бет 17/90 Дата 15.12.2019 өлшемі 0,72 Mb. #53614
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы тақырып. Уақыт — ұлы күш. Абай Құнанбаев. «Сағаттың шықылдағы емес ермек»
1—2-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Уақыт — сый.
Білімділік:
Тілдік құрылымдар негізінде оқушыларға уақытты үнемдеу жайлы түсінік беру. Лексикалық тақырып аясында сын есімнің шырайларын меңгерту.
Дамытушылық:
Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану арқылы оқушы- лардың қазақша байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Оқушыларды сипаттау мәтіндері арқылы өз уақытын үнемдеуге тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерий- лері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді табады, сын есім шырайларының қызметін біледі.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын айтады, мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжай алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып бойынша қосымша деректер келтіреді , мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз ойын айтады, сыныптастарымен пікір алмасады.
Жаңа сөздер:
Керемет, мәдениеттілік, азық.
Сабақта қолданы- латын материал- дар:
Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты буклеттер, слайдтар, плакат, маркерлер, кесте, смайликтер.
Оқыту әдістері:
Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассо- циограмма, ойбөліс, жағдаяттық тапсырма, жұптық жұмыс, «Қос шеңбер ішінде танысу» тәсілі, диалог, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім «шаттық шеңберін» құрғызып, ын- тымақтастық атмосферасын орнату үшін оқу- шыларға: — Балалар, сендер қарым-қатынас барысында бір-біріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар?-деп сұрайды.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады. Қайырлы күн, достым! Әр күнің сәттілікке толсын!
Өткен сабақты тексеру
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушылықты ояту
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «уақыт» сөзіне ассоциограмма құрғызады.
Әр оқушы тақтада ілулі тұрған плакатқа маркермен өз түсінігін жаза- ды, диаграмманы толтырады.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша
жаттығу жүргізеді.
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орын-
датады.
Айтылым. Бір-біріне сұрақ қояды.
Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Сөйлем құрайды.
3. Тілдік бағдар. Сын есімнің шырайларын меңгертеді.
Сын есімнің шырай ларын меңгереді.
4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.
Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.
Тыңдалым. Оқылым. Диалогті тыңдайды, оқиды, түсінгенін баяндай ды.
Ә) Айтылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орын- датады.
Айтылым. Мәтінде
гі «Уақыт — керемет сый», «Уақыт — ең қымбат дүние» деген тұжырымдар бойын
ша ой бөліседі.
Б) Жазылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Сөйлем құрайды.
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым.
Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Жағдаят
тық тапсырманы орындайды.
6. Сергіту сәті. «Қос шеңбер ішінде танысу» тәсілін пайдаланып, тақырып аясында сұхбат құрғызады.
Оқушылар екі шеңберге бөлініп, бір- біріне қарап тұрады. Өзара әңгімелесіп, сұхбат құрады.
ІІІ. Ой толғаныс
Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Гетенің «Уақытты босқа жіберіп алудан артық өкініш жоқ» атты нақыл сөзі бойынша диалог құрады.
IV. Бекіту
«Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды , талдатады.
Сөйлемдерді оқиды, талдайды.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.
«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы көңіл- күйлерін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: