Фармакокинетикасы: Кальций антогонистері жоғары липофильдік қасиетке ие ,олар ішке қабылдағанда 30-60 мин , ал к/т жібергенде 1-2 мин сіңіріледі.Биожетімділігі 60-90%. 70-98 % қан плазмасының белоктарымен байланысады және бауыр мен ішек қабырғасында метоболтзге ұшырайды.
Ағзадан шығарылуы бүйрек пен ішек арқылы.Бірінші поколениядағы дәрмектер 2-7 сағ, 2-ші поколениядағы дәрмектер 7-15 сағ,амлодипин 35-60 сағатта ағзадан шығарылады.
Қолданылуы: ЖИА антиангинальді әсер көрсетеді. Вазоспастикалық стенокардияда, жүрек ритмінің бұзылысында, артериальды гипертония.
Қарсы көрсетілім: β-адреноблокаторлар, циметидин, фентанил қабылдау кезінде қолдануға болмайды. Сонымен қатар,
Ауыр аортальды стеноз
Гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия
Синус түйінінің әлсіздік синдромында
2-3 дәрежедегі синоатриальды және атриовентрикулярлы блокадада
Вольф- Паркинсон – Уайт синдромында
Артериальды гипотония
Кардиогенді шок
Сол қарыншаның айқын дисфункциясында қолданылмайды.
Жанама әсері:Артериальды гипотония,бас ауру, бас айналу, тері жабындыларының гиперемиясы,тахикардия.
Верапамил қабылдағанда атриовентрикулярлы блокада,брадикардия, асистолия миокард жиырылуының төмендеуі, ентігу, өкпе ісінуі, қарыншалық тахикардия , сирек – бөртпе,ұйқысыздық,бауыр ферменттерінің активтілігінің жоғарылауы,іш қату,қызыл иектің гиперплазиясы .
24) Диуретиктер, негізгі түрлері. Диуретиктерді тағайындау кезінде тиімділік пен қауіпсіздік критерилері.
Диуретиктер (зәр айдайтын заттар) ағзадан тұздардың және судың шығуын жоғарылататын, нәтижесінде тіндерде сұйықтықтың деңгейін, айналымдағы қанның көлемін төмендететін заттар. Диуретиктердің ішінде ең көп қолданылатын, негізгі дәрілік заттар:
Ілмектік диуретиктер ( фуросемид)
Тиазид тәрізді диуретиктер (индапамид)
Альдостерон антагонистері немесе калий сақтаушы диуретиктер (спиронолактон).
Достарыңызбен бөлісу: |