Фк-03-3к2 тобының студенті Қошқарова Алияның «Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоционалды-ерікті аумағының психологиялық ерекшеліктері»



бет5/7
Дата12.03.2018
өлшемі0,96 Mb.
#39364
1   2   3   4   5   6   7

Жаттықтырушы: қарым-қатынасқа түскенде көбіне қайсысын сезінеміз.

  • сөзбен - көзбен

  • дыбыспен - екпінмен

  • денемен -«Комплимент» (жылы сөз)

Мақсаты: белсенді қатынас, ұмтылу, ұялу сезімін тудыру.

Әр адамның жақсы, жағымды сезімді бастан өткізуі. Нақты дұрыс сөздер таба білуге әкелу.



  • бүгін қандай әдемісің - өзің көңілдісің ғой бүгін, тағамың керемет.

Қарсы сипат:

  • иә, дәл солай.

  • Иә, сенің айтқаның дәл дұрыс.

  • Басқа қалай болуы мүмкін.

  • әрине, дәл солай, әрине.

  • Арқасынан қағу, қолын қысу, көзін қысу, құшақтау, әр қатысушы өзін қалай сезінеді.

  • Қысылу - ақылдасу

  • Жарайсың - бүгін барлық мақтаусаған.

  • бәрекелді

  • Сипау түрі: - нәзіктікке әкелу.

  • менің досымсың -менің туысымсың

  • менің көршімсің - менің сенерімсің

Жаттықтырушы: Егер жүрегімізге уайым, қобалжу, болса, ол сезім жол таппау , кектенуге әкеледі.Эмоционалды өзіндік реттеуге адамдар типін бағалай, бақылай білуіміз керек.

Манипулятор – басқарушы, кең тараған категория, адамдарды әлсіз енемесе күшті жағын көріп,сол деңгейде әсер етеді. Оның қақтығысты негізгі мақсат сіре технологиялық қысым жасау. Негізгі құрал оның қимыл іс-әрекетіне эмоционалды көңіл бөлмеу өзіңізді көңілді ұстау, әсерлі жауап беріңіз, сізге тез арада тиісуін қояды.

Ашушаң адам – невротик, оларда қобалжу басым. Негізгі «құрал сау адам адам ауруға өкпелемейді» қағидасымен өмір сүру керек.

Қарапайым адам – мінез-құлық , өзін көрсету төмен дәрежеде дамыған. Ол адамдарда қарпайым сезім, мінез-құлқы өмір сүруде иілгіш. Ол мақтағанда ұмытпайды. Жұмыс атқару деңгейіне қарай, жылы сөзбен бастасаңыз көп жетістікке жетесіз.

Қалыпты мәдениетті адам – қарым-қатынасқа жағымды түседі. Егер қақтығыс байқалса, тез шешіледі, көзқарасы дұрыс түседі.

Жаттығу № 4

«Өкпелеу» суретін салу.

Сіздің өкпеңіз неге жатады? Жаттықтырушы : жайғасып отырыңыздар, ішкі әлеміңізді сезінуге мүмкіндік алдыңыз. Бірнеше ұзақ тыныс алу, жайлап шығару. Өзіңізді тыңдауға мүмкіндік алдыңыз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз бақытты адам деп сезінесіз бе? Өз бақыттылығыңызды ұпайға бағалаңыз. 50%-60% -100% . Егер 100% -бағаласаңыз, құттықтаймын. Ол әрине тек шынайы, шындықпен жанасасың. Тұла бойыңызда сол бақыттың нышаны айқын көрінді ме?

Егер 50%-60% т.с.с – болса, қазір түсінуге мүмкіндік алдыңыз. Сізге не кедергі келтіреді. Бақытты болуға? Ол болашақ туралы ойланып қобалжу ма?

Өткен өмірде қажетсіз өкпелеу бар ма? Сол туралы ойланыңыз? Егер түсінбей жауап таппай отырсаңыз қайғы емес. Ол сұрақ міндетті түрде шешімін табады. Қазіргі ішкі әлеміңіз өзіңізге мүмкіндік алды, дәл осы сәтте тағдырға рахмет айтыңыз. Бүгінгі ашық аспан, тыныштық үшін? Денсаулық өзіңіздің қажеттілігіңізді өзіңіз өтей алыңыз? Жақындарыңыз аман, тыныш заман үшін? Өмірге сүйіспеншілік, жарық дүниеге рахмет! Жарайсыңдар! Кім осы сезімді сезіне аласаңыздар, жайлап ашсаңыздар болады. Жатықтырушы: өкпе туралы суретін алып – эмоция қосып түзету енгізуді ұсынды. Ол оң жақтан көршілерге жіберіп, әр адам өз мүмкіншілігі қосады.

Өз қосымша көзқарасын білдіріп, суретке қосады.

Жатықтырушы: Суретіңізге қараңыз. Егер өкпеңіз жазылса, онда бұл суретті өзіңізге қалдырыңыз. Егер өкпе қайтпаса, суретті мыжып, сол қағазбен бәрі кетеді деп тастаңыз, жарайсыңдар! Жанды анкета


  • Кім бүгін өзіне не алды, не ұнады.

  • Не ұнамады.

Қазір өзін қалай сезінуде, фломастермен белгілеу. Басында көңіл күйлерін қалай белгіледі (қай түспен) соңғы түс қандай. Салыстыру арқылы талдау жасау.

Бүгінгі күнге, осы кездесуге рахмет, ризашылығын өз қабілеттерін, мүмкіндіктерін дер кезінде аша білуге, пайдалана білуге шақыру.



Жаттығу № 5 «Түсіну»

Жаттықтырушы: ыңғайлы жайғасып отырыңыздар.

Ішкі әлемді тануға мүмкіндік алдыңыз. Керек емес жерлерін түзетуге мүмкіндік алдыңыз. Өзімізді босаңсытамыз, менің сөзімді ести отырып терең босаңсу үстіндесіңдер. Сіздерге қолайлы, енді кішкене ақылға жүгінейік. Біздің бар өміріміз таңдаудан тұрады. Бізді таңдайды, біз таңдамаймыз. Бірдей шығу әркезде мүмкін емес.Біз қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүргіміз келеді. Бірақ біз әркезде бола алмаймыз, іскерлігіміз жетіспейді, назар аудармаймыз. Екінші адамды дұрыс түсіну мүмкіндігі жетпейді, оның көңіл-күйін, сезімін түсінуге мүмкіндік алдыңыз.

Ішкі экранда өзімізді көруге мүмкіндік алдыңыз. Өзімізді түсініңіз, көзіңізге қараңыз, жан дүниеңізде не бар? Ол жалғыз ба?

Сүйіспеншілігі бар ма? Оған ауыр тиетін кездері барма? Әркі көз алдында тамаша адамды көріп тұр. Осы адам, бұл әлемде басқа адам жоқ. Оның да бақытты болуға мүмкінідігі бар. Оған кейде қорқынышты да. Ол да қателік жібереді, өзі үшін қиналады да? Осы кезде бақытқа толы болу үшін не керек. Сіз қазір жалғыз емесіз? Қасыңызда достарыңыз, сізге жақсы қатынаста. Қасыңыздағы адамға жақсылық, сүйіспеншілік тілеңіз. Өзіңізге де соны тілеңіз. Осы сезімді сезіне білгенше отыруыңызға болады. Толық сезінсеңіз, осы сезімде біренеше минут отыруыңызға мүмкіндігіңіз бар.


Эмоция, ерік өрісін дамытуға арналған жаттығулар.

Мақсаты: Қарым-қатынасқа түсу барысында көңіл –күйді, эмоцияны сезіне білуге үйрету.

Құралдар: магнитофон, сабырлы әуен, қағаз фломастер.



Жаттықтырушы: Қазіргі көңіл-күйлеріңізді сезіну, фломастермен қағаз бетіне эмоциясын көрсетулерін тапсыру.
« Еркін сурет»

  • Қарым-қатынаста, басқаны түсінуде, сезіне білуде баланың мүмкіндігін тудыру.

  • Бала психикасын әрі қарай дамыту үшін диагностикалық және коррекциялық жұмыстар жүргізу.

Жұмыстың жүргізілу барысы: Жүргізуші іздену ситуациясын тудырады. Ол балаларды ойландыру үшін және оларға түсінікті болу үшін жағдай жасайды. Балалардың сезімін ашу үшін көмек береді. Бұл жұмыс арқылы баланың ішкі сезімі мен эмоциясын біле аламыз. Яғни оның туындауы баланың тапсырманы дұрыс қабылдап, оны нәтижелі орындауымен байланысты.

Орындалу уақыты: 30 минут.



«Өз көңіл-күйін бейнелеу» жаттығуы.

Тапсырма:

  • Өз көңіл-күй, сезім, эмоциясын саналы басқару қабілетін дамыту.

  • Басқа адаммен әсер әсерлесуде өз сезімі мен көңіл-күйін ыңғайластыру қабілетін дамыту.

Орындалу уақыты: 30 минут
Жүргізілу барысы: Балалар өз қалауындағы суретті салып, қажетті өздерінің көңіл-күйлеріне қатысты оны бояйды.
Қажетті құрал-жабдықтар: Ақ парақ, қалам, түрлі түсті қалам, краска т.б.
Музыкалық психологияға қатысты түзету-дамыту жұмыстары.

Бұл жаттығу интеллектуалды жағынан артта қалған, педагогикалық жіберілген , мәдениеті төмен, таныс, естіген музыкаларды қайта есіне түсіре алмай қиналатын адамдарға арналған. Бұл жұмыстың бастамасы балалармен күнделікті музыканы тыңдаумен басталады. Яғни балалардың реакциясын музыканы тыңдау процесі арқылы байқай аламыз. Көбінесе тыңдау музыкасына жай музыка ырғағы қолданылады. Өйткені музыканы тыңдау барысында бала өз-өзіне келеді де зейінін бір обьектке тұрақтындырады.

Оларды бақылай отыра олардың сол кездегі мінез-құлқы мен мінез ерекшеліктерін анықтауға болады. Алғашында таныс емес музыканы, одан соң, таныс музыканы ауыстырып қою қажет. Баланың эмоционалды дамуына музыканың мақсатты бағыттала әсер етуі, олардың дәр реакциясын дамытады. Өздеріне ұнамды музыка болса, онда, олардың көңіл-күйі көтеріліп, психикалық тонусы жоғарлайды, яғни музыканы тыңдау барысында баланың эмоциясы анық байқалып отырады. Жалпы бала организімі жақсарып, музыка арқылы демалады.

Ойынтерапиясының элементі бойынша жасалған коррекциялық жаттығу.

Интеллектуалды дамуы артта қалғандармен жүргізілетін ойынтерапиясы. Балалар қалай ойынауды білмейді: Оларға ойдан құрастырылған ситуациялық ойынды жүргізу оларға мүмкін емес. Ойын ойнау барысында балалар бірден беріліп кетпейді, олардың түсінуі қиынға соғады.Кейін келе ол жағдай қайталанғандықтан бала біртін келе еліктеп, ересек адамға (тәрбиеші, психолог, жаттықтырушы) сенімін білдіріп, Коррекциялық жұмыстың алғашқы сатысынан бастап, баланың ересекпен немесе тәрбиеші,жүргізушімен қатынасы мен түсінуін байқап, оларды тіркеп отыру қажет. Ойын терапиясы арқылы баланың коммуникативті дағдысы дамиды, олардың сезімі мен эмоциясы, көңіл-күйі сыртқа шығады. Сонымен қатар психокоррекциялық процесс баланың өзіндік ойын жеткізу мен оның әлеуметтенуін дамытады.



«Кішкентай бала тәріздес» жаттығуы.

Ересек балалар индивидуалды жұмыс орындағанды ұнатады. Топтық жұмыс ол қажетті жұмыстың бірі болып табылды .Құм терапиясы жанұяның байланысы моделін тудырады. Бұл балалар үйінде тәрбиеленушілер үшін өте ауыр сұрақ болып табылады. Олар көбінесе отбасы жағдайын түсіндіре ала алмайды және ана мен әке, баланың ролін және міндеттерін айта алмайды. Бұл терапия арқылы кезкелген конфликті мен қиын ситуацияларды шешуге болады, қажет уақытта кезкелген шешімқабылдауға мүмкіндік береді. Құмдытерапия балалар үйінде тәрбиеленуші балалармен жұмыс жүргізуге өте ыңғайлы болып келеді. Бұл ойын шарты бойынша психологтың баламен сөйлесуін қажет етпейді, бірақ бұл жаттығу адамға демалуға, ауырлығын тастауға, босаңсуға, негативті эмоциядан арылуға мүмкіндік береді.

Әдетте ересектерде құм теңізді, жаз мезгілін, демалысты байланысып, жағымды елестер пайда бола бастайды. Көп ересектер өзі туралы айтқысы келмейді, яғни көп срларын іште сақтап қалады, ал бұл жаттығу адамның ішкі сезімі мен эмоциясын шығаруға мүмкіндігін туғызады.

Қиын балалармен жұмыс жасағанда дамыту-түзету жұмыстарын жүргізуде арт-терапияның барлық салаларын қолдану тиімді әрі сапалы нәтижені береді. Арт-терапиялық техниканың көрсеткіші бойынша, жетім балалармен жұмыс жүргізуде өзектілік болып мыналар есептелінеді: Эмоционалды дамудың қиындығы, өзекті стресс, эмоционалды тонустың төмендеуі, эмоционалды депривация, өзін-өзі бағалаудың бұзылуы. Бұндай жұмыс кезінде бала өзінің сезімі мен ойын сөзбен емес, қандайда бір бейнені жасаумен білдіртуге мүмкіндік туғызады. Арт-терапия процесінде қоршаған ортаңмен қарым-қатынасқа түсуге ниет тену сезімі туындайды. .



2.3 Балалар үйінің қызметкерлері, ата-аналар, ересектер үшін практикалық-әдістемелік нұсқаулар
Жетімхана мекемесінде тәрбиелеу және оқыту жұмысына педагог-психологтың бейімделу процесі ары кетсе жарты жылға созылады. Балалардың мінез-құлық ерекшеліктеріне үрену қиынға соғады. Жанұялық тәрбиеден айырылған жетім балалардың жанұяда тәрбиеленген балалардан айырмашылығы олар ересек адамның сезімі мен түсінігін іздемейді, түсінуге де күреспейді. Үлкендер оларға қастары ретінде қабылданады. Психологтарга да үлкендерге сияқты сенімсіздік, күдікті тудырады.Әсіресе олар психикалық жарақаттанғандар мен психикалық жағынан артта қалғандар болып табылады. Бұл мекемедегі ең басты балаларға әсер ету ол – қажетсіну болып табылады.

Балалармен жұмыс жүргізуде психолог әсер етуде әртүрлі амал-тәсілді қолданады. Яғни оларға психодиагностикалық әдіс жасаумен қатар, психокоррекциялық әдісті де жүргізеді. Сонымен қатар, психологпен бірге осы мекемедегі тәрбиешілерде балалардың күннен-күнге өзгерісін байқап отырады. Олар балалармен 2-3ай жұмыс жасағанда олардың басқа жолға ауып бара жатқандарында байқап отырады. Осы тұста олар осындай балаларға өзара байланыс стилін өзгертіп отырулары қажет. Олар психологтар үшін олар жеке адам болып қабылданатынын біле тұрып, ал тәрбиешілер үшін олар баяғы қалпыменен қалып, жақсы адам ретінде де қабылдап отырғаны жөн болады. Оларға тек түсінушілікпен қарамағандарға ғана олар жамандық жасауды бастамайды, сонымен қатар олармен дұрыс қарым-қатынаста болмаған, қызмет шегінен шыға алмаған педагогтармен да солай қарым-қатынаста болады. Осындай жағдайларда психолог нәтижелердің оң болмағандығынан бұл мекеменің педагогтары мен тәрбиешілеріне кекілжің жағдайды тудырады. Шамамен осы уақытта психолог балалармен жүргізілген әңгімелесу, сауал-нама, бақылау әдістерінің нәтижесін өңдеп, қиын балалармен жұмысын мықты етіп нақты белгілеп алады. Ол осы тұста мекеме меңгерушісінен оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарын алады да, оған өзінің психологиялық жоспар құрап, енгізеді.

Демек, осы мекемеге бейімделу барысында туындайтын проблеманың бірі, психолог сол мекеменің қызметкерлерімен сенімді, серіктестік қарым-қатынасты орнату мен мекеменің бас директорымен ортақ тіл табысу болып табылады. Сондай жағдайда маманның психологиялық субьективті проблемасы мекеменің обьективті проблемасына айналады. Бұндай жағдайларда психолог үнемі бастаушы қызметін атқарып отырады.

Осы мекемедегі психологиялық ыңғайластықтың өңделмеген қажетті аспектілері қалды, олар:


  • Тәрбиеленушілердің құндылық шамасы;

  • рухани дүниесінің даму қалыпы;

  • эмоционалды саулықты қалыптастыру жолы;

  • туған-туыстарымен қарым-қатынас жасауға әрекеттену;

  • психикалық жарақаттану мен зорлық-зомбылықпен жұмыс;

  • тәрбиешілермен жұмыс;

  • балалар үйіндегі қамқоршылар, психиатр, дәрігерлер, туған-туыс, тәрбиешілер, әлеуметтік педагогтарменен, яғни осы мекеменің

кейіпкерлерменен жұмыс.

Бұл мекемеде қызмететушілермен қатар, психологтың да орын ерекше, яғни педагогикалық процесс психологиялық жұмыстарынсыз жүзеге аспайды. Бұл жерде басты орын алып отырған психокоррекциялық жұмыс болып табылады. Яғни ол арқылы осы мекемеде тәрбиеленушілердің психикасының дамуын және жеке ерекшеліктері мен таным процестерін түзету-дамытуға болады. Сондықтан да психологтың бұл мекемеде алатын орны ерекше. Психолгиялық еркешеліктердің негізінен бұл ортада психолгиялық атмосфера туындап, балалардың эмоционалды дамуын және оның түзету жолдарын қарастыру психолог міндетінің бірі болып табылады.



Балалар үйіндегі психолог-тәрбиешінің тәрбиелеу жайлы схемасы.





















Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет