Фармакотерапия пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізбесі



бет30/61
Дата07.06.2022
өлшемі122,83 Kb.
#146167
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61
Байланысты:
отв.Фармакотерапия сессия

АГ диагностикасы:
1.АҚ қысымды қайталап өлшеу (АГ жоғары екендігіне көз жеткізу);
2.Анамнез жинау ( шағымдарын, отбасындағы мүшелерде бар-жоғын, зиянды әрекеттерін сұрау);
3.Физикалық зерттеу (қарау, пальпация, перкуссия, аускультация);
4.Лабораторлы-аспаптық зерттеу(жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі, қанның биохимиялық анализі, ЭКГ, ЭхоГк).
Қосымша зерттеу әдістері: кеуде клеткасының рентгенографиясы, УДЗ, МРТ“Ақ халат” тәуліктік мониторингі.
АГ фармакотерапиясы медикаментті және медикаментті емес болып бөлінеді.
АГ-мен ауыратын науқастарды емдеу тактикасы жүрек-қан тамырлары асқынуларының даму қаупінің дәрежесіне тікелей байланысты. Жоғары және өте жоғары АГ болғанда қауіпті топтардағы дәрілік терапияны дереу бастау ұсынылады, орташа және төмен қауіпті топтарда дәрі-дәрмек терапиясының алдында дәрілік емес терапияны қолдану ұсынылады.
Медикаментті емеске зиянды әрекеттерді қою, физикалық белсенділікті күшейту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, психоэмоцианальдық стресстерді азайту, диета ұстау, ащы және тұзды тағамдарды азайту жатады.
Медикаментті терапияға:
b-адреноблокаторлар (Бисопролол, Атенолол);
Кальций антагонистері (Нифедипин, Верапамил);
АПФ ингибитрлері (Каптоприл, Эналаприл);
Ангиотензин II рецепторының антагонистері (Лозартан, Валсартан);
Диуретиктер (Фуросемид, Спиронолактон) тобындағы ДЗ жатады.
Қатар жүретін аурулар болған кезде( бүйрек ауруы немесе жүрек жеткіліксіздігі, т.б) , тіпті қан қысымының қалыпты деңгейі жоғары болса да, ерте белсенді дәрілік терапия қажет.
Терапияның жалпы принциптері:
- АҚ-ны нысаналы деңгейге дейін біртіндеп төмендетуге қол жеткізу қажет;
-монотерапияда ең аз дозада немесе төмен дозалы біріктірілген емде емнің басталуы;
-толық гипотензиялық әсер болмаған кезде (АҚ-ның нысаналы деңгейіне қол жеткізу) бастапқы препараттың дозасын ұлғайту, басқа препаратқа көшу немесе аралас препараттардың дозаларын арттыру қажет;
- АҚ > 160/100 мм рт.ст. бар пациенттерге қант диабетімен, протеинуриямен, СБЖ-мен байланыста болған кезде бірден толық дозалы біріктірілген ем тағайындауға болады;
- бір рет қабылдаған кезде 24 сағат ішінде АҚ-ны бақылауды қамтамасыз ететін ұзақ әсер ететін препараттарды пайдалану;
- гипотензивті терапия тактикасының өзгеруі емдеу басталғаннан бастап 4-6 аптадан ерте емес ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет