Г. М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 3


Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия



Pdf көрінісі
бет4/100
Дата29.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Байланысты:
Жограы геодезия оку куралы

Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 

Жоғары геодезия ӛз зерттеулерінде физика, математика, астрономия 
және басқа да іргелі ғылымдардың жетістіктерін, ал жоғары дәлдікті ӛлшеу 
техникасын құрастыруда қолданбалы оптика, аспаптар құрастыру, 
радиоэлектроника, лазерлік техника сияқты қолданбалы пәндердің 
жетістіктері кеңінен қолданылады. Ӛлшеу нәтижелерін математикалық 
ӛңдеуде ықтималдылық теориясы, математикалық статистика, ең кіші 
квадраттар әдісі қолданылады. Барлық есептеулер жаңа электрондық есептеу 
техникасы арқылы орындалады.
Жоғары геодезияның зерттеу нәтижелері ғылымда және халық 
шаруашылығында үлкен мәнге ие. Мысалы, мемлекеттік геодезиялық 
тораптар ғарыштық кеңістікті игеруде, табиғи ресурстарды зерттеуде, 
мемлекет аумағының әр түрлі масштабтардағы карталарын жасауда, үлкен 
аудандарды ӛндірістік және ауылшаруашылық игеруде кеңінен қолданылады. 
Жоғарғы геодезияның ғылыми-техникалық міндеттеріне мыналар 
жатады: 
-
жердің пішінін, сыртқы гравитациялық ӛрісін және олардың уақытқа 
байланысты ӛзгеруін зерттеу; 
-
жоғарғы дәлдіктегі геодезиялық тірек тораптарын ғаламдық (планета 
немесе континент шеңберінде) және ұлттық (мемлекет территориясында) 
жүйеде құрудың әдістерін жасау; 
-
геодезиялық тораптардың кеңістіктегі орындарын жер бетіндегі 
астрономиялық 
және 
гравиметриялық 
ӛлшеулерді, 
жер 
серіктік 
бақылауларды қолданып, Айға және басқа да аспан денелеріне жіберілген 
ғарыштық 
аппараттарды 
бақылау 
арқылы, 
квазарларды 
радиоинтерферометрлік бақылау арқылы анықтау жолымен алынған 
мәліметтерді математикалық ӛңдеу; 
-
геодезиялық координаталардың бірыңғай жүйесін бекіту; 
-
геодинамикалық зерттеулер: жер қыртысы мен литосфералық 
плиталардың деформациялары, жер сілкіністердің алдын алу мақсатымен 
сейсмикалық аудандарда жер қыртысының осы күнгі қозғалыстары, теңіздер 
мен мұхиттардың жағалауларының ӛзгерістері, Жер полюстерінің қозғалысы 
мен Жер айналымының біркелкі еместігі. 
Кейінгі кезде геодезиялық тораптарды құру дәлдігіне қойылатын 
талаптарда күшейтілді, ол ӛз кезегінде аспаптарды жасау және дәлдігі 
жоғарғы ӛлшеулерді жүргізу саласында ғылыми жұмыстар жүргізуді қажет 
етіп отыр. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет