Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет88/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

5—6-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Ақиқат пен аңыз.




Білімділік:

Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеуүлгілерін қолдану негізінде оқушы- ларға жазушының шығармасы жайында мағлұмат беру. Лексикалық тақырып аясын- да теңеуді меңгерту.

Дамытушылық:

Қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы іскерлікке, шеберлікке машықтандыру.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында патриоттық тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде тақырыпқа қатысты ақпарат береді, жаңа сөздерді сөйлем ішінде қолдана алады, сұрақтарға жауап береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында жазбаша, ауызша жұмыстарды орындайды, кесте, ішінде берілген ақпаратты түсінеді, қолдана алады, тақырыпқа қатысты ақпараттарды талдайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында мәтін құрайды, сыныптастары- мен пікір алмасады.

Жаңа сөздер:

Қаһармандық, даңқты, шынайы, қолбасшы, тәкаппар, өтірік айтпайтын, алып тұлға.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, дүниежүзінің физикалық картасы, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, парақшалар.

Оқыту әдістері:

Ә Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Жүректен жүрекке» тренингі, «Б.Момышұлы» туралы де- ректі фильм, «ПОПС» формуласы, диалог, «Төрт сөйлем» тәсілі, «Шағын шолу» тәсілі,

«Сиқырлы қоржын» ойыны, «Жағымды сөздер» тәсілі, жұптық жұмыс.



Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік, «Балалар энциклопедиясы», 3-том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жағымды сөздер жазады. Сабақ соңында талда- нады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында «Б.Момышұлы» туралы деректі фильм көрсетеді, батырдың ер- лік жолымен таныстырады, шығармадан үзінді оқып береді. Оқушылармен бірге талдайды.

Деректі фильмді көреді, мәтінді тыңдайды, ақпараттармен танысады, негізгі ойды табады.




ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша

жаттығу жүргізеді.


2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орын-

датады.


Айтылым. Берілген суреттер бойынша диалог құрастырады.

Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны жалғап жазады.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, түсінгенін баяндайды.

Ә) Жазылым. Оқылым. Оқулықтағы 4 -тапсыр- маны орындатады.

Жазылым. Оқылым. Берілген сөздерді ретіне қарай орналастырады.

Б) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 5 -тап- сырманы орындатады.

Жазылым. Айтылым. Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіреді.

4. Сергіту сәті. «Сиқырлы қоржын» ойынын ұйымдастырады.

Әр оқушы қоржынның ішінен сөз жа- зылған бір карточканы алады, сол сөзді қатыстырып, 2 не 3 сөйлем құрайды.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым.

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.



Жазылым. Топтықжұмыс орындайды.

ІІІ. Ой толғаныс

В) Айтылым. Оқулықтағы 6-тапсырманы орын- датады.

Айтылым. Мәтіндегі ақпаратты «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып айтады.

IV. Бекіту

А) Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

«ПОПС» формуласын қолданып, мәтіндегі ақпараттар бойынша өз пікірін дәлелдейді.




Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 7-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.

Сабақ барысында мұғалім, сыныптаста- ры тарапынан айтылған жағымды сөз- дерді еске түсіреді, айтады. Желімқағаз- дарға жазады, тақтаға жапсырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет