Фармакотерапия пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізбесі


) Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің негізгі белгілері, диагностикалау әдістері. Жүрек гликозидтері: фармакокинетикасы және фармакодинамикасы



бет31/61
Дата07.06.2022
өлшемі122,83 Kb.
#146167
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61
Байланысты:
отв.Фармакотерапия сессия

19) Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің негізгі белгілері, диагностикалау әдістері. Жүрек гликозидтері: фармакокинетикасы және фармакодинамикасы.
Созылмалы жүрек жетіспеушілігі бұл өзіндік бөлек нозология емес, ол көбінесе әртүрлі ауруларға екіншілік синдром ретінде дамиды. Көбінесе созылмалы жүрек жетіспеушілігі жүрек қантамырауруларында, өкпе, бауыр, бүйрек, эндокринді ауруларда (қан диабеті, тиреотоксикоз, миксидема, семіру) кездерінде дамиды.
Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің себептері:

  • Миокардтық;

  • Циркуляторлық;

  • Қарыншалардың диастолалық толуы немесе бұзылуы;

  • Жоғары жүрек лақтырысымен жүретін аурулар.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің негізгі белгілері:
Ентігу (өкпе капилярларыда және веналарында қысым жоғарылауы жүреді. Бұл өкпенің созылғыштығын төмендетіп, дем алуға қосымша бұлшықеттердің қатысуына мәжбүр етеді);
Кеуде тұсындағы ауыру немесе ауырсыну сезімі;
Ісіну (аяқтың ісінуі).
Созымалы жүрек жетіспеушілігіне тән бір көрінісі ол ортопноэ –айқын ентігу кезіндегі тыныс алуды жеңілдету үшін науқастың мәжбүрлі жағдайда отыруы. Жатқан кезде тыныс алудың қиындауы өкпедегі капилярларда сұйықтықтың жиналуына байланысты онда гидростатикалық қысым жоғарылауына байланысты.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің диагностикасы:
ЭКГ;
ЭхоКГ
Рентгенография.
Созылмалы жүрек жетіспеушілігінде келесі топ дәрілер ұсынылады:
АПФ ингибиторлары; (эналаприл)
Диуретиктер; (спиронолактон,фуросемид)
В- адреноблокаторлар; (метопролол, бисопролол)
Альдестерон антогонистері,
Жүрек гликозидтері;
Ангиотензин II рецепторларының антогонистері; (лозартан, валсартан)
Перифериялық вазодилятаторлар;
Метаболитикалық әсері бар препараттар.
Жүрек гликозидтері 3 топқа бөлінеді:
Полярлы ( гидрофильді);
Полярлы емес ( липофильді);
Салыстырмалы полярлы (аралас).
Осы жіктелуге байланысты дигоксин препараты салыстырмалы полярлы топқа жатады. Ең көп қолданылатын препарат болып табылады. Оның таблетка түріндеде, инъекция түрінде де қолданылады.
Фармакодинамикасы:жүрек гликозидтерінің әсер ету механизмі Na+,K+тәуелді АТФ-азаның тежелуінен тұрады, бұл кальций иондарына алмасатын натрий иондарының жасушаішілік құрамының жоғарылауына әкеледі.Нәтижесінде кальций иондарының жасушаішілік концентрациясы жоғарылайды, миозинмен байланысуға болатын актиннің белсенді аймақтарының саны артады, бұл кардиомиоциттердің жиырылуының жоғарылауымен бірге жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет