Форма силлабуса


Курстың саясаты мен процедурасы



бет12/12
Дата06.02.2022
өлшемі212 Kb.
#81065
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
4-курс силлавус

Курстың саясаты мен процедурасы
Курсты оқыту барысында тақырыптық бақылау жұмыстары сұрақтарға жауап беру (жазбаша немесе ауызша), аралық тесттер, жеке хабарламалар, сынақ тәрізді бақылау әдістері негізінде мынадай бақылау түрлері қолданылады:

  • ағымдық (тікелей дәріске байланысты);

  • аралық, СӨЖ-дің орындалуын бақылау;

  • қорытынды бақылау (емтихан, сынақ, аттестация).

Студенттердің білімін бағалауда аудиторлық сабақ барысындағы жауабының сапасымен қатар белсенділігі де ескеріледі.


5. Білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалау жүйесі
Білім алушылардың білімі, шеберлігі, дағдылары келесі жүйе бойынша бағаланады



Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы



В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24


  1. Кесте 1

Баға

Критерий

А бағасы

Оқытылған материал бойынша терең әрі толық білімді; қарастырылып жатқан ұғымдардың, құбылыстар мен заңдылықтардың, теориялардың, олардың өзара бйланысының мәнін толық түсінуді көрсете біледі. Оқытылған материал негізінде толық әрі дұрыс жауапты құрастыра біледі; негізгі ережелерді белгілеп, жауапты нақты мысалдармен және деректермен толықтыра алады; қорытындыны жалпылау, дәлелді талдау жасай алады. Пәнаралық және пән ішіндегі (бұрын алынған білім негізінде) байланыстарды орната біледі. Түсіндіруде шығармашылық қабілетін танытады.

А- бағасы

Сұрақтың мазмұны бағдарламаның талаптарына сәйкес толық, жүйелі түрде баяндай алады. Бағдарламада ұсынылған негізгі және қосымша әдебиетті терең игерген, өз ойын жеңіл түрде мазмұндай біледі. Талқыланып жатқан мәселеге кең, әрі жан-жақты талдау жасай біледі. Елеулі нақты қателердің болмауы. Қорытындысы дәлелді және нақты материалға негізделген. Жауап беру кезінде білім алушының өздігінен түзетілген, сұраққа байланысты тақырыптан 1-2 жеңіл-желпі үйлеспеушілік пен қателердің бар болуы.

В+ бағасы

Оқытылған материалды толық біледі. Оқытылған теориялар негізінде толық әрі дұрыс жауаптың болуы; оқытылған материалды баяндауда, ұғымдарға анықтама беруде, ғылыми терминдерді қолдануда немесе қорытынды жасауда кейбір үйлеспеушілік пен қателердің болуы. Студент жіберген қателерін оқытушының көмегімен түзете алады. Жалпы оқытылған материалды меңгеріп, нақты мысалдармен дәлелдей алады.

В бағасы

Оқытылған материалдардан негізгі ережелерді өз бетімен атап көрсете біледі; негізгі ережелердің мағынасын аша алады, жауабында логикалық, жүйелі бірізділік бар. Дәлелдер мен мысалдар негізінде жалпылау, қорытынды жасай білу, пән ішіндегі байланыстарды орната білу. Практикада алған білімді, ғылыми терминдерді қолдана білу. Бірақ әдебиетпен, оқулықпен жұмыс істеуде жеткілікті дағдысы жоқ. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алады.

В- бағасы

Жалпы студент берілген сұраққа дұрыс жауап береді, бірақ жауап беру үдерісінде маңызды басты деректердің жоқтығы, негізгі материалды меңгергенімен, оны саралай талдауда қиналып, мысалдармен нақты дәлелдей алмайды. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алады.

С+ бағасы

Жауабы толық, бірақ жүйелі емес. Жауабында тақырыпқа байланысты елеулі ауытқулар бар. Негізгі ұғымдарды анықтауда жіберген қателерін түзетуге қиналған жағдайда қойылады.

С бағасы

Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, тақырыптың, негізгі ережелердің мағынасын кеңінен аша алмайды. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды

С- бағасы

Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, жауабында негізгі ережелерді ерекшелей алмайды, сұрақтың басты идеялары ашылмайды. Сөздік қорының жеткіліксіздігі, материалды толық меңгермегендігі байқалады.

D+ бағасы

Көптеген маңызды фактілер келтірілмейді, қорытынды жасалмайды; фактілер қарастырылып жатқан мәселеге сәйкес келмейді, олар салыстырып қарастырылмайды; негізгі мәселені көрсете алмау (қате болса да). Көп елеулі қателер бар. Студент жауабында талқыланып жатқан мәселенің іргелі, әрі негізгі мәселелермен байланыс түсінігінің жоқтығы. Білім алушы оқытушының көмегінен кейін ғана жауабын түзетуі.

D бағасы

Студент нашар жауап береді, тақырыпты толық меңгермеген, жауаптарында елеулі қателер байқалады. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды.

F бағасы

Студент өте нашар жауап береді, сұрақтың мағынасын түсінбейді. сөйлеу мәнері төмен, көптеген қателер байқалады. Оқытушының жетекші сұрақтарын түсінбейді. Оқу материалын меңгермеген жағдайда қойылады.




  1. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі



Автор, атауы, шыққан жылы

Ақпарат көзі

Бары (дана)

Кітапханада

Кафедрада

Негізгі әдебиеттер

1

Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 58 б. 24-31 б.

Электрон-ды нұсқа

Электрон-ды нұсқа

1

2

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың Ұлттық жоспары. – Астана, 2015.

Электрон-ды нұсқа

Электрон-ды нұсқа

Электронды нұсқа

3

Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың жүйесін енгізу тұжырымдамасы,«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының 2012 жылдың 31 тамыздағы №38 шешімімен бекітілді. – Астана, 2014.

Электрон-ды нұсқа

Электрон-ды нұсқа

Электронды нұсқа

4

Интегрированная модель критериального оценивания. Методические рекоменда-ции. – Астана: АОО НИШ, 2016

Электрон-ды нұсқа

Электрон-ды нұсқа

Электронды нұсқа

5

Гриффин Р. Менеджмент. 12 басылым. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. -768 б.

-

10

1

6

Ботабаева Ә.Е. Білім беру жүйесінің сапа-сын арттыруда бағалау-дың өлшемдік технологиясының алатын орны. // Хабаршы. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. – Астана: ЕҰУ, 2017. № 3. ІІ бөлім. 84-89 б.

Электрон-ды нұсқа

1

1

Қосымша әдебиеттер

1

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған Мемлекеттік бағдарламасы

Электрон-ды нұсқа

Электрон-ды нұсқа

Электронды нұсқа

2

4 О системе образования в Финляднии (справочник для семей эмигрантов). -Vantaan kaupunki, Sivistystoimi. -2014.

Электрон-ды нұсқа

Электрон-ды нұсқа

Электронды нұсқа

3

«Педагогикалық диалог» ақпараттық-әдістемелік журналы. – Астана, «НЗМ» ДББҰ 1(7) 2014

Электрон-ды нұсқа

Электрон-ды нұсқа

Электронды нұсқа

4

Ә.Е.Ботабаева, Н.Е.Ботабаев. Педагогика. – Тараз, 2015. – 182 бет.

Электронды ресурс

1

1




ЕҰУ Ф 703-13-17 Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет