Философия кафедрасы



бет1/7
Дата08.11.2016
өлшемі1,27 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7




УМКД 042-14.1.01/01-2013

Ред. № 1 от 03.09.2013

Страница из



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ КАФЕДРАСЫ


СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты

ПОӘК

УМКД 042-14.1.01/03-2013



«Философия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

(оқу әдістемелік материалдар)


№3 – басылым



ФИЛОСОФИЯ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
(Барлық мамандықтарға арналған)
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Cемей - 2013

1.ӘЗІРЛЕГЕН:

Құрастырушы: «03.09.2013»

ф.ғ.к, доцент м.а. Болысова Қ.М., аға оқытушы Кенжебулатова А.М.
2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің философия кафедрасының мәжілісінде қаралды.

Хаттама № 1 03.09. 2013ж.
Кафедра меңгерушісі: ______________ /Мұқатаева А.А./

2.2. Гуманитарлық-заң факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.



Хаттама № 1 05.09.2013ж.
Төрағасы: ________________ /ф.ғ.к. Кеңесбаева Ш.С./
3. БЕКІТІЛДІ:
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.
Хаттама №1 13.09.2013ж.
ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.к. Искакова Г.К./
4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 13.09.2012ж. басылымның орнына)


МАЗМҰНЫ


  1. Философия пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий).

  2. Философия пәні бойынша дәрістер кешені.

  3. Философия пәні бойынша семинар тапсырмалары.

4. Студенттердің өздік жұмыстары.

1. ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

(ГЛОССАРИЙ)
Философия - (гр.т.даналықты сүйемін) - әлемнің, дүниенің, қоғамның және ойлау жүйесінің ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Философия ой дамуы адамзат қоғамының кезеңінде де болған. Әсіресе көне Шығыс өркениеттерінде. Бірақ дін мен мифологиядан өзгеше дүниетаным ретінде ол Ежелгі Грекияда қалыптасты

Дүниетаным - адамдардың өзін қоршаған ортаға деген пікірлердің, идеялардың, теориялардың жиынтығы ретінде көрінетін және сол ортадағы алатын адамдардың орнын білдіретін ұғым.

Материализм - материя мен сана қатынасында бірінші материя пайда болады деп есептейтін философиялық бағыт.

Идеализм - материя мен сана жағдайында бірінші болып сана (идея, рух) пайда болады деп есептейтін философиялық бағыт.

Деизм - жақтаушылары құдайдың бар екендігін мойындайтын, олардың ойынша құдай бір рет өмірді құрғаннан кейінгі, оның әрі қарай дамуына қатыспайды және адамдардың іс-әрекетіне ықпал етпейді деп есептейтін философиядағы бағыт.

Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.

Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылыр алынады.

Софистика - дауласу және дәлелдеу кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмді яғни сыртай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану.

Герменевтика - текстің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.

Эмпиризм – көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс бағыт.

Рационализм - шынайы абсолютті білімге тәжірибе мен түйсіктің ықпалынсыз тек қана ақыл -ойдың көмегімен жетуге болады деп есептейтін философиялық бағыт .

Атман (санскрит) - дем, жан, бар нәрсені қамтитын субъективті рухани бастау, «Мен»-жан.

Брахман (санскрит) - жоғарғы объективті шындық, одан әлем пайда болатын абсолютті рухани бастау.

Ведалар (санскрит) - әріптік білім, білу, ежелгі үнді мәтінінде жазылған өте ертедегі мәтіндердің жиынтығы және діни философиялық мұра болып табылады.

Дхарма (санскрит) - заң, тәртіп, борыш, әділеттілік, жағымды сипаттағы бeлгiлі бip белгілену, оған норма ретінде ұстану қажетті үлгі.

Карма (санскрит) - әрекет, ic, жеребе, тipi жанның жаңадан дүниеге келуінің сипатын анықтаушы, оның жасаған қарекеттерінің және олардың салдарының жалпы сомасы.

Мокша – Атман мен Брахманның қосылуы, қайта туылу дөңгелегінен арылу, мокшаға жеткен жан шексіз өмір тосқауылынан азат болып махатма – Ұлылық дәрежесіне өтеді.

Конфуцийшілдік - ежелгі Қытайдағы басты идеялық ағымдардың бipi. Конфуцийшілдіктің негізін калаушы - Конфуций (б.з.б.551-479), оның көзқарасын ізбасарлары « Лунь юй» кітабында баяндап берген.

Даосизм-дао немесе «жол туралы ілім, Қытайда б.з.б. 6-5 ғ-да пайда болған. Даосизмнің нeriзін қалаушы ежелгі Қытай философы, табиғаттан айнымауға, табиғи өмір суруге шақырған Лаоцзы болып есептелінеді.

Жэнь-«адамдықты», «Адам сүйгіштікті» білдіреді. Ол Қытай философясының және мәдениетінің негізгі категорясы.

Сяо-адамгершіліктің негізі, Конфуций іліміндегі үлкенді құрметтеу принципі. Оның мағынасы «ата-анаға ли ережесі арқылы қызмет ету, оларды ли ережесімен жерлеуде» жатыр.

Ли- «этикет», «этика», «дәстүр». Конфуций ілімінің ортақ принципіне, ол өмірдің әртүрлі сфераларында адамдардың қарым - қатынастарын реттейді.

И – «әділеттік», «шыншыл». Қытай философиясының негізгі категориясы.

Инь – ян - Қытай философиясының негізін қалаушы категориялар, оларды бipre қарастырады. Ол әлемнің жалпылы идеясын көрсетеді: қараңғы-жарық, ер-әйел, тыныштық, қозғалыс т.б. Инь-ян Әлемдегі өмірді қалыптастырушы, ғарыштық бастау.

Чжи - ақыл-ой, даналық, интеллект. Ол тар мағынасында «жоғарғы ердің» бас сапасының бipi. Кең мағынасында - ол адамды жануарлар әлемінен ажырататын қасиет.

Дао-Қытай классикалық философиясының аса маңызды категориясы» «жол» дегенді білдіреді. Кейіннен Дао ұғымы философияда табиғаттың «жолын», оньң заңдылықтарын белгілеу үшін қолданылады.

Цзюнь-цзы- «жоғарғы», «қайырымды ер», ол өзінің мінез-құлқымен әлемдегі теңдікті және peттіліктi ұстаушы . Оны « қайырымды ер» қылатын бес сапа болуы керек: жэнь, ли ,сяо, и ,чжи.

Моизм - Қытайда б.з.д. 5-6 ғғ-да пайда болған, философиялық бағыт. Негізін калаушы Мо Ди.

Легизм - (фа-цзя) заңгерлер мектебі, ел адамды, қоғамды, мемлекетті басқарудағы этикалық-саяси ілім. Ол б.з.д.VI-III ғ-да пайда болды.

Номос және Фюзис ( гр.заң және табиғат ) - көне грек философиясындағы түсінік. Софистер іліміндегі «Тезис пен фюзиске қарама-қарсы ілім.

Софистика - гр.софистердің ілімімен п.б.көне Грециядағы ағым. Жалған сөздер мен аргументтерді қолдана отырып адамды сөз арқылы сендіру.

Элей мектебі - көне Грециядағы философиялық мектеп. Негізін салған – Парменид пен Зенон.

Анамнесис ( гр.т. еске түсіру ). Платон философиясындағы термин адам жағдайының қал-жағдайын түсіндіреді.

Эрос (гр.т.күшті) тілек, махаббат. Грек мифологиясындағы және поэзиясында махаббат құдайы.

Эпикуреизм — көне грек және Рим философиясындағы материалистік бағыт. Негізін салушын Эпикур.

Стоицизм — көне грек философиясының мектебі. Негізін салушы Зенон.

Скептицизм — ( гр.т. зерттеуші, қараушы) Пиррон негізін салған философиялық бағыт.

Неоплотонизм — антикалық платонизмның соңғы даму этапы. Негізін салушы Плотин.

Атараксия — (гр.т.толқымау, жайбарақаттық) Эпикур ілімі бойынша адам ұмтылуға тіисті идеалды жағдай.

Эвдемонизм — (гр.т.бақыт) өмірді түсіндіру антикалық принципі, кейін келе этикада моральді негіздеу принципі. «Бақыт адам өмірінің ең жоғары мақсаты»дегенге сай.

Перепатетизм — Перипат немесе Ликей, гимназия деп аталған, Аристотельдің философиялық мектебі.

Метафизика — (гр.т.физикадан кейін) болмыстың басталуы және жоғары ілімдер туралы ғылым.

Диалектика — гр.т. әңгіме дүкен құру өнері, пікірталас.

Эйдос — көне грек термині, философиялық қолдануға дейін (Гомерден бастап) Сократқа дейінгелер, сыртқы түрі, бейне деп қолданған.

Қалам - араб -түрік философиясындағы негізгі бағыт, «сөз» немесе «сөйлеу» дегенді білдіреді.

Мутазалиттер - материалистік сипаттағы философиялық бағыт.

Суффизм (гр.т. жүннен тоқылған шекпен) - исламдағы мистикалық-эстетикалық ілім. Негізін салған – Қ.Яссауи.

Акл - ақыл-ой

Схоластика (schola - мектеп) - шынайы өмірден бас тарту,

консерватизм, діни идеяларға толық бағыну.



Теоцентризм - құдай туралы ілім, философиялық зерттеудің

негізгі мәні болып, құдай есептелінеді.



Эманация - құдайдың әлемге әрдайым әсер етуі.

Креационизм- бір күннің ішінде құдайдың әлемді жаратуы

Монетеизм - бір құдай

Теология- (teos-құдай) - құдай туралы ілім.

Пантеизм- құдай әлемді жаратып, сол әлемге таралып кетуі

Гуманизм - білімді, адамгершілік.

Антропоцентризм - адамды дүниенің ең басты құндылығы деп есептейтін көзқарас.

Антиклерикализм - дінге емес, керісінше шіркеудің басыбайлығына қарсы бағытталған қозғалыс.

Реформация - католицизмді реформалауды көздейтін XVI - XVIІ ғасырда пайда болған қозғалыс.

Секуляризация - қоғам мен жеке тұлғаның дін ықпалынан арылуы. Натурфилософия - табиғатты бірлікте қарастыратын

философия бөлімі.



Социалистік-утопистік (ХУ-ХУІІғ.ғ.) бағыт мемлекет пен қоғамды құрудың идеалды - қияли формаларын, тендестіру, жаппай реттеу және т.б. мәселелерді қарастырды.

Субстанция - (лат. substantia— мазмұн, негізде жатқан нәрсе) — объективті шындық, оның қозғалысының барлық түрлерінің тұтастығы аспектісіндегі материя; сезімдік алуан түрлілікті және қасиеттердің өзгергіштігін салыстырмалы түрде тұрақты және дербес тіршілік ететін алуандылыққа сыйдыру мүмкіндігін беретін шегіне жеткен негіздеме.

Сенсуализм - (фр. -sensualisme, лат. - sensus- қабылдау, сезім, сезіну), таным теориясындағы бағыт, оған сәйкес сезімділік ең анық танымның басты түрі болып табылады.

Рационализм - (лат.т. «rationalis» -саналы, ratio-сана), сананы танымның және адамдардың мінез-құлқының негізі деп танитын философиялық бағыт.

Әдіс (метод) - (гр.т. «metods» - зерттеу немесе тану жолы, теория, ілім), философиялық және ғылыми білім жүйесін құру және негіздеудің тәсілі; шындықты практикалық және теориялық игерудің айла-тәсілдері мен операцияларының жиынтығы.

Эмпиризм - (лат. «emperia» - тәжірибе), сезімдік тәжірибені білімнің көзі деп мойындайтын таным теориясындағы бағыт, онда білімнің мазмұны осы тәжірибенің сипаттамасы ретінде келтіріліп, не оған сая алады.

Индукция - (лат. «induction» - келтіру) — танымдағы жекеден, дарадан жалпыға ауысу, жалпыны жекеден, дарадан шығару.

Дедукция - (лат. «deduction» - шығару)- танымдағы жалпыдан жекеге және дараға ауысу, жалпыдан жеке және дараны шығару.

Априорий - тәжірибеге дейін.

Антиномия - екі қарама - қарсы түсініктер арасындағы қарама- қайшылық әрбіреуі логикалық дәлелді және тиімді.

Трасценденттік - адамдардың санасынан тыс заттай түсінілетін біздің тәжірибеде шектен тыс барлығын түсінікті белгілеу.

Феноменология - (феномендер туралы ілім) натуралдық ережелерден есті босату

Диалектика - әңгіме жүргізу өнері, дау

Гносеология - таным жайлы философиялық ілім

Антропологизм - адам туралы ілім

Абстрактілік - бөлек шығарылып және жеке қарастырылады

Абсолют - (лат. « absolutus») - тұйықталмаған, шексіз

Абсолюттік идея - Гегель философиясының басты категориясы, нақты және шартсыз жалпылықты білдіреді

Антитезис - (грекше ) қарама - қайшылық

Категориялық империатив - мінездің тұйықталмаған принципі, этиканың негізгі заңы.

Иррационализм - (латын тілінен) - санасыз, зердесіз, қылға сыйымсыз.

Тезис -жағдайы, тұжырым

Позитивизм - (лат.оңды) ғылымдардың нақты шынайы білімнің бірден-бір көзі және ғылымның оң, жағымды жағын мойындайтын философиялық бағыт. Білім жеке ғылымдардың нәтижесі ретінде беріледі және философия жеке ерекше ғылым болғандықтан шынайылықты өзіндік тексеруге құқылы.

Прагматизм (лат. іс,әрекет) - адам болмысындағы іс-әрекет, білімнің маңызын тәжірибелік нәтижелер арқылы белгілейді. Белгілі бір қайшылықтарды тәжірибелік нәтижелер арқылы салыстырып шешуге негіздейді.

Эмпиризм – тәжірибенің құндылығы басты және жетістік ақиқаттың мағанасы болып танылады деп мойындайтын философиялық бағыт. Негізгі өкілдері Джеймс Пирс, Дьюи, Леруа, Лабертоньер. Бұл ағым ғылымдағы тәжірибелік нақтылықа сүйенген заңдар мен қағидаларды мойындайды.

Өмірге деген ерік - Шопенгауэр философиясындағы өмірге деген көзсіз және үздіксіз қалаулар жиынтығы және тұлғаның жеке қасиеттерін сақтай отырып, ұрпақ жалғастыруы.

Парадигма - ғылым даму кезеңіндегі теоретикалық, методологиялық, құндылық қасиеттерінің жиынтығы. Бұл термин ғылымда америкалық ойшыл Т.Кун есімімен байланысты.

Ерік - алдын ала жоспарланған саналы іс-әрекет, белгілі бір құндылықты құрайтын мақсатқа ұмтылу, классикалық жүйе бойынша ерік: 1)себептердің болуы, 2)саналылық ,3)шешім., 4)іске асу.

Батысшылдық (XIXғ. 40-50 ж.ж.) «еуропашыландыруды» насихаттаған бағыт. Оның өкілдері –А.И. Герцен, В.Г. Белинский, Н.П. Огарев, К.Д. Кавелин, П.В.Боткин, Т.Н. Грановский.

Славянофильдік (XIX ғ. 40-50 ж.ж.) - Ресей мен өзге славян елдерінің дүниедегі ерекше орнын дәріптейтін, православие мен қауымдастық өмірді аңсайтын философиялық бағыт. Оның өкілдері - А.С. Хомяков, И.В. Киреевский, Ю.Ф. Самарин, А.Н. ағайынды К.С. мен И.С. Аксаковтар.

Бүткілбірлік - әлемнің, барлық тіршіліктің бірлігі, болмысты ұйымдастырудың принципі; барлық заттар мен дүние құбылыстарының өзара шарттасуы, байланысы, өзара жіктелуі. Онтологияда бүткілбірлік: игілік - ақиқат - сұлулық (добро - истина - красота), ал гносеологияда -біртұтастық білім жүйесі:

Біртұтастық білім - ғылым, философия және діни сенімнің бірлігі, синтезі;

Герменевтика (грек., герменойтикос - түсіндіруші, ұғындырушы деген сөзін білдіреді, ежелгі грек құдайы Герместің атынан шыққан) - ұғыну, түсіну философиясы, тұспалдап сөйлеу тәсілін зерттейді, мәтіндерді түсіндіру өнерін, практикасы мен теориясын қарастыратын философиялық бағыт.

Прагматизм - гректің «прагма» - «іс-әрекет» деген сөзді білдіреді. Бұл философия XIX ғ. 70-жылдары АҚШ-та пайда болған. Прагматизм - абстрактті ақиқатты, ұғымдардың танымдық рөлін терістеді, ұғымның орнына белгілерді қарастыруды ұсынды. Ұғым тек субъектке ғана қатысты болып, оның мағынасы нақты салдардың (пайдалы, тиімділік) нәтижесі болып табылды.

Экзистенциализм (лат.т. «өмір сүру, тіршілік» деген мағынаны білдіреді) философиялық ағым ретінде XXғ. 20-жылдарында, ең алдымен, неміс жерінде, ал 40-жылдары француз жерінде пайда болған. Экзистенциализм адам өміріне қатысты көптеген мәселелерді қарастырады.

Абсурд (лат.т.) - мағынасыз, қисынсыз деген мағынаны білдіреді. Абсурд Камюдің шығармаларында философиялық мәнге ие болады. Ол өзінің «Сизиф туралы аңыз» атты еңбегінде «Мағынасыздық – адамзат өркениетінің тағдыры, осыны түсінген тұлға тағдырын жеңіп шығады», - дейді.

Онтология – болмыс фундаментальды үрдіс пен құрамның құралы болатын философия бөлімі.

Болмыс - барлық тіршілікті қамтитын абстрактілі философия категориясы.

Субстанция - жойылмайтын және жоқтан пайда болмайтын, болмыс формасын өзгертіп отыратын болмыс негізі.

Плюрализм - бірлікті жоққа шығарады, болмыс түрінің бірнеше тәуелсіздігін және сәйкес келмеуін мойындайды.

Дуализм - тең кұқылы және бір - біріне сәйкес келмейтін бастаманың рухани және материалдылығын мойындайды.

Зат - құрамы бар және басқа заттармен қатынаста болу.

Құрам - заттың басқа заттарға әсер ету және басқа заттармен сәйкес келу қабілеті.

Кеңістік — қозғалушы материяның объективті түрде өмір сүруінің формасы. Материалдық объектілердің және жүйелердің аумағын, алатын орнын, олардың өзара орналасуы мен байланысын сипаттайтын ұғым.

Уақыт - материалдық объектілердің өмір сүруінің ұзақтығын, олардың күй - жағдайларының өзгеру ретін білдіреді.

Диалектика - толық, жан - жақты және терең мазмұнды, өзара байланысты қарастыратын ілім.

Объект (лат.т. «алдында орналасқан») көзге түскеннің барлығы. Тар мағынасында ойлаушы субъектіге қарсы орналасқан біздің ойымыздың қарама-қарсы жағы. Объект - зерттелуші, субъект - зерттеуші.

Ғылым-табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білімдер жасауға бағытталған және оның барлық шарттары мен сәттерін білімдерімен және қабілеттерімен, біліктілігі дене тәжірибесімен, ғылым еңбегінің бөлінісімен және кооперациясымен қоса ғалымдарды, ғылыми мекемелерді, тәжірибелік іс-әрекеттермен айналысады.

Ақиқат - өмір шындығының ойдағы нанымды, дұрыс бейнесі, әлеуметтік процесс, тәжірибе сайып келгенде, өлшемі болып табылады. Ақиқаттың сипаттамасы заттарға емес және олардың тілмен тұжырымдалу емес нақты ойға қатысты.

Интуиция (лат.т. «зер салу») - ақиқатқа тікелей көз жеткізу қабілеті. Жаңа дәуірдегі философияда интуиция таным қызметінің ерекше формасы ретінде қаралды. Интуиция таным процесінде елеулі орын алады және оны танымның , «үшінші тетігі» , айшықты әрі маңызды, заттардың мәнін тап басатын таным деп санады.

Агностицизм (гр. «теріске шығару және білім») - дүниені танып білу мүмкіндігін толық немесе ішінара теріске шығаратын ілім. Агностицизм ғылымды шектеу, логикалық ойлаудан, табиғаттың заңдарын танып білуге бас тартады.

Таным - іс-әрекеттің адам мақсаттарымен ұмтылыстарының негізі болатын білімді қалыптастырушы, шығармашылық қызметтің қоғамдық тарихи процесі.

Сезім - адам сезім мүшелері арқылы алынатын ақпарат. Сезім шындықты бейнелеудің ерекше формасы. Ол адамдардың бір-біріне деген, сондай-ақ объективті дүниеге көзқарасын білдіреді.

Детерминизм (лат.т. «анықтаймын») - нақты әлемнің құбылыстары мен процесстерінің, заттарының объективті заңды өзара байланыстары, өзара шарттастығы жөніндегі философиялық ілім. Ғылым тарихында детерминизм себептілік ретінде кездестірілді, алайда материя дамуының буын тізбегі, әлемдік өзара тәуелділіктің кезеңі ретінде ғана себепті байланыс детерминизмнің негізгі формасы ретінде екенін ғылыми танымның дамуын көрсетіп берді.

Геосаясат - саясаттанудың концепциясы мемлекеттің ішкі саясатына сәйкес негізінен әр түрлі географиялық факторлармен, мысалға кеңістікпен алдын-ала анықталған. Табиғат ресурстарымен, климатпен, халықтың басым көпшілігімен және оның өсу қарқынымен көрінеді.

Биосфера (гр.т. «Био»-өмір, «сфера» -шар) өмірмен қамтылған және ұйымдастырылған, кешенді жердің қабықшасы бар өмірдің бөлігі.

Ноосфера (гр.т. «ақыл-ой») дамудың басты анықтаушы факторы болып табылатын адам қызметі көрінетін табиғат пен қоғамның өзара әрекет етуінің сферасы. Ноосфера туралы түсінік 20 ғасырдың 1- ші жартысында берілген болатын.

Географиялық орта - қоғамның дамуы мен өмір сүру шарттарын құрастыратын және қазіргі тарихи кезеңде қоғамдық өндіріс процесіне тартылған табиғаттың құбылыстары мен заттарының жиынтығы.

Әлеуметтік стратификация (лат.т.қабат және жасаймын) батыс әлеуметтануындағы қоғамның әлеуметтік құрылымын, ондағы теңсіздікті, әлеуметтік қабаттасу шарттарын белгілейтін негізгі түсініктердің бірі болып есептеледі.

Постиндустриалдьқ қоғам - қазіргі батыс әлеуметтануында және футурологиясында кеңінен тараған қоғамның жаңа кезеңі. Дүниежүзілік

тарих кезеңіндегі әртүрлі технологияны алмастыратын әлеуметтік үдеудің негізіне қаланатын дамулар болып табылады.



Өркениет (лат.т.азаматтық, мемлекеттік) 1) мәдениет ұғымының синонимі. Марксистік әдебиетте материалдық мәдениетті белгілеу үшін де

қолданылған. 2) рухани, материалдық мәдениеттің қоғамдық дамуының деңгейі, сатысы.



Мәдениет (лат.т.-өңдеу, тәрбие, білім, даму, құрметтеу) өзіндік және өзара, табиғатқа қарым-қатынас жиынтығында, рухани құндылықтарында, әлеуметтік норма мен мекемелер жүйесінде , материалдық және рухани еңбектерінде, адамның өмірлік іс-әрекетінің дамуы мен ұйымдасуындағы тәсіл.


2. Философия пәні бойынша дәрістер кешені
1-дәріс. Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірі. Біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды. Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі мәні болып табылады.

Күнделікті практикалық өмірдің барысында әрбір адам философиялық мәселелермен соқтығысады. «Философия» термині грек тілінен аударғанда «филео - махаббат, құштарлық; софия – даналық» деген мағынаны білдіреді. Терминнің шығу тегін грек ойшылдары Пифагор, Сократ есімдерімен байланыстырады. Осыдан кейін «ғылымдардың ғылымы» ретінде саналатын философиядан тарихи түрде әртүрлі білім салалары бөлініп шығады: астрономия, математика, механика, физика, медицина және т.б.

Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды:

• Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды білімді зерттей алмайды.

• Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды.

• Ол дүниені тану әдістерін меңгереді.

Философия дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді, маңызды мәселелердің жиынтығын қоса қарастырады. Философия адамзат қоғамының басты құндылықтарының жағымды және жағымсыз қатынастарын анықтайды. Философиялық білімнің негізгі мәнісі оның екі жақтылығында:

1. Оның ғылыми біліммен ұқсастықтары өте көп, мысалы - пәні, әдістері, логикалық - түсініктік ойлау аппараты.

2. Бір жағынан философия таза күйдегі ғылыми білім емес.

Философияның басқа ғылымдардан басты айырмашылығы — ол

философия адамдармен жалпы игерілген білімнің теоретикалық дүниетанымы болып табылады.

Сөйтіп, философия дүниеге көзқарастың жоғарғы деңгейі мен түрі, оған рационалдық, жүйелілік, логикалық пен теориялық зерделеу тән.

Дүниеге көзқарас - объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар.

Дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы бар.

• Мифология

• Дін.


• Философия.


Эфестік гераклит
Гуманистік бағыт
Дәріс №9. өзін-өзі тексеру сұрақтары
Ш.уалиханов (1835—1865) –
Дәріс №14. өзін-өзі тексеру сұрақтары

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу