Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет26/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

5—6-сабақ




Сабақ тақырыбы:

Қазақстан климатының өзгеруі.

Білімділік:

Тілдік коммуникация барысында Қазақстан климаты жайлы ақпарат бере білуге үйрету.

Дамытушылық:

Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы оқушылардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Қазақша берілген мәтіндер арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде Қазақстан климаты жайлы ақпараттар береді, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы Қазақстан климатын сипаттайды, қосымша мәліметтер береді.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында сыныптастарымен тілдеседі, шағын мәтін құрайды.

Жаңа сөздер:

Жоғарылаған, тау бөктері, мұздықтар, қысқарған, жорамалдайды, өзендердің ағысы, әсер етеді, ауа алмасуы, шығыны.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, «Менің атым Қожа» көркем суретті фильмі, жазушы Б.Соқпақбаевтың суреті, А4 парағы, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Ә Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Жүректен жүрекке» тренингі, «Қақпа» ойыны, диаграмма, диалог, «Жылдам жина!» ойыны, «Буриме» тәсілі, жұптық, топтық жұмыс,

«Жеке әңгіме» техникасы .



Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөз- дер жазады. Сабақ соңында талдана- ды.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кем- шіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарымен таныстырады, Қазақстан климаты мен табиғаты жайлы айтады. Балаларға ой шақыру сұрақтарын қояды:

— Балалар, Қазақстан климаты қандай? Әлемдегі экологиялық мәселелер Қазақстанға

әсер ете ме?


Сабаққа қатысты слайдтармен таныса- ды, сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактив- ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздер- мен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша

жаттығу жүргізеді.





2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1, 2-тапсырманы орын-

датады.


Айтылым. Суретте не бейнеленгенін айтады, сұрақтарға жауап береді.




Ә) Жазылым. Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады. «Қақпа» ойынын ұйымдастырады.

Жазылым.Оқылым. Айтылым. Айтылған жаңа сөзді кестеге жылдам жазады.




Б) Оқылым Айтылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.

Оқылым.Айтылым.

Берілген сөздер мен сөз тіркестерін

мағынасына қарай сәйкестендіреді.





3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым.

Мәтінді тыңдайды, түсініп оқиды.






Ә) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 6-тапсыр- маны орындатады.

Жазылым. Айтылым. Жаңа сөздерді тағы қандай сөздермен тіркестіруге болатындығын айтады.




Б) Оқылым. Айтылым. 7, 8-тапсырманы орында- тады.

Оқылым.Айтылым. Дұрыс жауабын таңдайды, өз ойын айтады.




4. Сергіту сәті. «Жылдам жина!» ойынын ұйымдастырады. Ойынның шарты бойынша оқушыларды топқа бөледі, әр топқа Қазақстан табиғатына қатысты суреттердің бөліктерін үлесті реді.

Ойынның шарты бойынша оқушылар топқа бөлінеді. Мұғалім үлестірген сурет бөліктерін құрастырады, сипат- тайды. Сурет бөліктерін жылдам әрі тез құраған, дұрыс сипаттаған топ жеңімпаз атанады.




5. Мәтінсоңы жұмыс. Оқулықтағы 10-тапсыр- маны орындатады.

Жазылым. Тиісті қосымшаларды жалғап, сөйлемдерді аяқтайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

IV. Бекіту

«Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 9-тапсырманы орындау.







Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

VII. Рефлексия

Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттайтын суреттер іледі.

Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарды жапсырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет