Нәтижелерді өңдеу көрсеткіші.
5
4
3 норма
2
1
ФА ЖА Т Ө К ВА КС
Сенің агрессияң - басқаға әсері болмағанға дейін, сенің жеке ісің болып табылады. Құрылған график сенің қандай агрессия түріне бейім екеніңді көрсетеді. Графиктегі үзік сызықтар үстінде орналасқан нүктелер аталған мінез формасы айқын дегенді білдіреді.
Физикалық агрессия – агрессияның ең жағымсыз түріне бейімі бар. Саған мәселені күшпен шешу тән. Мүмкін, өмір салтың мен тұлғалық ерекшеліктер саған өзара әрекеттің тиімді әдістерін іздеуге кедергі келтіретін болар. Осындай агрессияны жауап ретінде алу қаупің бар.
Жанама агрессия - әрине әріптесіңнің басын ұрғанша, үстелді ұрған жақсы.
Дегенмен де бұлай ете бермеңіз. Жиһаз бен ыдыс-аяқты ая. Бұл қып-қызыл шығын. Оның үстіне бұлай жасай берсең, жарақат алуың мүмкін.
Тітіркенушілік – ішінде сақталаған агрессия мүмкін жақсы мүмкін жаман басқа адаммен қатынасыңды бірден өзгертпейді, бірақ сыртқа шыққанша улы дәрі сияқты іштей жейді. Сыртқа шықса физикалық, жанама агрессия болары айқын.
Негативизм – қарсы боламын деп мағынасыз, өзін құртуға бағытталған әрекеттер жасау, бұл жеткіншектерге тән реакция.
Өкпелегіштік - өзге адамдардың әрекетінен, сөздерінен, мұқатуды, шеттетуді, кемсітуді көтеруге даяр тұру. Өміріңді біртіндеп уландырады.
Күдіктенушілік – басқалардың әрекетінен, сөздерінен саған қарсы бағытталған жасырын ойларды көруге дайын болу.
Вербальді агрессия – тілің қырық құлаш. Дегенмен ойланған жөн. Ойланбай айтылған сөз, қол жұмсағаннан ауыр болады.
Кінәні сезіну – сен ешкімге қол жұмсамасаң, сындырмасаң, айғайламасаң онда құттықтаймын. Сіз өзіңіз кінәлі сияқты жағымсыз сезім қайдан пайда болады ?
Егер өз эмоцияңа жауап бере алатын болсаң, онда оны басқара аласың деген сөз. Мұндайда не істеу қажет? Табиғат бұл қасиетті саған шектен тыс жомарттықпен бергенімен, оны орнымен қолданған жөн. Өз жан сарайыңда қожайын сен бе, әлде эмоция ма осыны ұмытпа.Эмоция процесін асау жылқының адуын басқанымен салыстыруға болады. Оларға үнемі ерік берудің қажеті жоқ. Екі жағдай да ыңғайсыздық тудырады. Бір жағынан асау жылқыны үйрету қиын, мен оны баули алмаймын деудің қажеті жоқ. Асау жылқыны үйрету үшін шыдамдылық қажет екенін мойындау қажет. Ең бастысы жылқы өз иесін мойындау қажет.
№3 әдістеме: М. Люшердің түрлі түсті тест әдісі.
Тесті жүргізбес бұрын ең алдымен сегіз түрлі түсті төрт бұрышты карточканы дайындап алғаныңыз дұрыс (көк, жасыл, кызғылт-сары, ашық-сары, сиякөк, қоныр, қара, сұр) бұлар мынадай сайкес номерлермен белгіленеді – 1 2 3 4 5 6 7 0
Бл түрлі түсті карточканы араластырып зерттелінушінің алдына ұсыну қажет.
М. Люшер тестінің жүргізілу нұсқасы.
Мына берілген 8 түске қараңыз да, соның ішіндегі өзіңізге ұнайтынын таңдаңыз. Бірақ, бұл түстерді басқа заттармен ұқсастырып таңдауға болмайды. Яғни киімнің, автомобильдің түсімен байланыстыруға болмайды. Тек өзіңізге ұнаған түсті ғана таңдап аласыз.
Осы 8 түстің ішінен таңдалған біреуін сол жағыңызға карточканы төкеріп қоясыз.
Енді тағы өзіңізге екінші деңгейде ұнаған түсіңізді даңдап, оны оң жағыңызға төңкеріп қоясыз.
Сол сияқты келесі түстерді де ретімен таңдап, жалғастырып, кезегімен қоя бересіз. Соңғы сегізінші таңдалған түс оң жақта тұруы қажет.
Осы таңдалған карточкаларды рет-ретімен номерлеп қойыңыз.
Зерттелінуші келесі таңдауды алды делік,
Қызыл, 2)Көк, 3) Сиякөк, 4) Сары, 5) Жасыл, 6) Қоңыр, 7) Сұр , 8) Қара. Бұл тұрғыда 3 1 5 4 2 6 0 7 осындай қатар саны шығады.
Осы қатар санын төрт топқа екі жұптан бөлеміз. Бірінші жұптың индексін «+» деген таңбамен белгілейміз. Екінші жұптың индексі «х», үшінші жұптың индексі «=», төртінші жұптың индексі «-». Қорытындысында мынадай нәтижені көрсетеді. 3 1 5 4 2 6 0 7 + + х х = = - - .
Тестілеудің талдануы және анализі.
«+» таңбасымен белгіленген индекс – түсті жоғары дәрежеде ұнату,
«х» таңбасымен белгіленген индекс – түске орташа деңгейлі ұнату қатынасы.
«=» таңбасымен белгіленген индекс — түске деген немқұрайлық қатынас.
«-» таңбасымен белгіленген индекс – түске деген жағымсыз қатынас. Біздің мысалымызда түсті келесі жағдаймен таңдалынуымызға болады. 3 1 5 4 2 0 7 + + = = - -. Кей жағдайларда зерттелінушіге тереңінен анализ жасауға тура келеді. Ондай жағдайда тесті қайтадан жүргізуге тура келеді. Яғни зерттелінуші түсті қайтадан таңдауы қажет.
Бірінші таңдағаннан соң, бұл тесеті 15минуттан кейін жүргізілуі қажет. 15 минуттан кейін зерттелінушіге түстер араластырылған түрде беріледі. Зерттелінушіге мынадай ескерту беріледі:
«Берілген карточканы бірінші мәрте көргендей, оны қайтадан таңдайсыз, алғашқы таңдағаныңызды еске түсірудің қажеті жоқ». Сонымен алғашқы таңдағанымен, кейінгі таңдағанды номерлеп жазу қажет. Сонда екі қатар пайда болады. Мысалы, 3 1 5 4 2 6 0 7
3 5 1 4 2 6 7 0
Зерттелінуші өз еркімен қандай түс ұнайтынын немесе ұнамайтынын шешуі қажет. Соңында бұл көрсетілген индекстердің алғашқысы мен соңы мына жағдаймен түсіндіріледі: +3 -7
+3-0
Түстердің психоэмоционалды талдануы.
Түс
|
Қан қысымы
|
Пульс, демшығару.
|
Физикалық ауырлық.
|
Эмоцияға әсер ету.
|
Қызыл
|
Жоғарлайды.
|
Жылдамдайды.
|
Жоғарлайды.
|
Қоздырады.
|
Қызғылт-сары.
|
Шамамен жоғарлайды.
|
Шамамен ұлғаяды.
|
Жоғарлайды.
|
Стимул береді.
|
Сары.
|
Өзгермейді
|
Өзгермейді.
|
Өзгермейді.
|
Тепе-теңдік ұстатады.
|
Жасыл
|
Белгісізден төмендетеді
|
Белгісізден төмендетеді.
|
Белгісізден төмендетеді.
|
Тепе-теңдік ұстатады.
|
Көгілдір.
|
Төмендетеді.
|
Бәсеңдетеді.
|
Төмендейді.
|
Бәсеңдетеді.
|
Көк.
|
Төмендетеді.
|
Белгілі төмендетеді.
|
Төмендейді.
|
Қажытады.
|
Сиякөк.
|
Қатты төмендетеді.
|
Қатты бәсеңдетеді.
|
Қатты төмендетеді
|
Төмен түсіреді.
|
№4 әдістеме: «Өз эмоцияңды қалай басқару керек?» минилекция.
Мақсаты: эмоцияны басқаруға үйрету.
Уақыты: 10 минут.
Негативті эмоцияны қалай кетіруге болады?
Сені түсінетін достарыңның арасында жағымсыз эмоцияңнан арылу. Егер сен бір жағымсыз эмоцияңнан арылғың келсе, онда жастықты ұр, бет орамалды құрғақ болса да сық. Ашу энергиясы иық, қолдың жоғары бөлігінде және саусақтарда жиналады. Кезкелген дыбыс шыға, ашу күші мойныңа тығылып қалуы мүмкін. Толыққанды арылу қандай да бір спорт түрімен айналысуда шығады. Сондықтан да нағыз спортшылар дене және жан саулығына ие. Адамға табиғаттың жақсы әсері мол. Қиын жағдайда серуен жасау, өзен ағысына және көлдің мөлдірлігіне қарау, таза ауамен тыныстау көп көмектеседі. Тыныс алу мен оны шығару миға баратын импульстар ағыны жақсарып, стреске әсер етеді. Сосын терең тыныс алу қажет. Табиғат біздің миымызға түсетін психикалық ауырлықтан қорғаудың тамаша құралы жылау мен күлкіні берген. Күлкі жүйке жүйесінің ерекше қорғанышы. Ол қауіпті импульс ағымдарынан құтқарады. Осы жаттығуда жылау мен күлкінің емдік қасиеттері бірігеді. Ал ені эмоцияны реттейтін бірнеше жаттығулар жасаймыз.
Бас бармақты ішіне қаратып жұдырықта. Тынысыңды жаймен ішке жинап, жұдырығыңды қыс. Сосын жұдырығыңды біртіндеп босатып, тынысыңды шығар. 5 рет қайтала. Енді осы жаттығуды көзді жұмып жасаймыз. Бұл тиімділігін арттырады.
Екі грек жаңғағын алақанда айналдыр. Екі алақанға кзекпен жаса.
Кішкентай бөбек саусағыының басына массаж жаса.
Жаңғақты кішкентай бөбек саусағына жақын орналастырып, екінші алақанымен 3 минуттай айналдырып қимыл жасаңыз.
№5 әдістеме: Эмоционалды көңіл-күйді өзіндік бағалау әдістемесі.
(Е Уэссман және Д. Рикс)
Эмоционалды күйдің өзіндік бағасы әдістемесе өте қарапайым әдіс түрі болып табылады. Яғни бұл әдістемені ағылшын психологы А.Е Уэссман және Д. Рикс өңдеп ұсынған. Оның қазіргі кезде қысқартылған түрі қарастырылады). Зерттелінушіге нұсқау былай беріледі: «Осы сөйлемнің немесе тұжырымдаманың ішінен біреуін өзіңіздің дәл қазіргі күйіңізді сипаттап бере алатынын таңдаңыз.
Келесі көрсеткіштер былай өлшенеді.
К (көрсеткіші 1 — Ө ( өзін-өзі бағалау)
«Сабырлық –қорқыныш» ( индивидтердің өзін-өзі бағалауы-
И 1 түсіндіру нөмеріне теңеседі. П2 П3 П4 көрсеткіш бойынша индивидтерді мағына аналогиялық түрде болады.
П2 – С (энергиялық) «Күш –қуаттық – шаршағандық»
П3 – С «Көтеріңкі жабырқаулық»
П4 – С «Өзіне сенімділік сезімі – көмексіздіктің сезімі
П5 – С суммалық (4 шкала сезімі бойынша) көңіл-күйінің бағасы: И5+ И1 +И2 +И4 – И1 И2 И3 И4 – сәйкес келетін шкаласының индивидуалды мағынасы.
Барлық шкаласы бойынша белгілеу тізімі.
«Сабырлық –қорқыныш»
10. Тіптен сабырлы. Өзіне тым қатты сенімді.
9.Өңкей байсалдылық.Өзіме жиі сенімдімін және қобалжымаймын.
8. Толық амандылықты сезінемін.
7.Толығымен сенімдімін және уайымнан боспын. Өзімді сенімдірек сезінемін.
6. Мені ештеңе қобалжытпайды. Өзімді сенімдірек сезінемін.
5. Аздап уайымдаймын, өзімді қысыңқырап сезінемін.
4.Кейбір уайымға берілемін, қорқыныш қобалжу немесе неврозды, тітіркенемін.
3. Сенімсіздік, белгісіздермен толық зақымдалу, қорқыныш.
2. Үлкен үрей, уайым. Қорқынышпен жүру.
1.Қорқыныштан естен адасқан. Пайымдауды жоғалтқан. Рұқсат емес қиындықтармен үрейленген.
«Күш-қуаттық –шаршағандық»
10.Шексіз ұмтылыс.
9.Өлке арқылы соғылатын өмір сүруге қабілеттілік, күш-қуаттың молдығы, іс-әрекетке үлкен талпыныс.
8.Күш-қуаттың көптігі әсер етуге күшті қажеттілік.
7.Өзімді жаңадан сезінемін, өз қорымда күш-қуатым бар.
6.Өзімді жетерліктей жаңаша сезінемін, шамамен сергектік.
5.Аздап шаршадым.. Жалқаулық. Күш-қуатым жетпейді.
4.Жетерліктей шаршадым. Қорымда күш-қуатым аздап қалды
3.Молынша шаршадым. Әлсіздік.
2.Мұңлымын. Әрекет етуге шамам келмейді. Қорымда күш-қуаттылық қалмады.
1. Керек десең, өзіндік болмашы жігерге шамам келмейді.
«Көтеріңкі –жабырқау»
10. Күшті өрлеу, қуанышты әзіл-күлкі (шаттық).
9. Көтеріңкі көңіл-күйдегі қозу. Қуаныш.
8. Жанның жайлы орналасуындағы қозу.
7. Өзімді өте жақсы сезінемін.
6. Мен өзімді жетерліктей жақсы сезінемін. Бір қалыпты.
5. Өзімді аздап жабырқай сезінемін.
4. Көңіл-күйім жабырқаулы және кішкене мұңды.
3. Қайғылы және жабырқаулы мұңды. Көңіл-күйім мұңды.
2. Өте қайғылы. Өзімді тіптен нашар сезінемін.
1. Депрессия аймағы мен қайғы жабырқаулы. Барлығы да қара немесе сұр түс секілді.
«Өзіне сенімділік – жәрдемсіздік».
10. Мен үшін мүмкін емес ешнәрсе жоқ. Не қаласам да, барлығын жасай аламын.
9. Өзіме деген үлкен сенімділікті сезінемін. Өзімнің жасағаныма сенімдімін.
8. Өзімнің қабілеттілігіме өте сенімдімін.
7. Мен өз қабілеттілігімнен өз болашағымды жетерліктей жақсы сезінемін.
6. Өзімді жетерліктей компетентті сезінемін.
5. Менің ептілігім мен қабілетім аздап шектеулі деп сезінемін.
4. Өзімді жетерліктей қабілетсіз деп есептеймін.
3. Өзімнің әлсіздігім мен қабілетімнің жеткіліксіздігіне жабырқаулымын.
2. Өзімді бақытсыз және құрбан етіп сезінемін.
1. Менде ештеңке іске аспайды.
№6 әдістеме: Ерік-жігерді зерттеуге арналған тестісі.
Ерік - Өмірлік мақсатқа жетуде қиындықты жеңудегі жұмсалатын адамның саналы іс-әрекеті мен мінез-құлқы. Адам мінез-құлқындағы еріктің көрінісі бірнеше бағыт арқылы жүреді. Еріксіз психикалық процестің еріктіге өзгеру жолымен. Адам өзінің эмоционалды-ерікті сапасының өнімін және мінез-құлқын , өзінің әрекетін бақылай отырып, оны кері алмастырумен. Ерікті өзіндік реттеу нәтижесінде өзінің алдына болашаққа мақсат, ерік-күшін жұмсауға қажет ететін тапсырмаларды қояды. Соңғы кездерде ерік-жігерді зерттеуге қатысты бірнеше методикалар өңделуде. Ал бұл методика
Р.С Немов бойынша өңделген.
Тесттің жүргізілу нұсқасы.
Тест 20 сұрақтан тұрады.Әр сұрақтың алдын-ала стандартталған жауап нұсқаулар бар. Әр талқыланған сұрақ-жауапты өзіңіздің ойыңызға жақын келгенін таңдап аласыз. Өз таңдауыңызды бланкіге бегілеп қойыңыз.
Зерттелуші жауабының балдық бағасы.
Реттік қатар саны.
Жауап нұсқасы.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
А
|
0
|
0
|
1
|
2
|
0
|
2
|
2
|
0
|
0
|
2
|
Б
|
1
|
1
|
1
|
0
|
2
|
0
|
0
|
2
|
1
|
0
|
В
|
2
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
3
|
0
|
Г
|
3
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
2
|
0
|
Д
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
2
|
-
|
Е
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
0
|
-
|
Реттік қатар саны.
Жауап нұсқасы.
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
А
|
0
|
0
|
1
|
2
|
0
|
0
|
2
|
1
|
0
|
0
|
Б
|
1
|
2
|
1
|
0
|
2
|
1
|
0
|
0
|
2
|
1
|
В
|
2
|
1
|
0
|
0
|
-
|
2
|
1
|
2
|
-
|
2
|
Г
|
0
|
3
|
-
|
-
|
-
|
0
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Д
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
0
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Е
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Тестілеудің қорытынды бағасы.
Егер ұпай саны 14 немесе ондан да төмен болса, аралығында жинаса, онда ол адамның мінезі мен ерігі төмен болып есептелінеді.
Ал егер 15-25 ұпай аралығында жиналған сандар адамның мінез-құлқы мен ерігінің қатты, ал қылық-әрекетінің шыншыл болатындығын көрсетеді.
26дан -38 ұпайға дейін жауап бергендердің мінезі мен ерігі өте қатты, ал оның мінез-құлқы жауапкершіліктің молдығымен ерекшеленеді.Еріктің тым шектен тыс жоғары болуы, адамның өзін-өзі тым жақсы көретініне әкеп соқтырады.
38-ден жоғары ұпай жинаушылар қатарына өзін-өзі жоғары санайтын және өзін идеал тұтатын адамдар болып табылады. Кейде күдік туындайды, бірақ өздерін дұрыс және обьективті бағалайды.
2.2 Балалар үйіндегі жасөспірімдердің эмоционалды-еріктік қасиеттерінің түзету бағдарламасы
Балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдердің эмоционалды еріктік ерекшеліктерін зерттеуде психолог психодиагностикалық, психокоррекциялық, психопрофилактикалық зерттеулерді жүргізеді. Яғни түзету дамыту жұмыстарының бағдарламасы келесі тұрғыда берілген:
Психокоррекциялық процестің ерекшеліктері.
Оқыту және тәрбиелеу бойынша әр әдістемеде ересек үлкен роль ойнайды. Ол-тәжірибе жинақтаушы. Оның тәжірибесі баланы әлеуметтік ортаға бейімдете алатындай болу қажет. Оқыту және тәрбиелеу жүйесінде ересек маңызды рольде ойнайды. Ересек процеске мақсатты түрде бағыт береді және де балаға бағыттайды. Әлеуметтік қоғамдағы іс-әрекеттің әлеуметтің белсенділіктің күшею ситуацияны ересек, балаға тудырады. Бұл принцип Б.Д.Элкониннің түсінігінде көрсетілген. Ересек әлеуметтік кеңістікті, бала мақсатты бағытталған позициямен еріссіз айналысады. Соған байланысты ересек адам баланың позициясына бағыт-бағдар беріп отырады.
Балалар үйіндегі тәрбиелеу процесінің психологиялық шығарып салуы
Балаларды ересектермен қарым-қатынасқа түсу қажеттілігі ойын іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Үлкендермен байланыста коррекциялық іс-әрекет - әлеуметтік адаптациялық жетекші факторы. Ересек – ақыл-ой кемістігі бар балалардың әлеуметтік факторы. Үлкендермен қарым-қатынас іс-әрекеті баланың әлеуметтік адаптациясының негізі. Нормадағы даму әлеуметтік өзіндік сана. Ақыл-ойы артта қалушылар – ересектен тәуелді. Өзін-өзі сендіру факторы - әлеуметтенудің пайдасы ересектің ролі таңдалған көрсеткіштердің бағытталуы. Ол бала дамуының ерекшелігінен тәулікте ауысып отырады. Баланың бейімделу бағасындағы тағы бір қажетті көрсеткіші әлеуметтік ортада ересекке еліктеу деп аталады. Коррекциялау процесінде үлкендермен қарым-қатынас жасаудағы іс-әрекет түрлерінің ауысымы заңдылықтар арқылы көрсетіледі.
Эмоция, ерік өрісін түзету-дамытуға арналған жаттығулар.
Мақсаты: Қарым-қатынасқа түсу барысында көңіл –күйді, эмоцияны сезіне білуге үйрету.
Құралдар: магнитофон, сабырлы әуен, қағаз фломастер.
Жаттықтырушы: Қазіргі көңіл-күйлеріңізді сезіну, фломастермен қағаз бетіне эмоциясын көрсетулерін тапсыру.
Жаттығу №1 «Сезім»
Нұсқау: Сіздің алдыңызда түрлі сезімдер келтірілген. Сөйлемдерді қалай аяқтайсыз:
менің алдымнан адам шыға келсе, онда мен... сезінемін.
кішкентай баланы көргенде, мен.... сезінемін.
танымайтын адамды көргенде, мен ... сезінемін.
Бірге оқыған сыныптасымды көргенде, мен... сезінемін.
менің танысым тоқтай қалып, қалтасын қарады, мен... сезінемін.
мен біреумен сәлемдесемін, бөтен болып шықты, мен... сезінемін.
Мен ескі махаббатымды көрдім, мен ... сезінемін.
Жаттығу №2
Жаттықтырушы: Сіздің танысыңыз нақты қарым-қатынасқа мына сөздермен түсті. Сіз не сезінесіз, қандай әсерге бөлінесіз.
Саған бұлай шаша қою жараспайды!
Сенің бұл бет кел-бетің сені ақымақ қылып көрсетеді!
Сен қандай арықсың, епетейсіз ұзынсың!
Сенің киімің мыжылған, бүртүрлі ғой!
Сен талғамсыз киінесің!
Сен жеңіл мінезді сөзшаң көрінесің!
Сен үндемейсің, басыңда ешбір ақыл жоқ па?
Неге әлсізсің, өзіңе қарсы тұра алмайсың!
Сенің құның түкке тұрмайды!
Сен ақымақсың, өзің туралы жоғары пікірдесің!
Сен ұйқышыл жалқаусың!
Жаттықтырушы: қалай әсер алдыңыздар. «Мынаған сөйлеме,өкпелегіш»! «ал оның ашуы шәй орамал кепкенше»-деп жатады.
Осы сздар нені білдіреді.
Жаттығу №3. «Сөз». (вербальды, вербальды емес қарым-қатынасқа түсу).
Мақсаты: Дәл қазір қандай эмоция сіздерге тән.
таң қалу -сүйіспеншілік
қорқу - қуану
қызғалу, кектену - өкіну
Достарыңызбен бөлісу: |