Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет39/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

5—6-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Балалар жазушысы.

Білімділік:

Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеуүлгілерін қолдану негізінде оқу- шыларға жазушы Т. Нұрмағамбетов жайлы ақпарат беру.

Дамытушылық:

Қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы іскерлікке, шеберлік- ке машықтандыру.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында рухани-мәдени тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде жазушы туралы ақпарат береді, жаңа сөздерді сөйлем ішінде қолдана алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында жазбаша, ауызша жұмыс- тарды орындайды, кесте, ішінде берілген ақпаратты түсінеді, қолдана алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында мәтін құрайды.

Жаңа сөздер:

Құрметті азамат, нәзік сезім, жасандылық, кесіп-пішу, қобалжу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, Т.Нұрмағамбетовтің суреті, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, қоржын, карточкалар, парақшалар, желімқағаздар.




Оқыту әдістері:

Ә Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Жүректен жүрекке» тренингі, кластер, «Төрт сөйлем» тәсілі, «Сиқырлы қоржын» ойыны, диалог, «Шағын шолу» тәсілі, «Жағымды сөз- дер» тәсілі, жұптық жұмыс.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жағымды сөз- дер жазады. Сабақ соңында талданады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында 2-тапсырманы орындатады.

Балалар туралы шығармаларды кластер түрінде көрсетеді.

ІІ.Маынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша

жаттығу жүргізеді.





2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы-

орындатады.


Айтылым. Жазылым. Сұрақтарға жауап береді.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орында- тады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді оқиды, түсінгенін баяндайды.




Ә) Айтылым. Оқулықтағы 4, 6-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Мәтінге сүйеніп, ақпараттың дұрыстығын тексереді, түсіндіреді, ақпа- ратты «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып айтады.




Б) Жазылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.

Б)


Жазылым. Мәтіндегі қою қаріппен берілген сөздердің синонимін табады, құрмалас сөйлем құрайды.




Сергіту сәті. «Сиқырлы қоржын» ойынын ұйымдастырады.

Әр оқушы қоржынның ішінен сөз жа- зылған бір карточканы алады, сол сөзді қатыстырып, 2 не 3 сөйлем құрайды.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым.

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.



Айтылым. Мәтіндегі ақпаратты пайдала- нып, диалог құрады.

ІІІ. Ой толғаныс

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Т. Нұрмағанбетов туралы ақпарат жинай- ды.

IV. Бекіту

«Есте сақта!» айдарымен берілген сөз тіркест- ерін оқиды, талдатады.

Сөз тіркестерін оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау.







Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

VII. Рефлексия

Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Ба- лалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.

Сабақ барысында мұғалім, сыныптастары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады. Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет