Қазіргі кезде қоғам «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді. Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Басқалары бұл сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.
ikaz.kz - Ашық Мәліметтер Порталы
Түсінікті анықтаудың барлық осы жолдары сөздің мағынасына өте жақын.
«Жасыл» экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика.
Тұжырымдаманың экономика секторлары бойынша нақты тапсырмаларын орындау құралдары келесі бағдарламалық құжаттар болып табылады: "Агробизнес¬2020" 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыьу бағдарламалары, 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялықдаму бойынша мемлекеттік бағдарлама, 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, 2010-2014 жылдарға арналған "Жасыл даму" салалық бағдарламасы және басқа да салалық бағдарламалар.
Есептеу бойынша 2050 жылға қарай «жасыл экономикасы» аясында түрлену ЖІӨ-ді қосымша үш пайызға арттырып, 500 мыңнан астам жұмыс орнын құруға, өнеркәсіптің жаңа салаларын қалыптастырау, халыққа барлық жерде мір сапасының жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ikaz.kz - Ашық Мәліметтер Порталы
«Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.
Жасыл экономика негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар. Мамандардың айтуынша, «жасыл» экономиканы дамыту елімізге экологиялық дағдарыстан қашып құтылуға мүмкіндік береді.
«Жасыл экономикаға» көшудің негізі бағыттарының бірі энергетикалық аспект болып табылады. Қазақстанға ескірген техникалық парк құрадл-жабдықтары ме ехнологиялық желілерді жаңарту арқылы көмір мен көмірсутекті пайдалануды азайтуға қол жеткізу қажет.
«Жиырма жыл бойы Қазақстан инфрақұрылымды жаңарту мен дамыту жүзеге асырылады: Активтердің жалпы мәліметтер көлемінен 55% ғимараттар және 40% электр станциясы. 2030 жылы олар жаңадан салынады», - деп атапөтті өз сөзінде ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров.
Сондай-ақ, оның айтуынша, автокөліктік парктің 80%-дан астамы 2030 жылға қарай жаңа болады.
ikaz.kz - Ашық Мәліметтер Порталы
Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.
Әлемдік энергетика көшбасшыларының Саммитін өткізу энергетиканың қоршаған ортаға әсерін азайту бойынша елдің алған бағытының дұрыстығын бағалауға мүмкіндік береді, деп хабарлады «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.
«Әлем қауымдастығы Қазақстанға қызығушылық танытып келеді. Әлемдік энергетика көшбасшыларының Саммитін өткізу энергетиканың қоршаған ортаға әсерін азайту бойынша елдің алған бағытының дұрыстығын бағалауға мүмкіндік береді»,
ikaz.kz - Ашық Мәліметтер Порталы
Өткізілген «РИО + 20» Саммитінен кейін қазақстандық қоғамның күші «жасыл» экономикаға ауысу бойынша стратегияны іске асыруға бағытталған. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жасыл» экономикаға ауысу бойынша тұжырымдама әзірленді. Тұжырымдамада бірінші кезекте басты түрде экономиканың белгілі бір салаларын реформалауға бағытталған басым міндеттер тізбесі ұсынылды.
бірінші кезең - 2013–2020 жж. – қорларды пайдалануды оңтайландыру және табиғат пайдалану қызметінің тиімділігі арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды құру;
екінші кезең - 2020–2030 жж. – табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу;
үшінші кезең - 2030–2050 жж. – олардың жаңартылуы жағдайында негізіне табиғи қорларды пайдалану қойылған, ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция» қағидаттарына ауысуы.