Г. ТӨРТҚарина, Е. АҚылжанов, Н. Толқынбаев



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата15.01.2020
өлшемі1,37 Mb.
#55900
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

1-тапсырма.  Адамдардың  санмен  көрсетілген  туған  жылы,  айы,  күні 
туралы  мәліметті  сөзбен  жазыңыз.  Қазақ  тіліндегі  жылы,  айы,  күні 
аттарының  жазылу  тәртібіне  көңіл  аударыңыз:  алдымен  жылы,  содан 
соң айы және күні жазылады. 
 
Үлгі:    Асқар  02.03.1971  –  Асқар  бір  мың  тоғыз  жүз  жетпіс  бірінші 
жылы наурыздың екісінде туған. 
 
Әділ 22.05.1978   
 
 
Төлеген 15.01.1967 
 
Қуан 15.02.1958   
 
 
Аман 12.12.1969 
 
Арман 06.11.1985 
 
 
Раушан 30.06.1963 
 
Нұрлан 29.08.1979 
 
 
Айнұр 05.09.1980 
 
2-тапсырма.  Номенклатуралық  атауларды  жазыңыз.  Емлеге  назар 
аударыңыз.  
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті  
Абай атындағы мемлекеттік университеті 
«Қазақойл» компаниясы 
«Арай» серіктестігі 

 
71 
«Құрылыс» акционерлік қоғамы 
«Бөбек» қайырымдылық қоры 
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 
 
3-тапсырма. Өмірбаян үлгісімен танысып, өз өмірбаяныңызды жазыңыз. 
 
Өмірбаян 
Мен,  Асқар  Сәкенұлы  Аманжолов,  1966  жылы  тамыздың  6-сында 
Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында мұғалімдер отбасында 
дүниеге келдім. Ата-анам мұғалім болып істеген. Әкем - Аманжолов Сәкен 
Сержанұлы қазіргі кезде химия пәнінің мұғалімі. Шешем – Сатаева Айгүл 
Аманқызы математика пәнінің мұғалімі болып істеген. Қазір зейнеткер. 
1973  жылы  1-сыныпқа  М.О.  Әуезов  атындағы  орта  мектепке  барып, 
1983  жылы  аталған  мектепті  бітірдім.  Осы  жылдың  шілдесінде  Алматы 
қаласындағы  желдеткіш  бұйымдар  зауытына  слесарь  болып  орналастым. 
1984-1986  жылдары  Совет  әскерінің  қарулы  күштер  қатарында  болдым. 
1987  жылы  Абай  атындағы  Алматы  мемлекеттік  педагогикалық 
университетінің 
тарих 
факультетіне 
аспирантураға 
түстім. 
Аспирантураның  2-курсында  жолдамамен 
Ішкі 
істер  органына 
шақырылдым.  1997  жылы  Алматы  қаласы  ҚР  ІІМ  Академиясын  сырттай 
бітіріп,  заңгер  мамандығын  алып  шықтым.  1993  жылдан  қазіргі  күнге 
дейін  Ішкі  істер  саласында  қызмет  етіп  келемін.  2005  жылдың  мамыр 
айынан  бастап  Көліктегі  Оңтүстік-Шығыс  Ішкі  істер  Департаментінің 
Штаб  басқармасында  кезекші  бөлімінің  жұмысын  басқару  тобының  аға 
инспекторы болып жұмыс істеймін. Қызмет барысында аудандық, қалалық 
ІІО  және  Департаменттің  басшылары  тарапынан  бірнеше  рет 
марапатталдым. 
Үйленгенмін.  Жұбайым  –  Сүлейменова  Ақмарал  Арманқызы,  1968 
жылы  туған.  Қазір  Абай  атындағы  мемлекеттік  университетінің 
психология, педагогика факультетінде аға оқытушы болып жұмыс істейді. 
Екі  баламыз  бар.  Ұлымыз  -  Аманжолов  Қайрат  Асқарұлы,  1992  жылы 
туған,  Алматы  қаласындағы  М.О.  Әуезов  атындағы  №128  қазақ  орта 
мектебінің  7-сынып  оқушысы.  Қызымыз  -  Аманжолова  Әсел  Асқарқызы, 
1994 жылы туған, ол да Алматы қаласындағы М.О. Әуезов атындағы №128 
қазақ мектебінің 5- сынып оқушысы. 
 
Өзімді үлгілі жанұялардың бірімін деп есептеймін. 
 
Менің мекен-жайым: 480009, Алматы қаласы, 
 
 
 
 
 
Жамбыл көшесі, 121-үй, 12-пәтер, 
 
 
Үй телефоны: 25-67-82  
 
 
А.С. Аманжолов 
 
 
12.05.2006 ж. 
 

 
72 
9-сабақ. 
БАЯНАТ 
 
Баянат 
Баянат  -  әскери  саласында  қолданылатын  хабарламаның  бір  түрі. 
Баянатта  әскери  адамдар  заңмен  бекітілген  жеке  құқықтар  мен 
мүдделерінің  жүзеге  асырылуы  мазмұндалатын  хабарлама  жасалады. 
Әскери  адам  өзіне  берілген  құқықтарды  пайдалану  үшін  баянат  жазады, 
сонымен  қатар  өзі  жұмыс  істейтін  мемлекеттік  органдар  қызметінде 
байқалған  кемшіліктерді  атап  жазады.  Баянат  –  жазбаша,  ресми  түрде 
баяндалған,  өтіну,  өтініш  білдіру,  сұрау  туралы  ресми  құжат.  Баянат 
мемлекеттік ұйымдардың кеңсесінде тіркеуден өтеді. 
 
Баянатта қолданылатын тұрақты сөз тіркестері 
басқа жұмысқа ауысуына 
денсаулығына 
зейнеткерлікке шығуына 
байланысты 
отбасы жағдайына 
еңбек тәртібін бұзуына 
кәсіпорынның жойылуына 
кезекті демалысымды пайдалану[ға] 
жауап жазу[ға] 
өтініш беру[ге]   
 
 
 
рұқсат етуіңізді сұраймын 
құжаттарды пайдалану[ға] 
жұмыстан   
 
 
 
 
босатуыңызды 
жұмысқа   
 
 
 
 
қабылдауыңызды 
басқа жұмысқа   
 
 
 
ауыстыруыңызды  
жұмыста   
 
 
 
 
қалдыруыңызды 
кезекті демалысқа 
 
 
 
шығаруыңызды  сұраймын 
кезектен тыс демалысқа 
 
 
жіберуіңізді 
(өтінемін) 
материалдық көмек 
 
 
 
беруіңізді 
пәтер  
 
 
 
 
 
бөлуіңізді 
жалақыны   
 
 
 
 
көтеруіңізді 
 
Баянаттың түрлері: 
жұмысқа қабылдау 
жұмыстан босату 
кезекті демалыс беру 
кезектен тыс демалысқа шығу 
ақшалай сыйлық беру 
материалдық көтермелеу 
 
Бұрыштама – виза (на документе) 
Бұрыштама түрлері: 
 
қаралсын - рассмотреть 

 
73 
 
талқылансын - обсудить 
 
бекітілсін - утвердить 
 
тапсырылсын - поручить 
 
ұсыныстар даярлансын – подготовить предложения 
 
комиссия құрылсын – создать комиссию 
 
баяндалсын – доложить 
 
1-тапсырма. Баянат үлгілерімен танысыңыз.  
 
Қазақстан Республикасы 
Әділет министрлігі 
ҚАЖ комитетінің төрағасы 
әділет генерал-майоры 
М. Аюбаевқа 
 
Баянат 
 
Маған ұсынылған, Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі 
комитеті  Жедел  басқармасы  Ішкі  істер  органдарымен  өзара  әрекет  ету 
бөлімінің аға жедел уәкілі лауазымымен келісемін. 
 
ҚАЖ комитеті  
Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің  
маман-инспекторы 
әділет лейтенанты  
 
 
 
 
 
Ж. Тасименова 
06.02.2010 ж. 
 
1) Маған 2010 жылғы 15 наурыздан бастап 2010 жылғы кезекті еңбек 
демалысымды Алматы қаласына жол жүруіммен беруіңізді сұраймын.  
2)  Маған  баламның  дүниеге  келуіне  байланысты  материалдық  көмек 
көрсетуіңізді сұраймын. 
3)  Денсаулығымның  нашарлауына  байланысты  мерзімінен  бұрын 
зейнеткерлікке шығуыма рұқсат беруіңізді сұраймын.  
4)  2010  жылдың  5  қаңтарынан  15  қаңтарға  дейінгі  аралықта 
сырқаттануыма байланысты материалдық көмек көрсетуіңізді сұраймын.          
5)  Маған  2010  жылғы  25  қаңтардан  бастап  балам  үш  жасқа  толғанға 
дейінгі декреттік демалысқа шығуыма рұқсат беруіңізді сұраймын.  
6) Маған 2010 жылғы 17 маусымнан бастап 27 маусымға дейін отбасы 
жағдайына байланысты қысқа мерзімді демалыс беруіңізді сұраймын.  
7)  Маған  2010  жылғы  7  сәуірден  бастап  лауазымдық  жалақымды 
сақтай отырып оқу демалысын беруіңізді сұраймын.  
ҚР ӘдМ ҚАЖ комитеті Академиясының шақыру қағазы қоса беріліп 
отыр.  
 
 

 
74 
2-тапсырма. Үлгімен танысыңыз.  
 
Қазақстан Республикасы  
Әділет министрлігі  
ҚАЖ комитетінің төрағасы  
әділет генерал-майоры  
М. Аюбаевқа 
 
Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігі  Қылмыстық-атқару 
жүйесі  комитеті  Мемлекеттік  тілді  дамыту  бөлімінің  бас  маманы  әділет 
подполковнигі  Ернат  Кенжеханұлы  Ақылжановты  (Т-090396)  Қазақстан 
Республикасының  Тәуелсіздік  күні  мерекесіне  байланысты  Әділет 
министрінің грамотасымен марапаттауға 
 
ҰСЫНЫМ 
 
Әділет  подполковнигі  Ернат  Кенжеханұлы  Ақылжанов,  қазақ,  1966 
жылы туған, білімі жоғары, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты. 
1988  жылы  Қазақ  ауыл  шаруашылық  институтын,  2005  жылы  Қазақ 
халықаралық  қатынастар  және  құқықтану  институтын  «құқықтану» 
мамандығы  бойынша  үздік  бітірген.  Қылмыстық-атқару  жүйесі 
органдарында  1999  жылғы  тамызынан  бастап,  атқарып  отырған 
лауазымында 2007 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді. 
Әділет  подполковнигі  Е.К.  Ақылжанов  мемлекеттік  тілді  өте  жетік 
меңгерген маман. Қылмыстық-атқару жүйесінде жұмыс кезеңі ішінде өзін 
сауатты,  білікті  қызметкер  ретінде  көрсете  білді.  Аумақтық  ҚАЖКБ 
қызметкерлерінің  мемлекеттік  тілді  меңгеру  деңгейін  көтеру  мақсатында, 
мемлекеттік тіл саясатын насихаттауда бірқатар жұмыстар атқарды.  
Е.К.  Ақылжанов  мемлекеттік  тілдің  келелі  мәселелеріне  қатысты 
бірнеше бұйрықтар мен нұсқаулар шығаруға ықпал етті.  
Саптық  жағынан  тәртіпті,  нысанды  киім-кешекті  ұқыпты  киеді. 
Отбасында үлгілі. Қызметкерлер арасында сыйлы. Мінезі сыпайы.  
Жоғарыда  баяндалғанның  негізінде,  Қазақстан  Республикасы  Әділет 
министрлігі  ҚАЖ  комитеті  Мемлекеттік  тілді  дамыту  бөлімінің  бас 
маманы  әділет  подполковнигі  Ернат  Кенжеханұлы  Ақылжановты  ҚР 
Әділет министрінің грамотасымен марапаттауды қолдап, ұсынамын. 
 (Ұсынып отырған лауазымды адамның аты-жөні, лауазымы, атағы, 
қолы). 
 
 
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті 
төрағасының орынбасары     
 
 
 
 
        Қ. Есқалиев 

 
75 
10-сабақ. 
ӨТІНІШ 
Жұмысқа  қабылдану  кезінде  үміткер  өтініш  жазады,  бұл  оның  ресми 
тілегі, әрі штатқа тіркеу үшін негіз болып табылады. 
Өтініш мәтінінде жұмысқа алу туралы үміткердің тілегі баяндалады, 
мамандығы,  кәсібі,  біліктілігі  мен  өзі  сұрап  отырған  қызмет  түрі 
көрсетіледі. 
Өтініш қолмен жазылады және төмендегідей деректемелерден тұрады: 
қабылдаушы  (кімге);  авторы,  автордың  мекен  жайы;  құжаттың  түрі 
(өтініш); мәтіні; өтініш иесінің қолы; жазылу мерзімі. 
Өтініште  “кімнен”  деген  үлгідегі  көрсеткіштер  жазылмайды,  сондай-
ақ  «сізден  өтініп  сұраймын»,  «алдын  ала  рахмет  айтамын»,  «соған  қоса» 
және  т.б.  архаизмдер  қолданылмайды.  Өтініш  А4  форматтағы  қалыпты 
қағаз парағына толтырылады. 
 
Мәтінге арналған сөздік 
жұмысқа қабылдану кезінде   
 
 
при поступлении на работу  
үміткер -   
 
 
 
 
 
кандидат 
өтініш - 
 
 
 
 
 
 
заявление 
оның ресми тілегі 
 
 
 
 
его официальная просьба 
әрі   
 
 
 
 
 
 
и 
штатқа тіркеу үшін негіз 
основание для зачисления в 
штат 
болып табылады   
 
 
 
 
является 
мамандық   
 
 
 
 
 
профессия 
кәсібі  
 
 
 
 
 
 
специальность 
біліктілігі   
 
 
 
 
 
квалификация 
өзі сұрап отырған қызмет түрі  
должность,на 
которую 
претендовал работник 
көрсетіледі  
 
 
 
 
 
указываются 
төмендегідей деректемелерден 
 
 
имеет 
следующие 
реквизиты 
қабылдаушы (кімге) 
 
 
 
 
адресат (кому) 
құжаттың түрі 
 
 
 
 
 
вид документа 
өтініш иесінің қолы 
 
 
 
 
подпись составителя 
жазылу мерзімі   
 
 
 
 
дата составления 
“кімнен”   
 
 
 
 
 
“откого” 
“кімнен” деген үлгідегі көр- 
не  принято  писать  предлог 
“от”(кого) 
“сізден өтініп сұраймын” 
 
 
 
“убедительно прошу вас” 
“алдын ала  рахмет айтамын”  
 
 
“заранее признателен” 
“соған қоса” 
 
 
 
 
 
“к сему” 
қолданылмайды   
 
 
 
 
не принято употреблять 
қалыпты қағаз парағы   
 
 
 
стандартный лист бумаги 

 
76 
толтырылады 
 
 
 
 
 
оформляется 
 
1-тапсырмаТөмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.  
Өтініш  кімдердің  тарапынан  жазылады?  Өтініш  қалай  жасалады? 
Өтініш сөзінің орыс тіліндегі баламасын атаңыз. 
 
2-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.  
Өтініш  ең  көп  тараған  құжат  түрі.  Өтініш  жеке  тұлғалар  тарапынан 
басшылардың,  мемлекеттік  органдардың  атына  жазылады.  Өтініш  іс 
қағаздарын  жүргізудің  негізгі  ережелерін  сақтай  отырып,  еркін  түрде 
жасалады. 
 
Мәтінге арналған сөздік 
өтініш 
 
 
 
 
заявление 
ең көп тараған құжат түрі 
 
широко 
распространенная 
форма 
документа 
жеке тұлға   
 
 
 
физическое лицо 
басшы 
 
 
 
 
руководитель 
мемлекеттік органдар   
 
государственные органы 
іс қағаздарын жүргізу   
 
делопроизводство 
негізгі ережелер   
 
 
основные правила 
сақтай отырып   
 
 
с соблюдением 
еркін түрде жасалады   
 
составляется в произвольной форме 
 
3-жаттығу.  Үлгіні  пайдаланып,  “Жұмысқа  қабылдау  туралы”  өтініш 
жазыңыз. 
 
“Жетісу” фирмасының 
Бас директоры 
Б.Қ. Уәлибаев мырзаға 
Омарова Ләйлә  
Маратқызынан 
Мекен-жайы: 418048,  
Алматы қ-сы, 
Қастеев көшесі, 12-үй, 7-пәтер 
 
ӨТІНІШ 
 
 
Мені  кадр  бөліміне  бас  маман  қызметіне  жұмысқа  алуыңызды 
сұраймын. 
 
 
00.00.00. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қолы 

 
77 
4-жаттығу.  Үлгіні  пайдаланып,  “Кезекті  еңбек  демалысын  алу  туралы” 
өтініш  жазыңыз  (по  образцу  напишите  заявление  “О  предоставлении 
очередного трудового отпуска”). 
 
Қостанай облыстық  
салық комитетінің бастығы 
Ғ.Т. Ақаевқа 
Кадрлар бөлімінің инспекторы 
Ғ.С. Сералиевтен 
 
ӨТІНІШ 
 
Бекітілген  еңбек  демалысы  кестесіне  сәйкес  мен  21.10.2006  – 
20.01.2007 аралығында кезекті еңбек демалысына жіберуіңізді сұраймын. 
 
00.00.00. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қолы 
 
5-тапсырма. Аударыңыз. 
Басқа жұмысқа ауысуыма байланысты - 
Отбасы жағдайына байланысты -  
Денсаулығыма байланысты - 
Кезекті демалыс - 
Кезектен тыс демалыс - 
Еңбекақысыз демалыс - 
Материалдық көмек беруіңізді - 
 
6-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз, аударыңыз. 
Мына құжаттарды аяқтау ...  
Осы мәселені қарастыру ... 
Қызметкерлердің кезекті демалысқа ... 
шығу кестесін бекіту ... 
Осы мәселе бойынша тиісті ...  
 
 
 
 
сұраймын 
шара қолдану...... 
Мені қызметімнен өз еркіммен босату... 
Тәртіп сақтау ... 
Қаржылай көмек беру... 
Семинар-кеңеске қатысу ... рұқсат ету ... 
Несие алу ... рұқсат ету ... 
 
7-тапсырма. Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз. 
Прошу разрешить взять этот план. 
 
Прошу разрешить присутствовать на заседании. 
Прошу разрешить сделать копию приказа. 
Прошу разрешить внести коррективы в проект постановления. 
 

 
78 
8-тапсырма. Сөйлемді кеңейтіп толық жазыңыз. 
Мені ... 
 
 
 
босатуыңызды сұраймын. 
Мені ... 
 
 
 
жіберуіңізді сұраймын. 
Мені ... 
 
 
 
ауыстыруыңызды сұраймын. 
Мені ... 
 
 
 
қабылдауыңызды сұраймын. 
Маған ...   
 
 
беруіңізді сұраймын.     
Маған ...   
 
 
бөлуіңізді сұраймын. 
 
9-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз. 
Входящий документ, входящий номер, заявитель, краткое содержание 
письма,  срок  исполнения,  расписка  о  получении,  факты    подтвердились, 
результат рассмотрения заявления, прошу  рассмотреть  данный вопрос на 
заседании маслихата, прошу решить проблему  финансирования. 
 
10-тапсырма. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз.  
Қаржыландыру,  оңтайландыру,  жекешелендіру,  бірегейлендіру, 
автоматтандыру, 
жандандыру, 
ынталандыру, 
жүйелендіру, 
компьютерлендіру. 
 
Есте сақтаңыз! 
Қазақ тіліндегі - ландыру, - лендіру, - дандыру, -дендіру, 
-тандыру, -тендіру қосымшалары орыс тіліндегі -изация, 
- инация, -ление қосымшаларына сәйкес келеді. 
 
11-тапсырма.  Төмендегі  берілген  өтініш  үлгісін  қазақшаға  аударып, 
толтырыңыз. 
(Наименование организации)  
                 №  
 
Заявление 
 
 
Прошу предоставить мне очередной отпуск с ...    2010 г. на    .... дней 
учебный отпуск с ...     2010 г. на   ...    календарных дней без сохранения 
зарплаты с   ...      2010 г. на     рабочих дней.  
 
(подпись подавшего заявление) 
(резалюция и подпись руководителя подразделения) 
 
12-тапсырма. Берілген тақырыптарға өтініш жазыңыз. 
1.  Жұмысқа орналасу туралы. 
2.  Ақысыз демалыс алу туралы. 
3.  Кезектен тыс демалыс алу туралы.  
 
13-тапсырма. Себебін және мерзімін көрсетіп басшының атына кезектен 
тыс демалыс алуға өтініш жазыңыз. 

 
79 
11-сабақ. 
ТҮСІНІКТЕМЕ 
 
Түсініктеме  –  негізгі  құжаттың  (жоспардың,  есептің,  жобаның) 
жекелеген ережелерін немесе қандай да бір фактінің, оқиғаның себептерін 
түсіндіретін құжат. Мазмұны бойынша түсініктеме екіге бөлінеді. Бірінші 
топқа  негізгі  құжатқа  (жоспарға,  есепке)  ілесіп  жүретін  және  негізгі 
құжаттың  жекелеген  ережелерін  түсіндіретін  құжаттар  кіреді.  Олар 
кәсіпорының жалпы бланкілерінде ресімделеді. 
Екінші  топқа  қандай  да  бір  оқиғалар,  қалыптасқан  жағдайлар, 
жекелеген  қызметкерлердің  әрекеттері  мен  тәртібіне  байланысты 
түсіндірме  жазбалар  енеді.  Мұндай  жазбалардың  мәтіні  дәлелді,  қысқа 
болуы керек. Баяндау хаттар сияқты олар ішкі және сыртқы болып бөлінуі 
мүмкін.  Құрылымдық  бөлімшелердің  немесе  мекемелердің  басшыларына 
берілетін  ішкі  түсініктемелер  компьютермен  бастырылған  түрде  немесе 
қолмен  жазылған  түрде  таза  қағазға  ресімделеді.  Жоғары  тұрған 
органдарға  жіберілетін  сыртқы  түсініктемелерге  кәсіпорының  басшылары 
қол қояды және хаттар, факстерге арналған жалпы бланкіде ресімделеді. 
 
Мәтінге арналған сөздік 
түсініктеме  
 
 
- объяснительная записка 
негізгі құжат  
 
 
- основной документ 
жоспар  
 
 
 
- план 
есеп    
 
 
 
- отчет 
жоба   
 
 
 
- проект 
жекелеген   
 
 
- отдельные 
ереже  
 
 
 
- положение 
мазмұн  
 
 
 
- содержание 
бөлінеді     
 
 
- делятся 
ілесіп жүретін    
 
- сопровождающий 
ресімделеді  
 
 
- оформляются 
құрылымдық бөлімше   
- структурное подразделение  
оқиға  
 
 
 
- происшествие 
қалыптасқан жағдай    
- сложившаяся ситуация 
жекелеген қызметкерлер  
- отдельные работники 
ішкі түсініктемелер  
 
- внутренние объяснительные 
қолмен жазылған түрде  
- рукописным способом 
жоғары тұрған органдар 
- вышестоящие органы 
 
 
 
 
 
 

 
80 
Түсініктеме үлгісі 
(Форма объяснительной записки) 
 
 
Бағалы қағаздар бөлімі                                                      Банк басқармасы 
ТҮСІНІКТЕМЕ                                                          төрағасының орынбасары 
00,00,0                                                                                   ----------------------------- 
Бөлімнің  2007  жылдың  ІІІ  тоқсанына  арналған  жиынтық  есебін  факс-
модем  байланысының  бұзылуына  және  банктің  Алатау  филиалындағы  есеп 
беру  мәліметтерінің  болмауына  байланысты  көрсетілген  мерзімде  өткізе 
алмадық. 
 
Бөлім бастығы                                    қолы                                             аты-жөні 
 
 
Отдел ценных бумаг                                                   Заместителю председателя  
ОБЪЯСНИТЕЛЬНАЯ ЗАПИСКА                               правления банка 
00.00.0                                                                                 ------------------------------ 
Сводный  отчет  отдела  за  ІІІ  квартал  2007  г.  не  был  представлен  в 
указанный срок в связи с повреждением факс-модемной связи и отсутствием 
отчетных данных Алатауского филиала банка. 
 
Начальник отдела                              подпись                И.О. Фамилия 
 
 
1-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).  
 
Қандай  құжат  түсініктеме  деп  аталады?  Мазмұны  бойынша  түсініктеме 
нешеге  бөлінеді?  Бірінші  топқа  қандай  құжаттар  кіреді?  Олар  қалай 
ресімделеді?  Екінші  топқа  нелер  енеді?  Мұндай  жазбалардың  мәтіні  қандай 
болуы  керек?  Олар  қалай  бөлінуі  мүмкін  ?  Құрылымдық  бөлімшелердің 
немесе  мекемелердің  басшыларына  берілетін  ішкі  түсініктемелер  қалай 
ресімделеді?  Жоғары  тұрған  органдарға  жіберілетін  сыртқы  түсініктемелер 
қалай ресімделеді? 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет