Ғылыми жоба



бет3/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,77 Mb.
#32991
1   2   3   4   5   6

Қарыс – толық жазғандағы бас бармақ пен шынашақ ұштарының арасына тең ұзындық бірлігі (19-20 см шамасында). Тұрмыста, құрылыс жұмысында пайдаланылған. Киіз үйдің уығы 12 – 16 қарыс мөлшерінде жасалды.
Елі – сұқ қолдың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 2 см) мұнда өлшенетін дененің үстіне қолды салып, оған сұқ қолдан бастап шынашаққа дейін қанша саусақ орналасқанын анықтайды, қатар орналасқан төрт саусақтың ені төрт елі деп аталады (шамамен 7-8см) . Бас бармақтың ені үшін (шамамен 2,2 -2,3 см) кейбір жерлерде қатар қойылған алты арпа дәнінің ені алынған (Бабыр жазбалары 16 ғ.). Қазы майының қалыңдығы, ою – өрнектің мөлшері тағы басқа енімен өлшенген. Буын – ортаң қолдың ұшынан оның ортаңғы буынына дейінгі аралыққа тең ұзындық бірлігі (шамамен 5-6 см). Сәулетті сарайлар мен түрлі ғимараттардағы ою – өрнектің мөлшерін осы буынмен өлшенген; тігін, киім пішу жұмыстарында да қолданылған.
Шынтақ – қолдың ортаңғы саусағының ұшынан шынтақтың бүгілген жеріне дейінгі аралық. Қазақстанда кең тараған Бұхар шынтағы шамамен 40-41 см.
Тұтам – бүгілген төрт саусақ пен алақан арасындағы қуыстың ұзындығына тең өлшем. Бабыр жазбаларында тұтам шамамен 8-8,5 см – ге дейін ұзындық өлшемі делінген.
2)Қашықтық өлшемдері:
Қадам - адам адымына тең ұзындық бірлігі. Бүкіл шығыс елдеріне кең тараған фарсах- 12000 қадамға тең деп саналады. Құрылыс жұмыстарымен суару жүйесінде кеңінен қолданылған. Бұхар әмірі бойлары бірдей бірнеше адамды іріктеп алып, қадамның мөлшерін белгілемек болмақ. Бұл сияқты талпыныстар басқа жерлерде де кездеседі. Осындай мәліметтерге қарағанда қадам 60-70 см шамасында болғанға ұқсайды.
Құлаш – иық деңгейіне сәйкес созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі. 1838 жылғы мәлімет бойынша Фергана құлашы 1666-170 см, Қазақстанда қолданылып келген Бұхар құлашы 142 см – ге тең. Құлаш сауда – саттықтың жұмысында тұрмыста сондай – ақ салықты өтеу кезінде пайдаланылған. Сондай – ақ құлаштың да сала, кере, көш, құлаш атты түрлері болған. Аршын – көне түрік заманында қолданылған ұзындық бірлігі. Ол кездегі мәні белгісіз. Кейбір мәліметтерге қарағанда 16 ғасырдан бастап аршын 71,12 см-ге тең ұзындық өлшемі ретінде Россияның шет аймақтарында пайдаланылған. Парсы (Иран) тілінен енген бұл өлшемнің бастапқы дәл мағынасы – шынтақтан саусақтың ұшына дейінгі аралық. Кейбір әдебиеттерде хан аршыны деген атпен саусақтың ұшынан мұрынның ұшына дейінгі аралыққа тең өлшем де ұшырасады. Кез – ескілікті әдебиеттерде аршынның синонимы ретінде кездесіп қалады.
Өлшеу техникасы жөніндегі оқулықтар мен техникалық әдебиеттерден «ярд», «дюйм», «фунт» сияқты ескілікті өлшемдердің күні бүгінге дейін маңызын жоя қоймағандығын байқауға болады. Өндірістік маңызы бар кейбір ұзындық өлшемдері (мысалы, құбырдың диаметрі) қазірдің өзінде дюйммен берілетінін талай естігіне боларсыздар. Өйткені мәдениетті жоғары, сауда саттық қатынасы жедел дамыған елдерде байырғы өлшемдер алғашқы шыққан күйінде қалып қоймай «цивилизациялған» яғни нақтылана түскен. Бұл келтіріліп отырған мысалдардан қазақтық халықтық терминдердің шығу төркіні, қолданылу мақсаты, өміршеңдігі, аталу сәттілігі жағынан да басқа халықтардың ұлттық өлшемдерімен деңгейлес болғанын байқауға болады. Алайда түрлі тарихи себептерге байланысты өлшеулік мәні бар байырғы терминдеріміз ұлт шеңберінен аса алмай, нақты мәнге ие бола алмаған. Сондықтан да қазақтың «бармағы» мен «табаны» немесе «құлашы» мен «қарысы» арық пен семіздің, ұзын мен қысқаның жекелеген мүшелеріне тәуелді күйінде қалып қойған.Өлшемдердің ала – құлалығынан туатын түрлі халықаралық қатынастардағы қиыншылықтарды жеңілдету мақсатымен қазіргі кезде дүние жүзінде өлшемдердің бірыңғай метрлік жүйесі (СИ) қолданылды. Сондықтан барлық жерде қолданып келе жатқан байырғы өлшемдер әр елдің көне мұрасы ретінде ғана сақталып, тарих қойнауында қалып барады.
Қазақ халқының егін шаруашылығымен айналысқан жерлерінде жер мөлшерін (ауданын) өлшеуге пайдаланылған бірліктерінің ішінен ең көп тарағаны – танап. Танап – Орта Азия мен Қазақстанда пайдаланылған аудан бірлігі. Оның алуан түрлі мәндері бар. Көне жазбалар мен саяхатшылардың естеліктеріндегі мәліметтерде қайшылықтар көп. 1927 жылы Өзбек ССР Орталық статистикалық басқармасы ұйымдастырған комиссияның қорытысында мөлшері келтірілген. Осы мәлімет бойынша танаптың ең көп тараған мөлшері: Хорезм танабы – 4097 шаршы метрге, Бұхара мен Самарқанда қолданылған танап – 2731,35 шаршы метрге, Қазақстанның суармалы аудандарында (Әулиеата, Қазалы, Шымкент т.б.) танап – 1820,83 шаршы метрге тең. Тепе – Орта Азия, Монғолстан және Қазақстанда жер өлшеу кезінде қолданылған көне аудан бірлігі. Ол шамамен екі шаршы шақырымға тең.
ә) Көлем өлшемдері:
Ертедегі адам бір нәрсенің ауданын, үлкендігін (көлемін) сөз еткенде, оны да өзіне таныс басқа нәрсенің ауданымен, үлкендігімен (көлемімен) салыстырып, мысалы, аудан туралы айтқанда: «түймедей», «теңгедей», «ат төбеліндей», «алақандай», «туырлықтай», «ауыл аймағындай» деп, ал бір нәрсенің үлкендігін «жұдырықтай», «ат басындай», «үйдей», «таудай» деп ұғынысқан. Әдет бойынша қазірден қолданылатын, өлшеуіштердің алғашқы нышаны болған. Осы сөздер өлшеу мен өлшеуіштер тарихы жөнінде және халықтың өмірі, кәсібі туралы едәуір мәліметтер береді.
Ауданды қазіргідей өлшеу мәселесі, кейін егіншілікпен кәсіп етіп жер участоктарының аудандарын өлшеу жұмыстарын жүргізген вавиоландықтар, мысырлықтар, тағы да басқа сияқты елдерден басталды. Ал көлем өлшеу мәселесі обсерваториялар, храмдар, пирамидалар т.б. күрделі құрылыстар салынып әр түрлі нәрселердің көлемдерін өлшеу қажет болған кезде басталды.
Ертедегі адамда заттардың салмағын өлшейтін қазіргідей таразы мен гирлер болған жоқ, нәрсенің ауыр – жеңілін көрсететін «зілдей», «қаңбақтай» деген сияқты салыстырма ұғым ғана болды.
б) Салмақ өлшемдері: Мысқал (1 грамм), қадақ (750 грамм), келі (1 килограмм), пұт (16 килограмм), батпан (100 килограмм).Бұл өлшемдермен бірге халық «Салмағынан жер ойылғандай», «түйеге жүк болғандай» деген сияқты бейнелеу теңеу сияқты айшықты сөз өрнектерін қолданып , ауыр, жеңіл деген сөздерді де пайдаланады.
в) Тереңдік, ауа – райы, сауда өлшемдері:
Қанжылым, жылы, ыстық, суық, салқын, мұздай,тағы да осылайша анықтап, бір заттың судың астын немесе ауа – райының қалыбын белгілейді. Ауа – райын жылы, ыстық, қапырық, қайнап тұр, күйіп тұр, аспан айналып жерге түскендей, ми қайнататын ыстық… деп жаз айындағы күн райын айтса, қыста: шуақ, май тоңғысыз, шыбынсыз жаз, суық, салқын,үскірік, бет қаратпас аяз, тфу десе түкірік жерге түспейтін аяз деген теңеулер арқылы күннің қаншалықты суық екенін анықтап соған сәйкес әрекет ете бастайды.
Ақшалай саудада тиын мен теңгені, алтын, күміс, жамбы (қой тұяқ, тай тұяқ) сияқты құнды металдарды қолданған. Ал айырбас саудада әркімнің келісіміне сәйкес шамамен түйені – құлынды биеге, биені – бұзаулы сиырға, сиырды – тай, құнанға, тайды – үш – төрт қойға айырбастаған.
Тайыз, биік, аласа.









  • Өлшемдердің атаулары.
  • Уақыт өлшемдері.

  • Астың пісуіне байланысты уақыт өлшемдері.

  • Азық-түлікке қатысты өлшемдер.

  • Саусақпен өлшенетін ұзындық (қалыңдық) өлшемдері.

  • Қолмен өлшенетін ұзындық өлшемдері

  • Саусақпен өлшенетін сыйымдылық өлшемдері.

  • Бұйымдарға байланысты ұзындық өлшемдері

  • Қашықтық өлшемдері

  • Жақын деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері.

  • Тереңдік өлшемдері

  • Өте алыс деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері.

Уақыт өлшемдері.


Уақыт ғасырмен, жылмен, аймен және аптамен өлшенеді.

Апта – «жеті» деген сөзді білдіреді

Жеті күнді санау

1. Бүгін


2. Ертең

3. Бүрсігүні

4. Арғы күні

5. Қасиетті күн

6. Соңғы күн

7. Азына
Түнеугүні – бірнеше күн бұрын.

Аптада жеті күннің бесеуінің аты «сенбі» сөзінің алдына парсының, 1,2,3,4,5 сияқты реттік сан есімдерін қою арқылы жасалған.

Олар мыналар:

ЖЕКсенбі – бірінші сенбі

ДҮйсенбі – екінші сенбі

СЕЙсенбі – үшінші сенбі

СӘРсенбі – төртінші сенбі

БЕЙсенбі – бесінші сенбі

Ай аттары.


1.Наурыз – хамал – март

2.Көкек – сәуір – апрель

3.Мамыр – зауза – май

4.Маусым – саратан – июнь

5.Шілде - әсет – июль

6.Тамыз –сүмбіле – август

7.Қырқүйек – мизан – сентябрь

8.Қазан – ақрап – октябрь

9.Қараша – қауыз – ноябрь

10. Желтоқсан – жәди – декабрь

11. Қаңтар – дәлу – январь

12. Ақпан – хұт – февраль

Шілде

1.Жазғы шілде – 26 маусым мен 5 тамыз аралығы



2.Қысқы шілде – 27 желтоқсан мен 6 ақпан.











Жыл аттары.


1 -жыл Тышқан жылы

2 -жыл Сиыр жылы

3- жыл Барыс жылы

4- жыл Қоян жылы

5- жыл Ұлу жылы

6- жыл Жылан жылы

7- жыл Жылқы жылы

8- жыл Қой жылы

9- жыл Мешін жылы

10-жыл Тауық жылы

11-жыл Ит жылы

1 12 -жыл Доңыз жылы



1972

1973


1974

1975


1976

1977


1978

1979


1980

1981


1982

1983


1984

1985


1986

1987


1988

1989


1990

1991


1992

1993


1994

1995


1996

1997


1998

1999


2000

2001


2002

2003


2004

2005


2006

2007




1.  Биыл – осы жылы

2.  Былтырғы (өткен) жылы – 1 жыл бұрын

3.  Бұрнағы (мұрнағы) жылы – 2 жыл бұрын

4.  Одан арғы жылы – 3 жыл бұрын

5.  Бұрынғы жылдары – 4 жылдан бұрынғы жылдары.

Жылдардың ретін еске сақтаудың оңай әдісі

Түйе сеніп бойына,


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет