Жарақаттар және олардың түрлері. Жарақат – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуы, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуы, органдардың зақымдануы және көптеген басқа жәйттердің әсерінен ұлпалар мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Жарақаттануға механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тогы), психикалық (қорқыныш) фкторлар әсер етуі мүмкін.
Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы).
Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін.
Жабық зақымдану – бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдалу түрлері. Бұдан терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы (буынның таюя, сүйектің сынуы) жатады.
Ашық зақымдану – бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғыларының кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы).
Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады. Созылмалы жарақаттарға көптеген кәсіби жарақаттар жатады (ауыр дене еңбегімен шұғылданатын адамдардың табанының жалпақтығы, машинисткалардың тарамыс қынабының қабынуы, кір жуушылардың жаурауы, рентгенологтардан қолындағы қотыр мен жар болуы).уақыттың шектеулі үзігі аралығында халықтың белгілі бір тобындағы жарақаттардың жиыны жарақаттанушылық деп аталады. Жарақаттанушылық өндірістік (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы), өндірістік емес (тұрмыс, спорт, көше, көлік) ж»не әскери болып бөлінеді.
Кез келген жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмауының бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық жүйке жүйесінің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен кезінде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.
Талықсу – адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айырылуы.
Талықсу көбінесе психикалық жарақат деп аталады (қорқу, дененің аяқ асты сырқырауы).
Талықсуға қажу, ашығу, қанның аздығы, жуынатын бөлмеде ұзақ отыру әсер етеді. Талықсу көбінен аяқ асты пайда болады, алайда кейде сырқаттың құсқысы келеді, ауаның жетпеуін сезінеді. Бұл жағдайда сырқат бозарады, тамыр соғысы әлсірейді, дем алысы күшейеді. Есінен айрылған бойда ауру құлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |