Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет32/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

3—4-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Отырар — өркениет ордасы.

Білімділік:

Сөйлесім барысында тілдік тапсырмалар негізінде тақырып жайлы толық ақпарат беру.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып аясында берілген сөйлемдер мен мәтіндер бойынша жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу.

Тәрбиелік:

Оқушыларды сипаттау мәтіндері арқылы ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде Отырар өркениеті туралы ақпарат береді, жаңа сөздерді сөйлем ішінде қолдана алады, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын айтады, мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжай алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып бойынша қосымша деректер келтіреді, мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап береді, сыныптастарымен пікір алмасады.

Жаңа сөздер:

Танымал, жазба деректер, кепіл, өгіз терісі, жауапкер, уағызшы, тақуа.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, «Отырардың күйреуі» фильмі, кітап көрмесі, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл күйді анықтау» тренингі, жұптық, топтық жұмыстар, жағдаяттық тапсырма, диалог, «Жеке әңгіме» техникасы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің не- гізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейта- рап, т. б.) салады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктер ді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылы- ғын ояту мақсатында «Отырардың күйреуі» фильмі- нен үзінді көрсетеді, Т. Жұртбайдың шығармасынан үзінді оқып береді, ой шақыру сұрақтарын қояды:

— Балалар, Отырар өркениеті жайында не

білесіңдер? Отырар қаласы қайда орналасқан?


Фильмді көреді, үзіндіні тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактив-

ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды,

оқушыларға қайталатады.


Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөз- дерді тыңдайды, қайталайды. Ай- тылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.




2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындата-

ды.


Айтылым. Сұрақтарға жауап бе- реді.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орында- тады.

Жазылым. Сөзжұмбақты шешеді.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 5, 7-тапсырманы орын- датады.

Ж Жазылым. Конспект жажаза- ды, мәтіндегі меФ тафораларды көшіріпжазады, мағынасынтт түсіндіреді, синонимдерін табады.




Б Б) Айтылым. Оқулықтағы 6, 8-тапсырманы орын- датады.

Мәтін мазмұнын айтады, жағдаят- тық тапсырманы орындайды.




4. Сергіту сәті. Мұғалім «Аквариум» тәсілін қолданып, диалог (9-тапсырма) құрғызады.

Айтылым. Шетелдік досына қазақ жеріндегі ежелгі мәдени ошақтарды таныстырады.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Оқылым. Жазылым.

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.



Оқылым. Жазылым. Жағдаяттық тапсырманы орындайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 11-тапсырманы орында тады.

Жазылым. Диаграмманы толтыра- ды.

IV. Бекіту

«Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет