Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет46/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

5—6-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Сән әлемі.

Білімділік:

Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде оқушыларға тақырып жайында мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы іскерлікке, шебер- лікке машықтандыру.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында эстетикалық тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша сән әлеміне қатысты жаңа сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрады, достарымен тақырып жайлы сөйлеседі, қазақ- ша ақпарат береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын айтадысән әлеміне қатысты жаңа сөздерді сөйлесім барысында тиімді қолдана алады, сыныптастарымен сұхбат құрады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып бойынша қосымша деректер келтіреді, мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап береді, сән әлемі жайлы мәтін құрай алады.

Жаңа сөздер:

Белдемше, қалпақ, топтамалар көрсетілімі.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, кесте, маркерлер, А4 парағы, түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, парақшалар.


Мен сән үлгісімен киінемін

Мен сән үлгісімен киінбеймін












Оқыту әдістері:

Ә Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Жүректен жүрекке» тренингі, «Позицияны таңдау» тәсілі, жұптық, топтық жұмыстар, диалог, «Шағын шолу» тәсілі, «Жағымды сөз- дер» тәсілі, жұптық жұмыс.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жағымды сөздер жазады. Сабақ соңында тал- данады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктер ді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Жұптық жұмыс. «Позицияны таңдау» тәсілі бойынша әр жұпқа кесте, маркерлер таратып береді.

Оқушылар кестеге «иә», «жоқ» де- ген жауап жазады, өз ойларын дәлелдейді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактив- ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздер- мен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша

жаттығу жүргізеді.





2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1, 3-тапсырманы орын-

датады.


Айтылым. Мектептегі киім кию үлгісі мен әдебін суреттеп айтады, сұрақ- тарға жауап береді.




Ә) Жазылым. Оқылым. Оқулықтағы 2-тапсырма- ны орындатады.

Жазылым. Оқылым. Мамандық иелерінің киім кию үлгісін суреттеп жазады.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.




Ә) Айтылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орында- тады.

Айтылым. Мәтіннің тақырыбын тауып айтады.




Б) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 6-тапсырма- ны орындатады.

Оқылым. АйтылымМәтінді оқиды, мазмұнына қарай ойбөліктерін дұрыс орналастырады, ретін сандармен белгілейді.




В) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 7-тапсыр- маны орындатады.

Жазылым. Айтылым. Етістіктерді үш шақта жазады.




Г) Жазылым. Оқулықтағы 8-тапсырманы орын- датады.

Жазылым. Қою қаріппен берілген бо- лымсыз етістіктерді болымды етістікке айналдырып жазады.




4. Сергіту сәті. А4 парағын, түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер мен маркер- лер таратады. «Жеткіншектер киімі» ойынын ұйымдастырады.

Оқушылар киім үлгісінің суретін сала- ды, сипаттайды.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым.

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.



Жазылым. Берілген сұрақтарға жау- ап жазады.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Мәтіннен теріп жазады.

IV. Бекіту

А) Оқулықтағы 12-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Жағдаяттық тапсырманы орындайды.




Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 9-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.

Сабақ барысында мұғалім, сыныптастары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айта- ды. Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет