Денсаулық сақтау ұйымдарының, яғни емдеу мекемесіндегі дәрiлiк формулярын әзірлеу тұрады: 1) Денсаулық сақтау ұйымының клиникалық фармакологы немесе фармацевтімен ХПА бойынша дәрілік формуляр жобасын және ҚҰФ негізіндегі дәрілік заттардың қажеттілік көлемін құру;
2) Денсаулық сақтау ұйымының Формулярлық комиссиясымен дәрілік формуляр жобасының қарастырылуы;
3) Денсаулық сақтау ұйымының бірінші жетекшісімен дәрілік формулярдың бекітілуі.
Денсаулық сақтау ұйымының клиникалық фармакологы немесе фармацевті, ҚҰФ негізінде, дәрілік формуляр жобасын келесілердің есепке алынуымен әзірлейді: 1) Денсаулық сақтау ұйымындағы дәрілік заттардың пайдалануын бағалау нәтижелері (АВС-VEN анализ);
2) Денсаулық сақтау ұйымындағы өткен жылдардағы денсаулық сақтау ұйымымен дәрілік заттардың тұтынылуын талдауы;
3) Денсаулық сақтау ұйымының бейінді мамандарының ұсыныстары.Дәрілік зат дәрілік формуляр жобасына ХПА бойынша, дәрілік заттардың дәрілік түрінің, мөлшерінің, концентрациясының, көлемінің, анатомо-терапевтикалық-химиялық көрсетілуімен енгізіледі.
Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға қосуға арналған дерекнама: 1) ДЗ саудалық атауы;
2) халықаралық патенттелмеген атауы;
3) қосу үшін ұсынылатын ДЗ құрамы (әсер етуші және қосымша заттар);
4) дәрілік түрі және дозасы, концентрациясы;
5) мәлімделген ДЗ-ны Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
6) ДЗ фармакологиялық әсері;
7) ДЗ және АТХ код фармакологиялық тобы;
8) дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қолдану көрсеткіштері;
9) қолдану тәсілі.
Қорытындылай келе, дәрілік формуляр - бұл клиникалық медицина бағыттары бойынша елдегі жетекші мамандармен және денсаулық сақтау және дәрілік заттар саласындағы уәкілетті органдармен келісілген, клиникалық практикада қолдануға арналған оңтайлы дәрілік препараттардың тізбесі. ҚҰФ қолданылатын дәрілердің номенклатурасын оңтайландыруға, стационарда және амбулаториялық деңгейде терапияның сабақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп пайымдауға барлық негіз бар.