«Ғылым және білім 2011» жас ғалымдардың VII халықаралық Ғылыми конференциясының материалдары


ҚАЗІРГІ СҰХБАТ ЖАНРЫНЫҢ КӚРКЕМДІК-РУХАНИ АРНАСЫ



бет4/14
Дата25.12.2016
өлшемі2,65 Mb.
#5257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ҚАЗІРГІ СҰХБАТ ЖАНРЫНЫҢ КӚРКЕМДІК-РУХАНИ АРНАСЫ
Райымбекова Жанна Л.Н.Гумилев атындағы ЕҦУ, Астана, Қазақстан

Ғылыми жетекшісі - Шындалиева М.Б.ф.ғ.д., профессор


«Қай ҧлттың баспасӛзі мықты болса, сол ҧлттың ӛзі де мықты» [1,320], - деген А.Байтҧрсыновтың пікірі бҥгінгі кҥннің де ақиқаты. Қазақстанның мемлекеттігінің басты

28


тірегі «ҧлт» болса, айқындайтын, бҧқаралық сананы жетілдіріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын қҧрал – бҧқаралық ақпарат және коммуникация жолдары саналады. Шын мәнінде, ең алдымен, ҧлттық қҧндылықтар – мемлекет пен ҧлттың жолсерік жҧлдызындай кӛпқырлы ҧғым. Келесіден, бҧл бҧқаралық қҧбылыс әрі ол дербестік ҧғымына қарағанда ӛзіндік қағидалары бар кӛпшілік қҧбылыс саналады.
Баспасӛз жанрлары туралы сӛз болғанда, ең алдымен, жанр дегеніміз не, оның міндеті қандай деген сҧрақтарды анықтап алу керек. «Жанр дегеніміз – белгілі бір газет, журнал материалдарының, радио, телевизия хабарының кӛріну, ӛмір сҥру формасы. Нақты болмыс-қҧбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді кӛрсетудің ғылым белгілеген, жҧрт таныған кескін-пішіні болады және ол «жанр» деп аталады. «Жанр» сӛзі бізге француз тілінен енген, «genre» – орыс тіліне аударғанда, «тҥр» деген мағынаны білдіреді [2,20]. Қарапайым тҥсінікте жанр – тҥрлі оқиғаның, қҧбылыстың, шынайы ӛмірдің тҥрлі жақтарының айырықша бейнесі жазушының, суретшінің, публицистің шығармашылық қҧралы. О.С. Ахманова жанрды: «Жағдайдың нақтылы шарттарына байланысты жҧмсауды мақсат еткен қолданыс тілінің тҥрі» [3,25], - деп кӛрсетеді. Жанрды таңдау нақты бір стильдегі немесе оның шағын тҥріндегі сӛйлеу субьектісі арқылы іске асырылады. Мәтінде қамтылатын мазмҧн сол сӛйлеу субьектісі арқылы таңдалатын жанр тҥрінің заңдары бойынша сҧрыпталады. Сол себептен де әрбір функционалдық стильде жазылған мәтін белгілі бір жанрлық тҥрлердің қалыптасу, я болмаса қолданылу дәстҥрінің тарихын кӛрсетеді, сонымен бірге адам қызметінің сол саладағы жағдаяттарға байланысты тілдік тҧлғалардың жҧмсалу, бекітілу сапасын анықтайды. Осы тҧрғыдан келгенде, әрбір жанрлық тҥрге белгілі бір нақты қҧрылым, алдын-ала айқындалып қойған ӛзіндік қасиеттер тән болып келеді.
«… Жанр дегеніміз – дамып отыратын тҥсінік. Кешегі жанр бҥгінгіден басқаша болып еді, ал ертеңгі кҥнгі оның сҧлбасы тағы да ӛзгеше кӛрінуі мҥмкін» [4,30], - дейді М. Барманқҧлов. Публицистиканың тҥрлік келбетінің ҥнемі ӛзгерісте болатынына осы пікір дәлел. Материалды даярлау кезінде әрекеттегі кӛріністі кӛрермен кӛз алдына келтіру ҥшін журналист сан алуан әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Олар: рациональды-теоретикалық, кӛркем-публицистикалық әлде тҥсінік пен бейненің бірлігі болып табылады. Осы ӛзгерісті алуан жанрдың газеттен радиоға және теледидарға ӛткен кезең, уақыт аралығымен байланыстыра қарау қажет деген пікірге тоқталуға болады.
Сҧхбат – ақпаратты дерек кӛзінің аузынан тікелей еститін болғандықтан, бҧл ӛте қҧнды жанр болып есептелінеді. Ақпараттық жауапкершілік те сҧхбат берушінің мойнында. Сҧхбат алдында әңгімелесушінің аты-жӛні, қызметі, сҧхбаттың жҥргізілген уақыты мен кҥні, ӛткізілген орны толығымен таспаға (диск, диктафон) жазылуы тиіс. Тағы бір мәселе: сҧхбат авторлық қҧқық нысаны болып табылады: оны екі автор – журналист пен сҧхбат беруші жасайды. Әрине, сҧхбат алдында оны жариялау және әрі қарай пайдалану тәртіптері толық келісілуі қажет.
Сараптамалық сҧхбат екеуара әңгіме немесе тілші мен белгілі бір саясаткердің арасындағы сҧхбатты да сараптамалық жанрларға жатқызып келеміз. Сҧхбатта да сараптаманың ӛзегі секілді әңгіменің ӛзегі болады. Ол болып жатқан оқиғаға орай, сол оқиғаға қатысы бар адамдардың пікірі немесе мәңгілік тақырыптарға ҥнемі ҥн қатып жҥрген саясаткермен, маманмен әңгіме тҥрінде ӛрбиді. Сҧхбаттың кӛлемі де әрқалай. Сарапқа салынып отырған тақырыпқа орай, егер шҧғыл сҧхбат болса, 50-100 жол аралығында болуы да мҥмкін. Алайда, маманның осы мәселеге қатысты пікірінің сӛлін ғана сығып беру қажет. Кӛптеген мерзімді басылымдар мазмҧны терең сҧхбатымен ҧтуға тырысады. Бҧл сҧхбаты берушінің де, сҧхбат алушының да мәселеге деген кӛзқарасын, ҧстанымын айқындайтындықтан да болар, сҧхбат беруші де, алушы да әңгімеге ӛте-мӛте тыңғылықты дайындықпен келуге тырысады. Ол ҥшін журналист сҧхбаттасы туралы алдын-ала мәліметтер жинап, оның бір кездері айтқан әңгімелері мен пікірлерін кӛлденең тарта отырып, сҧхбат берушіні жаңылдыруға дейін барады. Бҧл тілшінің алымдылығына қатысты шаруа.

29


1980-ші жылдары сҧхбат жанры мен репортаж кең қолданылды. Сҧхбаттың диалог тҥріне қоса, сҧхбат-монолог, сҧхбат-хабар, сҧхбат-суреттеме, сҧхбат-пікір, сҧхбаттың сҧрақ-жауап тҥрі, дӛңгелек стӛл басындағы әңгіме, баспасӛз конференциясы сияқты бірнеше жаңа тҥрлері қолданысқа енді. Кеңестік дәуірдің барлық кезендерінде де заметка, корреспонденция, есеп, бас мақала, рецензия, шолу, баспасӛзге шолу, мақала жанрлары баспасӛз бетінен тҥскен жоқ. Мҧның бәрі де дәуір мазмҧны - сол дәуірдің ӛзіне тән тҥрді қажетсінетіндігінің айқын кӛрінісі.
Уақыттың ӛзі сҧхбат жанрының ӛміршеңдігін дәлелдеп отыр. Бҧл тек біздің елімізде ғана емес, ӛзгелерде де солай. Кезінде осы жанрдың ӛз деңгейінде кӛрінбеуінен танымал тҧлғалардың, зиялы қауым ӛкілдерінің жан дҥниесіне терең ҥңіле алмадық. Әйтпесе, кеңестік кезеңде мәдениетіміз бен ӛнеріміз, әдебиетіміз кемелдену дәуірін бастан кешті. Осы салаларда қайталанбас біртуар тҧлғалар қалыптасты. Сол адамдармен бҥгінгідей сҧхбат жҥргізгенде қаншама ғаламат дҥниелер баспасӛз бетінде тарих боп қатталар еді. Сҧхбаттың кӛп шығуының тағы бір себебі, қазақ табиғатынан әңгімешіл халық. Сҧхбат – керек жанр. Сҧхбат жанрының оқ бойы озық тҧруы заңдылық.
Қазақ журналистикасындағы сҧхбат жанрының басы қарапайым шҥйіркелесу, кҥнделікті кҥйбең тіршілікті екеуара сӛз етуден, ел тіршілігі жайлы әңгіме-дҥкен қҧрудан басталады. Ҧлттық баба-журналистиканың даму тенденциясына кӛз жҥгіртер болсақ, сӛз сӛзді жетілдіріп, пікір пікірді қоюландырып, кӛркем ойға, жарыспалы поэзиялық мәтінге дейін жеткен. Қазақ ауыз әдебиетінің биік шыңы болып табылатын мәдени полемикалық сарындағы ақындар айтысы поэтикалық диалогпен кемелденген.
Сҧхбат дегеніміз – диалог. Осы пішінді ӛз ғылыми еңбектерінде Платон да, Әл-Фараби де ҧтымды пайдаланған, жаңалықты, ғылыми ізденісті насихаттаудың аса қолайлы әдіс диалог деп білген.
Кеңестік журналистика теориясында сҧхбат-монолог, сҧхбат- мазмҧндама туралы талай-талай беделді авторлардың байламы бар. Бірақ, біз сҧхбат деп аталған жанрдың осы екі тҥріне абайлай қараймыз. Ӛйткені журналистиканың қаламынан шыққан материал басылым беттерінен толық қанды дайын ӛкім ретінде кӛрінуге тиіс және ол ӛнімді кӛпшілік аудитория тҧтынатыны мейлінше ескерілген жӛн. Ал сол жҧртшылыққа «сҧхбат-монолог» пен «сҧхбат-мазмҧндама» деген атпен жеткен жарияланымдар жанрдың бар болмыс-бітімін, табиғи ерекшеліктерін сақтай жете ме әлде тек профессионалға мәлім астыртын сипаттарымен ғана бағалана ма? Біздіңше, жанрлық қасиеттер ниеттен, шарттық емес, басылым бетіне шыққан, жанрлық белгілері айқын дайын ӛнім тҥрінен кӛрінуі тиіс [5,45].
Журналистиканың жанрлар жҥйесіндегі барлық жанрлар топтасқан ҥш тобы бар. Олар: ақпараттық, талдамалы және кӛркем-публицистикалық жанрлар. Дәстҥрлі тҥрде интервьюді ақпараттық жанрлар тобына жатқызады. Сондықтан біз, оны ақпараттық жанр тҥрінде қарастырамыз. Талдамалы жанрлар тобын ӛз ішіне топтастырған сҧхбаттың портреттік және проблемалық тҥрлері бар. Газеттік сҧхбаттың ақпараттық және талдамалы болып бӛлінетінін ескеруіміз қажет.
Біз сҧхбаттың біржақты емес екеніне кӛз жеткіздік. Ол ӛз ішінде әртҥрлі болып бӛлінеді. Бір уақытта ақпараттық та, талдамалық та жанрлар тобына жататын сҧхбаттың орны журналистика жанрлары жҥйесінде ӛте зор. Сҧхбат қазіргі кезде журналистер арасында кең тараған және кӛп қолданылатын жанр.
Кҥрделі жҥйенің қҧрамы ретінде сҧхбат қолданылу жиілігімен, орындалу техникасымен осы жҥйедегі жоғары позициялардың бірін иемденеді. Қазіргі заманауи әлемдегі адамдар алатын ақпараттар ағыны жылдам, сондықтан қазіргі журналистика заман талабына сай оқырман, кӛрермен және тыңдарманға ақпарат берерде оны терең талдап, сараптама жасауға емес, нақты ақпарат беруге ҧмтылады. Осыған орай, журналистер арасында кеңінен қолданылатын жанр, ешқандай себеп-салдарлық байланыстарды қамтымаған, тыңдарманға қажет нақты ақпаратты беруді мақсат тҧтқан, ақпараттық жанрға айналды.

30


Сҧхбат - газеттегі сҧхбат қҧрамында кӛп кездесетін субьективтілік болғанына қарамастан, ақпарат алушыларға қажет материалды біріншілерден алуға жағдай жасайды. Аталған субьектизм журналистің алған ақпаратын интервьюге айналдырып, қағаз бетіне кӛшірген кезінде ӛз елекгінен ӛткізуге мҥмкіндік береді. Сонымен, газет бетіндегі интервьюер мен сҧхбат берушінің сҧрақ-жауап тҥріндегі әңгімесі оның тҥпнҧсқасы емес. Бҧл журналист пен сҧхбат берушінің сол әңгімесі, бірақ сҧхбат алушы біраз ӛзгеріс енгізеді.
Алайда, атап кеткендей бҧл ерекшелік кӛбіне журналистің тыңдаған дҥниесін оқырман оқитын газет сҧхбатына тән, ал аудитория ақпаратты тікелей тыңдап және кӛре алатын радио мен теледидар сҧхбатына кӛбіне жат болып келеді. Соңғы жағдайда, ақпаратты тыңдарман ақпаратты ӛзгеріс енгізетін сҧхбат алушымен қатар тікелей сҧхбат берушіден тыңдап, кӛреді. Мҧндай жағдайда, сҧхбат беруші адам тікелей қатысып, оны ӛз санасынан ӛткізетіндіктен белгілі деңгейде оқиғаға қатысушы болады. Бҧл жерде ақпаратты оқырман, кӛкермен, тыңдарман тыңдап, кӛргенін ӛз дҥниетанымына, ӛмірге кӛзқарасына сәйкес қабылдайды.
Сҧхбат - кӛп қырлы жанр. Бҧл сҧхбаттың ақпараттық жанрға да, талдамалы жанрға да қатыстылығын дәлелдейді. Сҧхбат ӛзіндік жеңілдігіне қарамастан, белгілі бір стратегия мен тактикаға бағынуды талап ететін, кҥрделі жанр. Сҧхбат біздің кӛзқарасымыз бойынша ғана жеңіл, себебі, ақпарат алудың кӛзі ғана болып кӛрінеді.
Сҧхбат әртҥрлі болады. Жанр ретінде сҧхбат: хабарлама (әңгіменің маңызды тҧстары алынып, жауаптар қысқа беріледі), сҧхбат – диалог (әңгіменің толық мәтіні), сҧхбат – суреттеме (әңгіме мазмҧнынан ӛзге оның қандай жағдайларда алынғаны, сипаты беріледі), сҧхбат – пікір (оқиғаға, қҧбылысқа, фактіге тҥсіндірме), бҧқаралық сҧхбат (баспасӛз конференцияларынан, брифингілерден беріледі) болып бӛлінеді.
Сҧхбат – публицистикалық жанр, журналистің бір немесе бірнеше тҧлғамен әңгімесі. Егер сӛздердің семантикасына назар аударатын болсақ, «inter» – ӛзара қатынастағы бағыттас деген мағынаны берсе, «view» сӛзінің мағынасы – «кӛзқарас», «пікір» дегенді білдіреді. Демек, сҧхбат – кӛзқарас, факті, ақпарат алмасу. Жанрлардың қҧрылуы кезінде, яғни белгілі бір жанрға жатқызу ҥшін публикациялардың болашақ сипат алуымен жанр аттарын айыра білу керек. Публикациялардың әлі де жанрлық анықтама алмаған жаңа тобының қатаң принципиальдық негізі жоқ және белгілі заңдылыққа сҥйенбейді.
Кей кезде атау жанрға ат беруші жанр қҧрылушы бір факторда субьектінің назары бір оқиғаға баса назар аударылуы негізінде беріледі. Сҧхбатты журналистиканың бір жанры деп қарастырмас бҧрын алдымен оның даму тарихына тоқталған жӛн. Журналистикадағы кез келген жанрдың даму ҥрдісі негізінен техникалық дамумен радио мен телевиденияның пайда болуы және таралуымен тығыз байланысты. Сондықтан да біз сҧхбаттың даму тарихын техникалық даму ҥрдісімен тығыз байланыста екені даусыз.
Жалпы БАҚ-тағы сҧхбат тҥрлері берілу нысаны жағынан ӛрістеп келеді. Оның ―Дӛңгелек ҥстел басындағы әңгіме‖, ―Телефон арқылы әңгіме‖, ―Сҧхбат-телефон‖, ―Кӛкейкесті сҧхбат‖, ―Бҥгінгі кҥн тақырыбына сҧхбат‖, ―Ӛзекті сҧхбат ‖, т.б. деп аталып жҥрген сҧхбаттарды жанрдың жеке тҥрі емес, баспасӛздегі берілу әдістері, нысандары екені даусыз.
Әдебиеттер

  1. Байтҧрсынов А. Ақжол. – Алматы: Жазушы, 1989.

  2. Әдебиеттану терминдерінің сӛздігі. – Алматы: Ғылым, 1985.

  3. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Советская энциклопедия, М.: 1986.




  1. Барманкулов М. К. Журналистика для всех. Общность и специфика жанров печати, телевидения и радиовешания. Алма-Ата, 1979.




  1. Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. –Алматы: Қазақ университеті, 1992.




31


СӚЗ БОСТАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰРҒЫДАН РЕТТЕЛУІ
Татаева Ә. А.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҦУ, Астана, Қазақстан Ғылыми жетекшісі - Тахан С.Ш.ф.ғ.д., профессор
Сӛз бостандығының қҧқықтық тҧрғыдан реттелуін адам қҧқығының мәні жайлы тҥсініктен бастасақ. Адам қҧқығының институты ерте кездерде де болғаны белгілі. Ежелгі Египет, Грекия, Римде қоғамдағы адамдар тобының қҧқықтары мен бостандықтарын ,бір жағынан шектеу,екінші жағынан оларға белгілі бір жеңілдіктер беру мәселелері қарастырылған. Әрине, ол кез бен бҥгінгі уақытты салыстыру мҥмкін емес. Алайда сол замандағы адам қҧқығы мен бостандығының кейбір концепция, трактовка және тағы басқа пайымдаулар мен ойлары қазіргі кездің жағдайымен ҥйлесін тауып жатады. Аристотель бойынша, қҧқық дегеніміз-саяси қҧқық, сондықтан ол- мемлекетте ғана ӛмір сҥре алады. Адамдар мемлекет ретінде бір қоғамда шоғырланғаннан кейін ғана қҧқықтық тҧрғыдан тепе-теңдікке ие болады. Ежелгі грек сопыларының шығармашылығы адам деген ҧғымға жаңа тҥсінік енгізді. Олардың ойынша, табиғат жаратылысында шынайы тепе-теңдік ҧғымы бар. Протагор: «Бҥкіл заттың ӛлшемі –адам» десе, ежелгі қытай ойшылы `(б.з.б. Ҥ ғасыр) МоЦзы адамдардың барлығын – аспан қҧлдары деп қарастырған.[1]
Рим заңгерлері заң алдындағы адам баласының теңдігі жайлы теориясын ойлап шығарады. Осыдан қҧқықтық теңдік ҧғымы пайда болады. Алайда, адамның шынайы қҧқықтық теңдігі болатыны жайлы Гроций: «Мемлекет –еркін адамдардың одағы, олар ӛз пайдасы мен қҧқығы ҥшін мемлекетте шоғырланады» деп жазған.
Адам қҧқығының реттелуін екі жақты қарастыруға болады. Біріншіден, адамның шынайы, туғаннан бергі ажырамас қҧқығы болса, екіншіден, мемлекет тарапынан шығарылатын заңдар негізіндегі адамның қҧқығы мен бостандығының ӛлшемі пайда болады.
Сӛз бостандығы да, адам қҧқығының реттелуі де екінші жаққа жатады. Яғни, билік шығарған заң негізінде сӛз бостандығының ӛлшемі анықталады. Ол қҧқықтық тҧрғыдан Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «БАҚ туралы» заңы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Азаматтық, Әкімшілік қҧқық бҧзушылық, «Тіл туралы», « Мемлекеттік қҧпия туралы» заңдары арқылы реттеледі. Ең алдымен, Ата-Заңымыздағы сӛз бостандығына қатысты жазылған 20 бапқа назар аударсақ.


  1. Сӛз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады.




  1. Әркімнің заң жҥзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға қҧқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қҧпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді.




  1. Республиканың конституциялық қҧрылысын кҥштеп ӛзгертуді, оның тҧтастығын бҧзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нҧқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ҧлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ҧруды насихаттауға немесе ҥгіттеуге жол берілмейді. Байқап қарасақ, Конституцияда сӛз бостандығына толық кепілдік берілген. Еркін ақпаратты алуға және таратуға болады. Сонымен қатар қоғамдағы әр институт журналистке керекті ақпаратты беруге тиіс. Сондықтан БАҚ қызметкері ақпарат кӛзін ала алмаса, ақпарат бермеген адам немесе ҧйым жауапкершілікке тартылады.2005 жылдың он сегізінші ақпанында Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының «Азаматтық қоғам институттарын дамыту туралы» тармақшасында: «Сӛз бостандығын, ақпарат алу мен таратуды қамтамасыз ететін барлық қажетті қҧқықтық және басқа да шарттар алдағы уақытта да дәйекті тҥрде жасалады, әрі қорғалатын болады.Сонымен қатар сӛз бостандығын пайдаланудағы шектен шығушылыққа қатаң тосқауыл қойылуы шарт» делінген.[2] Сондықтан ҚР Конституциясының жиырмасыншы бабындағы мҥмкіндіктерді журналистер толық пайдаланса, қоғамдағы демократия мен жариялылықтың ӛріс алуына жол ашылады.

32


Сӛз бостандығының негізгі ӛлшемі ҚР «БАҚ туралы» заңында жазылған. 1991 жылы 28 маусымда қабылданған ҚР «БАҚ туралы» алғашқы заңына тоқталсақ. Заңның бірінші бетінен бастап, алғашқы бӛлімінің бірінші бабы баспасӛз бостандығына арналған. «Баспасӛз және басқа да БАҚ еркін» деп басталатын бірінші бапта «сӛз және баспасӛз бостандығы ҚазССР азаматтары Конституциясының кепілдігімен БАҚ арқылы ӛз ойларын еркін айтуға, ақпаратты іздесуге, таңдауға, алуға және таратуға, кез келген формадағы идеяны айтуға қҧқығы бар» делінген.[3] Бҧл сӛйлем – КСРО кезінде, коммунистік режим тҧсында цензураның арқасында қолдары жіпсіз байланған журналистер ҥшін қой ҥстінде бозторғай жҧмыртқалаған заманның, еркіндік алған кезеңнің келгенін және бҧқаралық ақпарат қҧралдарында ҥлкен ӛзгерістер болатынының айқын дәлелі еді. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін журналистің еркін таңдауына бӛгет болып келген бюрократиялық кӛзқарас ӛзгерді. Кейбір тҧстары тҥзетулерді қажет еткеніне қарамастан, «БАҚ туралы» заң журналистің қарауына айналды. БАҚ – заңдық статусқа ие болып, журналистер-билік пен халық арасындағы дәнекерге айналды. Тіпті, халық белгілі бір деңгейде БАҚ арқылы билікке әсер ете алатын дәрежеге жетті. БАҚ-қоғамдық ӛмірдің айнасы болуға мҥмкіндік алды. Алайда, тоқсаныншы жылдар қазақстандық журналистер ҥшін жеңілге тимеді. 1992 жылдың басында-ақ энергия кӛздерінің, бояудың, полиграфиялық жҧмыстың бағасы ӛсіп, газет-журналдарды таратқанда тҥсіретін қаржы шығынын ӛтемеді. Оқырманның да ақпарат қҧралдарын пайдалануға қаржылай мҥмкіндігі тҥсіп кетті. Нарықтық экономика жағдайында тек кӛбінесе «бульвар» басылымдары, детектив пен эротикаға қҧрылған газет-журналдар ӛмір сҥре алатын болды. Кеше ғана еркін газет иесі болған редакторлар қаражат кӛзін табу ҥшін қалталы қожайын немесе билік жҥйесіндегі шенеуніктердің қолбаласына айналды. Осыдан баспасӛздің шынайы бастандығы ҥшін оған деген цензураны жою жеткіліксіз екені байқалды. Рухани ғана емес, экономикалық еркіндік те ауадай қажет. Газеттер мен телекомпаниялардың қожайындары журналист ҥстінен билік жҥргізді. Бҧл 1997 жылы «Связьинвест» бойынша ірі банктер арасында ӛткізілген аукционнан кейінгі ақпараттық майдан тҧсында анық байқалды. Мысалы, Қазақстанда әкімдіктер қаржыландыратын БАҚ шенеуніктердің сӛзін сӛйлеуге мәжбҥр. Кӛптеген журналистердің шынайы ақпаратты ӛзі алуға да, ӛзгеге таратуға да қолы жетпей отыр. Бҧл ҚР «БАҚ туралы» заңының Ҥ тарауына, яғни, «журналистің қҧқықтарына» қайшы болса да, кӛп жағдайда шенеунікті ақпарат беруге мәжбҥр ете алмайсың. Ҥкімет билігі органдарын сынға алудың қандай тҥрі болса да баспасӛз жӛніндегі заңды бҧзушылық деп саналмайды. Еліміздегі экономикалық жағдайды, қаржы мәселелерімен қылмысқа қарсы кҥрес дәрежесін сынайтын мақалалар қажет. «Сын болмай, ешқандай қоғам дамымайды. Сын сындарлы және негізді, кӛпшіліктің мҥддесіне қызмет ететін болуы тиіс. Сӛз бостандығы журналистке ӛзіне тапсырыс берушілерден материалдық игіліктерді алу ҥшін басқаға кҥйе жағу қҧқығын берген емес. Бҧл сӛз бостандығы емес, қаржының қҧлы болу. Егер де қандай да бір БАҚ осындай кҥресінге тҥсіп кетсе, онда журналистерді олардың қожайындарынан қорғау жағын ойластыру керек. (ҚР Президенті Н.Назарбаевтың БАҚ бойынша қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында 31.03.2003 ж. сӛйлеген сӛзінен //ЕҚ 1.04.2003)
Тоқсаныншы жылдары билік қызметкерлері бҧқаралық ақпарат қҧралдарының ӛткір материалдарына кӛңіл бӛлмеген де кезең болды. Бірақ мемлекетте коррупция мен талан-тараж «белшеден аса бастағанда», билік ақпарат қҧралдарын қолданудың жаңа амалын тапты. Яғни, газет пен кӛгілдір экранға қылмыстық істер мен жемқорлықты әшкерелейтін материалдар мен сюжеттерді кӛбірек шығаруын қолға алады. Алайда цензурадан кейін бостандыққа еті ҥйреніп қалған БАҚ оған келісе қоймай, биліктің қҧзыры болуға бас тартып, қоғамның шынайы кӛрінісін кӛрстеуге талпынды.[4] Осы тҧста ҚР «БАҚ туралы» екінші заңды қабылдау мәселесі қарастырыла бастайды. 1999 жылы 23 шілдеде «БАҚ туралы» екінші заң қабылданады. Оның алғашқы заңнан ең басты айырмашылығы – БАҚ ӛзінің заңдық статусынан айырылғанында еді. Мәселен, бірінші баптан бастап-ақ, «БАҚ редакциясы-жеке тҧлға не бҧқаралық ақпарат қҧралына материалдар жинауды, дайындауды

33


және шығаруды жҥзеге асыратын заңды тҧлғаның қҧрылымдық бӛлімшесі болып табылатын шығармашылық ҧжым» деп жазылған [5]
Бостандықты қҧқықтық жағынан сенімді ету, қандай бір саяси кҥштердің, соның ішінде ресми ҥкіметтің ӛктемділігінен қорғау ҥшін оған заңдық кепілдік қажет. Қай бір газет-журнал, ақпарат мекемесі «БАҚ туралы» заңның шеңберінде қызмет жҥргізу қҧқығын иеленгенімен, экономикалық бостандықсыз алға қадам баса алмайды. Яғни, заңдық қҧқығын жҥзеге асыру ҥшін қаржы-қаражат, материалдық-техникалық кҥш керек. Заң жҥзінде цензура болмағанымен, ол санадан мҥлде арылып кеткен жоқ. Баспасӛздің экономикалық бостандығы жайында әңгіме қозғалғанда, кҥмілжіп қалатыныз тағы бар. Себебі, қазіргі қазақ ақпарат қҧралдары қҧрылтайшыға тәуелді.[6] Қазіргі қҧрылтайшылар бҧрынғы «ЦК», «обком» секілді газеттің жарияланымдық ісіне кҥнделікті араласпайды. Сонда да редакциялар қаржы ҥшін қожайынның қас-қабағын аңдып отыруға мәжбҥр. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының «БАҚ туралы» екінші заңы, ең негізі, әкімшілік газеттерді, телеарна, радионы әкімдіктерге, ал, жеке меншік ақпарат қҧралдарын ӛз қҧрылтайшысына бағындырып, заңдық статусынан айырды. [7] Осы тҧста сӛз бостандығының анықтамасын айтып кеткен жӛн болар. Сӛз бостандығы дегеніміз- ойдан қҧрастырып немесе ауызға келгенді сӛйлеп, фактісіз, негізсіз ӛз ойыңды білдіру емес. Ол – шынайы ақпаратты алудағы халықтың конституциялық қҧқығы болып табылады.
Алайда, 1999 жылы қабылданған заң-демократия жолындағы ҥлкен қадамның бірі болды. Халықаралық зерттеушілердің пайымдауынша, ТМД елдерінің арасында ҚР «БАҚ туралы» заңы демократияшылдығы жағынан Ресейден кейін екінші орында тҧр. [8] Ал, «Репортеры без границ» атты халықаралық ҧйымның жҥргізген зерттеулері бойынша, Шығыс және Орталық Азияда сӛз бостандығының деңгейі тӛмен кӛрінеді. 167 мемлекет қатысқан бҧл рейтингте ТМД елдері бойынша, Белоруссия 144-ші, Ӛзбекстан 142-ші, Қазақстан 131ші орындарды иеленіпті. [9]
Қазақстанда демократиялық мемлекет қҧрылған бірнеше жылда қҧқық, заң органдары мен БАҚ бір-біріне жақындай тҥсті. Қазіргі қоғамда ӛмір сҥретін әр журналист ӛзіне қатысты ең алғашқы қағидалардың білуі тиіс. Кез келген журналистің шығармашылығы заңмен қорғалған. Жеке немесе заңды тҧлға журналист әрекетіне кедергі жасаса, ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 155 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Яғни,
1.Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне оны ақпарат таратуға не оны таратудан бас тартуға мәжбҥрлеу арқылы кедергi келтiру -
елуден жҥз айлық есептiк кӛрсеткiшке дейiнгi мӛлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе ӛзге табысының мӛлшерiнде айыппҧл салуға не жҥз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жҧмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге тҥзеу жҧмыстарына жазаланады.
2. Адам ӛз қызмет бабын пайдалана отырып, сол сияқты кҥш қолданып немесе кҥш қолданамын деп қорқыта отырып жасаған әрекет - екi жылға дейiнгi мерзiмге тҥзеу жҧмыстарына не ҥш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу қҧқығынан айырып немесе онсыз ҥш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Яғни,бір жылдан ҥш жылға дейін бас бостандығынан айырылу деген сӛз.[10]Бҧл бап – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен енгізілген. Бҧдан шығатын қорытынды – ешбір адам журналистке шындықты жазуға тыйым сала алмайды. Бҧл дегеніміз, еліміздегі сӛз бостандығы белгілі бір дәрежеге ие болып отыр.
Жалпы, заң, ең алдымен, журналистің ӛзіне қажет. Ол-журналистке қҧқық бергенімен, сонымен қатар, міндет те жҥктейді. «Журналистің міндеттері:
Журналист:


  1. Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, ӛзi шарттық қатынастарда тҧрған бҧқаралық ақпарат қҧралының қызмет бағдарламасын жҥзеге асыруға;

  2. шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға;




  1. ақпарат ҧсынған адамдардың авторлығын кӛрсету туралы олар жасаған ӛтiнiштердi қанағаттандыруға;

34


4) жеке және заңды тҧлғалардың заңды қҧқықтары мен мҥдделерiн қҧрметтеуге;
4-1) азаматтармен сҧхбат жҥргiзген кезде дыбыс- немесе бейнежазбаны пайдалануға келiсiм алуға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ӛзiне жҥктелген ӛзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.»[11]
Ӛз қҧқығын журналист жақсы біле тҧра, тапсырма бойынша мекемеге барып, ақпарат алудағы ӛз талаптарын айтады. Алайда ақпарат алу мен таратуды жҥзеге асыру механизмі жоқ. Мәселен, сол мекемедегі қызметкерлер ӛз мамандығы бойынша қабылданған заң негізінде жҧмыс атқарады. Кейбіреулері «БАҚ туралы» заңды білгісі де келмейді. «Баспасӛз шыншыл болуы тиіс және мемлекет бҧл тҧрғыда оған кӛмектесуі тиіс. Кемшілік мынада, біздің кӛптеген министрлер мен мемлекеттік қызметкерлер бҧқаралық ақпарат қҧралдарымен жҧмыс істей алмайды, ӛз пікірлерін жеткілікті де ҧғынықты тҥрде айта алмайды» деп атап кӛрсеткен болатын Елбасы ӛзінің бір сӛзінде. Сонымен қоса, прокуратура, жол кӛлігі және тағы басқа қоғамдық органдар жайлы ақпарат таратуға болмайтын Қылмыстық Кодексте баптар бар. Мемлекеттік, авторлық, сақтандыру, сайлау, зейнетақы жинақтау, салық, банк, ӛсиетке қалдыру, тіпті, микрокредит беру қҧпияларының тҥрлері жеткілікті. Сондықтан мекеме қызметкері журналистке ӛз мамандығының заңына сәйкес және ӛзіне қолайлы,әрі тиімді ақпаратты жазуға нҧсқайды. Бҧл тҧста қоғамдық қызығушылық деген ҧғым жайлы айтып кеткен жӛн болар. Мәселен, Ресей Федерациясында журналист ӛзіне қажет ақпаратты қоғамдық қызығушылық ҥшін деп кейбір заңдарды бҧзу арқылы алуы мҥмкін. Журналисті заң қорғайды. Ал, Қазақстанда журналист қоғамдық қызығушылық жолында ещбір заңды аттап кете алмайды. Егер баспасӛзде материалдар жарияланатын болса, бҧл – сол мемлекетте ӛмір адамдардың жалпы және негізгі қҧқықтарының сақталуын кӛрсетеді. Сондықтан ол-іргелі адам қҧқықтарының бірі болып табылады. Сонымен қатар бостандық – демократия кепілі болғандықтан, халық ӛз басшысын әділ сайлау арқылы таңдай алады. Кӛбінде мемлекеттік БАҚ билік басындағы немесе белгілі бір шенеуніктердің қызығушылығын танытып жатса, тек еркін баспасӛз ғана халыққа әділдік жолын кӛрсетеді. Сӛз бостандығы – ашық ақпараттық алмасу кеңістігінде ел экономикасының дамуына ықпалын тигізеді. Ал, ел экономикасы тҥзелсе, халықтың ӛмір сҥру жағдайының жақсаратыны анық. Дҥниежҥзілік банк тобының Президенті Д.Вулфенсон кітабының алғы сӛзінде: «... кедейлікті азайту ҥшін адамдарға дҧрыс және толыққанды ақпарат тарату ӛсімін кӛбейту керек. Егер адамдар кең кӛлемді ақпаратпен қамтамасыз етілсе, олардың таңдау мҥмкіндіктері де кеңейеді» деп жазған. «Журналист, газет, телеарна ӛтіп жатқан оқиға туралы ӛзінің, міндетті тҥрде фактіге негізделген пікірін айтуы тиіс. Фактіні жария ету, кемшілікті кӛріп, кінәліні атау, иә, бҧл журналист пен басылымның қҧқығы. Алайда сынға ҧшыраған адам да осындай қҧқыққа ие. Оларға да сӛз берілуі тиіс, оның ҥстіне, сол бҧқаралық ақпарат қҧралдарының ӛзінде,сол кӛлемде, еш қоспасыз берілуі тиіс. Кімнің дҧрыс, кімнің кінәлі екенін адамдар ӛздері шешсін. Ал бізде қалай: бір жағы нені қаласа, соның бәрін айтады, қарсы жақтың пікірін білдіру мҥмкіндігі болмайды» [12]
Баспасӛздің еркін материалдар жариялауға, редакциялық комментарийлер жасауға қҧқығы болуы тиіс. Еркін БАҚ тҧрақты демократияның даму кепілі болса, сӛз бостандығын дамыту дегеніміз- адам бостандығына ықпал ету деген сӛз. Ақпарат ала отырып, әр азамат ӛз қоғамының саяси ӛмірінде маңызды рӛл атқара алады. Сайлаудың ӛзі еркін ақпарат кӛзінсіз шиыртпағы кӛп, кҥрделі механизмге айналады. Еркін ақпарат сайлаушылары жайлы халыққа хабардар етіп отырады. Алайда, БАҚ еркін болғанымен, билік деген ҧғым тағы бар. «Ҥкімет мемлекеттегі жҧртшылықтың бәрінің ӛмірін жҧмаққа айналдырып жіберу ҥшін емес, сол жҧртшылықтың ӛмірі тҥгелдей тозаққа айналып кетпеуі ҥшін керек» депті орыстың бір ой қуған кісісі. Билік тармақтары арасында ешбір заңды бҧзбай, БАҚ еркін сӛйлей ала ма? Ол ҥшін кез келген журналист ӛз сӛзіне жауап беруге дайын болуы тиіс. Яғни, БАҚ еркін сӛйлей отырып, мемлекетке де, қоғамға да, жеке адамға да кесірін тигізбеу керек. «БАҚ және адам қҧқығы» атты халықаралық декларацияда кӛрсетілгендей, ешбір адам сӛз бостандығын қолдана отырып, мемлекет азаматтарының қҧқығына кҥш кӛрсете алмайды. Даусызы бір

35


ғана нәрсе: сӛз бостандығы керек, еркін ойға тосқауыл қойылмауға тиіс, бірақ, мемлекет, қоғам алдындағы, заң алдындағы жауапкершілік ҧмыт болмауы керек.
Сондықтан қазіргі таңда сӛз бостандығы мен оның заңнамасы жайлы сӛз қозғағанда, ең алдымен, кӛтерілетін мәселе – сӛз бостандығын шектеу немесе оған қосымша кепілдік беру, не болмаса цензураны енгізу керек пе деген сияқты сҧрақтардың орнына, оны халық пайдасы ҥшін қалай дҧрыс қолдануға болады деп қарастырған ләзім.
Әдебиеттер

  1. Д.Шадрин. Логика.- М.,2008

  2. ҚР Конституциясы. Алматы, 2008

  3. ҚР БАҚ туралы заңдары / А: 1991,1999

  4. DUMAEM.RU Спецпроект "Казахстан" 21.10.05

  5. ҚР БАҚ туралы заңдары / А: 1991,1999

  6. Авторлық қҧқы және сабақтастық қҧқы туралы заң/А:1996

  7. Қазақстандық сӛз бостандығы мен ақпарат теңдігі Qaqaz.kz, 2010 ж.,25 маусым

  8. Уильям Энгдаль. Похоже, у "Репортеров без границ" есть и политические цели

Annual accounts, 2009

  1. Reporters Without Borders 2010, 6 July

  2. ҚР Қылмыстық кодексі /А:2007

  3. ҚР БАҚ туралы заңдары / А: 1991,1999




  1. Goldman, Michael. Imperial Nature: The World Bank and Struggles for Social Justice in the Age of Globalization. New York: Yale University Press, 2005



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет