Г. ТӨРТҚарина, Е. АҚылжанов, Н. Толқынбаев



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата15.01.2020
өлшемі1,37 Mb.
#55900
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

 
17-тапсырмаАударма тесті орындаңыз.  
 1. Ресми    
 
а) официальный 
ә) привлекательный 
б) конфеденциальный 
 
2. Қызмет    
 
а) глава 
ә) деятельность 
б) армия 
 
3. Кәсіпорын  
 
а) организация 
ә) общество 
б) предприятие 
 
4. Басшылыққа алу  
а) руководить 
ә) руководствоватся 
б) руководство 
 
5. Жариялау  
 
а) объявить 
ә) реорганизовывать 
б) распустить 
 

 
115 
6. Сұхбат    
 
а) статья 
ә) запрос 
б) интервью 
 
7. Деңгей    
 
а) качество 
ә) уровень 
б) степень 
 
8. Жарнама  
 
а) обьявление 
ә) указ 
б) реклама 
 
9. Сауал    
 
а) вопрос 
ә) премия 
б) интервью 
 
10. Таралым  
 
а) типография 
ә) тираж 
б) копия 
 
11. Мақала   
 
а) статья 
ә) рубрика 
б) отдел 
 
12. Мерзім   
 
а) уровень 
ә) подбор 
б) срок 
 
13. Іріктеу   
 
а) пресса 
ә) подбор 
б) деятельность 
 
14. Жандандыру   
а) мобилизовать 
ә) реализовать 
б) активизировать 

 
116 
А қосымша 
РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫҢ КЕЙБІР СТИЛЬДІК 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ЕМЛЕ ҚАҒИДАЛАРЫ 
1.  Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  басқару  органдары, 
министрліктер,  ведомстволар,  мекемелер  мен  ұйымдар,  оқу  орындары 
атауларының алғашқы сөзі бас әріппен жазылады: 
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі  
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті 
Қазақстан Республикасы Қыздар педагогикалық университеті 
Абылайхан  атындағы  Қазақстан  халықаралық  қатынастар  және 
әлем тілдері университеті 
Қазақстан 
Республикасы 
Ғылым 
академиясы 
Шығыстану 
институты 
 
2. Мекемелер мен ұйымдардың, министрліктер мен ведомстволардың 
атаулары  күрделі  тіркестің  құрамында  келген  жағдайда  атаулар  дербес 
қолданылғандағы емлесін сақтайды: 
Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінің  Зияткерлік  меншік 
құқығы комитеті 
Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінің  Тіркеу  қызметі 
комитеті 
Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінің  Нормативтік-
құқықтық актілерді тіркеу және бақылау департаменті 
 
3. Төмендегідей атауларда барлық сөз бас әріппен жазылады: 
Қазақстан Республикасының Президенті 
Қазақстан Республикасының Үкіметі 
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 
Қазақстан Республикасының Парламенті 
 
4.  Дүниежүзілік  қоғамдық  ұйымдардың  атаулары  бас  әріппен 
жазылады: 
Біріккен Ұлттар Ұйымы 
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі 
Дүниежүзілік Сауда Ұйымы 
Дүниежүзілік Зияткерлік Меншік Ұйымы 
 
5. Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар бас әріппен жазылады: 
«Халық Қаһарманы» жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі 
«Парасат» ордені 
«Ерен еңбегі үшін» медалі 
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері 

 
117 
Қазақстанның Халық жазушысы 
 
6.  Әскери  және  ғылыми  атақтар,  ғылыми  дәрежелер  кіші  әріппен 
жазылады: 
авиация маршалы (бірақ, авиацияның Бас маршалы) 
армия генералы 
генерал-майор 
профессор 
академик 
заң ғылымдарының докторы 
Қазақстан Республикасы ҰҒА корреспондент мүшесі 
доцент 
 
7.  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  өкімет  және  басқару 
органдары жүйесіндегі лауазым атаулары бас әріппен жазылады: 
Қазақстан Республикасының Президенті 
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы 
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы 
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі 
 
8.  Мекемелер  мен  ұйымдар,  министрліктер  мен  ведомстволар 
жүйесіндегі  ішкі  жүйелік  құрылымдар,  лауазым,  қызмет  атаулары  кіші 
әріппен жазылады: 
Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігі  Ішкі  әкімшілік 
департаменті ұйымдастыру-бақылау басқармасының жетекші маманы 
Яғни,  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігі  –  Ішкі  әкімшілік 
департаменті  (жоғары  басқару  құрылымының  атауы)  –  ұйымдастыру-
бақылау  басқармасы  (ішкі  жүйелік  құрылым)  –  жетекші  маманы 
(лауазым). 
Қараңыз: 
Қазақстан 
Республикасы 
Әділет 
министрлігі 
(мемлекеттік  басқару  органы)  –  Тіркеу  қызметі  комитеті  (ішкі  басқару 
органы)  –  құжаттандыру  жөніндегі  жұмысты  ұйымдастыру 
басқармасы  (ішкі  жүйелік  құрылым)  –  лицензиялау  бөлімі  (ішкі  жүйелік 
құрылым) – бастықтың орынбасары; 
Демек,  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігі  Тіркеу  қызметі 
комитеті 
құжаттандыру 
жөніндегі 
жұмысты 
ұйымдастыру 
басқармасы  лицензиялау  бөлімі  бастығының  орынбасары  (яғни,  «Әділет 
министрлігі» және «Тіркеу қызметі» дегендер бас әріппен, басқалары кіші 
әріппен жазылады). 
Абай  атындағы  Алматы  мемлекеттік  университетінің  оқу  ісі 
жөніндегі проректоры 
Қазақ мемлекеттік басқару академиясының кафедра меңгерушісі 
 

 
118 
9.  Мерзімді  баспасөз  атаулары  тырнақшаға  алынып,  бас  әріппен 
жазылады: 
«Егемен Қазақстан» газеті 
«Заң газеті» газеті 
«Жас алаш» газеті 
«Қазақстан әйелдері» журналы 
«Жалын» журналы 
 
10. «Мемлекеттік» сөзі мынадай реттерде бас әріппен жазылады: 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны 
 
Ескерту: Төмендегідей жағдайларда  «мемлекеттік» сөзі кіші  әріппен 
жазылады: 
мемлекеттік ұйым 
мемлекеттік басқару органдары 
мемлекеттік меншік 
мемлекеттік меншік нысандары 
 
11.  Ресми  құжаттардың  мәтінінде  күрделі  атаулардың  шартты  түрде 
ықшамдалған атауы алынады: 
Қазақстан  Республикасы  және  Ресей  Федерациясы  (бұдан  әрі  – 
Тараптар) 
«Арман» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) 
Мұндай ықшамдалған атаулар мәтін көлемінде бас әріппен жазылады: 
Кездесуге келген Тараптардың өзара уағдаласуына сәйкес ... 
Құрылтайшылар  жиналысының  міндеттері  Қоғамның  жарғысында 
көрсетіледі ... 
 
12.  Ресми  құжаттарда  күрделі  атаулардың  қысқарған  нұсқасы 
қолданылады: 
БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы 
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары 
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы 
АҚШ – Америка Құрама Штаттары 
ЖШС – Жауапкершілігі шектеулі серіктестік 
АҚ – Акционерлік қоғам 
ЕҚЫҰ – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы 
ҰҚК – Ұлттық қауіпсіздік комитеті 
ҚазМҰУ  -  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  ұлттық 
университеті 
РФ – Ресей Федерациясы 
13.  Қысқарған  сөздерге  қосымша  жалғауда  орфоэпиялық  норма 
басшылыққа алынады: 

 
119 
ТМД (айтылуы: ты-мы-ды), демек, ТМД-ның, ТМД-ға (айтылуы: ты-
мы-ды-ға); 
ІІМ (айтылуы: і-і-м), демек, ІІМ-ге, ІІМ-нің; 
ЖШС (айтылуы: жы-шы-сы), демек, ЖШС-ға, ЖШС-ның; 
АҚШ (айтылуы: а-қы-ш), демек, АҚШ-тың, АҚШ-қа; 
ҚазМУ (айтылуы: қаз-мұ-у), демек, ҚазМУ-дың, ҚазМУ-ға. 
 
14. 
Халықаралық 
стандарт 
сипатындағы 
аббревиатуралар 
«қазақшаланбайды»: 
мысалы: ЮНЕСКО, ЮСАИД, НАТО. Оларға қосымша дыбысталуына 
сәйкес жалғанады: ЮНЕСКО-ға, ЮСАИД-ке. 
 
15.  Ресми  құжатта  күрделі  атаулар  шартты  түрде  қысқартылып 
алынуы мүмкін: 
мысалы:  Қазақстан  Республикасы  Статистика  агенттігінің 
Ақпараттық-баспа орталығы – Қазстатақпарат. 
 
16.  «Бүкіл»,  «жалпы»  деген  сөздермен  басталатын  анықтауыштар 
әрқашан бірге жазылады: 
Бүкілодақтық,  бүкілхалықтық,  жалпыодақтық,  жалпыхалықтық 
т.т. 
 
17. Сын есімдік анықтауыштар бірге жазылады: 
Ұлтаралық,  дүниежүзілік,  әралуан,  әртүрлі,  әрқилы,  әртектес, 
біркелкі, бірқалыпты, бірқатар, біртұтас, бірыңғай, біртектес, саналуан, 
санқилы т.т. 
 
18.  «Арғы  жақ»,  «бергі  жақ»  деген  сөздердің  өзгерген  нұсқалары  – 
аржақ, бержақ, аржағында, бержағында – бірге жазылады. 
 
19.  Сөйлемдегі  оқшауланған    сөздер:  демек,  сонымен,  сөйтіп,  әрине, 
әлбетте  -  үтір  арқылы  жазылады;  сабақтас  сөйлемнің  төл  мүшелері 
ретіндегі ал, бірақ, әсіресе, өйткені, әйткенмен, дегенмен, әйтсе де деген 
сияқты сөздерден кейін үтір қойылмайды. 
 
20.  Ресми  құжаттарда  қолданылатын  шартты  қысқартулардың  емлесі 
бірдей,  біртектес,  жалпы  түрде  бекітілген  болуы  міндетті.  Қабылданған 
шартты қысқартулар мыналар: 
қ. – қала                         с. – село 
обл. – облыс                  даңғ. – даңғыл 
ауд. – аудан                   көш. – көше 
ж. – жыл                       т.б. – тағы басқа, тағы басқалар 
жж. – жылдар             т.с.с. – тағы сол сияқты 
млрд. – миллиард          млн. – миллион 
т.ж. – темір жол         тг. – теңге 

 
120 
21.  Жазу  тәжірибесінде  кейбір  түбір  сөздер  екі  түрлі  дыбысталуына 
(айтылуына)  қарай  екі  (кейде  тіпті  үш)  нұсқада  беріліп  жүр.  Бұларды 
бөліп-бөліп тану қажет. Бірқатар түбір сөздердің екі, кейде үш нұсқасының 
да жазылуы заңды түрде орын алады. Олардың бір тобының (сан жағынан 
өте  шағын  тобының)  екі  нұсқасын  қатар  қолдана  беруге  болады:  айғай  – 
айқай,  бұндай  –  мұндай,  балуан  –  палуан,  ертегі  –  ертек,  пәле  –  бәле, 
гауһар  –  жауһар,  заңғар  –  зеңгір,  байымдау  –  пайымдау  –  бағамдау, 
айдаһар  –  аждаһа,  сықылды  –  секілді,  өзге  -  өңге,  уәде  –  уағда,  жәбір  – 
зәбір, жаһан – жиһан, айуан – хайуан т.б. 
Сонымен  қатар  тек  бір  нұсқасын  (вариантын)  қабылдап,  соның 
жазылуын  қалыптастыратын  қатарлар  да  бар.  Соңғылар  көбінесе 
фонетикалық дублеттер деп аталатын, яғни кейбір дыбыстары ғана өзгеше 
келетін  сөздер  болады.  Мұндай  орфографиялық  норма  болып 
есептелетіндері сөздікке енеді де, өзге нұсқалары жақша ішіне «емес» деп 
көрсетіледі.  Мысалы:  қазір  (кәзір,  қазыр,  хазір  емес),  міне  (міні  емес), 
ерегіс  (ерегес  емес),  жіті  (жыты  емес).  Бұл  күнде  жазылуы  едәуір 
орнығып  қалған  кейбір  сөздердің  өзге  қатарлары  «емес»  деген  белгімен 
көрсетілмеуі де мүмкін. 
 
22.  -ов,  -ев  жұрнақтары  арқылы  жасалған  фамилияларға  қосымша 
бастапқы түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады: 
Аймановқа,  Тәжібаевқа  дегенде  Ай-ман,  Тәжі-бай  түбірлерінің  соңғы 
буындары  жуан  болғандықтан,  қосымша  да  жуан  жалғанып  тұр.  Ал 
Жүнісовке,  Әйтиевке  дегендерде  түбірдің  соңғы  буындарында  жіңішке 
дауысты  болғандықтан  (Жү-ніс,  Әй-ти),  қосымшаның  да  жіңішке 
варианты жалғанып тұр. 
 
Ескертулер: 
1. -мен (-бен, -пен), -паз, -қор, -қой, -нікі, -тікі, -гер, -кеш, -гөй, -хана,  
-тал,  -дар  қосымшалары  сөздің  соңғы  буынының  жуан-жіңішкелігіне 
қарамай,  осы  көрсетілген  түрлерінде  ғана  жазылады:  кесемен,  қасықпен, 
мақтампаз,  өнерпаз,  әсемпаз,  жеңімпаз,  пайдақор,  әзілқой,  саудагер, 
жүлдегер,  арбакеш,  әзілкеш,  ақылгөй,  шайхана,  шеберхана,  ұғымтал, 
сезімтал, өсімтал, хабардар, діндар, ауылдікі, мемлекеттікі. 
2.  Ә  әрпіне  аяқталған  немесе  соңғы  буынында  ә  әрпі  жазылған 
сөздерге қосымша жуан жалғанады: кінә-лау (кінә-леукүнә-сіз емес), күнә-
ға (күнә-ге емес), күмән-дану (күмән-дену емес), Күлән-ға (Күлән-ге емес). 
 
23.  Кейбір  сөздердің  соңғы  буындарындағы  ы,  і  дыбыстары  сол 
сөздерге белгілі бір қосымшалар жалғанғанда түсіп қалады.  
Мысалы,  орын-а  –  орна/ды,  ойын-а  –  ойна/ды  (бірақ,  ойын-ым  – 
ойыным,  ойын-ы  –  ойыны),  қырық-ыншы  –  қырқыншы,  айыр-ық-ша  – 
айрықша. 
Соңғы  буындарында  ы,  і  дыбыстары  бар  сөздерді  тәуелдегенде, 
көбінесе соңғы буындарындағы ы, і әріптері сақталып жазылады: киім-і – 

 
121 
киімі, бауыр-ы – бауыры, бақыт-ы – бақыты, ырыс-ы – ырысы, иіс-і – иісі. 
 
Ескерту: Тәуелдегенде соңғы қатаң дауыссыз дыбысы ұяңдап кететін 
сөздерде  ы,  і  әріптері  түсірілмейді:  көрік-і  (ұстаның)  көрігі,  білік-і  – 
(арбаның)  білігі,  халық-ы  –  (Мұсабайдың)  халығы.  Бірақ  бұған  қарап  кез-
келген  сөзге  тәуелдік  жалғауы  жалғанғанда,  соңғы  буынындағы  ы,  і 
дыбыстарын  сақтап  жаза  беруге  болмайды.  Мына  сияқты  сөздерді,  яғни 
соңғы  буынындағы  қысаң  ы,  і  дыбыстары  үнді  (сонор)  дыбыс  пен  қатаң 
дыбыстың ортасында келген сөздерді тәуелдегенде, қысаң дыбыстар сусып 
түсіп  қалады  және  түсіріліп  жазылады:  бөрік-і  –  бөркі,  көрік-і  –  көркі 
(«ажар», «келбет» мағынасында), халық - халқы, ерік-і – еркі, әріп-і - әрпі, 
т.т. 
 
24.  Орыс  тілінен  енген  к,  г  дыбыстарына  аяқталған  сөздерге  қазақ 
тілінің  қосымшалары  буын  үндестігіне  қарай,  яғни  сөздің  соңғы 
буынындағы  дауысты  дыбыстың  әуеніне  қарай  жалғанады:  фи-зик-тер, 
лак-тың, по-ляк-тар, ма-як-қа, бам-бук-тың. 
 
Ескерту:  ог,  уг  дыбыстарына  аяқталған  сөздерге  қосымша  жіңішке 
жалғанады: педагогке, педагогі, педагогтік, округке, округі, округтік. 
 
25. Орыс тілінен  енген  рк, рг, ск, кт, кс, нк, лк, нкт деген дыбыстар 
тізбегіне  аяқталған  сөздерге  қазақ  тілінің  қосымшалары  жіңішке 
жалғанады:  паркке,  Омскіге,  Омскіден,  киоскіге,  киоскісі,  фактіге, 
фактісі, танкіге, танкілер, полкке, полктер, полкі, пунктке, пункті. 
 
26.  Жіңішкелік  белгісіне  аяқталған  көп  буынды  сөздерге  қазақ  тілі 
қосымшалары  буын  үндестігі  бойынша  жалғанады,  яғни  сөздің  соңғы 
буыны жуан болса, қосымша жуан, соңғы буында жіңішке дауысты дыбыс 
болса, қосымша да жіңішке жалғанады: ла-герь-ге, ла-гер-і, банде-роль-ға, 
фести-валь-ға. 
 
Ескерту:  Жіңішке  ль  дыбысына  аяқталатын  сөздерге  тәуелдік 
жалғаулары  (яғни,  дауыстыдан  басталатын  қосымшалар)  сөздің  соңғы 
буынының  жуан-жіңішкелігіне  қарамай,  тек  қана  жіңішке  жалғанады:  ди-
зель-і  –  дизелі,  дизеліміз,  фестиваль-і  –  фестивалі  (бірақ,  фестивальға, 
фестивальдан,  фестивальдық),  магистраль-і  –  магистралі  (бірақ, 
магистральға, магистральдық). 
Соңғы  екі  дауыссыздың  арасында  жіңішкелік  белгісі  бар  сөздерге  де 
қазақ тілі қосымшалары буын үндестігі бойынша жалғанады.  
Мысалы: вальс-қа, вальс-ты, асфальт-қа, асфальт-ы, рельс-ке, рельс-
і. 
Кль,  брь,  бль  тәрізді  дауыссыз  дыбыстар  мен  жіңішкелік  белгісіне 
аяқталған  сөздерге  және  жіңішкелік  белгісіне  аяқталатын  бір  буынды 
сөздерге  қазақ  тілі  қосымшалары  әрдайым  жіңішке  жалғанады: 

 
122 
ансамбльге,  тюльді,  оське,  осінің,  ткань  (биология  термині),  тканьге, 
ткані, княздік, князі, верфьке. 
Орыс тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісі л әрпінен кейін 
жазылатын сөздерге қазақ тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісі 
жазылмайды:  материальный  –  материалдық,  феодальный  –  феодалдық, 
коммунальный – коммуналдық, патриархальный – патриархалдық. 
Ал  жұрнақтар  жалғанбай-ақ  түбірдің  өзінде  л-дан  кейін  жіңішкелік 
белгісі  келетін  сөздерде  бұл  белгі  сақталады:  моральный  –  моральдық, 
артельный – артельдік, акварельный – акварельді. 
 
27. Соңғы буынында ю, ë, э дауысты дыбыстары келетін орыс тілінен 
енген  сөздерге  қазақ  тілі  қосымшалары  жіңішке  жалғанады:  полюс-ті, 
полюс-ке;  шлюз-ді,  шлюз-ге;  дюйм-ге,  дюйм-і;  велюр-ге,  велюр-ді; 
парашют-ке,  парашют-тер,  парашют-і;  актер-лер,  актер-ге;  дуэль-ге, 
дуэль-і; дуэт-ке, дуэт-і. 
 
28.  Нд,  нз,  нк,  нг,  мп,  мб,  мт,  кт,  ск,  вт,  фт,  пт  дыбыстарына 
аяқталатын  орыс  тілінен  енген  сөздерге  қазақ  тілі  қосымшалары  ы,  і 
дәнекер дыбыстары (әріптері) арқылы жалғанады: фонд-ы-сы, фонд-ы-ны, 
ценз-і-ге,  ценз-і-сі,  штамп-ы-ны,  штамп-ы-лау,  танк-і-ге,  танк-і-лер, 
франк-і-сі,  митинг-і-ге,  митинг-і-сі,  шланг-і-ге,  шланг-і-сі,  ромб-ы-ға, 
ромб-ы-сы, объект-і-сі, киоск-і-лер, лифт-і-мен, рецепт-і-нің, фармацевт-
і-ге, ямб-ы-ны. 
Қатар келген дауыссыз дыбыстар тіркесінің қалған түрлеріне  (нс, рс, 
рт,  рш,  нт,  рд,  рм,  фр,  т.б.)  аяқталған  кірме  сөздерге  қазақ  тілі 
қосымшалары  ы,  і  дәнекерінсіз,  буын  үндестігі  бойынша  тікелей 
жалғанады:  финанс-қа,  финанс-ы,  аванс-ы  (авансысы  емес),  цемент-ке, 
цемент-ті, фермент-тік, цифр-ға, цифр-ы (цифрысы  емес); хлороформа-
ға, хлороформ-нан, хлороформ-ы, фунт-қа, фунт-ы. 
 
29.  Сс,  лл,  тт,  пп,  ст,  кст,  сть,  зд,  кк  дыбыстарына  біткен  орыс 
тілінен  енген  жалпы  есімдер  атау  күйінде  өзгеріссіз  жазылады  да,  оларға 
қазақ  тілі  қосымшалары  жалғанғанда  соңғы  дауыссыз  дыбысы  түсіріліп 
жазылады:  кросс  –  кросқа  -  кросы;  класс  –  класқа  –  кластар  -  класы; 
металл  –  металды  -  металы;  грамм  –  грамға  –  грамдық  -  грам-ы; 
киловатт – киловатқа; съезд-ге – съезге, съезд –і - съезі; ведомость-қа – 
ведомосқа. 
Бірдей  қос  дыбыстарға  аяқталған  жалқы  есімдерге  қазақ  тілі 
қосымшалары жалғанғанда, қос әріп сақталып жазылады, тек қосымшаның 
басқа дауыссыз дыбысы түбірдегі қос дыбыспен бірдей болғанда ғана, үш 
біркелкі әріп жазылмай, екеуі жазылады: Гримм-ге – Гриммге, Гримм-ді – 
Гриммді,  Гримм-мен  –  Гриммен  (Гримммен  емес),  Покрасс-тың  – 
Покрасстың, Покрасс-қа – Покрассқа, Кирилл-ге –Кириллге, Филипп-тің – 
Филипптің,  Филипп-пен  –  Филиппен  (Филипппен  емес),  Кузбасс-тың  – 
Кузбасстың,  Донбасс-қа  –  Донбассқа,  Порккала-Удд-дан  -  Порккала-

 
123 
Уддан, Лакнесс-ке – Лакнесске. 
 
30.  Цифрмен  жазылған  есептік,  бөлшек  сан  есімдерге  дефис  арқылы 
жалғанатын  қосымшалардың  жуан-жіңішкелігі  цифрмен  белгіленген 
санның  айтылуына  қарай  болады:  10-ды  2-ге  көбейт  (онды  екіге). 
Оқушылардың 20-сы экскурсияға кетті (жиырмасы). Жолдың 1/5-іне келіп 
қалдық (бестен біріне). 
  
31.  Процентті  (%),  градусты  (°)  белгілейтін  таңбалары бар  сөздерге 
қосымша  пайыз  (процент),  градус  деген  сөздердің  соңғы  буынының 
әуенімен  (процент  сөзіне  жіңішке,  пайыз,  градус  сөздеріне  жуан) 
жалғанады:  жұмыстың  90%-ы  тоқсан  пайызы)  немесе  90%-ті  істелді 
(тоқсан проценті). Суықтық 20°-қа дейін барды (жиырма градусқа)
 
32.  см,  мм,  км,  га  сияқты  қысқарған  белгілерге  жалғанатын 
қосымшалар  да  дефис  арқылы  жазылып,  осы  белгілер  таңбалайтын 
сөздердің  соңғы  буынының  жуан-жіңішкелігіне  қарай  жалғанады: 
Ұзындығы  10  см-ге  (он  сантиметрге)  жуық  сызық  сызыңдар.  20  км-ден 
(жиырма  километрден)  астам  жер  жүрдік.  500  га-ға  жуық  жер 
жыртылды (500 гектарға). 
 
33.  Ғылымның  әр  алуан  саласына  жататын  күрделі  терминдердің 
компоненттері  бөлек  жазылады.  Ол  күрделі  атаулар  бірнеше  тәсілмен 
жасалады: 
1)  тәуелдік  жалғаулы  сөзбен  келеді:  көмір  қышқылы,  тіл  білімі,  оқу 
орны, мал шаруашылығы; 
2) етістікті тіркес болып келеді: дауыс беру, жер аудару, шағым беру, 
тыйым салу; 
3)  анықтауышты  тіркес  болып  келеді:  өзара  әсер,  жеке  адам 
(личность), жәрдем ақша (пособие). 
 
34. Еш, әр, кей, қай, әлде, бір деген сөздер есімдіктермен, үстеулермен 
тіркесіп  келгенде,  бірігіп  жазылады:  әрбір,  әркім,  әрқайсы,  әрдайым, 
әрқашан,  әрнеме,  әркелкі,  әрқайда,  ешкім,  ешбір,  ешқайда,  ешқашан, 
ешқандай, ештеңе, ешқайсысы, ешқалай, кейбір, кейбіреу, қайбір, бірдеңе, 
бірнеше, біраз, бірсыпыра, біркелкі, әлдекім, әлдене, әлдеқашан, әлдеқайда, 
әлдеқандай, әлдебір, әлдеқайдан т.т. 
 
Ескертулер: 
1.  Еш,  әр,  кей,  қай,  қайсы,  әлде,  бір  деген  сөздер  зат  есімдермен 
келгенде, бөлек жазылады:  әр адам,  әр уақытта,  әр жұмыс,  әр нәрсе, әр 
күні,  кей  адам,  кей  жылы,  кей  уақытта,  қай  адам,  қайсы  адам,  қайсы 
жылдары, бір адам, бір күні, бір жылы, еш адам, еш нәрсе, еш уақытта, 
еш жұмысым жоқ. 
2.  Бір  деген  белгісіздік  есімдігі  мына  сияқты  тіркестерде  бөлек 

 
124 
жазылады:  белгілі  бір,  бейне  бір,  екінші  бір  (екінші  бір  айтатын  әңгіме), 
неше бір (неше бір түсінбесең де), не бір (не бір әдемі гүлдер бар). 
 
35.  Жазып  келе  жатқанда  жолға  сыймаған  сөздер  буын  жігімен 
тасымалданады: қа-лалық, қала-лық (қал-алық, қалал-ық емес). 
 
36.  Орыс  тілінен  енген  сөздерге  қазақ  тілінің  қосымшалары 
жалғанғанда,  олар  буын  жігіне  қарай  тасымалданады:  ро-лінде  (рол-інде 
емес), съез-дің (съезд-ің емес). 
 
37. Орыс тілінен енген сөздер де буын жігі бойынша тасымалданады. 
Бұлардың  ішінде  екінші,  үшінші  буындардың  дауысты  дыбыстардан 
басталатындары кездесе береді: про-ект, ро-яль, по-эма. 
Екі-үш кейде төрт-бес дыбыстардан тұратын бір буынды (яғни, ішінде 
бір  ғана  дауысты  дыбысы  бар)  сөздер  тасымалданбайды:  төрт  (төр-т 
емес), жалт (жа-лт емес), пункт (пун-кт емес), взвод (вз-вод емес). 
 
38. Тыныс белгілері жазып келе жатқан жолда қалдырылады. 
 
39. Сан есіммен келетін  қысқарған шартты белгілерді цифрдан бөліп 
тасымалдауға болмайды: 25 га, 15 см, 1987 ж.    
 
40.  Әріптерден  қысқарған  сөздерді  өз  ішінен  бөліп  тасымалдауға 
болмайды: ЮНЕС-КО деп бөлуге болмайды. 
 
41.  Орыс  тілінде  дефиспен  жазылатын  кісі  аттары  (көбінесе 
фамилиялары)  қазақша  жазуда  дефис  арқылы  таңбаланады.  Бұлар, 
негізінен,  орыс  халқы  және  Еуропа,  Америка  т.б.  халықтары  өкілдерінің 
аты-жөндері  болып  келеді:  Немирович-Данченко,  Новиков-Прибой, 
Книппер-Чехова,  Жолио-Кюри,  Дон-Жуан,  Дон-Кихот.  Соңғы  екі  есімнен 
жасалған  донжуандық,  донкихоттық  деген  жалпы  есімдер  қосылып,  кіші 
әріппен жазылады. 
Араб  халықтары  есімдерімен  келетін  әл,  аш,  ар,  аз,  әд,  бен  сияқты 
элементтерден соң дефис қойылады, олардың өздері кіші әріппен алдыңғы 
сөзден  бөлек  жазылады:  Абд  ар-Рахнан  әл-Халиси,  Ибрагим  әл-Муфти, 
Авадх бен-Солех бен-Галеб, аз-Закир Рукн ад-Дин Бейбарс, әл-Фараби, әл-
Кинди. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет