Ғазали ғибыраттары (Еркiн пайымдаулар)



бет17/26
Дата15.12.2016
өлшемі15,47 Mb.
#3874
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26

Анкарадағы мәдениет майданында және қарауылтөбеден қарағандағы Анкара.



Мен бірден кешегі ту тігілген ескі қаланың қарауылтөбесін көрсетуді өтіндім. Тілеуімізді бергенде, Түркия жеріндегі Адам ата Хауа анадан басталған адамзат өркениетінің бар жәдігері жинақталған «Анадолы мәдениетлерінің мұражайы» да сол төбенің белортасына 1464 – 1471 жылдары османлы сұлтаны Фатих дөнемінің тұсында Махмұд паша уәзір салдырған сарайға орналасқан екен. Кезінде бүкіл Анкара алақанында көрінетін қамал болыпты. Оның көне болмысы Амстредам мұражайында сақтаулы тұрған ескі Анкараның суретінен анық танылады. Ал қамалдың ішіндегі қамал сонау Бизан дәуірінде тұрғызылса керек. Екі өркениеттің басын тоғыстыра қалған сәулет мұрасы. Ғимарат исі түркі әлемі еуропалықтардың қарауылына ілінген ХІХ ғасырдың екінші жартысында тоқырап, 1886 жылдан бері қаңырап бос тұрыпты. Қазір шетінен қалпына келтіріліп жатыр екен. Мына мұражай 1946 жылы қолға алыныпты. Алғашқы қауымдық құрылыс, тастағы таңбалар, грек пен рим, бизан өркениеті, күйдірілген қышқа жазылған ежелгі сына жазулар, мүсіннің неше мәнердегі ықылым үлгілері, өзіміз «Дулыға» атты әфсанамызда жанай тоқталған «иш оғыздың патшасы» Ишпақай мен оның мұрагері Мәди дәуіріне қатысты Үрмия қазбалары да қойылыпты. Антика әлемінің таңдандырмайтын ескерткіші жоқ. Қызыл жосамен салынған өгіздің бедерлері, таңбалар бізге таныс. Ал бүкіл бір жартасты қиып алып келген көне ассириялық сына жазуларды танымасамда қасынан шыға алмадым. Мәтіні оқылған, бірақ қолыма түспеді. Мұнда Олжастың қаржауына жарайтын қаншама сөз бен оқиға бар десеңші! Ықылым заман туралы зерттеулерден ала алмаған мағлұматымды Олжастың «Қыш кітабы» дастанынан тауып, орын-орнына қойғаным бар. Тарихи көркем шындықтың қуаты, әне, сонда! Мына сына жазуларды тірілтсе тек қуатты да сесті көркем қиял ғана тірілте алады. Осыншама қияметтердің сырын ашқан тарихшылардың жазғандарынан жалпы қауымның жалығып кететіні сондықтан (Осы жазып отырған «Күнделігім» де сондай таптауырыннан қашудың бір әдеби әдісі ретінде толтырылып отыр. Әйтпесе, қанша жолы болған жолаушы болсаң да, шаршап келген соң, құдайдың түнімен жарыспай, демалғанға не жетсін. Кейде, алған әсеріңе тоғайып тыныш жатқың келеді. Бірақ өзіңе берген ішкі уәдең бар. Саусағыңды сыздатса да қаламға қол созасың).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет