бет 85/90 Дата 15.12.2019 өлшемі 0,72 Mb. #53614
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы 11-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Нәтиже сабақ. Мен нені үйрендім?
Білімділік:
Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы модуль бойынша алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық:
Модуль бойынша берілген қазақша мәтіндер негізінде жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу.
Тәрбиелік:
Қазақша шағын мәтіндерді баяндау арқылы ақпараттық-танымдық құзіреттілігін қалыптастыру.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): модуль көлемінде ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары жайлы қазақша ақпарат бере алады, сұрақтарға жауап береді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты сыныптастарымен тілде- седі, диалог құрады.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): өзі білетін ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарымен сыныптастарын таныстырады, шағын мәтін құрап айтады.
Негізгі түсініктер:
«ЕХРО — 2017» көшпелі көрмесі, ғылым, ғалымдар.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттер, плакаттар, маркерлер, желімқағаздар.
Оқыту әдістері:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, әңгімелеу, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Тірек сөздер» стратегиясы, ассоциаграмма, диалог, эссе, жағдаяттық тапсырма, «Жалпы сұрақ» техникасы.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін «шаттық шеңберін» құрады.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілей- ді.
Өткен сабақты тексеру
Өткен сабақтың тапсырмасын тексе- реді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушылықты ояту
Оқушыларға «Тірек сөздер» стратегиясының негізінде тақтадағы плакаттарға бірнеше сөздер жазады.
Оқушылар кезек-кезек тақтаға шығды. Маркерлерді пайдаланып, ассоциаграмма құрайды.
ІІ. Мағынаны тану
1.Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Жағдаяттық тапсырманы орын- дайды.
Ә) Оқылым. Жазылым. Айтылым. Оқу- лықтағы 2, 3-тапсырманы орындатады.
Оқылым.Жазылым. Айтылым. Диалогті одағай сөздермен толықтырады, сөйлем- дерді қазақ тіліне аударады, одағайлар- дың қандай мағынада жұмсалып тұрғанын айтады.
ІІІ. Ой толғаныс
Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Жағдаяттық тапсырманы орын- дайды.
IV. Бекіту
Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Пікірталас ұйымдастырады.
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
V. Бағалау
Формативті бағалау.
«Жалпы сұрақ» техникасы бойынша бағаланады.
VI. Үйге тапсырма
«Ғылым мен техниканың соңғы жетістік- тері» тақырыбында эссе жазу.
VII. Рефлексия
Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттайтын суреттер іледі.
Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарды жапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: