Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет82/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

5—6-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Жас өнертапқыштар.

Білімділік:

Тілдік коммуникация барысында жас өнертапқыштар туралы ақпарат беру.

Дамытушылық:

Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы оқушылардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетіне құрылған қарапайым сөйлемдер негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша жас өнертапқыштар туралы ақпарат бере алады, оның ерекшелігін таныстыра алады.




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде қарапайым сөйлемдер арқылы жас өнертапқыштарды ңжетістіктері мен жаңалықтарын сипаттай алады.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен жас өнертапқыштар туралы қазақша мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы сынып- тастарымен сөйлеседі, етістіктің райларын ажырата алады.

Жаңа сөздер:

Ұтқыр, өнертапқыш.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, парақшалар, желімқағаз дар, смайликтер.

Оқыту әдістері:

С Сипаттау, түсіндіру, талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тре- нингі, постер, «Шағын шолу» тәсілі, «Жағымды сөздер» тәсілі.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің не- гізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смай- лик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т. б.) салады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

«Тірек сөздер» стратегиясын пайдаланып, «Жас өнертапқыштар» тақырыбында шағын мәтін құрастыруды тапсырады.

Тірек сөздердің негізінде щағын мәтін құрастырады.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен та- ныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауыз-

ша жаттығу жүргізеді.





2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1, 2-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Суреттерді салыстырады, сұрақтарға жауап береді, сөз тіркесін құрайды.




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орында- тады.

Жазылым. Мақал-мәтелдерден етістіктерді табады, рай түрлеріне қарай талдап жазады.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.




Ә) Айтылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орында- тады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.




Б) Жазылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орында- тады.

Жазылым. Мәтіннен қою қаріппен берілген сөздерді теріп жазады, қалау райға айналдырады.




4. Сергіту сәті. «Жас өнертапқыштар» тақырыбында постер дайындатады.

Постер дайындайды.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Оқылым. Айтылым.

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады..



Оқылым.Айтылым. Диалогті толықтырады.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Бес сөй лем құрап жазады.

IV. Бекіту

«Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есін-

де қалған сөздерін, сөйлемдерін

параққа жазады.


VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.

Сабақ барысында мұғалім, сыныпта- стары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады.

Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет