«Философия» пәнінен глоссарий Философия



бет24/24
Дата03.01.2022
өлшемі46,05 Kb.
#108593
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
fs
×6 апта С , 42ae4e3e123d6e6ca66bbf38d20a4f7b, 42ae4e3e123d6e6ca66bbf38d20a4f7b, a8c8e208-52e1-4820-8dd5-bddfc0d50303
Экзистенциалдық – (лат.өмір сүру, тіршілік ету деген сөзден шыққан) қазақ философиясының бір ерекшелігі. Қазақ дүниетанымында өмірдің мәні, өмір мен өлім, адам болмысы т.б. экзистенциалдық ұғымдарға терең мән беріледі.
Көшпенділер философы”  -  Ш. Уәлиханов Асан Қайғыны осылай атаған. Толық аты  — Хасен Сәбитұлы (XV ғ) аңыз кейіпкеріне айналған өз заманының асқан ойшылы.

Мен”  — философиялық позиция. Қазақ  философиясында билер мен шешендердің, ақын – жыраулардың өз атынан сөйлеп, өз ойын, түсінігін ”Менін”  паш ете отырып, өздерін ақыл – ойдың субъектісі ретінде көрсетуі.


Жалған дүние – қазақ ойының философиялық сипатын аша түсетін экзистенциалдық ұғымдардың бірі. Бәрі өткінші, дүние бір күйде тұрмайды. Орыс әдебиетінде, “Тауратта” ”суета сует” деген осы қазақ ұғымына балама болып келетін сөз бар.
Жарық дүние – қазақтың дүниеге көзқарасының оптимистік сыңайын танытатын ұғым. Бір жағынан, бүкіл әлемді бейнелесе, екінші жағынан, адам әлемін, адамның туғаннан өлгенге дейінгі тіршілігін аңғартады.
Тәуба – философиялық ұғым, ол қандай да бір құбылыстың рухани өлшемі.

Ағартушылық – XIX ғ. бірінші жартысы мен XX ғ. басында қоғамдық сананың дамуында жетекші роль атқарған ой.


Толық адам” – Абай, Шәкәрім, Иассауи философиясында тұжырымдалған жетілген адам ( араб тіліне аударғанда ал – инсан ал – камил, жәуанмәртлік).
Адам бол!” – Абайдың этикалық – гуманистік принципі.
Мен” және ”менікі”  — Абай философиясындағы экзистенциалдық ұғымдар (тән мен жан, рух).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет