Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет34/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

7—8-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Тараздың бойтұмары.

Білімділік:

Қазақша сипаттау мәтіндері арқылы Тараз қаласының тарихы жайлы ақпараттық ұғымын кеңейту.

Дамытушылық:

Түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы тақырыпқа қатысты атауларды меңгерту.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында рухани құндылықтар мен көне жәдігерлерді құрмет- теуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы Тараз қаласының тарихы жайлы ақпарат бере алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): жаңа тақырып аясында шағын мәтін құрай алады, сысныптастарымен сұхбаттасады.

Жаңа сөздер:

Бойтұмар, жаугершілік, күмбез, шайқас, неке қию, балғын.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, «Көне Тараз» туралы деректі фильм, тақырыпқа қатысты суреттер, сызба, альбомдар мен буклеттер.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Төрт сөйлем» тәсілі, диалог, ойталқы, эссе, «Шағын шолу» тәсілі.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т. б.) салады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексе- реді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушыларды жаңа сабаққа кіргізу мақсат- ында Интерактивті тақтадан «Көне Тараз» туралы деректі фильм көрсетеді. Ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, Тараз қаласының тарихы жайлы не білесіңдер?

Тараз қаласының басқа қалалардан қандай

ерекшелігі бар?


Деректі фильмді көреді, сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Ин- терактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аударма- сын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.






2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы



орындатады.

Айтылым. Сұрақтар бойынша диалог құрады.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Диалогтегі көп нүктенің орны- на қажетті сөздерді қойып жазады.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқы- лым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орын- датады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Мәтіндегі қою қаріппен белгі- ленген сөздерді орыс тіліндегі аудармасы- мен жазады, метафоралы тіркестерді теріп жазады.




Б) Айтылым. Оқулықтағы 5, 7-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Метафоралар қолданып, диалог құрады.




4. Сергіту сәті. Күнделікті сергіту жаттығуын жасатады.

Сергіту жаттығуын жасайды.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Оқылым. Айты- лым. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындата- ды.

Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқиды, ұлттық архитектураның ерекшелігі туралы түсінгенін айтады.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Қайнаркөздерді пайдаланып, Қазақстан жерінде бой көтерген ғашықтар кесенелерінің бірі туралы материал жинай- ды, тұсаукесер жасайды.

IV. Бекіту

А) Айтылым. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Пікірталас өткізеді.




Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушы- лардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Күн шапақтары салынған А4 парағын тара- тады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет