Науқасты тексеру және сырқатнама толтыруды мына кезектілік бойынша жүргізу керек:
I.Науқас жайлы анықтамалар жинау
II. Тексеру жүргізу
III.Диагноз қою
IV.Емдеу
Науқас жайлы анықтамалар жинау
Паспорттық анықтамалар(аты-жөні,жасы,мекен-жайы)
Сұрап тексеру
Науқастың шағымдары.
Анамнез жинау.
Шағымдарын анықтау:
сұрақтар:
«қандай шағымдармен келді?»
(жетекші) сұрақтар:
«қалай ауырады»
«неден ауырады, қанша уақыт ауырады?»
«қашан күшейеді?»
«ауру сезім шектелген немесе таралған?»
Сұрап тексеру:
Науқасты сұрап тексеру.
Шағымдарды анықтау;
Шағымдарды нақтылау (детализация);
Аурудың басталуын және дамуын анықтау;
Аурудың ағымын бағалау;
бұрын жүргізген емнің нәтижесін қарау.
Анамнез жинау – ауру тарихы:
Қашан ауру басталды (бірінші симптомдарды қашан сезді)?
Ауру қалай басталды?
Аурудың басталуы немен байланысты?
Клиникалық белгілері қалай дамиды?
Ем жүргізді ма?
Ем нәтижелі болды ма?
Өмір анамнезі:
Туған жері?
Мекен жайы?
Өндірісте жұмыс жағдайы?
Тұрмыстық жағдайы?
Тамақтандыру ерекшеліктері?
Бұрын және қазір қандай аурулармен ауырады (Перенесенные и сопутствующие заболевания)?
Аллергоанамнез?
Зиянды әдеттер?
Тексеру жүргізу(қарап тексеру):
Бет әлпетін сырттан қарау:
Науқастың жалпы жағдайы;
Беттің тепе-теңдігін (симметриясын);
Терінің түсін;
Бастың шаш бөлігінің жағдайын;
Еріннің қызыл жиегінің, көздің конъюктивасының, мұрын қанаттарының жағдайын
Бет терісінің жағдайы (түсі,жара,тыртықтар)
иек және мұрын-ерін қыртысының жетілу деңгейіне(айқын емес, айқын)
Ауыз бұрышының орналасуына (жоғары көтерілген,төмен түскен)
Ерін түйісу сызығы
Тістердің немесе алвеолды өсіндінің жалаңаштануы
Сөйлеу мен күлу барысы
Иектің шығып тұруына (алға,қалыпты,артқа)
Бет жартысының бірдейлігіне
Беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігіне
Диагноз- медициналық номенклатураларда және жіктелудегі терминдерді қолдана отырып, аурудың жеке көрінісі мен патологиялық жағдайын сипаттай отырып қорытынды жасау.
Диагноз құру:
аурудың аталуы
Этиологиялық компонент
Патогенетиалық компонент
Негізгі көріністер механизмі
Патологоанатомиялық компонент
Ағзаның функциональды бұзылысының деңгейі мен сипаты
Ауру болжамы-аурудың ағымы мен патологиялық үрдісінің негізінде аурудың пайда болуын,дамуын және одан айығуын алдын ала көре білу үрдісі
Достарыңызбен бөлісу: |