Филология факультеті


Пайдаланатын әдебиеттер тізімі



бет3/41
Дата29.09.2022
өлшемі1,24 Mb.
#151117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
6В01700. Ежелгі дәуір. қазақ әдеб. ПОӘК.

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:


Негізгі:
1. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. І кітап. Алматы, 2001.
2. Дәдебаев Ж., Сағындықов Н. Қазақ әдебиеті: Ежелгі дәуір. І кітап. Алматы, 2002.
3. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, 2005.
4. Қыраубайқызы А. Ежелгі әдебиет. Алматы, 2012.
Қосымша:
1. Ежелгі әдебиетті зерттеу мәселелері. Алматы, 2011.
2. Есембеков Т.У. Көркем мәтін поэтикасы. – А.: Қазақ университеті, 2012.
3. Көне түркі әдебиетінің типологиясы. Алматы, 2014.
4. Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы. 5 томдық. – Алматы, 2019-21.


Электрондық оқулықтарға қажетті сайттар:

1. http://www.infoliolib.l/info/.


2. http://www.openj-gate.org /.
3. http:/www.rubricon.com– РУБРИКОН.

№2-лекция тақырыбы: Түркі қағанаты дәуіріндегі әдеби ескерткіштерді оқытудың маңызы (1 сағат. 2-аптада).



Сабақтың мақсаты:

  • Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиетті оқудың маңызын түсіне білуіне;

  • студенттің Түркі қағанаты дәуіріндегі мәдениет пен әдебиеттің қалыптасу кезеңдерін талдай білуіне;

  • түркі халықтарына ортақ Түркі қағанаты дәуіріндегі әдеби мұралардың ерекшеліктерін ажырата білуіне;

  • Түркі қағанаты ескерткіштерінің өзгешелігін көрсете білуіне;

  • Түркі қағанаты дәуіріндегі әдеби мұраларды мектепте оқытудың маңызын түсіне білуіне үйрету.

Сабақтың нәтижесі:

  • студент Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің қалыптасу тарихын анықтай отырып, оларды ажырата, нақтылай алатын болады және кәсіби маман ретінде түсіндіре, талдай, талқылай және деректер келтіре алатын болады.

Әдебиетті дәуірлеу мәселелері. Зерттелуі. Заманымыздың тасқа қашалып жазылған тұңғыш жазу-сызулар (б.з. IV–VII ғ.ғ.).


Сыма-Цянның «Жылнама», Бань-Гудың «Ханнама» кітаптарындағы маңызды деректер. Түркі қағанаты дәуіріндегі ескерткіштер туралы В.В. Радловтың, Ә. Марғұланның, М. Жолдасбековтың, т.б. пікірлері.
Орхон ескерткіштері, оның жазылу себептері. Зерттелуі. Орхон жазуының мазмұны, ой-мақсаты. Жырдағы айтылатын негізгі мәселе елдің тәуелсіздігі екені. Ұрпақтарға өсиет. Жыр қаһармандары: Білге қаған, Күлтегін, Тоңықұқ. Жырдағы оқиғаны ұйымдастырушы негізгі қаһарман Күлтегіннің ерліктері, қырық жеті жаста қаза табуы. Білге қағанның халқының қамын ойлап, «күндіз отырмаған, түнде ұйықтамаған» Елбасы екендігі. Тоңықұқ бейнесінің «Оғыз қаған» жырындағы Ұлық Түрікпен, Бұхар жыраумен ұқсастығы. Осы аталған мәселелерді мектепте оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет