Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет25/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

3—4-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Экологиялық сауаттылық.

Білімділік:

Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде экологиялық сауаттылық жайлы толық ақпарат бере білуге машықтандыру.

Дамытушылық:

Тілдік коммуникация барысында интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде оқушылардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Қазақ тілінде берілген мәтіндер арқылы сыныптастарымен достық қарым-қатынас қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде экологиялық сауаттылық жайлы ай- тады, сұрақтарға жауап береді, оқылым мәтініндегі негізгі ойды табады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін айтады, дәлелдер келтіреді, ақпараттарды салыстыра алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында қазақша сыныптастарымен сұхбаттасады, шағын мәтін құрай алады, қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, сызба түрінде бере алады.

Жаңа сөздер:

Дамып келеді, ықпалын тигізуде, төмендеуде, өзгерістерге ұшырауда, шөлейттенуі, топырақ, бүлінуі, салғырт қараймыз.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, кестелер, суреттер, парақшалар, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Ә Сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ортақ портрет» әдісі,

«Қақпа» ойыны, «Төрт сөйлем» тәсілі, «Шағын шолу» тәсілі, Жағымды сөздер» тәсілі.



Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңбері­ не» тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқу- шыларды түгендейді.

Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушыларды жаңа сабаққа деген қы- зығушылығын ояту мақсатында «Ортақ портрет» әдісін қолданып, экологиялық сауаттылық жайлы өз ойларын айтуды сұрайды.

Сыныптағы әр оқушы бір сөйлем арқылы экологиялық сауаттылыққа ауызша мінездеме береді. Берілген мінездемелерінен ортақ пор- трет құралады.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Ин- терактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудар- масын айтады. Оларды оқиды, оқушы- ларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтіналды жұмыс. А) Жазылым. Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 1-тап- сырманы орындатады. «Қақпа» ойынын ұйымдастырады.

Жазылым.Оқылым. Айтылым. Айтылған жаңа сөзді кестеге жылдам жазады.




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырма- ны орындатады.

Жазылым. Кептеліс, ластану, сауатты, мәселе сөздерін түрлендіре отырып, септейді.

Б) Жазылым. Оқылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Оқылым.

Мәтінді оқиды, сұраққа жауап береді.



3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырма- ны орындатады.

Тыңдалым. Оқылым.

Мәтінді тыңдайды, оқиды.



Ә) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Жазылым. Мәтінді оқиды, биосфера- да не болып жатқандығын санамалап жазады.

Б) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.

Оқылым.Айтылым. Мәтіннің соңғы ой- бөлігіндегі сұрақтарға жауап береді, өз жауа- бын дәлелдеп айтады.

В) Жазылым. Оқулықтағы 7-тапсырма- ны орындатады.

Жазылым. Сөйлемді толықтырады.

4. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға

«Желаяқ» ойынын ойнатады.



Ойынның шарты бойынша оқушылар топқа бөлінеді. Топ санына қарай мәтін ілінеді. Топ мүшелері кезекпен тақтадағы мәтіннің бір сөйлемін ішінен оқиды, сол сөйлемді тобына келіп жаздырады. Мәтін аяқталғанша ойын осы ретпен жалғаса береді. Ойын соңында желаяқтар баяндаған мәтін мен тақтадағы түпнұсқа мәтін салыстырылады. Жылдам әрі мәтінді дұрыс құраған топ жеңімпаз атанады.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындата- ды.

Жазылым. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды жалғап, сөйлемдерді аяқ­ тайды, сөздерге сұрақ қояды.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 11-тапсырманы орындата- ды.

Жазылым.Оқылым. Мәтінді оқиды, айтылған идея мен сөздерді пайдаланып, Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне хат жазады.

IV. Бекіту

А) Оқулықтағы 12-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Мәтін мазмұны туралы пікірін «Төрт сөйлем» құрылымына салып жазады.

Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздер- ін, сөйлемдерін параққа жазады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау.







Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

VII. Рефлексия

Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мына- дай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойын- ша сабақ қорытындыланады.

Сабақ барысында мұғалім, сыныптас-тары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады. Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет