Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет40/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

7—8-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Еңбек етсең ерінбей...

Білімділік:

Қазақша сипаттау мәтіндері арқылы тақырып жайлы ақпараттық ұғымын кеңейту.

Дамытушылық:

Түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы жаңа атауларды меңгерту.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдайды, өз ойын айтады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): жаңа тақырып аясында шағын мәтін құрай алады, жан-жақты ақпарат береді.

Жаңа сөздер:

Қауақ, атыз, ернеулете көміп қою, тырмалау, талтаып тұру, күрсіну.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакаттақырыпқа қатысты суреттер, сызба, альбомдар мен буклеттер.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, диалог, фотоколлаж,

«Шағын шолу» тәсілі.



Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смай- лик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т. б.) салады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кем- шіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушыларды жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында жазушының «Он төрт жасар жігіт» шығармасынан үзінді оқиды, ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, мәтінде не туралы айтылған? Қияс туралы не айтар едіңдер?

Үзіндіні тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша

жаттығу жүргізеді.





2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орын-

датады.


Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Суреттерді пайдаланып, шағын әңгіме құрайды.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды, негізгі ақпаратты анықтайды, түсінгенін баяндайды, жоспар құрады.




Ә) Айтылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.




Б Б) Оқылым. Оқулықтағы 6-тапсырманы орын- датады.

Оқылым. Қияс пен оның інісі Сауыттың диалогін оқиды.




4. Сергіту сәті. «Сүйікті спортшым» спортшым тақырыбында фотоколлаж дайындатады.

Фотоколлаж дайындайды.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым.

Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.



Айтылым. Диалог құрады.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.

Жазылым. «Еңбекқор Қияс» деген та- қырыпта эссе жазады.

IV. Бекіту

«Есте сақта!» айдарымен берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқиды, талдатады.

Сөздер мен сөз тіркестерін оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушы- лардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.

Тексерілді: _________



ОІМ: Байтасова Ш.Ш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет