпалардың ортақ атауы ретінде “түрік” саяси терминнің тарауы.

Бірінші Түрік қағанатының қалаптасуы және тарихы. “Түрік эль” ұғымы. Аварларды, кидандарды, отыз татарларды және Енисей қырғыздарын Бумын қағанмен бағындыруы. Орта Азия территориясында эфталиттермен күрес, шығыс Иран елімімен байланыс. Ақ ғундар империясына қарсы Сасанидтер Иранмен одақты бекіту. Естеми қағанның жорықтары және мемлекет шеқарасының Қара теңіз бен Манжурияға дейін жетуы. Осы тұстағы қағанаттың ішкі саяси-этникалық жағдайы. Ұлы Жібек жолы – ежелгі түрік мемлекеттеріндегі кірістің басты көзі. Соғды көпестері және олардың қоныстары. Ұлы Жібек жолы үшін түрікер мен ирандықтардың арасындағы күрес.

3 тақырып. ҮІ-ҮІІІ ғғ. Жетісу мен Оңтүстік және Орталық Қазақстандағы этносаяси процестер

Батыс және Шығыс түрік қағанаты болып бөлінуінің себебі және олардың арасындағы айырмашылықтар. Коалициялар қалыптасуы: Батыс Түрік қағанаты, Қытай мен Византия – бірінші жағынан, шығыс түрік қағанаты, иран мен Авар қағанаты – екінші жағынан. Қытайдың күшеюі және түріктерді бағындіру. Батыс Түрік қағанат: әлеуметтік-этникалық және саяси тарихы. Қала мәдениеті. Түргеш қағанатының қалыптасуы. “Қара” және “сары” түргештер арасындағы қарам – қатынас. Арабтар мен түргештердің согысі. 751 ж. Талас соғысі. Қарлуқ қағанаты. Қарлуқ тайпаларының этникалық тарихы. Қарлуқ конфедерациясының қалыптасуы. Қарлуқтардың күшеюі және “Алтай патшасы” титулға қарлуқ басшысының ие болуы. Арабтар және Ұйғыр қағанатымен соғыс. 8 ғасырдағы этносаяси процестер. Кимақ қағанаты. Орталық Қазақстандағы көпшілік қанғар тайпаларына тараған кимақтардын ықпалы. Мемлекеттік құрамы және қағанаттын акімшілік бөлінуі. Қимақ мемлекетінің қалалары.



4 тақырып. ІХ-ХІІ ғғ. Қазақстан аймағындағы мемлекеттер

Оғыз мемлекеті. Оғыз тайпалар конфедерация қалыптасуының процесі. Оғыздар туралы М. Кашғари. Оғыздардағы мемлекттік жүйесінің дамуы. Евразияның саяси өміріндегі оғыздардың ықпалы. Батыс-Қанғар бірігуі. Печенегтер. Қыпшақ тайпалары конфедерациясының қалыптасуы. Қыпшақтар мемлекеттік аппарат туралы куа. Қыпшақтар мен қаракидандар арасындағы қарам-қатынас. Қапшақ хандығы мен Хорезм. Қарахан мемлекетінің әлеуметтік құрылым және шаруашылық. Исламның мемлекеттік дін ретінде ресми қабылдануы. Қидандардың 1141 жылғы жеңісі. Қарақытай мемлекеті.



5 тақырып. ҮІ-ХІІ ғғ. қалалар мен коныстар

ҮІ-Х ғасырлардағы қалалардың қалыптасуы және олардың түрлері. Жазба деректемелерде әуелгі ортағасырлық қалалар туралы мәлеметтер. Қазақстан – дамыған қалалық мәдениеттін орталығы. Қалалардың құрамы. Қолөнер мен сауда дамуы. Қалалық архитектурасы. Қоныстар. Сауда және ақша айналысы.



6 тақырып. Әлем өркениет жүйесінде Қазақстан аймағы

Көшпелі шаруашылығының типологиясы. Екі сферадан туратын шаруышылық: көшпелі мал шаруашылығы және отырықшы егін шаруышылығы. Ауыл шаруашилық өңдірісі. 5-12 ғғ. Қазақстандағы рухани мәдениет. Тіл мен жазу. Руно жазуы. Әдебиет. Юсуф Баласагуни. Ауызша әдебиет. Дін. Ахмед Яссауви. Тенгрианство. Гылым: Аль-Фараби, Ал-Кашгари және басқалар.



7 тақырып. ХІІІ ғасырдын басындағы Орталық Азияда геосаяси жағдай

Найман мен керейіттер. Шыгу тегі және тілі туралы мәселелер. Әлеуметтік құрылым және саяси сипаты. Көрші елдермен қарым-қатынасы. Шығыс Қазақстан мен Жетісуда наймандар. Орталық Қазақстандағы мемлекеттер. Монгол мемлекеттінің қалыптасуы. Шыңғыс ханның көтерілуі. Монголдардың жорықтары. “Отрар опаты”. Оңтүстік Қазақстан қалаларының монголдарғы қарсы соғыс. Монгол ұлыстарының қалыптасуы. Монгол ұлыстарының құрамындағы Қазақстан аймағы. Қазақстан территориясындағы монгол ұлыстарының орнығу проблемасы. Қазақстанның және қазақ халқының тарихында Жошы ұлысының алатын орыны мен маңызы.



8 тақырып. Алтын Орда мемлекетінің тарихы

УлугУлұс тарихының тарихнамасы. Қазақстан тарихы монгол дәуірінің негізгі деректері. Жошы ұлысындағы мұрагерлік тәртібі туралы түріктердің тарихи аңыздары. Қазақстанның және қазақ халқының тарихында Жошы ұлысының алатын орыны мен маңызы. Алтын Орда заманы – Ұлы даланың экономикалық және мәдени гүлдену кезеңі. Улуг Ұлыстың саяси тарихы: периоды возвышения и периоды кризиса. Алтын Орданың хандары және олардың сырткы және ішкі саясаты. Шыңғыс ханның «Яссасы» Алтын ордаға тән әлеуметтік қатынастардың қалыптастырушы нормасы ретінде. Қоғамдық ұйымдардың ұлыстық жүйесі. Оңдық жүйенің генеалогиялық ұйымдарға қатынасы. Ақ Орда мен Көк Орда – ерекше әлеуметтік құрылымдар ретінде.



9 тақырып. Постмонголдық мемлекеттері

Алтын Орданың ыдырау. Қазақстан аймағында пайда болған мемлекеттер.

Ноғай ордасы – территория мен басқару жүйесі. Стремления мангытских (ногайских) биев к обособленности и образованию самостоятельного государства. Их активная сепаратистская политика. Әбілқайырдың көшпелі узбектер хандығы. Әбілқайырдың сыртқы саясаты. Дешт-и-Қыпшақта оның билегінің күшеюі. Көшпелі узбектер хандығындағы дағдарыс. Сібір хандығы. Территориясы мен саяси тарихы.

10 тақырып. ХІІІ-ХҮ ғғ. Қазақстан қалалар және мәдениет

13-15 ғғ. қала мәдениеттің даму ерекшелітері. Архитектура дамуы мен градостроительство. Қала және қалалар салу дәстүрлері. Ортағасырлық қалалардың құрамы. Колөнер мен сауда дамуы. Архитектуралық стильге ислам дінің жасаған ықпалы. Орта Қазақстандағы ірі архитектуралық құрылыстар (Ахмед Иасауи, Жошы хан, Алаша хан мазарлары). Отырықшы-жер өндеуші аймақтардың тіршілік желісінің әсері тиген көшпелілер мәдениеті.

Ахмед Иасауи күмбезі Пантеон. «Диуани Хикмет». Жазба және ауызша әдебиет. Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкииз жыраулардың шығармашылығы. Ноғайлы эпос-жырлары.

11 тақырып. Қазақ мемлекетінің құрылуы мен күшеюі

ХІҮ-ХҮ ғғ. қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ этносының қалыптасуының аяқталу кезені, территориялық шекаралардың аңықталуы, этникалық құрылымның нығаюы және генеалогиялық иерархияның үйлесімді үлгісінің жасалуы. “Қазақ” этнонимі, оның әлеуметтік, саяси және этникалық маңызы.

Әбілқайыр мемлекетіндегі дағдарыс себептері және Қазақ хандығының қалыптасуының бастамасы. Қазақ хандығының негізін салушылар жән олардың генеалогиясы.

Сырдария маңындағы қаларал үшін күрес. Қазақ хандығының экономикалық және саяси өміріндегі қалалардың сан қилы ролі. Керей, Жәнибек, Бурундук, Қасым хандарының сыртқы және ішкі саясаты. Көшпелі мемлекеттіліктің дәстүрінің сақталуы. Қазақ хандығындағы билік ету структурасының демократиялық сипаты. Ұлыс - әкімшілдік-территориялық бірлестік.



12 тақырып. ХҮІ ғасырдағы Қазақ хандығы

20-30 жж. Қазақ хандығының басынан откерген дагдарыс себептері. Тахир, буйдаш және Мамаш хандар. Маңғыт билердің күшеюі. Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының қайта күшеюі. Жаулап алған жерлердің қайтарылуы. Оңтүстіктегі иеліктер ушін күрес. Шығай ханың өзбектік позициясы. Қазақ хандарының Сібір хандығының жұмыстарына қатысуы. Россияның Сібірге экспансиясының басталуы. Тәуекел ханның немер іңісі Оразмұқамбед султанның тағдыры.



13 тақырып. ХҮІ ғ.аяғ. – ХҮІ І ғ.бас. Қазақстан

16 ғас. Батыс Қазақстанның аймағы. Аштархан хандығы мен Маңғыт Йурты. Политическая нестабильность в этих государствах. Құшумның Сібір хандығының құлауы. Россияның Сібірге экспансиясының басталуы. Есім хан тұсындағы Қазақ хандығындағы қос үкмет. “Есім ханның ескі жолы”. Казахское ханство при Есим хане. «Есим ханнын ески жолы». Реформы 17 века. Введение жузовой организации ханства. Ташкенттің тәуелсіз ханы – Турсын хан. Жоңғарлармен собысқан Жәнгир хан.



14 тақырып. ХҮІ І ғасырдағы Қазақстан

Қазақ қоғамының саяси жүйесі. Община – основной субъект политических отношений. Двойная структура власти в традиционном казахском государстве: авторитеттік және аристократиялық. «Жеті Жарғы». Әлеуметтік қатынастар.

Тәуке ханның билігі. Билер кенесі. Қазақ хандығының сырткы байланыстар.

15 тақырып. ХҮ-ХҮІІ ғғ. Қазақстан мәдениеті

ХҮ-ХҮІІ ғғ. Қазақ мәдениетінің ерекшелігі. Материалдық мәдениет: тұрғын үйлер, киіз үйлер, т.б. Архитектуралық құрылыстар. Декоративті бейнелеу өнері.


Содержание практических занятий
1 тақырып. Тарих сахнасында ежелгі түрік тайпалары.

  1. Түркі империясының шеқарасы.

  2. Иран, Византиямен қарым-қатынасы.

  3. Түрік элі.

2 тақырып. Батыс-Түрік қағанаты

  1. Батыс және Шығыс түрік қағанаты болып бөлінуінің себебі және олардың арасындағы айырмашылықтар.

  2. Шегуй және Тон жабгу билік еткен кезінде Батыс-Түрік қағанаты.

  3. Қытайдың ықпалы.

3 тақырып. Түрік қағанаты ыдыраунан кейінгі Орталық Қазақстан.

  1. Б.э. 5 ғасырдағы Орта Қазақстанның этникалық картасы.

  2. Қимақ тайпалары конфедерацияның қалыптасуы.

  3. Қимақ қағанатының тарихы мен мемлекеттік құрылуы.

  4. Қимактардың қалалары.

4 тақырып. Оғыз және қыпшақ мемлекеттері.

  1. Оғыз және қыпшақ көшпелі мемлекеттерінің этникалық құрамы.

  2. Оғыз қағанатының пайда болуы және оның тарихы.

  3. Қыпшақтардың күшеюі және оралдың хандығы.

5 тақырып. Қарахан мемлекеті.

  1. Феодалдық қатынастардың дамуы.

  2. “Икта” институты

  3. Қарахан мемлекеті қалыптасуында қарлуқтардың ролі.

  4. Сельджуктер мен Қарахан мемлекеті.

6 тақырып. Қарақытай мемлекеті

  1. 10 ғасырдағы кидандар

  2. қаратықай мемлекетінің пайда болуы мен тарихы.

  3. Жетісудағы мусылмандардың жағдай.

7 тақырап.5-12 ғғ. Қазақстандағы қалалар

  1. 5-12 ғғ. Қазақстан қалалар мен қала мәдениеті.

  2. Сауда мен көшпенділердің дәстүрлі қолөнері.

  3. Қаладағы қол өнер орталықтары

  4. Архитектура

8 тақырып. Әлем өркениет жүйесінде Қазақстан аймағы.

  1. 5-12 ғғ. Қазақстан аймағынды тараған тіл мен жазу.

  2. Түрік дәуіріндегі жазба әдебиеттін жетістіктер.

  3. Ғылымның дамуы.

  4. Діни нанымдары мен ғұрыптары және әлем діндердің тарауы.

9 тақырып. Ұлуг Ұлыс тарихы

  1. Ұлуг Ұлыс мемлекетінің құрылуы. Мемлекеттік құрылыс.

  2. Ұлуг Ұлыс хандары. Олардың билігі.

  3. Ұлуг Ұлыс уақыты – экономикалық және мәдени даму уақыт

10 тақырып. Көшпенділердің кейінгі әлем державасының соңы.

  1. Маверанахр және Могулистан: қарым-қатынас тарихы

  2. Әмір Темірдің саясаты мен Ұлуг Ұлыстың хандары.

  3. Едиге - Ұлуг Ұлыстың соңғы билеушы

  4. Алтын Одра мемлекетінің ыдырауы.

11 тақырып. Постмонголдық мемлекеттерінің қалыптасуы.

  1. Ноғай ордасы мен саяси тарихы.

  2. Сібір хардығы. Орта, Солтүстік Қазақстанның жерлері Сібір хандығының құрамында.

  3. Аштархан хандығы және аймақтын тарихына жасаған ықпалы.

  4. Көшпелі узбектердің хандығы. Саяси тарихы.

  5. Моғулистан. Саяси тарихы.

12 тақырып. Қазақ халқының қалыптасуы

  1. Қазақ халқының қалыптасуы кезеңдері.

  2. «Қазақ» этноним туралы деректер мен тарихнама.

  3. Қазақ жұздары, территория және ру құрылымы.

13 тақырып. Қазақ хандығының пайда болуы және күшеюі

  1. Көшпелі өзбек мемлекетіндегі қазақ-өзбек-ноғай шиеленістері.

  2. Жәнибек және Керей ұлыстарының көшіп кетуі.

  3. Біріккен экономикалық жүйедегі егіншілік және мал шаруашылық байланыстары.

  4. Сырдария маңындағы қалалар үшін күрес

  5. Қасым ханның саясаты.

14 тақырып. 16-17 ғғ. Қазақ хандығының хандары және тарихы.

  1. Қазақ хандығының әлеуметтік-саяси құрамы.

  2. Хандық ішіндегі саяси дағдарыс.

  3. Хақназар хан – елдің басын қсушы хан.

  4. Қазақ хандығының хандары

15 тақырып. 15-17 ғғ. Қазақстан мәдениеті.

  1. Қазақтардың материалық мәдениеті.

  2. Жырау поэзиясы және музыкалық шығырмалар.

  3. Халық мерей тойлары.

  4. Сенім-нанымдар.

Тапсырма:

1. Әр сұраққа конспект құру

2.Қойылған сұрақтарға ауызша жауап беру

3. Реферат қорғау.


3.3 Күндізгі бөлімде оқитын студенттердің өздік жұмыстарының мазмұны



СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Көлемі (сағаттар)



Дәріс сабақтарына дайындық

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

30



Тәжірибелік сабақтарына дайындық, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15



Аудиториялық сабақтар мазмұнына кірмеген материалды қарастыру

Конспект

Коллоквиум,

30



Семестрлік тапсырмаларды орындау

Реферат

Семестрлік тапсырманы қорғау

30



Бақылау шараларына дайындық

-

АБ1, АБ2, (тестілеужәне т.б.)

30

Жалпы

135


Студенттерге ұсынылған өздігінен оқуға арналған тақырыптар


  1. Б.з. І Мыңжылдықта Орта Азия даласындағы ірі этносаяси ілгерілеу. [2, стр.296-303; 3, стр.75-89; 4,стр.,32-51]

Тапсырма: мақалаларды талдау, схема-картаны құрастыру.

  1. Ұлы жібек жолы. [2, стр.462-482; 4,стр.,52-66]

Тапсырма: Әдебиетті шолу.Керуен жолдарының карта-схемасын құрастыру..

  1. Талас маңындағы шайқас. [2, стр.303-305; 4,стр.,293-307]

Тапсырма: Доклад.

4. Қазақстандағы қала мәдениеті. [2, стр.347-376;]

Тапсырма: реферат

5. Ұлыс жүйесінің пайда болуы. [3, стр.215-250; 2, стр.115-121]

Тапсырма: мәселеге арналған мақалаларды талдау.

6. Қазақ халқының этногенезі. [3, стр.250-268;]

Тапсырма: кесте құрастыру.

7. 17 ғ. Қазақ хандығыдағы реформалар. [3, стр.315-323;]

Тапсырма: сұрақтарға жауап беру.
Әдебиеттер
Негізгі:

1. ҚазССР тарихы. 5 тт., - А., 1977-1979

2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінгн дейін). т.1.-А.,2010, т.2. - А.,2010.

3. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы: ежелгі және ортағасыр. – Алматы, 2008

4 Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. А.1992

5. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. –М.,2003

6. Гумилев Л.Н. Тысячелетие вокруг Каспия. – М. 1998
Қосымша:

1. Абилев А.К., Евдокимов В.В. Казахстана в древности. К. 1991.

2. Асфендиаров С.Д. История Казахстана (с древнейших времен),

2-ое изд.В.1993

3. Назарбаев Н.А. В потоке истории.А.1999

4. КузембайулыА., Абилев Е. История Республики Казахстан. А.1996



5. Кляшторный С.Г. История Центральной Азии и памятники рунического письма. – С-П.,2003
Каталог: modules -> kaf -> ikizs -> images -> UMKD
UMKD -> Ф. 4-72 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы «Мұражайтану және діни өнер»
UMKD -> Ф. 4-63 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шет елдер тарихы кафедрасы «Ежелгі Қазақстан тарихы» пәні бойынша 5В011400
UMKD -> Ф. 4-63 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы «Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша 5В011400
UMKD -> Пәннің/мамандықтың оқу-әдістемелік кешені барлық мамандықтар үшін «Қазақстан тарихы»
UMKD -> Ф. 4-71 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы 5В011400 – «Тарих» мамандығы студенттеріне арналған «Қазіргі дәстүрлі емес діни ағымдар»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет