Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия
124
қабырғаларымен тұрғызылды. Олардың тӛбелерінің бір бұзылыстарда, ал
екеу-басқа жағында орналасқан. Олардың ӛзара
тұрақтылығын бақылау
мүмкіндігі туады, ал ұзындықтың кішірею ӛзара жағдайының дәлдігін
анықтайды.
Алматыдағы ГДП да кӛлденең бақылаулары үшін екі геодезиялық
тортбұрыштың сызықты-бұрыштық торабы қолданылған, олар Верненский
жер сілкінісіндегі эпицентрлік зонада орналасқан.
Бақылау нәтижелері полигонның әр бӛлігінде деформацияланудың
әртүрлі кӛрністерін кӛрсетті. Полигонның бұл бӛліктерінің
шекаралары
нольдік изосызықтармен белгіленген және олар Алматы мен Тауалдынғы
жарылымдармен шектелген. Полигонның бір бӛлігінің бүгілуі Алматы
депрессиясы процесінің жалғасы болып келеді, ал екінші зонадағы
қозғалыс –ол Іле Алатау қыратының кӛтерілуінен туындайды.
Адамзаттың табиғи ортаға тигізіп жатқан
техногендік әсері тек
экологиялық тепе-теңдікті бұзып қана қоймай, аумақтағы геодинамика
процесіне де зор әсерін тигізеді. Адамзаттың инженерлік қызметінің
әсерінен, яғни үлкен аумақтарда тау-кен жұмыстарын жүргізудің жер
сілкінулерге әкелетіндігі әлемдік практикадан белгілі.
Техногендік полигондар кен орындарын игеру және жерасты суларын
пайдаланатын аумақтарында құрылады. Мәселен, жерасты суларын , мұнай
мен газдарды, шахта қызбалары және т.б. шығарудағы инженерлік қызмет
жер бетінің сырғуына және жылжуына әкеліп соғады.
Бірнеше мәліметтер келтірелік. Мәселен, Донбасс, Мәскеу,
Қарағанды және басқа кӛмір бассейндері тӛңірегінде жер бетінің 2 м –ден
аса тӛмендегені байқалды. Жер бетінің шӛгуі тек тау-кен жұмыстарының
әсерінен ғана ем ес, жерасты суларын үздіксіз пайдаланудан туындауда. Жер
бетінің шӛгуімен қатар, кейбір жерлерде жоғары кеӛқтерілулер де
байқалады.
Сумен қамтамасыз етуге байланысты жерасты суларын үздіксіз
шығару да жер бетінің жылжуын туғызады. Мысалы, Калфорния
штатындағы Джакин ӛзені алқабында 22
жыл бойы жерасты суларын
шығару жер бетінің 4,4м дейін, Мехико қаласының кенйбір аудандарында
соңғы 30 жыл ішінде 6м дейін шӛгуіне әкеліп соқты.
Полигондарды таңдауға қойылатын талаптар:
1. Кен орны игеруде ұзақ мерзім болмауы керек және күшті мұнай-газ
бен сулы қабаттарды иелік ету қажет
2. Кен орны аралас эксплуатирлеуден аумақ болу керек,
арақашықтықтығы 40-50 км..
3. Кеңдерді үздіксіз игеру
4. Кен орны территориясы мүмкіндігінше геодезиялық ӛлшеулерді
орындауда ыңғайлы болуы керек.