2. Анықтама. Екі жағы параллель жазықтықтарда жатқан -бұрыш болатын, ал қалған жағы параллелограмм болатын көпжақ бұрышты призма деп аталды.
165-сурет 166-сурет
және көпбұрыштары призманың табандары деп аталады. Призманың табандары бірдей. Призманың қалған жақтары оның бүйір жақтары деп, ал олардың бірігуі призманың бүйір беті деп аталады.
Призманы кескіндегенде оның бір табанының кескінінен бастаған ыңғайлы. Содан кейін бүйір қырларын (призманың табандарында жатпайтын қырларын) параллель және тең кесінділер түрінде кескіндеп, олардың бос ұштарын қосады.
Призма тік және көлбеу призма болып бөлінеді. Бүйір қырлары, табан жазықтарында перпендикуляр призманы тік призма (165-сурет) деп атайды. Егер призманың бүйір қырлары табан жазықтарына перпендикуляр болмаса, онда оны көлбеу призма деп атайды.
Ұштары призманың табан жазықтарына тиісті перпендикулярды призманың биіктігі деп атайды. 166-сурет-сызбада төрт бұрышты көлбеу призма және оның биіктігі кескінделген.
Табаны дұрыс көпбұрыш болып табылатын тік призма дұрыс призма деп аталды. 167-сурет дұрыс алты бұрышты призма және оның бетінің жазбасы кесінделген.
) )
167-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |