Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет21/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

9—10-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Бір минут бір кісінің тағдыры.

Білімділік:

Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеуүлгілерін қолдану негізінде тақырып туралы ақпарат беру.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтік минимумдар арқылы сұхбат құру мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында уақыттың адам өміріндегі рөлін түсіндіру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы мағлұмат береді.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): жаңа тақырып аясында шағын мәтін құрай алады.

Жаңа сөздер:

Тағдыр, шықылдау, тиянақ жоқ, ұрлау, бұлдыр, дәурен, заман.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы мен түрлі түсті- қарындаштар мен фломастер- лер, үнтаспа, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, парақшалар.

Оқыту әдістері:

Ә Түсіндіру, «Щаттық шеңбері» тренингі, кластер, диалог, постер, синквейн, «ПОПС» формуласы, жұптық, топтық жұмыстар.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім сыныпты сабаққа ұйымдастыру үшін оқушылармен бірге «шаттық шеңберін» құрады.

Оқушылар ортаға шеңбер құрып, мұғаліммен бірге ән айтады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында үнтаспадан Абайдың

«Сағаттың шықылдағы емес ермек» деген өлеңін тыңдатады, тақырыпқа қатысты дайындаған

слайдтарын көрсетеді.


Өлеңді тыңдайды, слайдтарды қарайды, өз ойларын айтады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактив- ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздер- мен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша

жаттығу жүргізеді.


2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орын-

датады.


Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орын- датады.

Жазылым. «Өмір» сөзіне кластер құрады.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым.

Мәтінді тыңдайды, мәнерлеп оқиды,

түсінгенін айтады.





Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ә) Айтылым. Оқулықтағы 4, 6-тапсырманы орындатады.

Б)


Айтылым. «ПОПС» формуласын қолда- нып, өлең мазмұны бойынша өз пікірін дәлелдейді, сұрақтарға жауап береді.

Б) Жазылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орын- датады.

Жазылым. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөйлем құрап жазады.

4. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға А4

парағы мен түрлі-түсті қарындаштар мен флома-

стерлер таратады.


Топтық жұмыс. А4 парағына «Уақыт» тақырыбында постер жасайды.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым.

Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.



Жазылым. Мәтіндегі қою қаріппен берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді, шағын мәтін құрайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.

Айтылым. «Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас» деген өлең жолдары бойынша ой бөліседі.

IV. Бекіту

А) Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Синквейн (бес жолды тақпақ) дайын- дайды.




Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушы- лардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.

VI. Үйге тапсырма

«А.Құнанбаевтың өнегелі өмірі» тақырыбында мәтін құрау.




VII. Рефлексия

Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет