|
|
бет | 43/90 | Дата | 15.12.2019 | өлшемі | 0,72 Mb. | | #53614 |
| Байланысты: 7 cынып мұғалім кітабы 13-сабақ
Сабақ тақырыбы:
|
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
|
Білімділік:
|
Интербелсенді әдістер мен тілдік тапсырмалар арқылы оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту.
|
Дамытушылық:
|
Нәтиже сабақ аясында қазақ тілінен топтық, жұптық жұмыстарды орындау арқылы іскерлікке машықтандыру.
|
Тәрбиелік:
|
Тілдік коммуникация барысында саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
|
Жетістік критерийлері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша сөйлем құрайды, сұрақтарға жауап береді, тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді толық меңгереді.
|
|
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында қазақша сөйлесімге түседі, жай сөйлемдер арқылы сипаттайды.
|
|
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында мәтін құрай алады.
|
Негізгі түсініктер:
|
Спорт, атақты спортшылар.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Интерактивті тақта, плакаттар, маркерлер, карточкалар, А4 парағы, парақшалар.
|
Оқыту әдістері:
|
Көрнекілік, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, «Жүректен жүрекке» тренингі, «Атаулар кестесі» тәсілі, диалог, «Шағын шолу» тәсілі.
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
|
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
«Жүректен жүрекке» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді.
|
Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтады.
|
Өткен сабақты тексеру
|
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктер ді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
|
І. Қызығушылықты ояту
|
Мұғалім оқушыларға «Атаулар кестесі» тәсілін пайдалану арқылы тақтаға тақырып бойын- ша 2—3 негізгі сөз не сөз тіркесін жазғызып, сөйлем құратады.
|
Сөйлем құрайды.
|
ІІ. Мағынаны тану
|
1. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы 1-тапсыр- маны орындатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, Қияс пен Сауыттың көңіл- күйі туралы айтып береді.
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
|
Ә) Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орын- датады.
|
Айтылым. Ойын дәлелдеп айтады.
|
|
Б) Жазылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Футболшы мен тіліші ара- сындағы сұхбатты дайындайды.
|
|
3. Сергіту сәті. «Спорт әлемі» ойынын ұйымдастырады.
|
Оқушылар әйгілі спортшылар кейпін- де спорт аренасындажүреді, оларды сипаттайды.
|
|
4. Білгенге маржан. Берілген мақал- мәтелдерді оқиды, мағынасын түсіндіреді.
|
Оқылым. Айтылым. Мақал- мәтелдерді оқиды, тақырыпқа қатысты мақалдар айтады.
|
ІІІ. Ой толғаныс
|
А) Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Суретті пайдаланып, диалог құрады.
|
|
Ә) Ой дамыту. Спорт тақырыбына жұмбақтар жасырады. Күштілер бар небір, Көтерген ауыр темір (штангашы). Жүз метрге жүгірген, Желаяқты кім білген? (спринтер).
|
Жұмбақтарды шешеді.
|
IV. Бекіту
|
Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Досымен «Спорт дүкенінде» деген тақырыпта сұхбат құрады.
|
V. Бағалау
|
Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.
|
Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жаза- ды.
|
VI. Үйге тапсырма
|
Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау.
|
|
VII. Рефлексия
|
Күн шапақтары салынған А4 парағын тарата- ды.
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|