Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет37/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

тақырып. Спорт және денсаулық күтімі. Т. Нұрмағамбетов.


«Он төрт жасар жігіт».

1—2-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Футбол ойнаймыз.

Білімділік:

Тілдік коммуникация негізінде спорттың түрлері жайлы ақпарат беру.

Дамытушылық:

Сөйлесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пай- далану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік:

Қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетіне құрылған қарапайым сөйлемдер негізінде оқу- шыларды саламатты өмір салтына бейімдеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді табады, сұрақтарға жауап береді.




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын айтады, ақпараттың өзектілігін анықтайды.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып бойынша қосымша деректер кел- тіреді, мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз ойын айтады, сыныптастарымен пікір алмасады.

Жаңа сөздер:

Қақпаға тұру, ұпай алу, денсаулық кепілі.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, футбол бағдарламасының бейнебаяны, тақырыпқа қатысты буклеттер, слайдтар, плакат, маркерлер, кесте, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ой шақыру» әдісі,

«Қос шеңбер ішінде танысу» тәсілі, диалог, жағдаяттық тапсырма, «Ішкі және

сыртқы шеңбер» техникасы.


Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «шаттық шеңберін» құрғызып, ын- тымақтастық атмосферасын орнату үшін оқу- шыларға: — Балалар, сендер қарым-қатынас барысында бір-біріне қандай жақсы сөздер айтасыңдар?-деп сұрайды.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айта-ды. Қайырлы күн, достым! Әр күнің сәттілікке толсын!

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын сұрайды. Кемшіліктер ді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.




І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында футбол ойынына қатысты бағдарламаның үзіндісін көрсетеді, ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, сендер- ге футбол ойнаған ұнай ма? Қазақстан футболы туралы не білесіңдер? Cендердің ұнататын футбол командаларың бар ма? Ол командада қандай футболшылар ойнайды?

Оқушылар бағдарламаның көрсетілімін көреді, сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауыз-

ша жаттығу жүргізеді.





2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орын-

датады.


Айтылым. Сұрақтар ға жауап береді.




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орын- датады.

Жазылым. Сурет бойынша мәтін құрайды.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Айтылым.

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Айтылым. Мәтінді тыңдайды, рөлге бөліп оқиды.




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орын- датады.

Жазылым. Мәтіндегі қою қаріппен жазылған сөздердің синонимін таба- ды, сөйлем құрайды, түсіндіреді.




Б) Айтылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орын- датады.

Айтылым. Топтау сан есімдерін қолда- нып, сурет бойынша диалог құрады.




4. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Оқулықтағы 6, 7-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Кесте толтырады, әңгіме құрап жазады.




5. Сергіту сәті. «Қос шеңбер ішінде танысу» тәсілін пайдаланып, тақырып аясында сұхбат құрғызады.

Оқушылар екі шеңберге бөлініп, бір-біріне қарап тұрады. Өзара әңгімелесіп, сұхбат құрады.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Жағдаяттық тапсырманың шартын орындайды.

IV. Бекіту

«Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 9-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы көңіл- күйлерін білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет