бет 48/90 Дата 15.12.2019 өлшемі 0,72 Mb. #53614
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы 9—10-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Қыз сипаты.
Білімділік:
Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде тақы- рып туралы ақпарат беру.
Дамытушылық:
Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтік минимумдар арқылы сұхбат құру мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік:
Тілдік коммуникация барысында рухани-мәдени тәрбие беру.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы мағлұмат береді.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): жаңа тақырып аясында шағын мәтін құрай алады.
Жаңа сөздер:
Ақша маңдай, дана, жауға бермес , шаһыбаз, жұмақ, хор қызы.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы мен түрлі түсті- қарындаштар мен фломас- терлер, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, парақшалар.
Оқыту әдістері:
Түсіндіру, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Тірек сөздер» стратегиясы , ассоциаграмма, синквейн, жұптық, топтық
жұмыстар.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім сыныпты сабаққа ұйымдастыру үшін оқушылармен бірге «шаттық шеңберін» құрады.
Оқушылар ортаға шеңбер құрып , мұғаліммен бірге ән айтады.
Өткен сабақты тексеру
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушы- лықты ояту
Оқушыларға «Тірек сөздер» стратегияС сының негізінде тақтадағы плакаттарған бірнеше сөз- дер (қыз, қыз келбеті, т. б.) жазады.
Оқушылар кезек-кезек тақтаға шығады. Маркерлерді пайдаланып , ассоциаграмма құрайды.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактив- ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздер- мен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздер- ді тыңдайды , қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орын-
датады.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орын- датады.
Жазылым. Сөз тіркесін құрайды.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.
Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды, өзі қалаған екі шумақты жаттайды.
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ә) Айтылым. Оқулықтағы 4, 6-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Берілген сұрақтарға өлең жолдарынан жауап тауып айтады , сұрақтарға жауап береді.
Б) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 7-тапсырма- ны орындатады.
Оқылым. Айтылым. Суреттерді өлеңдегі қыздардың сипаттамасымен салыстырып айтады.
4. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға А4
парағы мен түрлі-түсті қарындаштар мен флома-
стерлер таратады.
Топтық жұмыс. А4 парағына сұлу қыздың суретін салады, сипаттайды.
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым.
Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Кестені толтырады, өз ойын жазады.
ІІІ. Ой толғаныс
Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Айтылым. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қояды.
IV. Бекіту
А) Тақырыпқа қатысты синквейн құратады.
Синквейн (бес жолды тақпақ) құрайды.
Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.
Сөйлемдерді оқиды, талдайды.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушы- лардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.
Достарыңызбен бөлісу: