Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет84/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

9—10-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Майкл Х. Харт. Альберт Эйнштейн.

Білімділік:

Қазақ тіліндегі шағын мәтіндер негізінде әлемге әйгілі ғалымдар туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Оқушыларды әдеби тіл нормасын сақтау, дұрыс ой қорытуға дағдыландыру.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында достық қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): ғалымдар, олардың ғылымдағы жетістіктері жайында айтады, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында қойылған сұрақтарға жауап береді, ғалымдардың жетістіктерін сипаттайды, жаңа сөздермен сөйлем құрайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырыпқа қатысты өз ойын айтады, сыныптаста- рымен пікір алмасады, мәтін құрайды, мәтіндегі тілдік бірліктерді талдайды.

Жаңа сөздер:

Көңіл бөлмеді, қарсы болды, қауіпті, ескертті, жаңғалақ, ұмытшақ, салдыр-салақ, икемсіз, қанағатшыл, құпия сақтаған.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, маркерлер, үлестірмелі материалдар, смайликтер, же- лімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Т Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Қос шеңбер ішінде танысу» тәсілі, диалог, «Интервью» рөлдік ойыны, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің не- гізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смай- лик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т. б.) салады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді, ғалымдар туралы мәлімет береді.

Слайдтарды көреді, мәліметтерді тыңдайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен та- ныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауыз-

ша жаттығу жүргізеді.


2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1, 3-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, сұрақтар қояды.

Ә) Жазылым. Оқылым. Оқулықтағы 2-тапсырма- ны орындатады.

Жазылым. Оқылым. Жаңа сөздерді мағынасына қарай сәйкес келетін сөздермен тіркестіреді.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.

Ә) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 5, 7-тапсыр- маны орындатады.

Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқиды, жаңа сөздерді табады, қандай сөз- дермен тіркесіп тұрғанын анықтайды, мағынасын түсіндіреді.

4. Сергіту сәті. «Қос шеңбер ішінде танысу» тәсілін пайдаланып, тақырып аясында сұхбат құрғызады.

Оқушылар екі шеңберге бөлініп, бір-біріне қарап тұрады. Өзара әңгімелесіп, сұхбат құрады.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сөйлемдерді аяқтап жазады.

IV. Бекіту

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Айтылым. «Интервью» рөлдік ойынының шартын орындайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» тех- никасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттайтын суреттер іледі.

Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарды жапсырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет