Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет24/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

тақырып. Жердегі климаттық өзгерістер




1—2-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Ғаламдық экологиялық мәселелер.

Білімділік:

Қазақ тіліндегі нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы сөз байлығын ұлғайтудың алғышарт-тарын жасау.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып аясында қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы ақ- параттық ұғымын кеңейту.

Тәрбиелік:

Cипаттау мәтіндерінің негізінде оқушыларға экологиялық тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік крите- рийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты шағын мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы ғаламдық экологиялық мәселелер туралы ақпарат береді.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып көлемінде сыныптастарымен сөйлесімге түсіп, ғаламдық экологиялық мәселелер жайлы жан-жақты ақпарат береді.

Жаңа сөздер:

Жұқаруы, жердің тозуы, мұнай қалдықтары, жойыла бастайды, итбалықтардың қырылуы, алдын алу үшін, айыппұл мөлшері, сүзгілер орнату, апатты аймақ, тартылу, құрғап қалу, желмен тарау.

Сабақта қолданы- латын материал- дар:

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, үлестірмелі материалдар, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Ә Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, жағдаяттық тапсырма, кластер, топтық жұмыс, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.

Оқушылар бір-бірімен қол алып, амандасады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кем- шіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қы- зығушылығын ояту мақсатында ғаламдық экологиялық мәселелерге қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді, сұрақтар қояды:

— Балалар, сендер ғаламдық экологиялық мәселелер жайлы не білесіңдер? Экологиялық

қауіпті аймақ дегенді қалай түсінесің?


Сұрақтарға жауап береді.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактив- ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздер- мен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша

жаттығу жүргізеді.


2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орын-

датады.


Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

Ә) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсыр- маны орындатады.

Жазылым. Айтылым. Бірінші бағандағы сөздердің мағынасын екінші бағаннан тауып айтады, келесі бағанға сол сөздердің орысша аудар- масын жазады.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым.

Мәтінді тыңдайды, оқиды.



Ә) Айтылым. Оқулықтағы 5, 6-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Мәтін желісі бойынша суреттердің орналасуын ретімен айта- ды, сұрақтарға жауап береді.

Б) Оқылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орында- тады.

Оқылым. Мәтіннен еліміздің экология- лық мәселесі туралы айтылған ой бөлігін тауып оқиды.

В) Жазылым. Оқулықтағы 8, 9-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сөйлем құрайды, сөйлем аяқтайды.

Г) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 10-тапсыр- маны орындатады.

Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқиды, жаңа сөздерді табады, қандай сөз- дермен тіркесіп тұрғанын анықтайды, мағынасын түсіндіреді.

4. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға

«Ғаламдық экологиялық мәселелер»

тақырыбында кластер құрғызады.


Кластер құрады.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Оқылым. Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады. Топтық жұмысты ұйымдастырады.

Жазылым.Оқылым. Қоршаған орта- ны қорғаудың қарапайым ережесін дайындайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Жеке жұмыс. Оқулықтағы 12-тапсырманы орын- датады.

Жазылым. Үш нұс

қаның ішінен қажетті сөзді таңдап



жазады.

IV. Бекіту

А) Оқулықтағы 13-тапсырманы орындатады.

Жағдаяттық тапсырманы орындайды.

Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі желімқағаздар таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға жазып, тақтаға іледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет