Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т б) қызметі жөнінде айтыңыз


Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлерін, ерекшеліктерін анықтаңыз



бет23/29
Дата09.02.2023
өлшемі73,63 Kb.
#168078
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29
Байланысты:
лексикалогия казакша

38. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлерін, ерекшеліктерін анықтаңыз.
Ж—Сөздердің қызметіне қарай жіктелуі функционалдық стильдердің түрлерімен үйлес келіп отырады. Стильдің әр саласында сөзді қолданудың қалыптасқан үйреншікті орны, үлгісі болады. Сөдер стильдік қызметіне байланысты мына топтарға жіктеледі: Қазақ тілінің ұлттық жалпыхалықтық лексикасы – сөйлеу лексикасы, жазба тіл лексикасы және стильаралық бейтарап лексика. Стильаралық лексикаға функционалдық стильдердің ешқайсысына жатқызуға болмайтын сөздер жатады. Стильаралық сөздер нақты бір стиль дәрежесінде емес, стильдердің бәріне қатысты болғандықтан, бейтарап деп аталады. Олар сөйлеу тілінде болсын, жазба тілде болсын қолданылатын лексиканың негізін қалайды.2. Сөйлеу тілінің лексикасына функционалдық сөйлеу стиліне тән сөздер жатады. Оған қатысты сөздер: адамның күнделікті тікелей қарым-қатынасы кезінде, емін-еркін сұхбат үстінде қолданылады, алдын ала ойланып сұрыпталмай, сөйлеу үстінде әңгіменің желісіне қарай туып отырады, тақырыптық аясы кең, яғни тақырып жағынан шек қойылмайды, қоғам, табиғат, адам өмірінің барлық жағын да қамтуы мүмкін. Сөйлеу стилінің лексикасы мынадай топтарға бөлінеді: тұрмыстық-қарапайым сөздер, варваризмдер, ауызша әдеби-сөйлеу лексикасы.
39. Дауыссыз дыбыстардың сөз ішіндегі қолданысы, айтылым-жазылым ерекшеліктері түрленіміне тоқталыңыз
.Ж—Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде бәсең үн болады;
40. Кірме сөздер, олардың қабаттары туралы ойыңызды түйіндеңіз
Ж—Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздер, сөз тіркестері, жұрнақтар т. б.). Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер», «варваризмдер», «калька» сияқты түрлерге сараланып зерттеледі. Кірме сөздердің кейбірінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің еншісіне жататыны белгілі болып тұрса, ал ертеден қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсы бірінің түп төркінін айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы - орыс сөзі екені баршамызға белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса - ерте замандарда қытай тілінен ауысқан лексема.
Абай шығармалары тіліндегі кірме сөздер негізінен екі үлкен топқа бөлінеді: араб-парсы және орыс сөздері. Олардың әрқайсысын ақын өмір сүрген кезеңдегі қалың көпшілікке түсінікті- түсініксіздігіне, актив- пассивтігіне (қолданылуына) қарай іштей екі топқа жіктеуге болады: 1) Араб-парсы сөздері: а) ар, абырой, амал, адал, арам, әскер, әйел, дәулет, дәурен, зайып, зейін, күмән, қадыр, құрмет, қиял, құдай, Аллаһ, молда, мешіт, шәкірт, хат т. с. с.; ә) аррахман, батил, жаһил, исбат, интинжа, мағмұр, мағрифат, мағишат, мәслих, латиф, ниһаят, салахият, тақриб, тахмин т. с. с. 2) Орыс сөздері: а) барқыт, бақалшық, бодан, болыс, закон, зауыт, кір, майыр, мәліш, ләпке, ояз, сияз, сот, старшын, самаурын, сома, партия т. с. с.; ә) виноват, визит, единица, занимайся, здравомыслящий, гуляйттау, миллион, картечь, номер, ноль, прошение, прямота, трагедия, такт, фабрик, электр, т. с. с. Сондай-ақ Абай шығармаларындағы калька арқылы жасалған балама тіркестерді де (үміттің нұры - «светило надежды», суық ақыл - «рассудок холодный», қараңғы көңіл - «мрачная душа», жабыраңқы жазған сөз - «стих унылый» т. б.) осы топқа жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет