«Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны 1-дәріс. Тақырыбы: «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы»



бет92/150
Дата20.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#192083
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   150
Байланысты:
Дәрістер

Негізгі ұғымдар: ғылыми зерттеу әдістері, ғылыми дәлел, заңдылық, ғылыми ақпараттың анықтығы, жүйе, модель.
Ғылыми-зерттеу жұмысында әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Әдіснама «грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. Сондықтан әдіснама – зерттеу үдерісі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Теория – педагогикалық құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болады және сол әдіснаманың көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория – таным үдерісінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі. Таным теориясы тұтас танымдық іс-әрекет үдерісін және оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Педагогикалық теориялар: 1. Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы.
2. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы. 3. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы. Негізгі ұғымдар: тұлға, іс-әрекет, құндылықтар, басқару, тұтас педагогикалық үдеріс теориялары.
Ғылыми теория білімдердің жүйесі, әрі айналадағы обьективті шындықты танудың негізгі құралы болып табылады. Ғылыми теория мұғалімнің іс-әрекетін танымдық деңгейде талдап, педагогикалық құбылыстардың өзара байланыстылығын сипаттайды. Осының негізінде кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің теориялық негізі туралы ұғымды, теория мен практиканың өзара әрекеті негізінде оны одан әрі дамыту мүмкіншілігін айқындап тереңдетеді.
Педагогикалық теория дегеніміз – педагогикалық сан алуан құбылыстарды зерттейтін, бейнелейтін және түсіндіретін білімдер жүйесі, Педагогикалық теория оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесін тек практикаға ғана қатысты емес, оны зерттеу нәтижесінде пайда болатын теорияны алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. Сонымен, педагогикалық теория мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін жасаудың негізі ретінде қарастырылады.
Педагогикада тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік, құндылықтар, мектепті басқару, тұтас педагогикалық үдеріс, т.б. теориялар білім беру ұйымдарында кеңінен қолданыс тауып отыр. Тұлғалық-бағдарлық теория адамның тұлға ретінде әлеуметтік, әрекеттілік және шығармашылық мәні туралы мәселені қарастырады. Ол тұлғаны тарихи-қоғамдық даму нәтижесі және мәдениетті тасымалдаушы ретінде таниды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет