Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет86/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

тақырып. Батыр туса — ел ырысы




1—2-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Батыр туса — ел ырысы.

Білімділік:

Тілдік құрылымдар негізінде оқушыларға Ұлы Отан соғысы жайында түсінік беру. Лексикалық тақырып аясында көмекші есімдерді меңгерту.

Дамытушылық:

Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану арқылы оқу- шылардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Оқушыларды сипаттау мәтіндері арқылы батырлар мен олардың ерлік істерін құр- меттеуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді табады, мәтіндердің идеясын анықтай алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын айтады, мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжай алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып бойынша қосымша деректер келтіреді, мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап береді, сыныптастарымен пікір алмасады.

Жаңа сөздер:

Алдыңғы шептегі, мәңгі есімізде, шексіз, қару-жарақ, мақтан тұтарлық.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты буклеттер, слайдтар, дүниежүзінің саяси картасы, плакат, маркерлер, кесте, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, кластер, диалог, «Қос шеңбер ішінде танысу» тәсілі, диалог, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «шаттық шеңберін» құрғызып, ын- тымақтастық атмосферасын орнату үшін оқу- шыларға:

— Балалар, сендер қарым-қатынас ба- рысында бір-біріңе қандай жақсы сөздер

айтасыңдар?-деп сұрайды.


Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады. Қайырлы күн, достым! Әр күнің сәттілікке толсын!

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «батыр» сөзіне кластер құрғызады.

Кластер құрады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша

жаттығу жүргізеді.


2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы

орындатады.


Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Суреттерге қарап, берілген сөздерден сөйлем құрайды.

3. Тілдік бағдар. Көмекші есімдерді еске түсіртеді.

Көмекші есімдерді еске түсіреді.

4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орында- тады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды, түсінгенін баяндай- ды.

Ә) Айтылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Мәтін мазмұны бойынша 7 сұрақ жазады, парталас досы екеуі сұрақтарды алмасып, жауап береді.

Б) Жазылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Берілген кестені толтырады.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым.

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.



Айтылым. Жағдаяттық тапсырма орын- дайды.

6. Сергіту сәті. Постер жасатады.

Жұптық жұмыс. Оқушылар қазақтан шыққан батыр ұлдар ға постер жасай- ды.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Берілген мақал бойынша ой бөліседі.

IV. Бекіту

А) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.




Ә) Оқулықтағы 9-тапсырманы орын датады.

Айтылым. Тақырып бойынша диалог құрады.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушы- лардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 7-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы көңіл- күйлерін білдіреді.

13-тақырып. Батыр туса — ел ырысы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет